Аягөз ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 01 наурыздағы
№ 95 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
«Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) және әкімінің қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
1-1. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы мемлекет атынан Аягөз ауданының әкімдігі болып табылады.
2. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ведомстволары бар, олардың құрылымы мен штаттық саны Аягөз ауданының әкімдігімен белгіленеді.
3. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан және қолданыстағы заңнамасына сәйкес Аягөз ауданы әкімдігінің атынан түседі.
6. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдер қабылдайды.
8. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070200, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Абай бульвары, 14.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
13. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасауды қаматамасыз ететуге бағытталған мемлекеттік саясатына сәйкес аудан әкімі қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етедi.
15. Міндеттері:
1) Аудан әкімі мен әкімдіктің ауданды дамытуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, тиісті бюджеттерін, олардың орындалу жоспарларын әзірлеудегі қызметін үйлестіру:
2) Аудан әкімі мен әкімдіктің облыс әкім аппаратының тиісті бөлімдерімен, облыстық атқарушы органдарымен, құқық қорғау органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, облыстық бірлестіктерімен, саяси партияларымен, ұйымдастырушылық байланысын іске асыру;
3) Аудан атқарушы органдарының кент, ауылдық округ әкімдерінің аппаратындағы атқарушылық тәртіптің жалпы деңгейін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
4) Аудан әкіміне әкімдік жұмысының жоспарларын әзірлеу жөніндегі ұсыныстар еңгізу;
5) Аудан әкімінің, оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша аудан атқарушы органдары, кент, ауылдық округтер әкімдері аппаратының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және облыс Әкімінің, аудан әкімінің актілерін орындау жөніндегі жұмысын тексеруді ұйымдастыру, жұмыста орын алған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау қажет болған жағдайда әкімдіктің отырысына мәселелер еңгізу;
6) Аудан кенті мен ауылдық округтерінің әкімдеріне, сондай-ақ атқарушы органдары олардың жұмыс әдісі мен тәсілін жетілдіруге тұрақты әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
7) Аудан сайлау органдарының референдумдары мен сайлауларды дайындау және өткізу жөніндегі жұмысын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
8) Аудан әкімдігінің отырыстарын, аудан әкімі өткізетін кеңестерді, әкімнің басқа да іс-шараларын ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету;
9) Әкім мен әкімдік атына түсетін қызметтік корреспонденция бойынша іс қағаздарын ұйымдастыру мен жүргізу, аудан әкімінің , әкімдіктің, әкім орынбасарларының тапсырмаларымен алға қойған міндеттерін атқарушыларға дейін жеткізу;
10) Азаматтардың өтініштері және келушілерді қабылдау жөнінде жұмысты ұйымдастыру;
11) Азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларының орындауына жәрдемдесу;
12) Аудан аумағында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдай және инвестициялық ахуал жасауға қатысу;
13) Халықты жұмыспен қамту және кедейлікке қарсы күрес бағдарламаларын жүзеге асыруға, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына атаулы көмек көрсетуге қатысу;
14) Аудандық қоғамдық орындарды көркейту және сыртқы келбетін безендіру мәселелерін шешуге қатысу;
15) Қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлыққа қарсы күрес, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасын іске асыруға қатысу;
16) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) Аудан әкімінің және әкімдіктің қызметін ақпараттық талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі, облыс Әкімі, аудан әкімі актілерінің орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру және іске асыру;
3) Аудан атқарушы органдарының аппаратының Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс Әкімінің алға қойған міндеттеріне, аудан әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
4) Кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының қызметін үйлестіру;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16-1. Ведомстволардың функциялары қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындалады.
17. Құқықтары:
1) Аудан әкімінің оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша аудандық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың жұмысын тексеруді белгіленген тәртіппен іске асыруға;
2) Ауданның кенттік, ауылдық округтері әкімдерінен, атқарушы органдарынан, ұйымдарынан аудан әкімі мен әкімдіктің жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпараттар мен басқа да анықтамалық материалдар сұрауға;
3) Тиісті лауазымды тұлғалардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сондай-ақ оларға аудан әкімі аппаратының құзырына енетін мәселелер бойынша орындауға міндетті тапсырмалар беру;
4) Аудан атқарушы органдарының лауазымды тұлғаларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ынталандыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы әкімге ұсыныстар еңгізуге.
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар.
17-1. Міндеттері қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындалады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы, яғни Аягөз ауданының әкімі жүзеге асырады.
19. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі қолданыстағы заңнамаға және осы ережеге сәйкес белгіленеді.
«Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. «Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі қолданыстағы заңнамамен жергілікті облыстық және аудандық өкілді және атқарушы органдардың актілерімен белгіленеді.
«Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі қолданыстағы заңнамамен жергілікті облыстық және аудандық өкілді және атқарушы органдардың актілерімен белгіленеді.
«Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі қолданыстағы заңнамамен жергілікті облыстық және аудандық өкілді және атқарушы органдардың актілерімен белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |