Қазақ әдебиетінің ірі зерттеушілері Жусіпбек Аймауытовты ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист



Дата20.06.2016
өлшемі67.82 Kb.
#148662
Қазақ әдебиетінің ірі зерттеушілері Жусіпбек

Аймауытовты ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист,

аудармашы ретінде, ал "Ақбілек" романын бір қазақ қызының

тагдыры негізінде әлеуметтік революциялар дәуіріндегі қазақ

ауылының жаңаруын суреттейтін алгашқы қазақ романының

бірі деп ңарастырады. Ең алгаш "Әйел теңдігі" журналының

1927, 1928 жылдардагы бірнеше санында жарияланган

туынды тек кейіннен, 1980-ші жылдар аягында гана бірінші

рет кітап болып усынылган.

"Ақбілек" - Жусіпбектің 1921-1923 жылдар аралыгында

Алтайга барган сапарында туган. Томенде жарияланып

отырган Ақаш Жунісулы мен Әлтай Есқалиулының

естеліктері қазақ романистикасының бастауында турган

туындының кейіпкерлері болуы мумкін адамдар туралы

деректерді усынады.

АЙМАУЫТОВТЫҢ АЛТАЙ

ЖЕРІНДЕП КҮНДЕРІ

Әйгілі "Ақбілек" романы Жүсіпбек Аймауытовтың Алтай аймағына,

дәлірек айтқанда Күршім мен Марқакөл аудандарын жалғастырған Қалғүты бойына сапарға шыққанында жазылғанын біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін. Романның басында: "Өскеменнің ар жағында, Бүқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен қүбыла жакқа қүлай аққан, қүлай ағып Ертіс түскен, күз күзеткен Күршім бар..." – деген жолдар сол сапар әсерінен туған.

Жүсіпбектін Алтай сапары Алаш қайраткерлерінің саяси және

ағартушылық істерімен байланысты. Ж.Аймауытовтың 1914-1919 жж.

Семейдегі мүғалімдер дайындайтын семинарияда оқығаны белгілі. Сол жылдары бүл оқу орнын Қалғүты бойындағы Терісайрықта түратын Үкіртайдың Зәйнолласы да аяқтайды. Окуын бітірген Зәйноллаға Алашорда басшылары қаражат бөліп, арнайы нүсқау-тапсырма береді. Алаштың өз алдына автономиялы ел болуына орай жастар арасында оқу және өнер үйірмелерін ашу мақсатында жүмыстар жүргізуін тапсырады.

Осы тапсырмаға сәйкес Зәйнолла мен Семейде мал дәрігерін даярлайтын оқуда жүрген інісі Қүнапия елді бірлескен тіршілікке, тоған алып, егін салуға үгіттейді. Зәйнолла алғаш Семейден келген түста жүрт әлі тыныш еді. Ол Алашорда үкіметінің сенімін ақтауға қүлшыныс жасайды. Елдің игі жақсыларымен келісіп, Егіндібүлақ бойының балуаны Дүйсенбіні милиция қызметіне тағайындатады. Алашшылар тапсырмасымен еріктілерден отыз бес адамды қаруландырып, әзірлейді. Бірақ, көп үзамай ак пен қызылдың аласапыраны басталып кетеді.

Алаш қайраткерлерінің үстанған бағыттарын кеңестік автономия

қүрылған жылдарда үлттық зиялы қауымның жаңа бір легі өз

мүмкіндігінше жалғастырып бақты. 1921 жылы Қазақ Орталық атқару

комитетінің төрағасы Сейітқали Мендешев жаңадан қүрылған губерниялық қүрылымдардың жүмыстарымен танысу және күн тәрбітіндегі істерді жүзеге асыру мақсатында Семейге көрнекті тарихи түлға Смағүл Сәдуақасовты жібереді. С.Сәдуақасов Семейге келісімен үлттык кадрларды даярлап, оқытып, іске араластыру мәселелеріне зор көңіл бөледі. Жүсіпбек Аймауытов Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады. Ендігі кезекте Смағүлдың жеке тапсырмасымен Күнгей Алтайдағы жағдай кдндай және бір кезде Үкіртайүлы Зәйноллаға берілген тапсырма қалай орындалып жатыр, ол не бітірді, не тындырды деген сүрақтарға жауап беру үшін Жүсіпбек 1921-1923 жылдар аралығында Алтайға барған.

Жүсіпбек бүл аймаққа келместен бүрын ағайынды Зәйнолла мен

Қүнапия Қалғүты мен Бөкенбай жерінде мәдениет үйін ашуды қолға

алған еді. Екеуінің де Алаш кайраткерлерінен үйренгені бар, эр ауыл, әр рудың ақсақал, қарияларымен тіл табысып, қауырт жүмысқа кіріседі.

