Бизнес ответ



бет1/73
Дата13.12.2022
өлшемі5.38 Mb.
#467157
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Бизнес ответ


Бизнес ответ
1. Кәсіпкерлік: мәні, түсінігі, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары
Кәсіпкерлік дегеніміз — белгілі бір істі істей білу. Іс істеу- адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік- адамның еркін өмір сүру түрі.«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.Кәсіпкерлік — ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр I патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылдағы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.Кәсіпкерліктің субъектісі жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер, арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әр түрлі бірлестіктер.Кәсіпкерліктік істің қозғаушы күші- мол пайда табу.Кәсіпкерліктің мәнін және мазмұның ұзақ эволюция жолдарын өткен мемлекеттерде қолданған практикаларды талдаусыз ашуға болмайды. Осыған байланысты, «кәсіпкер» терминінің эволюциясын қарастырайық.
1725 жыл. Р.Кантильон. Кәсіпкер- тәуекел шарттарында қызмет ететін адам.
1797 жыл. А. Бодо. Кәсіпкер- іске асыратын қызметін жауапты болатын тұлға; жоспарлайтын, басқаратын және кәсіпорынды құрып, оны басқарады.
1876 жыл. Ф.Уокер. Капиталды ұсынып, сол үшін белгілі пайыз алатындардан ұйымшылдық қабілеттің арқасында табыс алатындарды айыра білу қажет.
1934 жыл. И. Шумпетер. Кәсіпкер- ол жаңа технологияларды өндейтін, жаңашыл адам.
1961 жыл. Д. Маклелланд. Кәсіпкер- біркелкі тәуекел шарттарында жұмыс істейтін жігерлі адам.
1964 жыл. П. Друкер. Кәсіпкер- кез- келген мүмкіндікті максималдық табыспен қолданылатын адам.
1975 жыл. А. Шапиро. Кәсіпкер- ынтасын көрсететін адам. Тәуекелділік шарттарында жұмыс істеп, пайда болған сәтсіздік үшін толық жауапты болады.
1985 жыл. Р. Хизрич. Кәсіпкерлік- жаңа құны бар нәрсенің құруының процесі, ал кәсіпкер- осыған қажетті уақыт пен күшті жұмсайтын, өзіне толық финанстық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді алуға және де осы үшін белгілі бір дәрежесін алуымен қанағаттануы.
The кәсіпкерліктің түрлері жаңа бизнес-идеяның дамуын анықтайтын сипаттамаларға байланысты әр түрлі классификацияларға сілтеме жасау. Кәсіпкерліктің әр нысаны өзіне тән ерекшеліктерге ие. Кәсіпорындардың барлығы бірдей мақсаттарды көздемейтінін ескеру қажет. Барлық кәсіпкерлер, бизнес-идеялар, менеджмент пен инновациялық әдістер әр түрлі; осы себепті әр түрлі классификациялар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет