Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының


 Гердер И.Г. Избр.соч. М., 1956. С. 233



Pdf көрінісі
бет30/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57
annotation23044

7. Гердер И.Г. Избр.соч. М., 1956. С. 233. 
 
 
3.4. XV-XIX ғасырлардағы қазақтың философиялық ойы 
 
Қазақ хандығы ХV

ХVІІ ғасырларда өзінің ішкі саяси-әлеуметтік құры-
лымын барынша нығайтуға тырысқанымен, бұл одақтың да біртұтас мемлекет 
болып тұруына әр түрлі тарихи процестер, факторлар әр қилы (көп жағдайда 
теріс) әсер етумен болды. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» ХVІІ ғасырдың 
аяғында және ХVІІІ ғасырдың басында қазақ этносының мемлекеттілігі үшін ең 
жоғарғы құнды дүниеге айналды. Бұл кезеңде халықтың үш жүзге бөлінгеніне 
қарамай іштей бірігуге деген талпынысы, әрекеті осы тарихи құжаттың, тарихи 
тұлғаның төңірегіне топтасқан болатын. Тәуке ханнан кейін келген саяси 
биліктің иелері ХVІІІ ғасырдың басында қазақтың іштей ыдырауын тоқтата 
алмады. 
ХVІІ ғасыр мен ХVІІІ ғасырдың басында қазақ даласындағы саяси-әле-
уметтік кеңістіктегі ахуалды сипаттай келіп «Әз Тәуке хан алты алаштың 
тізгінін алты биге ұстатады. ХVІІІ ғасырдың бас кезіндегі дерек бойынша, Ұлы 
Жүзде Үйсін Төле би, Орта Жүзде Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші Жүзде 
Алшын Әйтеке би, Қырғызда Қараш би, Қарақалпақта Сасық би, Құрамада 
Мұхамед би отырады. Сырттай қарағанда өте қолайлы әрі ұтымды 
көрінгенімен, ақыр түбінде бұл бөліс Қазақ Ордасының біржола ыдырауына 
жол ашты. Сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде алты ұлысқа бөлінгеннен соңғы 
жерде үш жүздің ара жігі айқындалды, қалған үш алаш өздерін дербес ұлыс, 
федерация құрамындағы жат жұрт деп сезіне бастады», - деп жазады 
М.Мағауин /1/. 
Қазақ Ордасының осынау ыдыраушылыққа бейімделуі, жоңғар шапқын-
шылығынан кейін үш жүздің басы бірігіп, өзінің ортақ ханының, мемлекетінің 


213 
болғанын қалауы, сөйтіп, біртұтастыққа қайтадан ұмтылуы бұл тарихи 
процестің көшпенді ел үшін қалыпты көрінісі болатын. Ол процестер үшін 
тарихтағы жекелеген кінәлілерді іздеудің өзі артықтау болар еді. 
ХVІІІ

ХІХ ғасырларда қазақ даласында рухани атмосфера, тарихи ахуал 
қандай болды? Қазақ қоғамында өркендеу басым ба еді? Әлде тоқырау көбірек 
байқалды ма? Біздің пікірімізше, бұл екі процестің екеуі де көрініс беріп 
отырады десе де болады. Дәуірдің ең негізгі жетістігі – халық өзінің 
болашағын, мемлекеттілігін тек өзінің ұлттық бірлікте болғанында ғана құрай 
алатындығын зерделеді. 
Қазақтың ХVІІІ ғасырдағы көрнекті жырауларының бірі Ақтамберді жырау 
халықтың рухани дүниесінің іргесін бекітіп, шаңырағын шайқалтпауға себеп 
болатын күштің оның өз бойында екенін ескертіп, жастарға арнап сөз 
қалдырған екен: 
Балаларыма өсиет: 
Қылмаңыздар кепиет, 
Бірлігіңнен айырылма, 
Бірлікте бар қасиет. 
Татулық болар береке, 
Қылмасын жұрт келеке. 
Араз болса алты ауыз, 
Еліңе кірген әреке… 
Ел аман болсын ылайым, 
Тілегім берді бәрін де, 
Разымын, құдайым! /2/ 
Бірлік пен татулық бар жерде адамдарға өмірдің кез-келген қиын асуын 
алуға мүмкіндіктер ашылады, адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыласы 
өрбіп, дау-жанжалдардың алдын алынады. Сөйтіп шендесу, бақталасу, бәсе-
келесу сипатындағы қарым-қатынастың орнына жұртшылық арасында іштесе, 
түсінісе, бір-біріне көмектесе өрбитін байланыстар белең алады. Бұл адамның 
нағыз адами болмысын жетілдіре түсетін іргетастар екені анық. 
Жалпы адам болмысы қайшылықтарға толы болып келеді: ол бір жағынан 
өзінің денелік-табиғи сұраныстарына бағынса, екінші жағынан рухани дамудың 
терең принциптерімен өмір сүруге талаптанады. Табиғи сұраныстардың 
негізінде нәпсі нысапсыздығы, пайдакүнәмдік, атақ-мансап іздеген жат пси-
хологиялық мінез-құлықтар туындайды. Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік ортаның 
осындай «дәстүрлі құндылықтық бағдарлары» әрбір жеке адамды үнемі 
шырмауға алумен болады. Тарихи кезеңнің бастауындағы дәстүрлі жауын-
герлік текетірес рухында тәрбиеленген ұрпақтар үшін бұл үйреншікті жағдай 
болып қала беру қаупі де бар. Тек руханилыққа толығымен бет бұрғанды ғана 
жаңа тарихымыз басталары анық. 
Қазақтың өмір салтын, тұрмысындағы ерекшеліктерін, әлеуметтік құнды-
лықтарын терең зерттеген ғалымдар бұл этноста қалыптасқан өндіріс тәсілінің 
өзіндік сипаты бар екенін байқайды. Ол негізінен табиғатпен үйлесімділікке 
негізделген көшпенді өмір салтындағы өмір сүру, шаруашылық түзеу болатын. 
Әрине, әлемдік мәдениеттің дамуы ерте ме, кеш пе, әйтеуір, бір кезде осындай 


214 
дәстүрлі құрылымға өз әсерін тигізетіні белгілі. Оның үстіне Еуропа үшін 
Шығыс елдеріне «қақпа» рөлін атқарған қазақ даласының тағдырына Ресей 
империясы бей-жай қарауы мүмкін емес болатын. Оны алдымен аңғарған Ресей 
мемлекеті үшін саяси маңызға ие бола бастады. Бодандыққа ене бастаған 
елдерде қалалардың аздығы және толық отырықшылдықта болмағандығы Ресей 
саясаты үшін қолайлы бола қоймады. Өйткені, Мәскеуде отырып қазақ даласын 
өз шенеуніктері арқылы басқару, ондағы әлеуметтік процестерді реттеп отыру 
қиын екені және ол үшін көшпенділік мәдениеттің қолайсыздығы байқала 
бастайды.
Еркіндікті сүйген, кең даласын Атамекенім деген қазақ халқы үшін оты-
рықшылық сипаттағы өмір жаттау болып көрінген еді. Міне, сондықтан А.И. 
Левшин айтқандай: «киргиз-казахи при настоящем образе их жизни и в ныне 
занимаемых ими землях не могут поселиться, что польза их собственная и 
выгоды соседственных с ними держав, особенно России требуют, чтобы они 
состояние богатых пастухов не меняли на состояние бедных земледельцев, и 
что сами степи их как будто нарочно создали для кочевой жизни» /3/. Бірақ 
Ресей империясының көксегені әлемдегі геосаясатын барынша өздеріне ғана 
ұтымды мақсатта жүргізу болатын. Дәл осындай жағдай ағылшындардың, 
испандардың, француздардың, голландықтардың басқа елдерді жаулап 
алғандығы іс-әрекеттерінде көрініс берді. Яғни бұл жерде біз ресейлік гео-
саясатта негізгі мақсат ретінде саяси өзімшілдік қана басымдық танытқанын 
байқаймыз және ол халықтың рухани дүниесіне орасан зор нұқсан келтірді. 
Халқымыз сондай тарихи шындықты мойындауға мәжбүр болды. 
ХІХ ғасырдың басындағы Кенесары Қасымов көтерілісінің жеңілісінен 
кейін Ресей империясының отарлау саясаты қазақтар өмір салтына, рухани 
ахуалына, құндылықтар жүйесіне үлкен өзгерістер әкелді. Әлеуметтік-эко-
номикалық салада үлкен бетбұрыстар байқалды: өндірістер пайда болып, ха-
лықтың қалаға ағылу (урбанизация) процестері күшейе бастады. Сол кезде 
салынған қамал, бекіністер кейін қалаларға айналды. Бір жағынан отарлау 
саясаты қазақ жеріне орыстануды алып келсе, екінші жағынан осы мәдениеттер 
қақтығысы жаңа қалыптағы этносаралық байланыстарды орнатты. Бұл жерде 
бір жақты әсер болды деп айтуға болмайды. Екі мәдениет те бір-бірінен 
сусындады. Әрине, үстемдік жағдайда болғандықтан, орыс мәдениетінің 
қалыптары мен құндылықтары (құқықтағы, моральдағы, кейде тіпті діни 
наным-сенімдердегі) күшпен ендіріле бастады. Бұл күш патшалығы за-
манындағы әдеттегі қатынастар қисыны болатын. Одан басқаша түсініктегі, 
яғни үйлесімді дамуды қамтамасыз ететін қатынастарды пайымдау ілеуде 
біреудің еншісінде болатын. 
Қазақ елінің Ресей империясына қосылуының тарихи салдарын түсіндіруде 
үш концепция бар. Олар О.А.Сегізбаевтың жоғары оқу орындарына арналған 
қазақ философиясының тарихи жөніндегі оқулықта былай жіктелген: 
Бірінші концепция бойынша, Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары 
тек қана реакциялық нәтиже берді. 
Екінші концепция бойынша, қазақ халқы үшін Қазақстанның Ресейге қо-
сылуы соншалық теріс құбылыс емес еді. 


215 
Үшінші концепция бойынша Қазақстан үшін Ресейдің жүргізген саясаты 
шын мәнінде реакцияшыл отарлау саясаты еді, оған қарамастан ол прогрессивті 
құбылыс деп бағаланады /4/. 
Бірінші концепцияны қолдаушыларға ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр-
дың басындағы қазақтың ұлттық интеллигенциясының, саяси элитасының 
қатарына А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, С. Торайғыров және т.б. 
жататындығы айтылады. Олар қазақ жеріндегі тәуелсіз, дербес мемлекеттің 
құндылығы халықтың болашағы үшін қажеттілік түсінген еді. 
Екінші концепцияны А. Асфендияров және оны жақтаушылар қолдады. 
Олар қазақ елінің Ресеймен қатынасы көрші жатқан Орта Азиялық хандықта-
рына, Қытай, Англия сияқты елдерге тәуелді болумен салыстырғанда тиімді 
деген тұжырымды келтіреді. 
Үшінші концепция Кеңес үкіметі кезеңінде, әсіресе, ХХ ғасырдың 50-
жылдарынан кейін оның негізгі басымдық танытқан тек прогрессшіл мәнін 
қолдайтын ұстанымға айналды. Оның себебі социалистік жүйенің кеңестік 
идеологиясын жүзеге асырудағы кейбір қолайлылықтарда жатқан болатын. 
Бұл үш концепция да ғылыми бағасын алуға немесе пікір ретінде өмір 
сүруге хақы бар және сонымен қатар олардағы айтылған дәйектемелердің көбісі 
әлеуметтік практикада көрініс бергенін мойындауға болады. Қазақстан-Ресей 
арасындағы қатынастардың саяси астарларын талдауда, бағалауда бұл 
құбылыстардағы тек қана теріс процестерді ғана тұжырымдамай, әлеуметтік-
мәдени саладағы оң сипаттағы үрдістерді де байқау керектігін философия 
тарихын зерттеуші О.А. Сегізбаев атап өтеді /5/. 
Әрине, зерттеу барысында диалектикалық терістеу әдісін қолдана отырып, 
әлеуметтік құбылыстарды талдаудан өткізсек, онда тарихтағы оң мағынадағы 
оқиғаларды, үрдістерді де бағалай білуімізге болады. Енді ХVІІІ

ХІХ 
ғасырлардағы қазақ елі мен Ресей империясы арасындағы қатынастар әле-
уметтік дүниеде басқа қаншама мүмкіндіктер болса да (Қытаймен, жоңғар-
лармен, Қоқан хандығымен, ағылшындармен) қазақ жері Ресей империясының 
құрамына енді. Бұл процесті, тарихи-әлеуметтік құбылысты тек қана ра-
циональдік тұрғыдағы пайымдаулармен толық түсіндіру мүмкін емес. Өйткені 
дүниедегі қатынастардың рационалдық емес негіздері бар. Бұл жағдай төртінші 
концепцияның іргетасын құрайды. Бұл концепцияның сипаттамасы 
төмендегідей: тарихи процесте мәдениеттер үнемі бір-бірімен сұхбаттасады, 
түйіседі, қайшылықта болады. Ал, бір-бірімен өзара әлеуметтік сиысушылықта 
болып, тарихи дамуда жұптаса, бірлесе, ұтымды тіршілік ете алуы үшін, жалпы 
прогресшіл тарихи процеске сәйкес пәрменді алға жылжу үшін міндетті түрде 
мәдениеттердің рухани мүмкіндігінің әр алуандығы керек, яғни бірі күштірек, 
екіншісі әлсіздеу (рухани, ментальдік, экономикалық, өркениеттік және т.б. 
салалар бойынша қарастырғанда) болуға тиісті. Сонда ғана Жер бетіндегі әр 
қилы деңгейдегі мәдени құрылымдардың өзара кірігу (интеграция) процестері 
жүреді. Әрине, бұл процестің адамзат тарихында көбінесе зорлықпен, тұрпайы 
түрде байқалуы оның өзіндік көлеңкелі беттеріне жатады. Өз заманының 
тағылымдары мен заңдылықтарына сәйкес болып келетін осындай этносаралық, 
мемлекетаралық 
байланыстардың 
болашағы 
ұзағынан 
болуы 
үшін 


216 
мәдениеттердің өзара үйлесу, бірін-бірі баю процесі жүруі керек. Сонда ғана 
әлсіздеу мәдени-әлеуметтік құрылымдар (этникалық қауымдастықтар) тарихи 
бәсекелестік барысында бейсаналық деңгейде күштілеу тарихи-әлеуметтік 
құрылымдарға арқа сүйеуге бейімделеді. Әрине, бұл қарым-қатынастың өзіндік 
келеңсіз жақтары да біршама көрініс табуы мүмкін. Осындай тарихи ахуалды 
көптеген зерттеушілер аңғарып, оны әлеуметтік әділетсіздік ретінде атап өткен.
1864 жылғы 26 наурызда Шоқан Уәлиханов «Қазақтың көші қоны» деген 
мақаласында өткен ХVІІІ ғасырда қазақ елі қаншама қантөгіс соғысты, ба-
рымташылдықты бастан кешірсе де малы қазіргіден әлдеқайда көп, тұрмысы 
анағұрлым жоғары болғанын еске сала келіп, ХІХ ғасырда мал жылдан жылға 
азайып, қазақ шаруаларының тұрмысы төмендеп кеткенін үлкен қынжылыспен 
атап көрсеткен. Олардың себебін қазақ жеріндегі құнарлы аймақтарды үлкен 
өзендер бойын жағалай салынған қамалдар мен бекіністерге, казак 
станицаларына берілуімен байланыстырады. Сөйтіп, малдың өрісі тарылып, 
өсімі баяулап, өнімі азайып кетті /4/. 
Атап өтетін нәрсе: егер әлеуметтік субъект болып құрылымдардың рухани 
бағдарлары, даму деңгейі, әлеуметтік өмір салттары бір дәрежеде, деңгейде 
болса, яғни көбіне ұқсастық танытса, онда екі әлеуметтік-этникалық құрылым 
мәдени мағынада, рухани сипатта бір-біріне көп ешнәрсе ұсына алмайды, 
басқаша айтқанда «екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды». Әрине, онымен 
бірге ешқандай халық өзінің мемлекеттік саяси еркіндігін басқаға өзінше бере 
салуды саналы түрде мақсат етпейді. Бұл ырғақты табиғи, рухани дамудың 
заңдылығына сәйкес келмейтін құбылыс. Тек оған әлеуметтік субъектілерді 
тарихи жағдайлар қисыны мәжбүрлеуі мүмкін. Бірақ негізінде өзіндік 
тәуелсіздікке ұмтылу барлық халықтың түпкі санасында орналасқан жетекші 
рөл атқаратын фактор екені даусыз. 
Қазақ пен жоңғардың мәдени-әлеуметтік болмысындағы көптеген ұқса-
стықтар, тілі басқа болғанмен, өмір сүру салты, көшпенділік болмысындағы 
ахуалдағы сәйкестіктер өзара үйлесімді кірігуге осы жағдайлар кедергі жа-
сағаны айқын болатын. 
Бір-біріне қыз беріп, қыз алысқан халықтар болғанмен тарихи одақ ретінде 
бұл болашағы жоқ қатынастар еді. «Аттас зарядтардың бір-бірін тепкеніндей» 
үнемі «бір-бірінен мәртебемді жоғары қоям» деген талпыныстар тек 
адамдардың арасында орасан зор тіршіліктік шығындарға әкелді, социумда 
өмірдегі негізгі құндылық - «туған жер», «Атамекен» деген ұғымды адамдар 
санасына бекіте түсті. Ұлттық санада дәстүрлі жауынгерлік ділді нығайта түсіп, 
халықтарды «жау немесе жақтас» деп дихотомиялық тұрғыда екіге бөле 
бастады. Әбілқайыр хан бастаған қазақ зиялыларының Ресей империясына 
жүгінуі халықтың бейсанасындағы тіршілік үшін күрестің ең тиімді жолын 
таңдау болып табылады. Міне, «халық тағдыры» деген ұғымның бейсаналық 
таңдауға бағынатын тұстары осында. Ал бұл таңдаудың нәтижесінде 
құндылықтық бетбұрыстар, кәдуілгі санадағы қайшылықты түсініктер 
туындауы заңды нәрсе. 
ХVІІІ ғасырдағы қазақ елінің мемлекеттік құрылымындағы үш жүздік, яғни 
үлкен субэтностық топтың қалыптасуының тарихи алғышарттары моңғол 


217 
тарихындағы үшке бөліну схемасынан бастау алады. Қазақ елін басқарған 
төрелердің мұндай қадамы жалпы мемлекеттілікті барынша тиімді жолдармен 
басқарудан туындаған болар. Моңғол тілінде ғар - қанат, қол деген мағынаны 
білдіреді. Сондықтан жоңғар – сол қанат болса, барунғар – оң қанат, тоб (туб) – 
орталық дегенді білдіреді /7/. Бұл атаулардың бәрі басында көшпенділердің аң 
аулау дәстүрінен туындап, бірте-бірте әскери-соғыстық стратегияның құрамына 
ену мүмкіндігін айта отырып, А.К. Кушкумбаев былай деп жазады: 
«Көшпелілердің қаумалап аң аулау мен әскери ұйымдары құрылымдарының 
толық сәйкестігі аңшылық кәсіптің негізі көшпелі қоғамдағы әскери істің басты 
белгілеріне айналғанын білдіреді» /8/. Сөйтіп, ішкі этностық бірігудің кейбір 
белгілері дәстүрлі қоғамдағы осындай ұқсас құрылымдардан байқалады. 
Үш жүздің басы жыл сайын қосылып отырған. Негізінен кездесу орнына 
қазақ руларының барлығына ортақ қашықтықта орналасқан жер таңдалды. 
Мәселен, Сайрам қаласы жанындағы Мартөбедегі жиынды көптеген тарих 
зерттеушілері атап өтеді. Онда қыстау мен жайлау мәселесі, халықтың ты-
ныштығы талқыланып отырған /9/. Әрине, мұндай барлық қазақ халқының 
ұлттық мүддесіне сәйкес келетін кеңестер мен мәслихаттарсыз елді қорғап 
қалу, тәуелсіз халық болып өмір сүру қиындау болатын. Сондықтан осындай 
кеңестер саяси тұрақтылықтың кепілдігін жасап отырады. Әрине, ол дегеніңіз 
классикалық түрдегі мемлекеттің негізін, формасын сақтайтын шекараны 
мықтап бекітіп қою емес еді. 
В. Кушкумбаев өз ойын былай тұжырымдайды: «В ХVІІІ в. наблюдается 
«распыление» верховной власти по казахским жузам, улусам и родам. Такая 
политическая ситуация, естественно, обусловила заметную неустойчивость и 
относительную слабость военно-политической структуры казахских ханств и 
военной организации в целом. В период грозной военной опасности (джун-
гарское нашествие) у казахов не было единой централизованной военно-по-
литической власти, что явилось причиной жестоких поражений в целом ряде 
джунгаро-казахских военных столкновений ХVІІІ в. Тяжелые и затяжные 
войны детерминировали выход на политическую авансцену правителей родов и 
улусов – султанов, биев, батыров, которые нередко диктовали «свою 
политическую волю ханам» /10/. Міне, осындай жағдайды, яғни ХVІІ

ХVІІІ 
ғасырлардағы қазақ-жоңғар байланысын бірталай зерттеушілер Орталық 
Азиядағы негізгі халықаралық қатынастар деп атайды /11/. 
Тарихи процестің көшпенділер өркениетінде көрініс беруі де өзінше 
ерекшелікке толы. Қазақтың кең даласында өзінің ішкі рухани дүниесін да-
мыту, жетілдіру арқылы көкейкөзін ашқан ұлы ойшылдар көптеп кездескен еді. 
Солардың ішінде Мөңке бидің алатын орны ерекше. Ол болашаққа болжам 
жасай алатын қасиетке ие әлемге әйгілі Нострадамустың қазақ жеріндегі 
әріптесі десе де болатындай. Бұл құбылыстар жөнінде «Жас алаш» газетінде 
былай деп жазылады: 
Жаратушы өз пенделеріне бүгінгі заман көрінісін алдын-ала ескерту мақ-
сатында 1675

1746 ж. өмір сүрген Мөңке биге мына толғауларды айтқызған 
деп ойлаймыз: 
…Құрамалы қорғанды үйің болады, 


218 
Айнымалы-төкпелі биің болады. 
Халқыңа бір тиын пайдасы жоқ, 
Ай сайын қосылған жиын болады. 
Ішіне шынтақ айналмайтын, 
Ежірей деген ұлың болады. 
Ақыл айтса ауырып қалатын, 
Бежірей деген қызың болады. 
Алдыңнан кес-кестеп өтетін, 
Кекірей деген келінің болады. 
Ішкенің сары су болады, 
Берсең итің ішпейді, 
Бірақ адам оған құмар болады. 
Домалақ-домалақ түймедей дәрің болады, 
Жастарға билігі жүрмес кәрің болады. 
Ертеңіне сенбейтін күнің болады, 
Бетіңнен алып түсетін інің болады. 
Алашұбар тілің болады, 
Дүдәмалау дінің болады. 
Халықтың қанын сорған адамдар болады, 
Қабағын түйіп қайыр тілейтін адамдар болады, 

деп үш жүз жыл бұрын-ақ біздің заманымызды көрегендікпен жырлағанына 
таңданамыз және таңдана отырып, «осындай көріпкелдік толғауы бар ұрпақ 
біле тұра неге адасты?» деген сұраққа жауап іздейміз /12/. 
Өз заманында көрініс берген қайшылықтардың даму логикасы тарих сах-
насында бірте-бірте құндылықтар өзгерісіне алып келетінін Мөңке жақсы 
сезінген. Бұл кездейсоқ интуициялық көріпкелдік қана емес, ол дана бидің 
қоғамдық дамудың қыр-сырын терең байыптай алғанының белгісі, келесі 
ұрпаққа жасаған ескертпе-өсиеті. 
ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың өзіндік ішкі айырмашылығы бар екенін 
жыраулар шығармашылығын сараптаудан өткізу арқылы зерделеген зертте-
ушілер бар. Мәселен, Жұмат Тілепов пайымдауынша, «Егер ХVІІІ ғасырдағы 
жыраулар негізінен жат жерліктерге қарсы күрескен батырлардың ерліктерін 
дәріптей отырып, сонымен бірге хандық институттың қамы үшін күресіп, со-
ның белгілі өкілі Абылайды біраз тұстарда ел тірегі деп ұқса, ХІХ ғасыр жы-
раулары бұл тұрғыда оларды түгел қайталамайды. Мәселен, Мұсабай сынды 
жырау елінің берекесін қашырған Елікей хан, Бабажан бек секілді әртүрлі 
лауазымды ел билеген пасықтардың, орыс отарлаушыларының халыққа қас 
қылықтарын әшкерелей отырып, қарадан шыққан ел қамқоры Жанқожа ба-
тырдың ерлігін дәріптейді» /13/. 
Әрине, отарлау дәуірінің заңдылығы мұндай қайшылықты құбылыстарды 
тудыратындығы тарихи процеске бұрыннан аян болатын. Бұл этникалық 
болмыстың өзіндің дағдарысқа ұшырандығының белгісі. 
Қазақтың би-шешендерін жан-жақты зерттеуге өзінің шығармашылық 
өмірін арнаған Н.Төреқұл ХVІІІ ғасырда қазақ жерінде қалыптасқан рухани 
бағдарлардың сипаттамасын былай суреттейді: «Қазақтың жауы көп болған 


219 
ғой. Көбіне қорғанып жүрген. Жауға қарсы аттанарда елдің басшылары, билері, 
игі жақсылары Төле биге барып бата алады екен. «Төле биден бата алмаса, жол 
болмайды» деген мәтел содан шықса керек. Төкеңнің бір ауыз сөзі оларға ақ 
жол болған» /14/. Міне, осындай ақ ниетті, киелі сөзді өзінің үлкен істерінің 
бастауы, түрткісі етуге тырысқан қазақ халқы даналықты, әділдікті, адалдықты 
өздерінің этникалық рухани әлемінің негізгі іргетасына айналдырып келген. 
Бұл рухани тетіктің күші мен құдіреті кейбір саяси-әлеуметтік, немесе 
мемлекеттік тұтқалардан кем түспей социумды барынша тұтастандырып, 
тұрақтандырып отырған. Әйтпесе, көп рулы елде ынтымақ болмаған болар еді. 
Ел аузында «Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып 
айтады» деген ұлағатты сөз бар. Әділ сөйлеу, ойды шегелеп, нақты, жарып айту 
батырлық пен батылдықтан, даналық пен білімпаздықтан туады» /15/. 
Қоғамдағы әлеуметтік және рухани тепе-теңдіктің қалыптасуы көбінесе 
моральдік қалыптардың жетекші рөл атқаруымен, тіптен имандылық, руха-
нилықтың негізгі күшке айналуымен тікелей байланысты екенін Қазыбек жете 
түсінген. Әсіресе, адамның өзіндегі табиғи пендешілік әлсіздіктерінің 
құрсауында болуы жақсылыққа жетелемейтіндігін мына өлең-өсиет жолдары 
арқылы жеткізеді: 
Өркенің өссін десең, 
Кекшіл болма – 
Кесепаты тиер еліңе. 
Елім өссін десең, 
Өршіл болма, 
Өскеніңді өшіресің. 
Басыңа іс түскен пақырға 
Қастық қылма – 
Қайғысы көшер басыңа. 
Жанашыры жоқ жарлыға, 
Жәрдемші бол асыға. 
Қиын-қыстау күндерде 
Өзі келер қасыңа 
Бүгін сағы сынды деп, 
Жақыныңды басынба! /16/. 
Міне, осы өсиеттердің терең астарларында қоғамның жалпы дамуы үшін 
жеке тұлғаның жетілуі, қажеттігі айтып тұрғандай Қазыбек би. Бұл даналыққа 
толы қазақтың далалық өркениеттің негізгі бағдарлары болатын. Осындай 
рухани көсемдері болған әрбір жүздің ру-тайпалары үнемі қиын-қыстау 
кезеңнің өзінде шынайы адамдық келбеттің мүддесін қорғаумен болған. 
Сөйтіп, ХVІІІ

ХІХ ғасырларда қазақтың атақты үш биінен (Төле би, Қа-
зыбек би, Әйтеке би) басқа төмендегідей тұлғаларға мәртебелі «би» деген атақ 
қосылып, халқымыз әділдігі мен адалдығы үшін құрметтеген: Әжібай би, 
Ескелді би, Досай би, Есей би, Жәнібек Тархан, Балпық би, Қарменде би, 
Сеңкібай би, Боранбай би, Кегенбей би, Бекболат би, Кеңгірбай би, Ақтайлақ 
би, Байдалы би, Құрмысы би, Қарадос би, Шабанбай би, Шон би, Шоқай би, 
Байжігіт би, Бапан би, Торайғыр би, Мөңке би, Қазы би, Бөкен би, Айтуар би, 


220 
Шорман би, Саққұлақ би, Құнанбай би, Аңдас би, Қаба би, Бәкі би, Есет би, 
Қожбанбет би, Шөңкі би, Сары би, Мамашәріп би, Бала би, Ноғайбай би, 
Қашаған би, Малтақан би, Сарыбай би, Кебекбай би, Кенжалы би, Көлбай би, 
Жетес би, Төлебай би, Шілменбет би, Досбай би, Шортанбай би, Шәлменде би, 
Бемалы би, Бекбосын би, Шойынбет би, Нақысбек би, Алдаберген би, Жанкісі 
би, Нияз би, Сыпатай би /17/. 
Билермен қатар қазақ даласының құрметіне бөленген халықтың дарынын, 
сөзді құрметтеуге үлес қосқан төмендегідей шешендер болған (ХVІІІ

ХІХ ғғ.): 
Тайкелтір шешен, Әлдебек шешен, Сеңкібай шешен, Сырым шешен, Зілқара 
шешен, Біке шешен, Бөлтірік шешен, Жанқұтты шешен, Байкөкше шешен, 
Асаубай шешен, Қозыбай шешен, Шағырай шешен, Байсерке шешен, 
Қылышбай шешен, Қанай шешен /18/. 
Сонымен қатар жырау, «датқа» деген атаққа ие болған қазақ шешендері 
болған. «Датқа» деген атаққа Байзақ Мәмбетұлы (1789

1864) мен Сапақ 
Байшуақұлы (1833

1913) іліккен болатын. Датқа – халық тілегін әділдікпен 
шешетін ел басшысы деген парсы сөзі /19/. Міне, осындай көп түрлі қырлары 
бар рухани өмірдің келбеті тарихи кезеңде айқын көрініс берген еді. 
ХVІІІ ғасырдың жалпы қазақ қоғамдық өмірінің сипаттамасын «жаугершілік 
заманы», «тәуелсіздік үшін күрес заманы» десек болады. Ал, енді осы қоғамдық 
дамудағы бағытқа сәйкес келетін өмір философиясы болды десек те артық 
айтпаймыз. Олардың барлығы қазақ даласы ойшылдарының, яғни билерінің, 
шешендерінің, жырауларының, ақындарының шығармашылығының мағына-
мәндік негізін құрады. Дүниетанымының әмбебаптылығы, жан-жақтылығы осы 
негізгі бағдардан өрістейді.
«Ақтабан шұбырынды» жұрттың алдына мемлекеттік философия мәселесін, 
сана мен билік арақатынасын, қолданбалы философия мәселесін тікелей қойды. 
Бұл Бұқар жыраудың көсемдік жырларына, Ақтамбердінің эпикасына, Төле 
бидің, Әйтеке би мен Қаздауысты Қазыбектің шешендік-философиялық 
талғамдарына негіз болды. Бұл сарындар Махамбет, Шернияз, Сүйінбай, Шөже, 
Жанақ, Кемпірбай шығармаларында және «Қармыс батыр», «Балуан

Нияз», 
«Бекет батыр», «Айман-Шолпан» поэмаларында көрініс тапты», - дейді қазақ 
философиясын зерттеуші философ М.С.Орынбеков /20/. 
Еуропалық мәдениетпен қарым-қатынастың тереңдей бастауы «далалық 
өркениетке» өзіндік жаңа лепті, өзгеше үрдістерді ала келді. Сондықтан, ел 
тарихында жаңа типтегі ұлттық тұлғаларының пайда болуы ХІХ ғасырда 
көрініс тапты. Бұл қоғам, адам және болашақ туралы жаңаша дүниетаным-
дардың қоғамдық санада орныға бастауына себепкер болды. Яғни «ХІХ ғасыр 
философиясында Ш.Ш.Уәлихановтың қоғамдық даму концепциясы және 
әсіресе оның әлеуметтік-саяси толысу жөніндегі көзқарасы кең таралды. 
Ы.Алтынсарин өзінің ағартушылық философиясында жас ұрпақтың тағ-
дырына халықтың рухани қайта өрлеу үмітін артып, осыған байланысты пе-
дагогикалық (ұстаздық), психологиялық көзқарастарын дамытты. Өз көрінісін 
ақындар айтысынан, қисса, хикая, жаңа эпикалық поэмалардан тапқан эстетика 
жаңа даму кезеңіне шығып, жарқырай дамыды. Музыка (әуез) өнерінің 


221 
өркендеуі Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Ықылас, Біржан сал, Мұхит, 
Ақан сері, Жаяу-Мұса, Зілғара, Құлтума, Сара, Сералы, тағы басқа ақын-
әншілердің есімдерімен байланысты /21/. Әрине, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ 
ғасырдың басындағы қазақ философиясының биігі Абай шығармашылығынан 
көрініс тапты. Ол туралы келесі кітапта арнаулы зерттеулер нәтижелері 
сомдалатынын да айта кетуіміз керек. 
Сонымен ХІХ ғасырдың рухани, әлеуметтік бастаулары қазақ халқы үшін 
біршама өзгерістерге түсті. Бұл әсіресе Кенесары Қасымұлы көтерілісінің 
жеңіліске ұшырағаннан кейінгі кезеңде анық байқала бастады /22/. Бұл кезең 
тарихта «зар заман» дәуірі деп аталған еді (Дулат, Шортанбай, Мұрат, Асан 
және т.б.). 
«Зар заман» құбылысы негізінен поэзия арқылы көрініс тапты және оның 
терең тамырлары қоғамдағы өзгерістерге қанағаттанбаушылықтан туындағаны 
белгілі. Осы тарихи кезеңнің ұлттық әдеби, әлеуметтік келбетін терең зерттеуші 
ғалым Б.Омарұлы төмендегідей кең мағыналы тұжырымдар жасайды: 
«Зар заман» поэзиясына қазақтану, ұлттану талаптарының биігінен зер 
салсақ, құнды қазынаның бағасы одан сайын арта түсетіні сөзсіз. Бұл жыр 
жүйріктері қазақ ұлтының көшпенділіктен ажырап, отаршылдықтың бұғауына 
мойынсұнған кездегі көрген зорлық-зобалаңы мен тартқан қайғы-қасіретінің 
шерлі шежіресін жасады. Қазақ халқының белгілі бір дәуірдегі ұлттық 
танымның тарихнамасын кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырды. 
«Зар заман» поэзиясындағы ұлттық мінездер жиынтығы сол дәуірдегі 
оқиғалардың, қоғамдық өзгерістердің адам санасына әсерін байқатпай қой-
майды. Мұның бәрі отарлаушылықтың қысымын көрген қазақтың мінез-құлқын 
сонау көшпенді кезеңдегі еркін қазақтың іс-әрекетімен салыстырған кезде 
айқын аңғарылады. Ал зар заманның өзі өткен мен бүгінгіні салмақтап-
саралаудың арақатынасынан туған ағым екені белгілі. Сондықтан бұл ағым 
қазақ тағдыры, ұлт мінезі, ұлттық таным ұғымдарымен берік сабақтас» /23/. 
Осындай ұлттық менталитеттегі өзіндік бетбұрыстың түпкі негіздері ұлттық, 
мемлекеттік дербестіктің, тәуелсіздіктің жоқтығымен байланысты екендігінде. 
Ал ондай жағдайды күрт өзгертудің де мүмкіндігі көрінбеген болатын. «Сөйтіп, 
«зар 
заман» 
поэзиясында 
«жиделібайсындық» 
утопияның 
орнына 
«барсакелместік» антиутопия басты», 

деп жазады Амантай Шәріп /24/. Әрі 
қарай ол былай деп жалғастырады: «Сірә, дәстүрлі дүниетанымындағы мезгіл 
мен мекен ұғымдарының бірлігінен туындаса керек, зар заман ақындарында 
«жер тарылды», «жер жауға кеткен соң» секілді тіркестердің орнына «заман 
тарылды» (Мұрат Мөңкеұлы), «заман жауға кеткен соң» (Шортанбай 
Қанайұлы), «заманың сенің тарылды» (Албан Асан) деген оралымдар 
қолданыла береді» /25/. 
Сонымен халықтың ұжымдық түпкі санасында қатпарланған күйде тәу-
елсіздікке, азаттыққа деген ұмтылыс бірте-бірте қалана түскен еді. Ол қатты 
қысыла түскен серіппе темір сияқты өзінің серпілетін уақытын күтумен бола-
тын. Әрине, бұл қауымдастық деңгейдегі еркіндікке талпыныс әлемдегі кез 
келген халық үшін өз құндылығын жоғалтпақ емес, яғни ұлттар дамуының 
табиғи-тарихи мәніне сәйкес келеді. Дегенмен таза еркіндік адамның ішкі 


222 
дүниесінде, яғни оның «рухының барынша таза күйге жетуінде» деген пікірді 
білдіруге болады. Бұл шынайы шығармашылық қарым-қатынас арқылы жүзеге 
асады. 
Басқаша айтсақ, бұл жерде, Эрих Фроммның сөздеріне жүгінуге болады. Ол 
адамның рухани әлемінің кеңеюін негізінен өмірдің сан қырлы тұстарын 
байланыстырудан, синтездеуден, үйлесімдендіруден іздейді. Өзінің «Иелену ме, 
әлде болу ма?» деген еңбегінде «Кез келген болмыс ауқымын кеңейту түп 
негізінде адамның өзінің, қоршаған ортаның нақты мәніне бойлау болады», 

деген /26/. 
Қазақтың далалық көшпенді қоғамының тарихын да басқа елдің қарулы 
күшінен емес, өз қандасының қолынан қазақ тапқан ірі тарихи тұлғалар да 
кезедеседі. Оларға ХVІІІ ғасырда Әбілхайыр ханды жатқызсақ, ХІХ ғасырда 
Махамбет ақынды атап өтуге болады. Әбілхайырды Барақ сұлтан өлтіртті. 
Осы тарихи тұлғалардың қазақтың мәдени, саяси, әлеуметтік өмірінде 
қалдырған іздері туралы пікірлер әр қилы болғаны белгілі. Ал енді 
Әбілхайырдың жеке басының ерекшелігі туралы И.В. Ерофеева былай деп 
жазады: «По признанию многих современников, он обладал довольно широким 
по степным меркам мировоззренческим кругозором и развитым рационально-
аналитическим типом мышления, позволившим ему вполне трезво и вполне 
трезво и реалистично оценивать современную геополитическую ситуацию и 
делать из уроков недавнего прошлого ценные практические выводы. После 
анализа многолетней борьбы казахского ханства с Джунгарией и северными 
кочевыми соседями Абулхаир пришел к твердому убеждению в необходимости 
скорейшего реформирования системы власти в Степи? Модернизации 
казахского общества и повышения его обороноспособности перед лицом резко 
возросшей внешней опасности. Для этого, по его мнению, следовало укрепить 
институт старшего хана в казахском обществе и сделать его эффективно 
действующим инструментом интеграционных процессов среди номадов» /27/. 
Сөйтіп, қазақ даласындағы мәдениеттің еуропалық құрылымдармен бай-
ланысын күшейтпек болған Әбілқайыр ханның әрекетіне белгілі күштер қар-
сылық білдірді. Бұл да заңды дүние болатын. Өйткені өмірде әр уақытта 
жаңашылдық пен дәстүршілдік, жаһандану мен оқшаулану арасында күрес 
жүріп жатты. Міне, осы қайшылықтың шарақ шегі Барақ сұлтанның 
Әбілқайырды өлтіруіне дейін әкеліп соқтырды. Бұл өз заманының келбеті 
болатын. 
Тарихи процесте жіктелудің түр-түрі бар. Солардың бірі әлеуметтік қыс-
паққа түскен топтың билеуші мекенін иеленуші қауымға деген қарсылығы. Ол 
кезде ұлттық-этникалық сипаттан гөрі, таптық қарама-қарсылық бой көрсету де 
әбден мүмкін (марксизмді жан-жақтан сынаққа алғанмен ол да бекерден бекер 
тарих сахнасында пайда болған жоқ болатын). Бұл да адам баласының 
еркіндікке, азаттыққа деген ұмтылысы. Осы сыртқа еркіндік тек қана өзіне ғана 
емес, өзі сияқты әріптестеріне болсын деп, соны қалаған талай азаматтар 
қандарын әлеуметтік әділдік үшін төгуге мәжбүр болды. (Автордың пікірінше, - 
шынайы еркіндік адамның ішкі рухани еркіндігінде, өйткені, сыртқы ортаны 
қанша қолайлы, ыңғайлы күйге жеткізген жеке тұлғаның өз рухани дүниесі 


223 
жетілмей үнемі псевдоқұндылықтар жетегінде болады. Бұл енді өзінше мәселе). 
Солардың қатарында Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов болатын. 
Тарихтың аумалы-төкпелі кезеңдерінің сипаттамасын бере келіп, ел ішіндегі 
хал-ахуалдың руханилықтан, имандылықтан ауылы алыс болғандығын Қадыр 
Мырза Әли былай деп суреттейді: «Адамның басы көбіне-көп ел билеушілердің 
добы болып келеді ғой. Соның бірі, өкінішке орай, Махамбеттің басы. Ол да 
Алланың добы. Сол Алланың добын Баймағамбет сұлтан ойыншыққа 
айналдырды. Шынында, Баймағамбет Махамбеттің басы деп есептеген жоқ. 
Көтерілістің басы, халықтың басы деп түсінді. Сондықтан да оның көзін 
құртуға асықты. Құртып тынды да» /28/. 
Осыған ұқсас харекеттер қай елдің болсын тарихында кездесуі мүмкін. 
Адамзат өзінің өмірдегі барлық алтын уақытын, негізгі байлығы ғұмырын, 
өкінішке орай, пендешілігінің құлына, көлеңкесіне айналдырып келгенінің, әлі 
де ол процесс жалғасып келе жатқанының көрінісі болатын. 
Қазақ даласының ойшылдары ХVІІІ

ХІХ ғасырларда өмірдегі, әлеуметтік 
дүниедегі қанша қиындықтарды өз шығармашылығында бейнелесе де, сурет-
тесе де негізгі іргетас ретінде туған жерге, туған елге деген махаббат болып 
келгені белгілі. Міне, осы махаббаттың негізінде, адамның Ғалам құндылығын 
бағалаумен астаса отырып, нағыз рухани құндылықтар жүйесін қайта 
жаңғыртуға болары хақ /29/. Әрине, бұл теориялық, методологиялық тұрғы кез 
келген өркениетке, мемлекетке де сәйкес келері анық. Себебі адамның шынайы 
мәні осы рухани құндылықтармен байланысты рауажданып, көрініс беріп 
отырады. Міне, осы мәселелерге тереңірек, нақтырақ келесі тарауларда 
тоқталып өтеміз. 
Адамның адамгершілікке толы дүниетанымы рухани компоненттерді қа-
лыптастыру барысында түзелетіні белгілі. Бұл тұрғыдан алғанда қазақтың кең 
даласында данагөй ұлы тұлғалардың өмір сүргені белгілі. Солардың ішінде 
ХVІІІ ғасырда өмір сүрген қазақтың шоқтығы биік үш биін атаймыз: Төле би, 
Қазыбек би, Әйтеке би. Әрине олардан басқа да көптеген билер мен шешендер, 
ақындар мен жыраулар өмір сүргені белгілі. Оларға соңғы кезеңде көптеген 
зерттеушілер өздерінің ғылыми еңбектерін арнап жатқаны оңды құбылыс деп 
бағалауға болады /30/. 
Жалпы қазақ философиясының ерекшелігін анықтау, оған тән әр түрлі 
сипаттамаларды беру – халықтың дүниетанымын тереңірек танып білуге, 
мәдениетіміздің інжу-маржандарын рухани игілікке айналдыруға жетелейді. 
«Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымының семантикалық діңгегі «құт» ұғымы. 
Оны «өмірлік күш», «өркендеу басы», «өмір нәрі», сонымен қатар байлықпен 
байланысты «бақыт», «игілік», «үлес», «тағдыр» деген ұғымдармен сәйке-
стендіруге болады. Бұл ұғым онтологияны, антропологияны және әлеуметтік 
философияны біртұтас етіп біріктіреді. 
Сонымен қатар ол дәстүрлі мәдениеттегі мәндік көріністерді анықтайды, 
рәміздейді. Онда прагматистік мағынадағы «жәй ғана нәрселердің» жоқ екенін 
байқатады. Адамды қоршаған нәрселер адамға қызмет етеді және әр түрлі 
сипатын аңғартады: барлық табиғат нысандары, тұрмыс заттары, үй, киім-
кешек, тамақ және тағы басқалары тек қана утилитарлы қызмет атқарып қана 