Қазіргі Қаратоғай мен Егіндібүлақ жерінде мектеп үйін салу жүмысын қолға алады. Жүсіпбек бүл өлкедегі істерді шолып, жергілікті азаматтарға көмек көрсетуді ғана ойлаған жок- Алтайдағы өмір өзгерістері жазушының сүбелі "Ақбілек" романының жазылып шығуына да түрткі болған. Жүсіпбек Аймауытов Терісайрық бойындағы Үкіртай отбасына келіп, Зәйнолла мен Қүнапияның сый-қүрметіне бөленеді. Егіндібүлақ пен Қаратоғайдағы салынып бітуге таяған мәдени орындарды көреді.

Қүнапиямен бірге Қаратоғай ауылына еңкейіп төніп түрған Қарасеңгір тауындағы жартасты Қараекем шатымен (қазіргі Торғай сайы) биікке көтеріліп, таудың күнбатыс етегіндегі Қүнапияның қайын атасы болыс Керей Ысқақпен жүздесіп, сейіл қүрады. Елдегі ақ пен қызылдың лаңы жайлы сыр шертеді.

Ж.Аймауытов Қалғүты мен Бөкенбай бойындағы елдің тыныс-

тіршілігімен танысады. Тайлы-түяғы қалмай жайлауға көшкен елге

қосылады. Төбесіне ақ кепеш киген, қар басқан Сарытау биігі, Әкімбай кезеңі, Ереймен, Салкыншоқы, Итқырылған биігін ауылда жүріп көрсе, енді табанымен жерін басып, жемісінің дәмін татып, таза ауа, жасыл орманда атқа мініп, сейіл-серуен қүратын болды.

Европа мен Ресей саяхатшыларын таңғажайыбымен тамсандырған өр

Алтай, асқар Алтай, алтынды Алтай Жүсіпбек Аймауытовты да қүшағын жайып қарсы алады. Саяхатшы Г.Н.Потанин Сарытаудың төбесіне үш қайтара шыққанын қүштарлана, қүмарлана жазған болса, Жүсіпбек те Сарытау мен Марқаның көлін тамашалап, "Акбілек" романында: "Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында бал татыған айна сулы түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі..." - деп тамаша көрініске тебірене қалам тартады.

Жүсіпбек Аймауытов "Ақбілектегі" жер, кісі аттарымен негізгі әңгіме

желісі казіргі Күршім ауданына қарасты Қалғүты жерінде болғанын

аңғартады. Жазушы романының уақиға шиеленісінің басталуында: "Сол Алтайдың бөктерінде жам жолменен жандамайлап ала ат мінген жалғыз адам келе жатыр, бейсауат. Көздегені - Күршім жақ, бет алысы – Қараекем шаты. Қараекем шаты - жартас, дәл аясы - шүңқыр, көғал". Мүндағы Қараекем шаты - Қарасенгір тауындағы казіргі аталып жүрген Торғай сайы. "Дәл аясы - шүңкыр, көгал" дегені, осы сайдан шыға келгендегі қазіргі Қаратоғай ауылы түрған жер, Қалғүты өзені бойындағы көгалды жазықтық. "Ала атқа мінген" Мүқаш деген жігітпен қызын (Ақбілекті) бермеді деп өштесіп жүрген Мамырбай байдың ауылы түрған жер бүл күнде Маубас аталады. Уақиғаға байланысты романдағы жер аттары Бөкенбай тауының теріскей беті, Терісайрық бойындағы Маубас пен Қарасеңгір бауырындағы Қаратоғай ауылы аралығыңда. Бүл жердің схемасы

төмендегідей:

Қаратоғай Ақбілек 4 км Өтеулі мешіті

\ Үкіртай қорасы

6 км \ / 3 км

\ Дуана

\ ( 2 км

^Маубас (Мамырбай)

Алтай күнгейінде Жүсіпбектің араласуымен ауылды кеңестендіру

жүмыстары жүргізіледі. Кейін Семейде болыстық кызметкерлер даярлайтын курс ашылады. Қазіргі Марқакөл ауданына қарасты жерлерден, яғни Боран, Қалжыр, Терісайрық, Қалғүтыдан Изеттін Ысқағы, Керей Ахмет дейтін, Мысбайдың Мейрашы, Дүсіпүлы Әділхан, Дориға, Секіман, Дүйсенбі, Тойша, Тілеміс, тағы басқалары Семейде оқып, арнаулы дайындыктан өтеді.

Мүндағы Дәриға деп отырғанымыз - Жүсіпбек Аймауытовтың

романындағы Акбілек деген қыз.

Дәриғамен аралас-күралас болған, 1970-жылы 85 жастағы Сүраубай келіні Дина әженің айтуынша, Дәриға - Зайсан және Семей қалаларында окып, білім алған. Қалжыр бойындағы Қазақстан (Шегір) ауылында болыс болады. Әуелгі күйеуі жастай қайтыс болыпты. Одан қалған жалғыз қызы шетінеген екен. Өзі іс тігетін ісмер адам болыпты. Жүсіпбек бүл өңірге келгенде Терісайрық бойындағы Көккөз атанатын рудың азаматы Отеулі молдаға тиген кезі екен. Дәриға болыс болып, Зәйнолла мен Қүнапияға камқорлық жасап, Қаратоғай мен Егіндібүлақта мектеп салуына, жолдасы

Өтеулінің мешіт ашуына күш-көмегін көрсетеді. Ел ішінде тігіншілігімен де аты шығып, өнер мектебіне айналады. Оны іздеп шықкан үлкен-кіші Дәриға демей, "Ақбілекке бара жатырмыз" деп жүріп, Көккөз атасына мекен болған Терісайрык жағасындағы үзын қырқа Акбілек атанып кетеді. Күні бугінге дейін солай.

Өзеннің арғы қабағында түрған Үкіртайдың Зәйнолласы мен Қүнапиясы Жүсіпбек Аймауытовтың сырласы да, мүндасы да болған адамдар. Көңіл бөлетін тағы бір жай. Жүсіпбек Аймауытов Алтай сапарына Семейден жалғыз емес, ақын Иса Байзақов екеуі бірге шыққан. "Ақбілек" романы мен Исаның "Алтай аясында", "Қүралай сүлу", "Қырмызы-Жанай" поэмаларындағы жер, ел, су аттары бір-бірін толықтьірып, Алтайдың күнгей өңірін сипаттайды. Екі автор да көздің түңғиықтан корінген жанарындай биік тау үстіндегі әсем Марқаколін коріп, үлкен тебіреніске түседі. Зайсан

бойы мен Күршім өңірінен жайлау үстінде тоғысқан Дөртуыл, Қожамбет, Ақнайман елдерін аралап, коп әңгіме естіп, көңілдері котеріліп, мерейі үстем болады. Екеуі де Семейден "Монгол", кейін "Алтай" атанған бу кемесімен шығып, Күршім озенінің Ертіске қүяр сағасындағы кеме аялдайтьш Қүйған ауылына келгенде, Жүсіпбек сол арадан Қалғүты жеріне қарай сапарын жалғастырған. Ал, Иса Байзақов сол кемемен одан әрі Жайсаң көлінен

отіп, Түғыл (Тополев мыс) түрағына жетіп, сол оңірдегі елді, жерді

аралайды. Ел жайлауға шыққанда, тағы кезіккендей.

Иса Марқаның колі туралы:

Қайнаған етегінде қарт Марқакөл,

Биіктен бетін сүйіп қүлайды жел.

Қүбылтып судың бетін, толқындырып,

Жарқырап жайқын Марқа тулайды сол, -

десе, Жүсіпбек:

" Марқаколді алқалаған - ақ ауылды Алтай елі. Алтай елі, Алтай жазы

тау еркесі киік болып, озге елдерден биік болып, Марка колдің самалында сайран етіп жатқаны", - деп, әсем көрініске бас иеді.

Екеуінің барып қайран жерлеріне қарасақ, Жүсіпбектікі: Күршім,

Қалғүты, Бокенбай, Сарытау, Марқа колі. Исанікі: Зайсан колі, Кендірлік, Қара Ертіс, Ақжайлау, Марка колі, Сарытау.

Иса поэмаларында үшырасатын жер, су аттары - Бүйрек, Тақыр,

Қалжыр, Байшуақ, Қиынкеріш, т.б. Жүсіпбек келген Терісайрық жерімен іргелес жатса, Сарытау, Балажал, Бүқат дегендері Терісайрық, Богенбай бойындағы Қожамбет пен Ақнайман еддерінің жазғы жайлауы болып келеді. Жүсіпбек пен Иса жайлау үстінде кеңесіп, оздерінің болашак. шығармаларын да ойластырса керек.

"Ақбілек" романында аласапыран жылдардағы ауыл омірінің шындығы, адамдар тағдырындағы озгерістер дәлме-дәл бейнеленген. Роман кейіпкерлері заманмен, дәуірменозгеріске түсіп, қоғамнан озіне лайық орын іздейді. Бүл кез - Алаштың козі ашық азаматтары қатер үстінде жүрсе де, қазақтың оз алдына автономия алуына күш-жігерін жүмсаған түсы еді. 20-жылдардың соңына қарай елдегі жағдай озгеріп, октем билік алашшыларды кудалауды үйымдастырады.

Жүсіпбектің Күршімдегі достары Зәйнолла мен Қүнапияны жаппай

үжымдастыру науқаны алдындағы қудалаулар аяқ бастырмайды. Зәйнолла 1928 жылы қайтыс болған. Ал, Ақбілектің протопипі Дәриға ашаршылық жылдарында Қытайға ауған қалың халықтың ішінде кетеді. Бүлармен тағдырлас болған заңғар жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың да омірі 1931 жылы аяусыздықпен қиылады.


Ақаш ЖҮНІСҮЛЫ,

Күршім ауданы.



104

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет