Қожа Ахмет Ясауи Атындағы халықаралық қазақ- түрік универс БӨж тест(2-семестр,1-рк) Тақырыбы



Дата22.04.2024
өлшемі35.46 Kb.
#499458


Қожа Ахмет Ясауи
Атындағы халықаралық қазақ- түрік универс
БӨЖ
ТЕСТ(2-семестр,1-РК)


Тақырыбы:

  • Ауру тарихының үлгісі.

  • Жүрек қақпақтарының бұзылу синдромы

  • Коронарлық жетіспеушілік

  • Эссенциалды артериялық гипертензия

  • Жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігі

  • Тыныс жүйесі науқастарының шағымдары

  • Бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромдары

Қабылдаған:Нұргүл Нұрманова
Орындаған:Тасан Дильназ
1. ~ Науқастың ауру тарихы ... құжат болып табылады.
А.медициналық, заңдылық+
В.экологиялық, заңдылық
С.фармацевтикалық, статистикалық
Д. қаржылық, ақпараттық
Е. статистикалық, демографиялық
2. Науқасты тексерудің субъективті әдісі:
А. сұрастыру+
В. қарау
С. пальпация
Д. перкуссия
Е. аускультация
3. ~ Туа біткен ауруларды анықтауда ... маңызы зор.
А. жанұялық-тұқым қуалаушылық анамнезін жинаудың+
В. эпидемиологиялық анамнезін жинаудың
С. аллергологиялық анамнезін жинаудың
Д. тұрмыстық жағдайларын анықтаудың
Е. зиянды еңбек жағдайын анықтаудың
4. ~ Науқастың өмір анамнезіндегі ең маңызы төмен мәлімет:
А. ауа райы+
В. жанұялық жағдайы
С. ауырған аурулары
Д. зиянды әдеттері
Е. еңбек және тұрмыс жағдайы.
5. ~ ... асқазан, ұлтабардың ауруларын анықтауда мәні жоғары анамнездік дерек.
А. Тамақтану сипатын және тәртібін, тамақтану жағдайларын анықтау+
В. Аллергологиялық және эпидемиологиялық анамнезін жинау
С. Эпидемиологиялық анамнез жинау және жұмыс жағдайын анықтау
Д. Зиянды әдеттерін, жұмыс жағдайын анықтау
Е. Басынан кешкен ауруларды және жұқпалы ауруларды анықтау
6. ~ ... экссудативті перикардиті бар науқастың мәжбүрлі қалпы.
А. Алға қарай еңкейе отыру+
В. Басын жоғары салып жату
С. Төсекте шалқая отыру
Д. Оң қырымен жату
Е.Шалқасынан жату
7. ~ ... кезінде науқас төсектен аяғын төмен түсіріп, қолдарымен керуетке тірей шалқая отыруға мәжбүр.
А. Жүрек демікпесі+
В. Тыныс демікпесі
С. Перикардит
Д. Бүйрек шаншуы
Е. Стенокардия
8. «Митральды бет» ... байқалады.
А. митральды стенозда+
В. үш жармалы қақпақтың жеткіліксіздігінде
С. Иценко-Кушинг синдромында
Д. перикардитте
Е.қолқа ақауында
9. Жүрек декомпенсациясындағы науқас (Корвизар) беті:
А. сарғыш- қуқыл тартқан, көкшіл реңді, ісіңкі, көз жанары күңгірттенген+
В.мұрны, еріндері, қабақ доғасы өскен
С. қуқыл тартқан, ісіңкі (әсіресе көз айналасында), мимикасы кедейленген
Д. қызарған, мұрын, бет ұшы веналары кеңіген
Е. ай тәрізді, жылтыр, қызарған
10. Септикалық эндокардитке тән беттің түсі:
А. «сүт қатқан кофе» түстес+
В. сарғыш
С. көкшіл
Д. қызарған
Е.қуқыл
11. ~ Жүрек декомпенсациясына тән емес шағым:
А. жүрек соғуы жиілеуі+
В. төс астының ауруы
С. ентігу
Д. ісіктер;
Е. оң қабырға доға тұсы ауырлауы
12. Кіші қан айналым шеңбері бойынша жүрек декомпенсациясына тән емес шағым:
А. ентігу+
В. жүрек соғуының жиілеуі
С. тұншығу
Д. қан қақыру
Е. ісіктер
13. Үлкен қан айналым шеңбері бойынша жүрек декомпенсациясына тән емес шағым:
А. қан қақыру+
В. он қабырға доға тұсы ауырлауы
С. диспепсиялық бұзылыстар
Д. жүрек соғуының жиілеуі
Е. ісіктер
14. ЖИА /жүректің ишемиялық/ ауруында ауру орны көбіне:
А. төс астында+
В. жүрек ұшы тұсында
С.. жүрек аймағында
Д. кеуденің сол бөлігінде, сол қолға тарамайды
Е. кеуденің сол бөлігінде, сол қолға тарайды
15. «Кеуде құрбақасы» - angina pectoris – деп аталатын науқастың аталуы ...
А. стенокардия ұстамасы.+
В. тұншығу ұстамасы.
С. жүрек соғу ұстамасы.
Д. жөтел ұстамасы.
Е. іштің ұстама ауруы.
16. ~ Миокард инфарктісіндегі ауру сезімінің стенокардиядан айырмашылығы:
А. ұзақтығында және қаттылығында+
В. орналасуында және таралуында
С. сипатында және көлемінде
Д. механизмінде және орналасуында
Е. тарауында /иррадиациясында/, сипатында
17. Нитроглицеринмен басылатын ауру:
А. стенокардия ұстамасы+
В. миокард инфарктісі
С. кардионевроз
Д. перикардит
Е. миокардит
18. Коллапспен /қан қысымының түсуі, пульс жиілеуі, салқын жабысқақ терге шомумен/ асқынатын ауру синдромы бар ауру:
А. миокард инфарктісі+
В. стенокардия ұстамасы
С. перикардит
Д. кардионевроз
Е. миокардит
19. Миокард инфарктісінде ауырғанда басу үшін қолданылатын дәрі:
А. наркотикалық анальгетиктер+
В. аналгин
С. нитроглицерин
Д. қабынуға қарсы қолданатын
Е. стероидсыз дәрілер
20. Стенокардияға ... тән емес.
А. шаншып ауру+
В. зілдей басып ауру
С. күйдіріп ауру
Д. сығып ауру
21. ~ Бірінші тон ұзақтығы ... секунд.
А. 0,11 – 0,14+
В. 0,08 – 0,11
С. 0,05 – 0,07
Д. 0,14 – 0,16
Е. 0,17 – 0,20
22. ~ Екінші тон ұзақтығы ...
А. 0,05 – 0,07 секунд.+
В. 0,05 секундқа дейін
С. 0,08 – 0,11 секунд.
Д. 0,11 – 0,14 секунд.
Е.0,16 – 0,20 секунд.
23. ~ Боткин – Эрба нүктесі ... қосымша тыңдау үшін қажет.
А. қолқа қақпақшаларын+
В. өкпе артериясы қақпақшаларын
С. митральды қақпақшаны
Д. үш жармалы қақпақшаны
Е. косымша қолқа қақпақшаларын
24. ~ Екінші тон дыбыстылығын ... бағалайды.
А. 2 және 3 тыңдау нүктелерінде+
В. 1, 2, 2, 4 тыңдау нүктелерінде
С. 1 және 4 тыңдау нүктелерінде
Д. 5 тыңдау нүктесінде
Е. 1 және 2 тыңдау нүктелерінде
25. ~ Жүрек шегінің патология бағытына ығысуы ... мысалында кездеседі.
А. обтурациялық ателектаз+
В. экссудативті плеврит
С. гематоракс
Д. пневматоракс
Е. гидроторакс

26. ~ Экспираторлы ентігу дегеніміз ...


А. кенеттен іштен дем шығарудың қиындауы.+
В. физикалық жүктемеде іштен дем шығарудың қиындауы.
С. қашықтықтан естілетін сырылдар.
Д. физикалық жүктемеде ішке дем алудың қиындауы.
Е. кенеттен іштен дем алудың қиындауы.
27. ~ Инспираторлы ентігу дегеніміз ...
А. кенеттен іштен дем алудың қиындауы.+
В. физикалық жүктемеде іштен дем шығарудың қиындауы.
С. қашықтықтан естілетін сырылдар.
Д. кенеттен іштен дем шығарудың қиындауы.
Е. физикалық жүктемеде ішке дем алудың қиындауы.
28. ~ Жөтел ... дамиды деген қате жауап болып табылады.
А. плевра беттері тітіркенгеннен+
В.бронх тітіркенгеннен
С. альвеола тітіркенгеннен
Д. кеңірдек тітіркенгеннен
Е. жұтқыншақ тітіркенгеннен
29. ~ Ұстама тәрізді жөтел ... тән патология.
А. аллергиялық трахеобронхитке+
В. тыныс жетіспеушілігіне
С.бронхоэктаздық ауруға
Д. іріңді созылмалы бронхитке
Е. өкпе абсцессіне
30. ~ Түнгі жөтел көбіне ... байқалады.
А.өкпе туберкулезінде+
В. ошақты пневмонияда
С. өкпе абсцессінде
Д. жіті бронхитте
31. ~ «Бронхтардың тереңдігі тазару» симптомы ... кездеспейді.
А. өкпе эмфиземасында+
В.өкпе абсцессінде
С. бронхоэктаздық ауруда
Д. өкпе обырынің ыдырау сатысында
Е.кавернозды туберкулезде
32. ~ Дыбыссыз жөтелу ... кездеседі.
А. әлсіреген және жүдеген ауруларда+
В. крупозды пневмонияда
С. өкпе обыры, плевритте
Д. өкпе абсцессі, не бронхоэктаздарда
Е.кавернозды туберкулезде
33. ~ Сасық иісті қақырық бөлу ... байқалады.
А. өкпе гангренасында+
В. крупозды пневмонияда
С. туберкулезде
Д. созылмалы бронхитте
Е. өкпе обырында
34. ~ Егер кеуденің бір бөлігі тыныс алғанда қалыңқы, қабырға аралықтары тегістелген және томпайып тұрса, ... туралы ойлауға болады.
А. экссудативті плеврит+
В. құрғақ плеврит
С. бөлікті пневмония
Д. пневмоторакс
Е. эмфизема
35. ~ Жүдететін қызу ... тән патология.
А. ашылғанға дейінгі өкпе абсцессіне
В. крупозды пневмонияға
С. өкпе обырына
Д. өкпе гангренасына
36. ~ Өңеші ауыратын науқастардың шағымдарының ең қатерлісі:
| дисфагия+
| ауру
| құсу
| сілекей ағу
| жүрек күюі
37. ~ Дисфагия себебіне ... жатпайды.
| өңештің бұлшықет қабатының босаңсуы+
| өңештің күюі
| өңештің тарылуы /стенозы/
| өңештің қалтасы
| өңеш қабынуы
38. ~ Дисфагияның ең қатерлі себебі:
| өңештің қатерлі ісігі+
| күйгеннен соң өңеш стенозы
| өңештің сырттан сығылуы
| өңеш қалтасы
| өңештің қабынуы
39. Әдетте анамнез бойынша анықталатын дисфагия себебі:
| өңештің тыртықты стенозы+
| өңештің қатерлі ісігі
| өңеш қалтасы
| созылмалы атрофиялық эзофагит
| анамнездік деректер құндылығы бірдей
40. ~ Өңеш обырыне байланысты дисфагия сипаты:
| бірте-бірте үдейді+
| салқын сұйық тағам ішкенде пайда болады
| адам денесінің белгілі бір қалпында кетеді
| эзофагит қайталануына байланысты пайда болады
| сипаттамалар маңызы бірдей



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет