Қазақ филологиясы кафедрасы қазіргі қазақ тілінің ҚҰрмалас сөйлем синтаксисі пәні



бет1/2
Дата16.05.2024
өлшемі27.29 Kb.
#501303
түріЛекция
  1   2
KIFQMVMULWYG15052024223453


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ


ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ пәні
14 лекция
Лекция тақырыбы: Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
Лектор: ф.ғ.к., доцент Қошанова Н.Д.

Түркістан
14- лекция
Лекция тақырыбы: Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
Лекцияның оқыту нәтижелері:
1. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі пәнінің теориясын біледі;
2. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі пәнінен алған білімі мен дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады;
3. Кәсібінің әлеуметтік маңызы мен мәнін түсінеді.

Лекция мазмұны.


Құрамындағы сыңарларының саны екеу ғана емес, үш немесе одан да көп болып келетін құрылымдар тілде әртүрлі аталады. Көп компонентті құрмаластардың қай түрінде болмасынң сыңарларыарасындағы мағыналық қатынастар екі компонентті құрмаластардағыдай бірізді болып келмейді. Олардың арасы бір сөйлемде түсіндірмелі, ыңғайластық немесе талғаулықты, қарсылықты т.б. болып келуі мүмкін. Сондықтан оларды бірізге түсіріп айту мүмкін емес. Екі компонентті құрмаластарда көрсетілген мағыналық қатынастардың күрделі құрылымдарда біртекті немесе әр текті болып кезекпен қосатланып келуінде бір шектеулі заңдылық болмайды. Таза құрылымдық тұрғыдан алғанда, құрмалас пен жай сөйлем, құрмалас пен құрмалас немесе жай сөйлем мен құрмалас деген қатынастар болмайтын болса керек. Көп компонентті құрмаластардағы әрбір жай сөйлемдер – жеке-жеке тұрғанда, өз алдына бір дербес бірліктер. Бірақ құрмаластың құрамында үлкен хабардың, күрделі бір ойдың құраушы бөліктері, басыңқыдағы айтылатын негізгі сыртқы ойды толықтырушы, жан-жақты сипаттаушы элементтер болып табылады.
Күрделі ойдың құрамдас бөлшегі ретінде қалыпты құрмалас сөйлемдер дайын күйінде кіріп кетуі де мүмкін. Бұл күрделі құрмаласта берілетін сыртқы ойды толықтыру, жан-жақты сипаттау мақсатының ыңғайына қарай болады. Бұдан қүрделі құрылымды құраушы жай сөйлемдер мен күрделі ойды құраушы мағыналық сыңарлардың арасы тең еместігіне көз жеткізуге болады.
Қазақ тіл білімінде көп компонентті құрмалас сөйлемдер туралы алғаш пікір айтқан А.Байтұрсынұлы болатын. А.Байтұрсынов мұндай құрамдағы сөйлемдерді өрнекті сөйлемдер деп атап, оған мынадай анықтама береді. Өрнекті сөйлем деп құрмалас сөйлемдердің бастары қосылып, кестелі болып құрылуын айтамыз.
Махамбеттің «Ереулі атқа ер салмай» өлеңін талдау кезіндегі М.Әуезовтің күрделі құрылымдар турасында айтқан тұжырымы да А.Байтұрсыновпен үндес. Автордың айтуынша, бұл өлең – Махамбеттің барлық басқа өлеңдері сияқты ауызша айтылған, тыңдаушыға қолма-қол суырылып беріліп отырған өлең. Сол ретіне қарай сыпылдатып бір-ақ желдіртіп өткен бір-ақ шымақ өлең. Мағына жағынан да барлық жыр бір-ақ ұзақ сөйлем есеғпті. Неше алуан қатар жарысқан жеке-жеке суреттердің байлауы ең аяққы жолда Ерлердің ісі бітер ме? Деген бір қайырмамен аяқталады (М.Әуезов).
Ереуі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ертөсектен безінбей,
Ұлы төске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
Көп компонентті құрмалас сөйлемдер құрамындағы компоненттердің бір-бірімен байланысу тәсілдеріне қарай:

  1. Көп компонентті салалас құрмаластар,

  2. Көп компонентті аралас құрмаластар,

  3. Көп компонентті сабақтас құрмаластар деп жіктеуге болады.

Жалпы құрмаластардың компонентерінің баяндауыштарының тұлғасына қарай ашық құрылымды, тұйық құрылымды деп бөлуге болады.
Тіл біліміндегі зерттеулерде құрмалас сөйлемнің құрылысы мына белгілерімен анықталады: 1) құрмалас сөйлемнің компоненттерінің потенциалды сандық құрамы немесе олардың ашық я тұйық құрылымды түрлері; 2) компоенттер арасындағы синтаксистік байланыстың түрлері; 3) компоненттерінің орнапласу тәртібі; 4) әрбір компоненттің лексикалық құрамы. Құрмалас сөйлемнің осы құрылымдық түрлерінің белгілері төмендегіше талданады.
Құрмалас сөйлемдерді ашық, тұйық құрылымды деп бөлу құрмалас сөйлем құрамындағы компоненттердің сан мөлшеріне байланысты. Ашық құрылымды құрмалас сөйлемдер құрамында өлшеусіз синтаксистік компоненттер бола беруі мүмкін. Мысалы: Артында қара түтін болын жәрмеңке қалды, иесіз болып қаңырап Алатаудың жайлауы қалды (М.Әуезов). Күн өтеді, жыл өтеді, мосқал қартаяды... (С.Сматаев). Осы сөйлемдерді әрі қарай тағы сол сияқты компонент санын көбейте беруге болады. Немесе: Бұл ауылда да қыз ұзатылады, келін түсіріледі, шілдехана істелінеді. Тартыс бар, талас бар, дос қөңілді ыстық құшақ бар, ойын бар, күлкі бар (А.Хангелдин) деген сөйлемдер көркем әдебиетте көп кездеседі. Мұндай құрылымды құрмалас сөйлемдердің компонент саны берілетін хабардың мөлшеріне байланысты. Ондағы әрбір компонент тиянақты, біршама біркен ойды білдіріп тұрады. Жоғарыдағы сияқты сөйлемдердің мағыналық қатынастары – оқиғаны, іс-әрекетті, қалып-күйді санамалап көрсету. Ашық құрылымды сөйлемдер тұлға жағынан біртектес болып келеді. Жай сөйлемдердің осылай құрмаласуы – компоненттер арасындағы теңдік қатынасты білдіреді. Әсіресе ол мезгілдік мағынаны білдіретін сөйлемдерде анық көрінеді: Көз алдыма Қазақстан келді, балалар үйі келді, Ақбота келді (Ғ.Мүсірепов).
Ал тұйық құрылымды құрмалас сөйлемдерде компонент саны екіден аспайды, мағыналық қатынастары түсіндірме, қарсылықты, себеп-салдар, салыстыру, шарт болып келеді деп көрсетеді Ұ.Салиева салалас құрмаслас сөйлемдердің құрамдың ерекшеліктеріне қарай.
Сабақтас құрмалас сөйлем проф. Т.Қордабаевтың көрсетуі бойынша құрылымы жағынан ашық не тұйық құрылымды болып келеді. Тұйық құрылымды сабақтастар бағыныңқы – басыңқы, яғни сөйлемдегі ойдың тиянақталуы, баяндауыштық тұлғалардың тұйықталуы болып табылады. Мысалы:
Жүрегіме жүк артып жүргенімде,
Қажыдың ба, байғұсым, білмедім бе?
немесе,
Өзімнің жүрегімді жерлеп келіп,
Өзгенің өмірін қайтіп жалғастырам.
Ашық құрылымды құрмалас сөйлемдер көбінесе поэзия синтаксисіне тән, тек бағыныңқыдан тұратын құрмаластар күрделі синтаксистік тұтастық құрайды. Мысалы:
Сарышұнақ аяз.
Салт атқа шана жектіріп,
Сапарға шықсаң,
Сан ауған жаққа бет бұрып.
Сардала жатса
Ақ қарға жонын бөктіріп,
Сабаса келіп
үскірік-тікен бетке ұрып.
Оранып алып
Отаудай қасқыр ішікке,
Жағаңды түріп,
Жоныңды тоссаң үсікке.
Қатқан қар, шана,
Тұяқтан ұшқын ұшып тек,
Ұлыса келіп,
ұялас жетім күшікше.
Жорғалай басып,
Жортқанда жомарт құла айғыр.
Шайқалсаң, шіркін, бірде олай,
бірде бұлай бір, - деген тек бағыныңқы сөйлемдерден құралған жиырма тармақтан тұратын күрделі синтаксистік тұтастықты шартты рай, көсемше тұлғалы етістік құрап, болмаған іс-әрекетті армандау, көксеу, қиялдау мағынасында жұмсалып тұр.
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары құрамды бөлшектерінің байланысу жолдары болып табылады. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы сөйлемдер арасын байланыстырушы қызметке ие болу үшін, белгілі бір формада немесе басқа да көмекші сөздермен бірге қолданылады.
«Құрмалас сөйлем синтаксисі» - бойынша глоссарий түзеді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет