Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы
Лисаков қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 қазандағы № 60 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 2 қарашада № 3864 болып тіркелген. 2012 жылғы 15 қарашада № 46 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған. 2012 жылғы 26 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 381-бабына, 386-бабының 3-тармағына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары мөлшерінің ұлғаюы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихаттың VІ сессияның төрайымы В.Сычева
Қалалық мәслихатының хатшысы Г.Жарылқасымова
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы қаржы
Министрлігі Салық комитетінің
Қостанай облысы бойынша Салық
департаментінің Лисаков қаласы
бойынша салық басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ А.Қожуков
24.10.2012ж.
«Лисаков қаласы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Н.Турлубекова
24.10.2012ж.
-
Мәслихаттың
2012 жылғы 24 қазандағы
№ 60 шешіміне
1-қосымша
|
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№
|
Автотұрақтардың
(паркингтердің) түрлері
|
Автотұрақтардың
(паркингтердің) санаттары
|
1
|
Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер), жабық түрдегі жер үсті автотұрақтар (паркингтер)
|
1
|
2
|
Пандустары (рампалары) бар автотұрақтар (паркингтер)
|
2
|
3
|
Механикаландырылған автотұрақтар (паркингтер)
|
3
|
_________________________
-
Мәслихаттың
2012 жылғы 24 қазандағы
№ 60 шешіміне
2-қосымша
|
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары мөлшерінің ұлғаюы
№
|
Автотұрақтардың
(паркингтердің) санаттары
|
Базалық салық
ставкаларының ұлғайтылған мөлшерлері
|
1
|
1 санат
|
10 есе
|
2
|
2 санат
|
9 есе
|
3
|
3 санат
|
8 есе
|
_________________________
Достарыңызбен бөлісу: |