«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады



бет1/2
Дата01.05.2024
өлшемі25.73 Kb.
#500251
  1   2
6-с Әдебиет Жазғы мектеп


Түсінік хат

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, «2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатқа, «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген оқу бағдарламаларын басшылыққа ала отырып құрылды.


«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты – оқушыларды шығармашылық ойлауға бағыттау, олардың өз ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және талдау, бағалау дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады:
түсінужәнежауапберу;
анализ жәнеинтерпретация;
бағалаужәнесалыстыру.
Жалпы білім беретін мектептерде әдебиетті оқытуда қазақ әдебиетінің мазмұнын, стилін, идеяларын және жанрын бағалай білуге, талдау жасауға, шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.
Пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады.
Әр сынып бойынша дағдыларды қалыптастырып, дамыту үшін оқу мақсаттарының жүйесі берілген.
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр, кино, музыка) салыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді, сараптай, салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет