Аягүл Төреқызы Миразова
|
Аты-жөні
|
Миразова Аягүл Төреқызы
|
|
контактілері: e-mail, байланыс нөмірі
|
Үй телефоны: 291-03-70
Ұялы телефоны: 8701-717-58-60
alm_gimnaz159@mail.ru
|
|
суреті
|
|
|
Жұмыс орны
|
«Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» КММ
Алматы қаласы, зейнеткер.
|
|
Еңбегінің қысқа баяндамасы
|
Миразова Аягүл Төреқызы 1948 жылы 15 желтоқсанда Жамбыл облысы Берікқара ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Жамбыл педагогикалық институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын Жамбыл облысы Жуалы ауданы Билікөл өңіріндегі Қарабастау аулындағы орта мектепте математика пәнінен мұғалім болып бастап, кейін директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болып қызмет етті. 1977-1989 жылдарда Алматы қаласындағы №86 мектепте математика пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, ал 1989-1991 жылдарда №136 мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек еткен.
1991 жылы тамыз айында Тәуелсіздігіміз жарияланған жылы ашылған №159 мектептің тұңғыш директоры болып тағайындалып, Тәуелсіздіктің төл мектебіндей болған бұл мекемені 25 жыл үздіксіз басқарып келді. Аягүл Төреқызы Миразова – Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз» және «Отан орденінің» иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998ж). Ы.Алтынсарин атындағы медальдің иегері. Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық құқықтық, университеттің Құрметті профессоры (2011ж), Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Гуманитарлық ғылымдардың Қазақстан Республикалық академиясының толық мүшесі (2014). Қазақстан Республикасының Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері. Алматы қаласының Құрметті азаматы (2013ж). Жамбыл облысының Құрметті азаматы, Жамбыл облысы Жуалы ауданының Құрметті азаматы. Аягүл Төреқызының барлық педагогикалық қасиеттері мұғалімдер мен оқушыларға көмектесуге бағытталған. Баланың жоғары интеллектуалды биік рухани-адамгершілікті тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізудің өзінің негізгі борышы деп есептейді.
Еңбегінің жетістігі. Аягүл Төреқызы Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияның директоры қызметінде мерейлі жетістіктерге жетті: 1992 жылы мектепте «Пилоттық мектеп» информатикалық бағдарламасымен оқыту жүйесі іске қосылды. 1996 жылы Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастырылуымен өткен «Алматы қаласының педагогикалық ұжымдарының» байқауында мектеп ұжымы жеңімпаз атанды. 1997 жылы Республикалық «Әдістемелік бейне» байқауында 1-ші орын иеленді. 1997-1998 жылдары мектепке «Гимназиялық мектеп» дәрежесі берілді. 2001 жылы Республикалық «Таңдаулы мектеп» байқауының Бас жүлдесін жеңіп алды. 2011 жылы Республикалық «Таңдаулы мектеп» байқауының Бас жүлдесін екінші рет жеңіп алды. 2008 жылы №159 гимназия «Алматы қаласының 50 бәсекеге қабілетті таңдаулы мектеп» конкурсының Гран При жүлдесінің жеңімпазы болды. 2016 жылы Алматы қалалық «Үздік педагогикалық ұжым» байқауының Бас жүлдесін иеленді. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері Ұлттық комиссиясының «Әйел басқаратын үздік мекеме» Республикалық конкурсының «Білім» номинациясы бойынша Бас жүлдесін жеңіп алды. Оқушылардың білім сапасы жоғары. ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл – 110. 2014,2015 жылдарда үш оқушы әрқайсысы 125 балл жинады.
|
|
Лауазымы
|
Зейнеткер.
|
|
Туған жылы
|
15.12.1948
|
|
Ұлты
|
қазақ
|
|
Жанұя жағдайы, жанұя құрамы
|
Тұрмыста.
