Аяпбергенова гульсум сагындыковна



бет6/48
Дата11.04.2024
өлшемі4.5 Mb.
#498402
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
ayapbergenova-g-s-phd-s-sp (2)

Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау процесі.
Зерттеу пәні: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі мен педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеу және эксперименталдық тұрғыдан сынақтан өткізу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жоғары оқу орнының білім беру процесіне болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың әзірленген құрылымдық-мазмұндық моделі мен анықталған педагогикалық шарттары енгізілсе, онда жалпы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау сапасы артады, өйткені болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік, әдістемелік, жобалық компоненттердің жиынтығымен сипатталатын арнайы құзыреттілігі қалыптасады.
Зерттеудің қойылған мақсаты мен болжамына сәйкес зерттеудің міндеттері анықталды:
1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігі қалыптасуының мәндік сипаттамасын талдау; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігінің мазмұнын ашу.
2. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудағы жобалар әдісінің мүмкіндіктерін анықтау.
3. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін теориялық негіздеу және өңдемелеу.
4. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау.
5. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың әзірленген құрылымдық-мазмұндық моделі мен анықталған педагогикалық шарттарының тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жолмен тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: пәндік, әдістемелік, жобалық компоненттердің жиынтығымен сипатталатын арнайы құзыреттілігін қалыптастыру жалпы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың сапасын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет