ЖОСПАР
Кіріспе............................................................................4
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері..............................7
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар..................................12
Қорытынды.......................................................................................20
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................22
КІРІСПЕ
Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді.
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерешеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Зерттеу тақырыбы: «Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері» деп аталады. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттау, тағы басқа мәселелері болды. Бұл қызығушылық оқырман қауымының, оның ішінде философтардың тарихи логикасына жету жолында пайда болды. Сонымен қатар сол кездегі қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін бағалағысы келетін біздер үшін, үлкен сын сағат туғандай.
Тақырыптың өзектілігі:
Тәуелсіздікке көзі жеткен Қазақстан Республикасы алдында руханиет саласында орасан зор әрі қасиетті мақсат – халық рухын, оның өзегі – ұлттық философияны жаңғырту немесе қайтадан қалпына келтіру мақсаты тұрған еді. Қаншама экономикалық және саяси жетістіктерге жеткенмен де, мәдени қайта өркендеусіз, Қазақстан өркениетті елдер қатарына еш қосыла алмайды. Біздер ауызша да, жазбаша да «рухы күшті халық», «рухани биік халық» деп бағалаймыз. Қазақылықты немесе ұлттық рухты анықтауға тікелей қатысы бар басқа да қасиеттер болуы мүмкін. Қалай болғанда да олардың қазақ халқының тұтастығынан туындайтындығына күмән келтіруге болмайды. Оны бейнелейтін, санасына сіңіретін адам.
Зерттеліп отырған тарихи кезеңдегі және алға қойылған мақсат негізінде төмендегідей міндеттер бейнеленеді:
-
Зерттелмеген жақтарын ашу. Бүгін де осының дұұрыстығын анықтау;
-
Деректемелер мен әдебиеттерді топтастыра отырып, әр әдебиеттерге сыни көзқарас тұрғысынан қарай отырып, қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсету.
Философия тарихы туралы жазылған еңбектер ерте заманнан белгілі. Ұлы ғұлама ойшыладардың шығармашылық мұраларын, олардың философияға қосқан үлестері, көтерген өзекті мәселелері жайлы әр елдің, әр заманның тарихшылары айқындап кеткен тұжырымдар, келелі ақын мен сезімге негізделген ойлары баршылық. Оларда философияның қоғамдық сананың ерекше түрі ретінде дүниеге келуіне басқадай алғышарттардың бастысы болып, мифологияның, діннің халықтың қарапайым санасының, ғылымның тигізген әсерлері толыққанды да ерекше сипатталған.
Реферат жұмысының деректік негізі ХХ ғасыр басында шыққан 80-90 жылдар аралығында әдебиет, баспасөз беттерінде жарияланған кейбір мақалалар пайдаланылды. Сонымен қатар, М.Орынбековтың, Қ.Ш.Бейсеновтың, Қ. Өмірәлиев сынды зерттеушілердің еңбектері қаралды. Атап айтқанда М.Орынбековтың «Ежелгі қазақтың дүниетанымы» атты монографиясында қазақ жерінде көне заманда өткен сақтар, түркілердің дүниетанымдық негіздері, ой кешу үрдістері, озық философиялық ұғымдары тарихилық, сабақтастық тұрғысынан қарастырылып, оның біртұтас қазақ ұлттық сана-сезімінің мазмұнын құрайтындығы жөнінде пікірлер айтылған. Ал Қ.Бейсеновтың «Қазақ топырағында қалыптасқан ғақмиятты ой ешу үрдістері» еңбегінде философиялық принциптері арқылы рухани мәдениеттің тарихи бітімдері айқындалып, олардың дүниетанымдық типтік ерекшеліктері баяндалды.
Бұл еңбектердегі философиялық ой-толғамдар оқырманды қызықтырып, сырттан қарап, сол оқиғаларға өзінше баға беруге итермелейді, және де бұл еңбектер реферат жұмысының жазылуына негіз болады.
Халық философиясы тарихының тәуелсіз мемлекет үшін маңызы аса зор. Өйткені өзінің жеке философиясы болмаған елдің дербес рухани тұрмыс пен өркендеуге мүмкіндігі болмай, бөгде тектік факторларға тәуелділігі күшейе түседі. Ұлттық философия тарихы – жүйелілік ілім, ол философияның бір бөлігіне дәлірек айтқанда, тарих философиясына жатады.
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
Ежелгі заамннан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақатар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы, тағы басқа мәселелері болды.
Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынай реализм, бітімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді.
Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, тоқыраушылыққа, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталды. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі.
Қазақ философиясының ойының тағы бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмі, халқына сүйіспеншілігін, оның бағыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік.
Бұл айтқандардан қазақ философиясы басынан-аяқ тік тұрған, бірден қалыптасып жеткен жүйе деген пікір тумаса керек. Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты танып білу, оның заңдылықтарын, таным процесін, әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау – ол соңғы ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен, халықтың жыраулық, ақындық шығармашылығынада қоршап тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың біршама жиынтығы болды. Негізінен кездейсоқтық, жүйесіздік сипатына қарамастан онда адамдардың бай практикалық өмірін, халық даналығын көрсететін философиялық мән бар еді. Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы мен шығармалардың сақталуы ауыз мәдениетіне сай, оны есінде сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа өзгертпей, жоғалтпай, «ұрламай» жеткізу – бұл философия тарихындағы ғажап құбылыс.
Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын, өскелең талабын көрсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар. Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақалдар мен мәтелдер – адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып-білуінің куәгерлері. Ауызша халық мәдени ескерткіштерімізді зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік-тәрбие және дүниеге көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.
Табиғи және әлеуметтік өмірді тікелей бейнелеу, дүниенің құрылымы, оның жасырын күштері туралы тұрпайы түсінік – бұл қазақ философиясының бастапқы кездегі деңгейі еді. Ол кезде жүйелі және негізделген көзқарас болған жоқ., сондықтан ол философияның басты бағыттары да айқындалмаған еді.
Қазақ философиясының тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің ірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы – халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста. Сондықтан оны зерттеп үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және тағы басқа пайымдау мүмкін емес. Халықтың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын тікелей іздеуге ат салысқандығымен, өзініңі жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді.
VI ғасырдан бастап Қазақстанның қазіргі аумағында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап оның орнына феодалдық әлеуметтік-экономикалық формация орныға бастады.
Философияның пайда болуының тарихи алғышарты - миф. Бірақ оны философия эпос арқылы өзгерген және жүйелеген кезінде ғана пайдаланды. Әрбір заманға байланысты эпос мифтің түрін өзгертіп отырды және сонымен қатар өнер мен бастапқы ғылым элементтерінің әсерімен философияның шығу процесін, оның қоғамдық сананың шығу және жаңа бір түрі ретінде қалыптасуын жеделдетті.
Мифологиялық көзқарас пен табиғат және қоғам туралы жаңа дамып келе жатқан ғылым элементтерінің арасындағы қайшылықтарды шешу философияның пайда болуының жолы деген де қалыптасқан тұжырымдар бар. Философия мифке тән, дүниеге тұтас көзқарастың бағытын сақтауға тырысады. Соның негізінде мифологиялық не аллегориялық – көркем, не символикалық – діни, не нақты – ғылыми ойлау, бірақ олардың әрқайсысынан қабылданған түрлеріне сыймайтын, жаңа түсініктегі ойлау нысандарын құрайды.
Белгілі дүниені түсіндіруге тырысудан одан да белгісіздігі мол дүниені танып-білуге ұмтылу, егер де ол дүние, тіпті, танып- білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау – мифтің өзіне тән ерекшелігі. Адамға әлеуметтік басқару жүйесін танып, оны түсініксіздеу әлдебір күштің әсерімен түсіндіру ғылым мен дамудың барысында оған сенбеушілік пайда болған жағдайда жеке адамға өзінің дүниеге көзқарасын өзгертіп, мүмкіндігін жетілдіру – бұл миф пен философияның салмағын ажыратудың бір жолы. Ақылмен ой қозғау, табиғаттың өзіне бет бұру, дұрыс көзқарастың қалыптасуы философияның пайда болуындағы диалектикалық синтез, бастапқы қайшылықтардың шешілу процесі.
Қазақ философиясының пайда болуы туралы тек ойшылдардың дүниеге көзқарасы жалпылықты, көзқарастың әмбебеап принциптерін немесе «бастауларды» анықтаудағы заңды бағыттары болған кезде ғана айтуға болады. Діни – мифологиялық тұжырымдар әдет-ғұрып пен беделге бой ұрса, философия заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың мәнін ашуға, пікір-сайыс ретінде қолданылатын рационалды ойлауға, дүниені танып-білудегі қайшылықтарды аңғару мен шешуге тырысады. Бұл әрекет адамның жан-жақты ойлауы және оның интеллектуалды интуициясымен бірегей қабысқан нәтижесінде туады.
Қазақ тарихында көп кездесетін «рулық» генетизм осы қоғамның әлеуметтік, таптық бөлінуі және «ақсүйекті рулар пайда болған кезінде күшейеді. Соңғылардың қоғамдағы «заңды» орындары олардың төркіні құдайдан немесе батыр бабаларынан басталады деп түсіндірілді. Сөйтіп, олардың әлеуметтік дүниенің қажетті және заңдастырылған бөлшегі ретінде қоғамдағы белсенді ролі бекітілді. Осы рулардан шыққан ойшылдардың әлеуметтік идеялары қоғамның даму үрдісін біршама дұрыс бейнеледі. Осыдан келіп олардың көзқарасы, қоғамның тарихи дамуының мүддесіне сай келгендіктен, қоғамдық пікір ретінде қалыптасты. Мәселен, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы басқа ой жүйесі, олардың ақыл кеңесі, айтқан тұжырымдары осыған дәлел.
Жалпы дүниежүзілік тарихтан белгілі болғандай, қоғам дамуының көп сатыларында экономикалық мүдделер мен саяси қызметке қарағанда философиялық, этикалық, діни және тағы басқа мәселелер алдыңғы орынға шығады. Олар – азаттық және адам еркіндігі, діни сенім және ақыл-ой, өмір сүру және адамгершілік қасиеті, бостандық пен құлдық керек болса «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған», «алтын ғасыр» және «ақыр заман» туралы және басқа мәселелер.
Қоғамдық ойдың көптеген мәселелері өзінің ауқымы жағынан ұлттық шеңберден асып жатады. Мәселен, ағартушылық бағыты таза ұлттық қасиетке ғана ие емес. Оның түрлі ұлттық ерекшеліктері әлемдік жалпылықпен астарланып жатады. Қазақ ағартушылығының ерекшелігі – ұлттық мәселені басты проблема етіп қоюы, қоғамдық практикамен тығыз байланысы. Соңғысы жалпы ағартушылықтың әлеуметтік табиғатына сай. Жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ буржуазиясының ой-өрісін көрсете отырып, бұл ағартушылық халықтың ұлттық сана-сезімін оятуға, оның бостандыққа, рухани азаттыққа жетуіне жәрдемдесті.
Оның Қазақстанда қалыптасып, дамуына негіз болған демократиялық элементері, халықтың ауыз әдебиеті мен фальклоры феодализмнен капитализмге өту барысында шыққан. Қазақ философиясында қоғамдық ой үш кезеңнен өтті. Олар – қоғам, қоғамдастық және қоғамдық пікір. Қазақ тарихының белгілі бір кеңістік – уақыт, философиялық құбылыстарды үш кезеңге бөліп қарауға болады:
1) Алғы философия: объективтілік пен субъективтілікті өте нашар ажырататын сана. Оның негізінде ойлау іштей қайшылығы кем, қажетті дәлелденген теория құрай алмайды. Осы құбылыс қазақ философиясы тарихының ертеден бастап ХІІ ғасырға дейінгі кезеңдеріне тән.
2) Объективтілік пен субъективтілікті жоғары деңгейде ажырататын сана. Оның негізінде түсініктерді логикалық қолдану арқылы теория мен тұжырымдамалар жасау. Яғни ойлау дәрежесі ұлғайып, қоршап тұрған дүниені, қоғамды және адамның өзін дұрыс бейнелеу белгісіне жету. Осы құбылыс қазақ философиясы тарихының XIV ғасыр XX ғасыр басына дейінгі кезеңді қамтиды.
3) Теориялық әдістемелік қасиеттермен байытылып, классикалық жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған.
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар
Қазақтың ата-тегі болып табылатын сақтар, ғұндар, үйсіндердің түп төркіндеріндегі қарама-қайшылықтарға қарамастан көшпенділк әмбебапшылығы басымдылыққа ие болды. Солай бола тұра, жер өңдеушілердің де дүниетанымдық көзқарастары үнемі елеулі ықпалын жүргізіп отырды.
Ұлттық сананың өсуі, мәдениеттің қайта өрлеуі 25 ғасырлық тарихы бар халықтың рухани бастауларға көңіл аударуын туындатуы заңды еді. Қазақтың ата-тегінің арғы философиясынан бастап дінге сенімінде, тәңірге табынушылығында және сақтар, ғұндар, үйсіндер мифологиясында алдыңғы орынға философиялық дүниетанымдық мәселе отырықшы тайпалардың тіршілік бағыттарының, жолдарының ара қатысы шығады. Бұл көне түрік жазу мәдениетінің дүниеге келуімен белгілі.
Ашина (көк бөрі) ұрпақтары VІ ғасыр хандықтың басқару жүйесін құқықтық негізде құрды. Өкілетті билік пен заң шығару ісі ақсақалдар алқасының (кейінгі қазақ хандығында – билер алқасы мен хан кеңесі) құзырында болды. Ал хан жарлығы атқарушылық міндеті үлкенді-кішілі лауазымдар иесіне жүктелді. Бұл мансаптар мұрагерлік жолмен хандық билік, әскери демократия арқылы жүзеге асырылған. Халықтық құқықтық санасының әрі мемлекеттік басқару жүйесінің арқауы кең ауқымды жеті баптан тұратын, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деген атқа ие болған ел заңы.
VIII ғасыр басында жазылған атылмыш жәдігерліктер типі XIX-XV ғасыларға дейін жеткен. Мұндай жәдігерліктер қатарына «Қорқыт Ата» кітабы мен «Оғызнаманы» да жатқызуға болады. Олардың өзара желілері, баяндау үлгілері, дүниетанымдық арқаулары өте ұқсас.
Бұл аталмыш жәдігерліктердің барлығының да мазмұнын тәңіршілдік көктей өтеді, ол олардың дүниетанымдық өзегі ретінде көрінеді. Мысалы: көне түрлердің космогониялық түсінігін мына сөздерден бағамдауға болады: «Жоғарыда Көк тәңірі, төменде Қара жер жаралған екі арасында кісі оғлы жаралған екен». Олардың үстінен қарайтын «Тәңіріден болған», яғни қоғамдық үстемдікке ие болғандар Бумын, Істемі, Білге қағандар еді. Аспанның, жердің, тау-ойпатының кереғар ұғымдар, диалектикалық қарама-қарсылықтардың бірлігі екндігін көне түріктер үстірт болса да пайымдай алды ма? Әрине, оның үстіне тәңіршілдік, анимизм мен тотемдік көзқарастар үстем болды. Сонысына қарамай Аспан (Көк тәңірі) мен Қара жер (Жер-ана) аралығындағы ғұмыр кешкен адамзаттың екі топқа бөлінуі де адамдардың қарама-қарсы екі жаратушының қайсысына «жақын» екендігі туралы әпсаналармен тығыз байланысты болғандығын көруге болады. Тәңіршілдік көзқарастың танымдық тірегі - тәңірінің жасампаздық құдіретіне деген халықтық сенім. Түркілердің танымдық қабілеті, жеңіске жетуі табғачқа (қарақытай) бағынғаны үшін жазалануы да тәңірінің мейіріміне немесе қаһарына ұшырағандықтың жемісі. Көрнекілік үшін мысал келтіретін болса, дана қарт Тоныкөк өзінің біліктілігін тәңірдің сыйы ретінде қабылдайды, ол білімді табғач елінде алған. Әрине, өзінің табиғи қабілетінің арқасында. Өзінің даналығын дәріптеу мақсатында қайталанып отыратын «қағаны алып екен, ақылшысы дана екен» деген сөз тіркесін жауларының аузына салып отыратындығы Тоныкөктің мақтаныш сезімінің айғағы болса керек.
Орхон-Енесей жазбалары «Қорқыт Ата» кітабы, Оғызнама жәдігерліктерінде тотемдік, аналистік көзқарастар сілемдері сақталғанымен, мифтік ойлаудың ықпалы азая бастағаны байқалады. Оны оқиғалар желісінің реалистік, тарихи шындыққа біршама жанасымды тұрғыда баяндалатынынан-ақ пайымдауға болады.
Қазақстан аймағында алғашқы адамдар тас дәуірінен бастап еңбек құралын сапасына қарай таңдады, осыдан сезімді, мәнді әрекет процессі басталды. Қола дәуірі жалпы тұрғыдан бақташылықтың пайда болуымен, яғни қоғамдағы алғашқы ең үлкен ебек бөлінісімен белгілі. Бұл материалдық мәдениеттің дамуына, өркендеуіне қуатты қозғаушы күш береді. Сапа санаты қасиет ұғымына алып келді. Ол пәннің басқа заттар мен шындыққа деген қатынасынан туындайды. Ғұндардың өзі заттар мен тіршілік иелеріне сапа тұрғысынан қарады. Тайпа көсемін оның сапалық қасиеттерін салмақтай отырып сайлады. Оның қасиеттері неғұрлым күштілігімен, айлалы көрегендігімен бағаланды. Жастар мен мықтылары сыйлы, ал кәрілері мен әлсіздері керісінше болды. Мұндай теңсіздік сапалардың сандық өлшеуішінің қажеттілігін туғызды. Мысалы: «Үйсіндерде жылқы көп, ең бай адам 4-5-мың жылқы иеленеді!?!! Демек малшылықтың дамуы сандық айқындылықты дүниеге әкелді. Санның онтопологиялық мінездемесі -кеңістік пен уақыт. Қазақтың ата тегінің еңбек әрекетімен, сан мың шақырымдық көш жолдарының белгілі бір күн мен айға байланысты басып өтілуін белгілеумен кеңістік ұғымы басталды. Кеңістік бет-бағдары ежелгі қазақтар есігінің шығысқа бағытталуымен ерекшелінеді. Ғұндар жайлы былай делінген: «Шаньюй ертемен қосынан күнге табыну үшін, кешке қарай айға табыну үшін шығады». Ғұндардан қалған бұл дәстүр түріктерге ауысты. Бұл ғұндардың алғашқы түріктер екендігі жайлы болжамды қуаттайды. Киіз үйлерінің есігі әрқашан оңтүстікке ашылған Монғолиядан айырмашылығы осында. Таным бағдарында шығысты құрмет тұтушылық көне тас балбалдардан көрінеді. Тіптен, көне түрік тілінде Шығыс алдыңғы жоқ, батыс (кейінгі) арқа бет, ал оңтүстік-оң, солт-сол жақ болып саналады. Күлтегін ескерткішінде былай делінеді: «Ілгері-күншығыс, оңға-түстік, кейін-батыс, солға терістік». Бұл кеңістік орналасуының қатаң тәртібін бекітті.
Жалпы, адамзат өркениеттегі әйгілі мәдени ошақтардың ұдайы көшпелілер мекені мен жапсар өңірлерінде дүниеге келіп отырғаны кездейсоқтық емес. Әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің өзекті қағидалары арқау болған. Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі еді. Тәңірлік дін көшпелілердің өмір сүруінің кепілі болып, өмір салтына айналды. Қазақатр күні бүгінге дейін таңның атуы мен күннің батуына дейінгі уақытты 5-ке бөледі: таң, сәске, түс, екінді, ақшам. А.Тарақтының материалдарында көрсетілгендей, қазақтар әрбір маусымды өз ішінде 3-ке бөледі: қоңыр күз, сары ала күз, қара күз немесе қыстың басы. Осынау өмір салтының өзегінен бір жылды 12-айға бөлетін таным-түсінінікті бастау тегі аңғарылды. Көшпелілер мәдениеті өзінің 3-мың жылдық ғұмырында Жерорта теңізі мен Қиыр шығыс елдеріне қарағанда шығармышылық эволюцияны бастан өткерді.
Қазақ философиясының және дүниетанымының қалыптасуына мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілері, хайуанаттар (жан-жануар) жайындағы ертегілер; реалистік (тұрмыс салт) ертегілерінің де үлкен әсері болды. Бұл ертегілер өте ерте заманда адамның табиғат сырын әлі толық түсініп болмаған кездерде туған. Қазақ аңыз, ертегілерінің ой туғызар дүниетанымдық тұстары олардың адамды бірінші орынға қоя білуінде. Мысалы: патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп ұғынуы үстем болған. Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап, соған адам әрекеттін қарсы қоятын қиял-ғажайып аңыз-ертегілері осы ізде туған. Көшпенділердің аңыздарының бір ерекшелігі оның жалпы халықтық мазмұндылығында ақиқат болған-ды. Қазақ аңыздарында көшпелі елдің төл ерекшелігі, белгілері бірден байқалады. Себебі олар тұрмыс-салтымыздың, болмысымыздың негізінде туған аңыздар. Осындай дала аңыздары ішінде халық арасында Қорқыт, Асан қайғы туралы толып жатқан аңыздар бар. Бұл тараған аңыздар Қорқыт асқан күйші, қобызшы болғандығын айта келіп, табиғаттың дүлей күшіне қарсы күрескен, өліммен алысқан алып жанды танытады. Қорқыт халық ұғымынша, болашақты көре білетін, өлімді өнермен жеңуге ұмтылған алып философ, ұлы қобызшы. Жалпы айтар болсақ, көне шығыс пен алғы түркі мәдениетінен нәр алған қазақ аңыз ертегілерінің көшпелілер рухани болмысымен біте қайнасқан ауыз әдебиеті, фольклор, эпостық жырлар, сал серілер, ақын жыраулар шығармашылығы, халық даналығының қазақ философиясының қайнар көз, алғы бастауы болды деп айта аламыз.
Экономикалық, мәдени және рухани даму барысында ғұндар, үйсіндер және қоңлылардың дүниетанымдық түсініктерінің өзара байланысы нығая түсті. Олар алғашқыда әр алуан еді. Өйткені ғұндар «таза» егіншілік, ал үйсіндер – жартылай көшпелі мал шаруашылығын жүргізіп отырған. Бүкіл Евразия даласын өткен Ұлы Жібек жолы көшпелілер мен егіншілер арасындағы экономикалық байланыстардың қаншалықты жемісті болғанын көрсетеді. М.С. Орынбеков пайымдағандай, «мемлекеттілігі әлсіз болған сайын табиғи ортаның этникалық қауымдастыққа зор ықпал ететіні белгілі». Әлемді сезіну айқындала түсті. Дүниетаным шарттылығы шынайы, айқын болды. Табиғат қалтқысыз өзіндік табиғи тәртіпке бағынған, ал адам табиғаттың бір бөлігі және төл баласы ғана болып қалды. Әйтпесе де, адамзаттың даму эволюциясына байланысты, еңбектің қолданбалық және жаңғыртушылық қызметін түсінушілік пайда болды. Осы процесс нәтижесінде табиғи ортаны адам қажетіне бейімдеу және оның артынша өңдеу іске асады. Егіншілік, аңдарды қолға үйретуге, жабайы жылқыны қолға үйрету - жалпы малшылық және көшпелі өмір басталды. Бұл өз заманындағы үлкен бір құбылыс болды.
Табиғи ортаны өңдеудің туындауы философиялық көзқараста адамның айқын мақсатты қызметінің, мақсат белгілеу факторының пайда болуын көрсетеді. Мұның өзі, адамның табиғаттан бөлініп, дербес тіршілік иесі болып қалыптасуының алғы шарты еді. Тұтас, бірақ қарама-қайшылықты процессте оның әр қилы табиғи заңдылық және адамдардың мақсаты қызметі ретінде көрінеді. Енді ол «табиғат бөлшегі» емес, оның әміршісі, өңдеушісі дәрежесіне ұмтылуымен қаббатаса дамиды.
Қ.Ш.Бейсеновтің зерттеулеріне сүйенер болсақ, қауымдық сана қоршаған ортаның ерекшеліктеріне, қауымдық болмыстық тіршілік тынысына байланысты дамып отырды. Табиғатты игеру барысында адамдардың практикалық іс-әрекеттерін бейнелейтін алуан түрлі дәстүрлі әдет-ғұрыптар, қарапайым түсініктер пайда бола бастады. Олардың бәрі қауымдық өмірдің күнделікті тәжірибесін жинақтаудың, танымның, көбінесе сезімдік сатысына тән нәтижелерін қорытудың негізінде дүниеге келді. Қауымдық болмыстың бейнесі-қауымдық сананың негізгі өзекті мазмұнын құрайтын, жеке адамдардың, яғни қауым мүшелерінің мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал жасайтын, реттеушілік атқаратын ой кешу үрдістерінің жиынтығы танымдық тәжірибесі мол, көргені мен көңіліне түйгені көп ру ақсақалдарының құзырында болды. Жазу-сызудың жоқ кезінде ру көсемдерінің ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан тәжірибені зердесіне сақтаған әрі күнделікті өмір сүру процессінің қарапайым қағидаларын тұжырымдап отыруы сол заманға тән заңдылық болатын. Өмірдің сан алуан салаларындағы соғысқа, шаруашылыққа, тұрмысқа қатысты мәселелерді шешу ақсақалдар кеңесінің үлесінде еді. Олардың шешімдері барлық қауымдастар үшін жазылмаған заң, ал оларды орындамаған адамға қолданылатын ең ауыр жаза қауымнан аластау болатын. Қауымнан тыс қалу жеке адам үшін өлім жазасына кесумен бірдей еді, себебі ол заманның жағдайында жалпы адам өз алдына дербес тіршілік ете алмайтын. Қауымдастықтың өзі саналылықтың нәтижесінде емес, ғұмыр кешудің жандалбаса стихиялық ұмтылсы, жан сақтаудың табиғи түйсікке негізделген мүдделеріне сәйкес қалыптасқан. Осы рулық тайпалық қауымдастыққа тән ұжымдық сипаттағы ой кешудің үрдестері жеке адамдардың санасы мен мінез құлқының, іс-әрекеттерінің құдіретіне табынатын қасиет сайын даланың перзенттері қазақтарға тән еді. Қазақтың болмыс шындығына, бақыланушы және қабылданушы әлемге жақындығы, бұл болмысқа етенелігі уақытты, кеңістікті адамның ішкі әлемін, тіршіліктің басқа әлемін, болмыс мәнін, ар-ұждан бастауларынан түсінулерінен көрініс тапты. Мұның барлығы дүниенің негізгі шындық-түптамырға ие, осыдан келіп басқа ешбір әлем түсінігіне ұқсамайтын әлемнің ұлттық образы, дүниетанымы туындайды деген қағидға келіп саяды.
Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың құрамдас бөлігі ретінде, осыдан 2,5 мың жыл шамасында бұрын өмір сүріп, грек философиясында скифтердің ой-үрдістерінен өшпес із қадырған скифтік Анахарсисті (Анарыс) айтуға болады. Ол туралы грек философы Платон былай дейді: «Анахарсис – аты ауызға айналған скиф. Грецияға саяхат жасағанда Солонмен кездесіп, оның ықпалында болып, данышпандылығынмен атағы шыққан».
Диоген Лаэртскийдің грек философиясының тарихына арналған кітабында Анарыс жайлы жеке бөлім бар. Онда ұлы бабамыздың Грецияға келіп, император Солонмен кедескені, өмір тарихы және философиялық нақылдары туралы мәліметтер келтірілген.
Біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырында өмір сүріп, ел басқарған атақты Майқа би бабамыз Анарыстың өсиеттері деп ел билеудің жолдарын айтып отырады екен. «Ең ғақылды адам – ел билеуден аулақ адам» депті.
Майқы бидің айтуынша, латыншалап кеткен Анахарсис скфиский дегеніміз осы Анарыс бабамыз. Бұл туралы Ғ.Есімовтың дәлелдемелері көңілге қонарлық. «Біріншіден – дейді ол, Майқы бабамыздың айтуынша Анарыс ел билеу жолдарын айтқан ғұлама. Анахарсис Сақ патшасы Кадуйдің інісі. Ол Афиныдағы Солонмен достасып, онда бірнеше жыл өмір сүрген. Солон Афинский – ел басқару жүйесінде реформа жасаған әйгілі саясаткер. Сондықтан Анарыстың ел билеу туралы айтқандары болуы өте орынды. Екіншіден, Анарыстың өлі көп пе, тірі көп пе? – деген сұраққа кері жауп бергені философия тарихынан белгілі.
Д.Паэртскийдің аталған кітабында ол туралы былай делінеді: «На вопрос кого больше, живых или мертвых, он переспросил: «а кем считать плывущих»». Анарыс айтты деген сөзбен Анахарсистің айтқаны дәлме-дәл келіп отыр. Бұл екеуінің бір адам екенінің тағы бір дәлелі. Үшіншіден, Майқы Анарысты қайдан біледі? – деген ой келеді, Анахарсис біздің дәуірімізге дейінгі VІ ғасырда өмір сүрген. Майқы би біздің дәуірімізге дейінгі І ғасыр басында дүние кешкен. Араларында 600 жыл тарихи уақыт. Бұл мерзімде әлі Анахарсис есімі ел жадында сақталған, ұмытылмаған. Төртіншіден, Анарысты Майқының бабам дейтіні – үйсіндердің сақ тайпаларынан таралғанына тағы бір дәлел болса керек. Үйсіндер туралы Геродот тарихында айтылған. Анахарсисті де тарихқа түсірген көне авторлардың бірі Геродот, ал Майқы би оның тарихын білмеді деуге негіз жоқ.
Аты ауызға айналған дала данышпанының, Анарыстың нақты өмірбаян туралы деректер сақталмаған. Тек Диогеннің мәлметтері бойынша, ол шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 594 жылы «архонт Эвкраттың тұсындағы 47 Олимпиада өтіп жатқан сәтте Афиныға келген». Осы күннен бастап Солонды үйіне іздеп келіп, өмір бойы дос болып өтіпті. Геродоттың айтуы бойынша, «Анахарсис – скиф патшасы Спаргапиптің шөбересі, Пиктің немересі, Гнурдың баласы. Ол сондай-ақ Анахарсистің ата-тегін, есімін, Грекияға қалай келгенін де айтып өтеді. Геродот Анахарсисті Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы скиф тайпаларынан шыққан, жастайынан өмір-білімге құмар, Элладаның тілін үйреніп өсен, әскери өнерден де тағылым алған, скифтердің әдет-ғұрпын өте жетік білген, дүниенің сырын білмекке ұмтылған атақты адам» - деп жазды.
Көптеген жазбаларда сақ – скиф философы Анахарсисті көне дүниенің «жеті ғұламасымен» байланысты сөз етеді.
Анахарсис туралы пікір айтқан философтар біршама, солардың арасында Секст Эмперик анахарсисті «жеті ғұламаның» бірі деп санайды.
Плутархтың пікірінше, Милет мектебінің негізін салушы, гректің бірінші философы Фалестің Анахарсис туралы пікірі өте жоғары болғанын ескерсек, скифтік Анахарсистің көне заман философиясы тарихында, мәдениетінде еңбегі зор болған.
Ол Солон өлгеннен кейін, өз туған еліне Скифияға қайта оралып, өзінің алған білімін, тәлім-тәрбиесін, заң ережелерін өз елінде қолдануға әрекет жасайды. Анахарсис елді жаңа құрылыс орнатпақ болып, заң жүйелерін өзгертуге ұмтылған. Геродоттың түсіндіріуі бойынша, басқа халықтар сияқты скифтер де өзге елдің салт-дәстүріне, оның ішінде, әсіресе, элладалықтардың ғұрпына сескене қараған. Сондықтан да, Анахарсистің реформаторлық идеясы, озық ойын іске аспай, туысы Савилийдің қанды жебесінен қазаға ұшырайды. Соңғы демі үзілерде ол: «Эллада жерінде ақылым мені қорғап еді, ал өз еліме кеп, мен қызғаншақтықтың құрбаны болдым» депті (Плутарх).
Грекиядағы Анахарсиске қойылған мүсін бар. Онда: «Басқа пәле тілден» деген қанатты сөз қашап жазылған. Ұлы бабамыздың кезінде гректің атақты «жеті ғұламасының» тобына кіргенін ескерсек, оның философиялық ойларының терең де салиқалылығын, аумақтылығын зерттеу болашақтың ісі екендігіне көз жеткіземіз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен зерттеудің нәтижесін екі түбегейлі мәселелер төңірегінде түйіндеуге болады: көшпелілік өркениетке арқа сүйеген қазақ философиясының уақыт пен кеңістік арнасындағы білмдерін топшылау және мәдениеттің типтік ерекшелктерін анықтау.
Ұлы Даладан авторлар көшіп-қонатын «ареап» емес, оны игере білген адамдардың асқан шеберлігі мен парасаттылығын, киелі қажеттері мен адамгершілік мұраттарын тапты. Әрбір халықтың өзіндік Отаны бар, әрбір адам өз табиғатының аясында, өзінің ата-бабаларының тәжірибесіне сүйене отырып өмір сүреді. Бірде-бір мәдениет кеңістікке бекер келмеген. Мәдени кеңістік әмбебапты сипатта болады, өйткені ол уақыт және тарихпен қамтылып тұр. Философия тарихын оқу дегеніміз табиғи және тарихи құбылыстар мен оқиғалардың өзара тоғысуын және олардың адам санасында бейнеленуінің әмбебапты білімдерін (мифологиялық, діни, көркем-өнерлік, теориялық, философиялық тағы басқа) тұлғалық тұрғыдан тұтас қарастыру. Бұл – мәдениет болмысын айқындауға апаратын жол.
Әлемдегі көптеген өркениеттердің арасынан қазақ философиясы мен мәдениетін бөліп алудың да себебі бар. Ғасырлардың талай қыр-сырларынан өткен қазақ философиясының ертедегі грек мифологиясындағы өзін-өзі жағып жіберіп, сол күлден қайта тіріле беретін қасиеті бар қиял-ғажайып құс – феникспен теңеуге болады.
Әлемде өркениеттің ең ертедегісінің бірі Шумерден бастау алатын, сақтар, кейін ғұндар арқылы дүниенің жартысында ізін қалдырған, кейінірек орта ғасырларда философия мен мәдениеттің тамаша үлгілерін адамзат қорына қосқан Кіндік Азия - әлем қайнарының бірі. Шын мәнінде философия әмбебапты дүниетаным және оның рухани тамырлары дүниежүзілік сұхбат аймағынан нәр алады. Бұл тұрғыдан алғанда Платон мен Аристотельді, Бэкон мен Спинозаны, Кант пен Гегльді білу арқылы біз әл-Фараби мен Абайды терең түсінеміз.
Қазіргі кезде еліміздің рухани өміріндегі өзекті мәселелердің бірі отандастарымыздың философиялық мәдениетін өркендету болып табылады. Оған қоғамымыз басынан кешіп отырған қайшылықтарды әлемдік философия тарихының өзекті мәселелерін танып, талдап, зерттеу арқылы шешіп құрылып жатқан азаматтық қоғамның ерекшеліктерін халыққа ашып көрсету арқылы қол жеткізуге болады. ХХ ғасыр шығыс пен батыс философиясының компаративистік тәсілделуі арқылы ұлттық философияның ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік туды. Түркі тілдес философияның ерекшеліктерін зертеуге мүмкіндік туды. Түркі тілдес философияның қыр-сыры арқылы туысқан елдердің рухани көкжиектеріне назар салу міндеті тұр.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Бейсенов Қ.Ж. Қазақ топырағында қалыптасқан ғақмиятты ой кешу үрдістері – А.: 1994
2. Алтаев Ж. Философия және мәдениеттану: оқу құралы – 2-ші басылымы – А.: 2001 – 272 б.
3. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында – Алматы
4. Нұрпейіс К. «Ұлттық рух» //Ақиқат, 2000, № 10, 3-9 б.
5. Қысқаша философия тарихы – А.: 1999 – 272 б.
6. ХХІ ғ. Ұлттық философияның көкжиегі көріне ме? //Ақиқат, 1998, №11, 12-20 б.
7. Орынбеков М. Ежелгі қазақтың дүниетанымы – А.: 1996, 168 б.
8. Өмірәлиев Қ. VІІІ – XII ғ. Көне түрік әдеби ескерткіштері – А.: 1985
9. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия тарихы – А.: 2001 – 378 б.
Достарыңызбен бөлісу: |