Композициясы. Кіріспеден басталады. Сұрақ-жауап, диалог түрінде жазылған. Алғашқы бөлімдерінде исламның ережелері, тіл білім, қайырымдылық, адамгершілік туралы айтылады. Бұдан кейін кітабын арнап отырған Бураханды мақтайды. Негізгі тарауларында ақыл, өсиет, тәлім, тәртіп уағыздалады.
Соңғы тарауында өмірдің өтпелілігін, достардың жаспасын айтып, өз күнәларына күйініп, кейінгіге өсиет айтады.
6520 бәйіттен тұрады (13 000 өлең жолы),85 тараудан тұрады. Әр тарауы белгілі бір моральдық, этикалық, философиялық т.б. мәселелерге арналған. Негізгі бөлімі месневи түрінде жазылған.
Идея, тақырып. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылған.
Мемлекетті дұрыс басқару үшін әділ заңның болуы. Әділдік белгісі-Кунтуды патша. Прототипі туралы пікірлер жоқ (тек О. Сүлейменов: "7-ғ. түркі князі Кунтуды", "Тауарих хамса" –Күнхан).
Бақ-дәулет, елге құт қонсын деген тілек. Бұл патша уәзірі Айтолды бейнесі арқылы көрінеді.
Ақыл –парасат уәзірідң баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады.
Қанағат-нысан мәселесі уәзір туысы, дәруіш Одгүрміш бейнесі арқылы жырланады.
Дастан саяси және ғибрат-өсиет ретіндегі дидактикалық туынды.
Өзекті тақырып - халыққа құтты өмір сыйлау, әділ қоғам құру. Идеясы жағынан имандылық, ізгілік рухында. Кононов: "В "Кутадгу билиг" нашли свое выражения идеи давно волновавшие многие народы".
Ең негізгі көтерген мәселесі-адамгершілік, адам, оның кемелдену жолдары.
Адам, оның кемелдену жолдары:
1. Адамның қадір-қасиеті білім мен ақылда:
Ақыл қайда болса, ұлылық толады.
Білім кімде, сол білікті болады.
2. Тілдің пайдасы мен зияны бірдей екенін білу:
Көп сөйлеме, аз айт бірер түйірін,
Бірер сөзбен шеен түмен сөздің түйірін.
3. Ізгілік-адамзат үшін ең қажетті қасиет екенін ұғу:
Ізгілік-оң, Ессіздік-сол, Жүгің-Ар,
Оңың-ұжмақ, солың- тамұқ, біліп ал !
4. Даңқ пен дәулетке мастанба, ол бір орында тұрмайды:
Бір орынла Су, Сөз, Дәулет тұрмайды,
Жиһангерлер жүре бермей тынбайды.
5. Әділеттің жолын қу, шыншыл бол:
Әділ болсаң, қараға-ақ, аққа-жақ,
Ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ!
6. Ажал есігіне адамшылықты аттамай кір:
Қай жан болсын өлу керек туған соң,
Қай зат болсын құлау керек тұрған соң.
7. Нәпсіңді тый, сабырлы бол:
Егер қайғы жараласа жаныңды,
Күт сабырмен туатын шат шағыңды.
8. Шарап ішпе:
Ішімдіктен мал-дәулетің шашылар,
Зинақордың ар-ұяты ашылар.
9. Ұл-қызыңды тәрбиелі қылып өсір:
Ұл мен қыздың өнегесі ата-ана,
Бәрі бізден-дұрыс па, әлде қата ма.
10. Сараңдық пен ашкөздіктен аулақ бол:
Қиды терген сасық қоңыз сияқты,
Сараңдықтан асқан не бар ұятты.
11. Сүюдің сырын көзден көрме, көңілден ізде:
Білгің келсе, сүйер я сүймесін,
Ашып қара көңілінің күймесін.
12. Иттердің басшысы арыстан болса, иттер де арыстандай күркірер, арыстандардың басшысы ит болса, иттің тірлігін қылар.
12. Тексіз кісі уәзір бола алмайды. Бек қандай болса, уәзірі де сондай:
13. Намысшыл ер бол.
14. Өз пайдаңнан гөрі ел пайдасын ойла.
Бес нәрседен сақтандырады: өтірік, айтқан уәдеде тұрмау, шарапқа әуес болу, жүгенсіз іс қылу, зымияндық, ашулы тіл.
Көтерген ең басты мәселелерідің бірі-ел басқару мәселесі. Дастанда ел билеген әкімге қарата мынадай сөз айтады: " Халықтың сенде үш түрлі ақасы бар...
ақшаның нарқын көтеру...
әділ заңдар шығар,
жолдарды қарақшылардан, адам өлтірушілерден сақтай біл".
Әкімдер елге үш талап талап қоюға праволы:
".. сен қандай жарлық шығарсаң дажұрттың бәрі оны сөзсіз тез орындау керек...
мемлекет салықтарын өз уақытында жомарттықпен мемлекет қазынасына тапсырып тұрсын...
бүкіл халық жосыңа-дос, дұшпаныңа-дұшпан болу керек".
Ақыл-білім. Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерін біліммен байланыстырады. Қоғамдағы теріс құбылыстарды адамдардың надандығынан деп біледі. Дастанда бұл мәселеге арналған тарау бар.
Әдептілік, тәлім-тәрбие туралы. Жастардың ақртарға, қариялардың жастарға, әкімдердің қызметшілеріне, жалшыларының қожаларына, балалардың әке-шешелеріне, ата-аналардың өз перзенттеріне деген ізгі-құрметі қандай болу керек деген сұрақтарға жауап береді. .Жақсы мінез-құлық алдымен адамның тәрбиесіне байланысты деп түйеді. Әдептіліктің сан түрін жырлай келіп, солардың ішінде ең бастысы-тіл әдептілігі деген қорытынды жасайды.
Философиялық пікірлер қозғайды. Мысалы, ауырмаса-денсаулықтың қадірін білмейді, өлім болмаса-тірі кездің қадірін түсінбейді, қайғысыз Адам қуаныш сезімінң құдіретін толық сезе алмайды.
Әйелдің төрт түрін көрсетеді: сұлу әйел, атақты әйел, бай әйел, адал жар. Сұлуды алған ер-күйеу емес, күзетшіге айналар. Атақты әйелді алған атағына телінер. Бай әйел күйеуін де меншігім деп қарайды. Ал адал жарды алған ер қолына байлықты да, бақытты да қондырады.
Әділетті, құтты мемлекеттің үлгісін жасаған. Құт-берекелі елдің патшасы мен уәзірі, бітігшісі мен қазынашысы, көпесі мен саудагері, ақыны мен ары, ұлы мен қызы, адамы мен қоғамы қандай болу керек деген сұрақтың жауабын түгелдей жүйелеп берген.
Құтты іздеген адам жібек мінезді, көңілі таза, тілі майда, жігерлі болып, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге мейірін төксе, араз көңілді тыйып ұстау керек.
Тілі. Кіріспеде қай тілде жазғаны туралы айтып өтеді:
Арабша, тәжікше кітаптар көп,
Ал бұл-біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы.
"Біздің тіліміз" дегені түркі тілі. Түркі тілдерінің қай тобы ?
С. Малов: Көне ұйғыр тілінде жазылғын.
В. Бартольд: Қарахан елінің азаматтары өздерін ұйғыр деп атаған емес, Ж. Баласағұн үшін өзі жазған тіл ұйғыр тілі болған емес.
А. Щербак: қарлұқ тілінде.
Г. Благова: қарлұқ-қыпшақ.
Н. Келімбетов: Қарахан мемлекетінде өмір сүрген түркі тайпаларының бәріне бірдей түсінікті, ортақ әдеби тілде жазған.
С. Малов: "Трудно сказать, каким шрифтом писал сам автор свое произведение, но все же, судя по рукописям, хотя и 15 век, можно думать, что Юсуф Баласагунский сочинял и писалсвое произведение арабскими буквами, и затем уже, возможно в качестве подарка хану "Кудадгу билиг" было переписано уйгурским шрифтом".
400 араб-парсы кірме сөздер кездеседі (Б. Сұлтанов).
Достарыңызбен бөлісу: |