Ері - Байнатов Жұмабай, ұлы – Байнатов Өркен, қыздары – Байнатова Айнұр, Байнатова Балнұр.
|
|
Ғылыми деңгейі мен атағы
|
Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының толық мүшесі –академигі (2014ж);
Гуманитарлық ғылымдардың Қазақстан республикалық академиясының толық мүшесі - академигі академигі (2014ж);
«Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігінің толық мүшесі академигі (2023);
Семей гуманитарлық университетінің Құрметті профессоры;
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Құрметті профессоры;
|
|
Марапаттары
|
1980 жылы «Социалистік жарыс жеңімпазы» белгісі;
1980 жылы- Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде жеткен жетістіктері үшін - «1980 жылғы әлеуметтік сайыстың жеңімпазы» белгісімен марапатталды;
1981 жылы - «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталды;
1983 жылы - ХХХІ Алматы бойынша қалалық партиялық конференцияға делегат болып сайланды;
1988 жылы - «Еңбек ардагері» медалі;
1992 жылы - І Дүниежүзілік қазақтар Құрылтайы съезінің делегаты;
1995 жылы - «Ы.Алтынсарин» медалімен марапатталды;
1996 жылы - «Жиналмалы екі қабатты киіз үй және оны безендіру әдістері» атты жаңалығы үшін №3768 патентін алды;
1996 жылы - «ЮНЕСКО-ның 50 жылдығына арналған оқушылар шығармалары сайысын өткізуді белсене қолдағаны үшін» Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО ісі бойынша ұлттық комиссиясының және ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өкілеттілігі дипломымен марапатталды;
1997жылы - «ББҰ Бас ассамблеясы моделі» атты Алматыда өткен Республикалық семинардағы экспозициясы үшін дипломмен марапатталды;
1998 жылы - «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер» атағын иеленді;
2001 жылы - «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен марапатталды;
2002 жылы - ІІ Республикалық педагогикалық оқудың ІІ дәрежелі дипломы 2002 жылы «Қазақстан Республикасы салауатты өмір салты мамандарының форумында (І съезінің ) делегат болды;
2002 жылы- Республикалық педагогикалық оқулар дипломанты;
2002 жылы – ҚР салауатты өмір салты мамандарының форумының (1 съезі) делегаты;
2002-2003 жылы – «Қазақстан мектебі» журналы редколлегия мүшесі;
2003 жылы – «Математика және физика» журналының редколлегия мүшесі;
2003 жылы - «Геометрия – 7» жаңа буын оқулығының, осы оқулыққа тіркемелі дидактикалық материалдар және есептер жинағының авторы;
2003 жылы - «ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері»;
2003-2004 - «Жалпы білім берудің білім стандарттары» проблемасы бойынша Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің және Сорос-Қазақстан қорының жұмысшы тобының мүшесі;
2004 -жылы - ҚР ағарту қызметкерлерінің ІІІ съезінің делегаты;
2005 жылы- Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды;
2005 жылы- «Конституцияға 10 жыл» медалі;
2005 жылдан бері – Алматы қаласының мектеп директорлары Кеңесінің төрайымы;
2008 жылы -«Астанаға - он жыл!» медалі;
2008 жылы -«Дарын» медальі;
2008 жылы - Елбасы Н.Ә Назарбаетың қолынан «Қазақстанның Еңбек Ері» наградасын және «Алтын жұлдыз» сондай-ақ «Отан» орденін алды;
2008 жылы - Ең алғаш «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленгені үшін КИнЭС – 2008-2009 Қазақстандық рекордтар кітабына енді;
2009 жылы 15 мамыр «Нұр Отан» ХДП – ның кезектен тыс XII-ші сьезінің делегаты;
2009 жылы – Қазақстан әйелдерінің V–ші форумында делегаты болды;
2010 жылы - Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толуына байланысты Батырдың рухани - адамгершілік және эскери теориялық мұрасын насихаттау жұмысына белсенді қатысқаны үшін “Отан үшін отқа түс күймейсің” төсбелгісімен марапатталды;
2011 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды;
2011 жылы - “Нұр Отан” Халықтық Демократиялық партиясы Саяси Бюросының қаулысымен “Белсенді қызметі үшін” төсбелгісімен марапатталды;
2011 жылы - «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалі
2011 жылы- Туған жері Жуалы ауданының Құрметті азаматы атағын иеленді;
2011 жылы - Медеу ауданының 75 жылдығына байланысты төсбелгісі;
2011 жылы 11 ақпан «Нұр Отан» ХДП – ның XIII-ші сьезінің делегаты;
2011 жылы 25 қараша «Нұр Отан» ХДП – ның кезектен тыс XIV-ші сьезінің делегаты;
2011 жылы - Д.Қонаевтың 100 жылдығы төсбелгісімен марапатталды;
2012, 2016 жылдары «Геометрия-8» оқулығының авторы;
2012 жылы- ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім сапасы бойынша Қоғаммен байланыс Кеңесінің мүшесі;
2012 жылы - «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының жанынан құрылған директорлар кеңесінің мүшесі;
2012 жылы «Кітап мәртебесін арттыруға қосқан үлесі үшін» мерекелік медалімен марапатталды;
2013 жылы - «Геометрия-9» оқулығының авторы;
2013 жылы - Қазақстан Республикасының Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері.;
2013 жылы 18 қазан «Нұр Отан» ХДП – ның кезектен тыс XV-ші сьезінің делегаты;
2013 жылы – Алматы қаласының Құрметті азаматы;
2014 жылы- «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды;
2014 жылы - ҚР парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Д.Н.Назарбаева алғыс хатымен марапатталды;
2014 жылы - «Интеллектуалды Қазақстан А.Т.Миразованың есімі мемлекеттің қазіргі тарихының Интернет-Альманахында тіркелгенін куәландырады» атты сертификатпен марапатталды;
2015 жылы - «Конституцияға 20 жыл» медалі;
2015 жылы 11 нарыз «Нұр Отан» ХДП – ның XVI-ші сьезінің делегаты;
2015 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды;
2015 жылы - «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды;
2015 жылы - «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағын иеленді;
2015 жылы – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
2016 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды;
2016 жылы 29 қаңтар «Нұр Отан» ХДП – ның XVII-ші сезінің делегаты;
2016 жылы - «Нұр Отан» партиясының Төрағасының Бірінші орынбасары А.Мырзахметовтың алғыс хатымен марапатталды.
2016 жылы - «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
2016 жылы – Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тағылымы» ұлттық жобасы бойынша «Ел мақтаныштары» атты жылжымалы фотокөрмеде орын алды.
2016 жылы - «Білім беру саласының үздігі» Құрметті атағымен марапатталды.
2017 жылы - Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамының мүшелік куәлігіне ие болды.
2017 жылы – Сертификат КИнЭС – 2016-2017 жж «Ең белгілі тұлға»
2018 жылы - «Астанаға 20 жыл» медалі
Соңғы 20 жылда Алматы қаласының, сондай-ақ Медеу ауданының Әкімдерінің Грамоталарымен 45 рет марапатталды;
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Грамоталарымен15 рет марапатталды;
2018 жылы – Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның педагогикалық ұжымы Алматы қаласы бойынша қала әкімінің өткізген «Алматы қаласының үздік ұйымы» байқауының грантын жеңіп алып, 22 627 000 теңгенің сертификатына ие болды.
2019 жылы 27 ақпан «Нұр Отан» ХДП – ның XVIII-ші сезінің делегаты;
2019 жылы 23 сәуір «Нұр Отан» ХДП– ның XIX- ші сезінің делегаты;
2020жылы «Қазақстан Конститутциясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
2020 жылы Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатына ие болды.
2021 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
2021 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Е.Әмірбекұлының дипломымен халықаралық ғылыми практикалық коференциядағы белсенділігі үшін марапатталды.
2021 жылы Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай « 30 ЖЫЛ -30 ЕСІМ» Ұлттық жүлдесімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқаны үшін марапатталды.
2021 жылы Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды.
2021 жылы Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатына ие болды.
2021 жылы Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаевтың алғыс хатымен марапатталды.
2021 жылы Жамбыл облысының әкімдігі, білім басқармасы Қазақстан Республикасының 30 жылдығының аясында өткізілген «Жомарт түлек» форумына қатысып, «Жомарт түлек» белгісімен мараптталды.
2022 жылы Алматы қаласының әкімі Е. Досаевтың алғыс хатымен марапатталды.
2022 жылы Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатына ие болды.
2022 жылы Тәуелсіз Қазақстанның Халық Батырлары Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің алғыс хатымен марапатталды.
2023 жылы «Ұлттық Құндылықтар Академиясының» академигі болып сайланды.
2023 жылы мұғалімдер күнімен құттықтаған Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының, Оқу-ағарту министрінің, Алматы қаласы әкімінің құттықтау ханттарына ие болды.
2023 жылы Тәуелсіздік мерекесіне байланысты Президенттің Алғыс хатымен марапатталды
2023 жылы 75 жасқа толуына байланысты Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының, Оқу-ағарту министрінің, Алматы қаласы әкімінің құттықтау ханттарына ие болды.
2024 жылы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының, Оқу-ағарту ісі министрінің, Алматы қаласы әкімінің құттықтау ханттарына ие болды.
|
|
БАҚ-тағы кейбір басылымдар
|
● Достойные герои «Вечерний Алматы» №151, 18 декабрь 2008г;
● Қазақстанның Еңбек Ері «Алтын жұлдызы» Егемен Қазақстан, №367-368, 2 желтоқсан, 2008 жыл;
● Б.Мәжитов. Әйел басқарған ең үздік мекеме /«Ұлан» газеті №41(778) қазан, 2003 жыл;
● Н.Ишан. Мен – жақсы тілекші адаммын //«Ана тілі», №37 (978) 17-23 қыркүйек, 2009 жыл;
● С.Мақпыров. Негізгі бағытымыз – инновация //«Қазақ тілі мен әдебиеті оры сыныптарында» журналы №2, наурыз-сәуір, 2011 жыл;
● С детьми надо уметь работать //«Огни Алатау», Суббота 04.09.2004 жыл;
● Ровесники Независимости //«Дружные ребята» 20.10.2009 жыл;
● Г.Құрманбай. Қуанышқа өзіңнен артық қуана білетін ғажап жан //«Ақ Жүніс» журналы №1 (I) 03.2012 жыл;
● Ж.Қайыңбай. Жоғары атқа лайық азамат //«Алматы ақшамы», №152-153 (4901) 31.12.12 жыл;
● Қ.Шағыр. Мен оқуды бітіргенше қартаймай директор болып жүре берсе екен «Мұғалім және қоғам» журналы, №1 наурыз-сәуір, 2009жыл;
● А.Бейсекина. Дарынға қанат берген Аягүл //«Жас өркен» газеті, №4,2014жыл;
● Р.Ескендір. Бір гимназиядан екі 125 балл шықты //«Алматы ақшамы» 25.05.2016, №76 (5269);
● Р.Аязқызы. Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішер... //«Түркі әлемі» газеті №1 (84) 2009 жыл;
● Ахметов Д. Білімнің шырағындай жанып тұрған «Қазақстан-Zaman» 5 наурыз, 2009 жыл;
● Б.Бекетова. Тарихи мерейтой жылының мерейі //«Жаңа Шолпан» журналы, №11-12 (8) 2011 жыл, 5-8 б. т.б.
2018 жылы – «Аягуль Миразова: Ни разу не пожалела о выбранной стезе», «Білімді Ел» газеті №38 (147) 9- октября 2018 г.12-13 б. т.б.
|
Достарыңызбен бөлісу: |