224 
қоймайды, сонымен қатар ол әлемді түсінудегі әлеуметтік код ретінде 
танылады және оны реттеуші, ұйымдастырушы қызметі арқылы адамдардың 
жыныстық, жасы, туысқандық белгісі, байлығы бойынша қатынасты жүйелеуге 
қатысады», 

дейді Ә.Нысанбаев /31/. 
Қазақтар бір-бірімен амандасқанда, сәлемдескенде «мал-жан аман ба?» 
деген сауалды қояды. Бірақ бұл адамдар үшін «жаннан» (яғни таза рухтан) 
«малды» артық қою деген сөз емес. Мал да, тән де ардың садағасы болып кете 
берер жерлер жиірек кездеспей ме? Бұл жерде әлемді поэтикалық, рифмалық 
үйлесімділікке бағындырған қазақ үшін осы сөздердің құрылымындағы 
үндестік көбірек маңыздылық танытқан іспетті. Әйтпесе, материалдық 
құндылықты бәрінен жоғары қоюшылықты қазақ әр кезде – «сараңдық» деп 
бағалап, оған сыни көзқараспен қараған еді. 
Қазақ даласы ойшылдарының даналыққа толы терең философиялық 
тұжырымдарын өмір мәні мәселесіне қатынасынан байқауға болады. Әрине, 
«өмір» адам үшін құндылықтардың ішіндегі құндылық екені белгілі. Дегенмен, 
оның қандай бағытта өрбігені, қандай жетістіктермен көмкерілгені, тіптен, ең 
соңында тіршілік қалай аяқталғанына дейін ерекше маңызды болып келеді. 
Мәселен, Ақтамберді жырау өмірдегі жауынгерлік рухты жеке дүниетанымына 
терең сіңіргені соншалық: 
Тоқсанға жас келген соң, 
Өлім жақын көрінді. 
Бар арманым, айтайын, 
Батырларша жорықта 
Өлмедім оқтан, қайтейін! /32/ 
- деп өз заманында басымдық еткен құндылықтар жүйесінен хабардар етеді. 
Яғни «нағыз ер жігіт туған жер үшін шайқаста ғана мерт болуы керек» деген 
қағида жетекші культ ретінде халық дүниетанымында терең бекігенін байқа-
тады. Бұл ердің абыройы өз заманында осындай істерден танылған деген сөз. 
Жалпы адамзат тарихындағы философиялық ағымдарға, бағыттарға, мек-
тептерге ортақ қасиет – олардың барлығында адам өліміне деген қатынастың 
ұқсастығы. Барлығына дерлік «адам өмірі өліммен аяқталады» деген түсінік 
бекіген. Яғни адам денесінің тіршілігі оның жанының о дүниеге кетуімен 
сәйкестендіріледі. Бұл түсінік бойынша Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Ал 
оның өзінен кейін қалдыратын мұрасы - ұрпағы, атқарған қызметі мен әр түрлі 
іс-әрекеттерінің нәтижесі, естеліктер («ғалымның хаты, жақсының аты»). Бұл 
жан мен тәнді сәйкестендіріп, бір-бірінен ажырамас кейіпте қара-
стырушылықтан туындаған түсініктер. Әрине, осындай көзқарастардың ба-
сымдық танытуы өзіндік пайымдаулар, тұжырымдар туындатуы сөзсіз еді. 
Соның бірі – «жалған дүние» туралы дәстүрлі қоғамда қалыптасқан дүниета-
нымдық қағидалар болатын ХVІІІ–ХІХ ғасырларда өмір сүрген қазақ дала-
сының жыр сүлейлері осы мәселені өзіндік тұрғыдан зерделеп өткен. 
Тілеуке Құлекеұлының (Шал ақын) (1748–1819) әкесі Құлеке өлгенде 
айтқаны: 
Бұл өлім қайда жоқ? 
Жарқыраған айда жоқ 


225 
Күркіреген күнде жоқ, 
Өтері өтіп кеткен соң. 
Мың теңгелік қайғыдан 
Бір теңгелік пайда жоқ /33/. 
Адам табиғаттың бір бөлігі ғана деп түсініліп, оның мәңгі айналымындағы, 
өзгерісіндегі бір сәт қана өмір деп тұжырымдалған. Ал енді осындай кезеңді 
Махамбет Өтемісов өзінің «Жалған дүние» деген өлеңінде жырлай келіп, 
гедонистік принциптердің қазақ қауымына да құндылықтар ретінде жат 
еместігін байқатады: 
Ішелік те желік 
Мінелік те түселік, 
Ойналық та күлелік, - 
Ойласаңдар, жігіттер, 
Мына жалған дүние 
Кімдерден кейін қалмаған /34/. 
Исатайдан айрылып, жалғыз қалып, қашып-пысып жүрсе де, Махамбет 
«өткенге бекер өкініп, құр жылаудан сән бар ма? – деп өзін-өзі жұбатады /35/. 
Махамбеттің өмір туралы түсінігін рухы биік азаматтың «әлеуметтік 
әділетсіздікті жөндеуге үлес қосамын» деген әрекеттерінен туындаған көзқа-
растар жиынтығы деп бағалауға болады. Махамбет ақынның өмір туралы 
философиялық пайымдауларын зерттей түсу керек. Әрине, адамның қалауы 
мен тағдырдың жазғаны арасындағы қайшылықты шешуге тек терең рухани-
лық, имандылық, шыдамдылық, мойынсұнушылық, өмір мәнін түсінушілік 
қана көмектесері анық. Бұл философиялық зерделеуге жетелейді, діни сенімді 
конструктивті түрде бекітуді (догмалық мағынада емес), тұлғалық жетілуді 
қажет етеді.
«Жыраулар өмірдің мәнін ерлік, батырлық деп түсінумен шектелмейді, – 
деп ой тұжырымдайды Г.Нұрышева, – оның басқа да рухани құндылықтармен 
байланысын көре білді. Елін жаудан қорғаушы батыр да, ел басқарушы хан да 
қоғамда белгілі бір бедел-құрметке, атақ-дүниеге, биліктің жоғары сатысына 
қол жеткізері хақ. Бірақ өмірдің мәні онымен шектеле ала ма? Өзін қоғамға 
мойындата алған адам өмірдің мәнін тапты деуге бола ма? Әрине, жоқ. Бір 
таңқаларлығы, жыраулар поэзиясында осы ойдың дәлелі өте айқын берілген. 
Адам өзін-өзі тану жолына түспей, өзінің ішкі дүниесін толық түсінбей, 
мәңгілік құндылықтарды танып білмей, өмірде тыныштық таба алмайды» /36/. 
Жоғарыда айтылған пікірлердің терең астарлары бар. Қазақтың дүниета-
нымы ғаламның көп түрлі сырын танып-білуге, пайымдауға, бағалауға 
ұмтылған. 
Бұқар жырау Қалқаманұлы өзінің атақты жырларында адамның бойындағы 
жасырын күштердің сырын байыптауға тырысты. Мәселен, ол «Әлемді түгел 
көрсе де» деген жырында мынандай жолдарды келтіреді: 
Әлемді түгел көрсе де, 
Алтын үйге кірсе де, 
Аспанда жұлдыз аралап, 
Ай нұрын ұстап мінсе де, – 


226 
Қызыққа тоймас адамзат /37/. 
Бұл жерде жырау адамның әлемді танып-білуге, ғаламды игеруге деген 
ұмтылысының шексіз екендігін білдіріп отыр. Міне, осы когнитивтік (та-
нымдық) талпыныстар ғылыми және технологиялық прогрестің, әлеуметтік 
дүние жетілуінің негізі болатынын тұжырымдай білген. Түбінде адамзаттың 
ғарышқа самғауға дейін жететінін көрегендікпен болжаған сияқты. Өз зама-
нының данышпаны, озық ойлы азаматы болған Бұқар жырау «қызыққа тоймас» 
дегені «білімге, жаңалыққа» деген адамдардың сұранысын қанағаттандыру 
екенін жақсы пайымдай білген. 
Бұл жерде айта кететін жәйт: ғылыми-техникалық прогресті адами дамудың 
негізгі іргетасы» деп түсінушілік адамзаттың жаңылысуының бірі. Себебі 
алдымен рухани дамудың биігіне жетіп алмай жасалынған ғылыми-техникалық 
дамудың өнімі өзіне қарсы қызмет ететінін тарихи процесс дәлелдеп отыр. 
Ғылыми-техникалық прогресс адамдардың өзімшілдігі, агрессиясы кемімей, 
ноқталанбай тұрған заманда (адамзаттың қазіргі кезеңге дейінгі тарихы), әркім 
болсын әзірше нәпсінің ықпалынан шыға алмай жатырған жай бар. Нәпсі 
игерілуді қажет ететін адамның табиғи қасиеттері. Бұл тарихта осы кезеңге 
дейін шынайы имандылық адамдардың өмір салтында, дүниетанымында 
басымдылық танытпағанын білдіреді. 
Адамзат «аспанда жұлдыз аралап, ай нұрын ұстап мінгісі» келеді. Бірақ 
космонавтика тарихына көз жіберсеңіз бір ұлы күш осы әрекетке кедергі 
қойып, мақсатты жүзеге асыруы шектеп отыратындай. Өйткені адамзат өзінің 
әзірге жетілмеген руханилығын ғарыштық ортаға күшпен ендіруге құқы жоқ 
іспетті. Жалпы үлкен ғаламдық үйлесімділікті бұзып жіберетіндей күйдегі 
тазармаған ниеттеріміз, пиғылдарымыз, саналарымыз бар екені белгілі. 
Бұқар жыраудың жалпыадамзаттық құндылықтарды өз шығармашылығына 
арқау ете білу қасиетін М.Мағауин былай деп бағалайды: «Бұқар таза ұлттық 
немесе діни шеңберде ғана қалмайды. Өзінің ғақылия толғауларында 
жалпыадамзаттық мәселелерді көтереді. Қиын кезеңде, жаугершілік заманда 
жасаса да, Бұқар жырларында бөтен бір халыққа деген өшпенділік жоқ. Бұқар 
ұсынған моральдік және этикалық қағидалар ізгі ниетке құрылған, 
адамгершілік пен абзал тілек көрінісі. Қай заманда болмасын, қай ортада 
болмасын қастерленуге тиіс ақ бата, үлгілі нұсқа. Ешқашан ескірмес өнеге дер 
едік. Сол замандағы қазақ қоғамы тазалығының көрінісі, бүгінгі күн үшін де 
айнымас өлшем» /38/. 
Бұқар жырау атап өткен өмірдің құндылықтық өлшемі әр уақытта «Үміт» 
деген құдіретті рухани күшке негізделетіндігі ойшылдың этикалық шеңберден 
шығын адам мәніне жақындай түсуі болып табылады. 
Ілімді түгел білсе де, 
Қызығын қолмен бөлсе де, 
Қызықты күні қырындап, 
Қисынсыз күйге түссе де – 
Өмірге тоймас адамзат! 
Жақындап ажал тұрса да, 


227 
Жанына қылыш ұрса да, 
Қалжырап, көңлі қарайып, 
Қарауытып көзі тұрса да – 
Үмітін қоймас адамзат /39/ 
Адамның өмірі жәй ғана уақыт өткізу үшін берілетін тіршілік қана емес, ол 
бір керемет кезең, оның қиындығы мен қызығы алға жетелейтін ұлы күш бар – 
ол нұрға, Ақиқатқа қарай ұмтылу мүмкіндігінің болуы деп тұрғандай. Адамның 
Жер бетінде өмір сүрген әрбір сәтінің маңыздылығы зор екеніне меңзейтіндей. 
Міне, нағыз даналық көзі осында. Яғни әркімде өмірде қателесуі мүмкін, 
мәселенің шешімін таба алмай қиналуы мүмкін – бірақ оған келер бақытты 
шақтың үнемі есігі ашық, тек содан үміт етіп, теріс кетпесең болды дегендей. 
ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ даласындағы ақын-жыраулардың құнды-
лықтар жүйесіне салыстырмалы талдау жасайтын болсақ, онда байқайтынымыз 
ғұламалардың шығармашылығындағы саналуандылықтың көрініс беретіндігі. 
Бұл, әрине, әрбір ойшылдың даралылығымен қоса әрбір тарихи кезеңде 
дүниетанымдық басымдылықтардың, әлеуметтік-тәжірибелердің өзгеріп 
отырғандығын танытады. Мәселен, «Бұқар елді елдікке ынтымаққа үндесе, Шал 
шаңырақтың шырын сақтауға, перзент сүюге, «жақсы болсаң нашардың хақын 
жемеуге», өзін-өзі зорға санамауға, кәріні ниетпен сыйлауға шақырады. Бұқар 
жырау дипломат, бірде қайраткер, бірде айыптаушы, не сыншы, не мақтаушы 
қызметтеріне түсіп кетіп, сөз өнерін сан қырға таратады. Ал, Шал поэзиясының 
тұрақты объектілері бар. Шаруа жайын, жастық қызуын, жақсы әйел, жігерлі 
жігіт, саясы жоқ бәйтеректі, шолақ дүниені тілге тиек етсін – баршасында Шал 
бір адам, сабырлы қалыптан аумай, құлық тұрақтылығын байсалды көрсетеді. 
Бұқар поэзиясы кейде асқақтап, аспандап кетсе, Шал шығармашылығы жер 
салмағын сақтап қалады», – деген орынды пікір айтылады /40/. 
Бұқар жыраудан Аристотель мен Асан Қайғыға данагөйлік, мемлекет 
жұмысына өз ықпалын жасаушылықтың үрдістерін тапсақ, Шал ақынның 
шығармашылығынан Қожа Ахмет Иасауидың философиялық-этикалық 
құрылымдарының нышандарын байқаймыз. Сонымен қатар бұл «далалық эк-
зистенциализмнің көріністері» деуге болатын құбылыстар. Бұл экзистенциа-
лизм «жаман мен жақсы», «дұшпан мен достық» арасындағы айырмасын білу 
арқылы өмірді түсінуге, оның әрбір сәтін бағалауға шақырады. Міне, ол осы 
«далалық этикалық қалыптардың» тәртібі жөніндегі көзқарасын былай 
жеткізеді: 
Жамандар өзін-өзі зорға балар, 
Бір өзінен басқаны төмен санар, 
Жақсылар ағын судай, асқар таудай, 
Жаймалап қайда жақсы орын алар. 
Жігіттер, сақтаныңыз жаман достан, 
Досыңның жаманынан артық дұшпан, 
Өштескен жаудан адам сақтанады, 
Тиеді «достың» оғы қапылыстан, – 
деп Шал ақын адамдар арасындағы қарым-қатынастан өмірлік маңыздылықтар 
іздейді /41/. Әрине, барлық кінәні, әлемдегі процестердің келеңсіз бағытына тек 


228 
теріс баға берумен айналысу, жағдайлар ансамбліне тек «Менге» үйлесімді 
келеді немесе келмейді, оны қанағаттандырады, немесе қанағаттандырмайды 
деген көзқарас, түсінік сыңаржақтылықтың белгісі болар еді. Сондықтан 
алдымен адамның ішкі (имманентті) дүниесіндегі қайшылықтарға мән беру 
керектігін, содан соң жеке тұлғаның рухани жетілу үшін сабырлылықтың үлкен 
мәні бар екенін мына өлең жолдары арқылы білдіреді: 
Ашу - дұшпан болғанда, нәпсі – жауың, 
Ақыл – тұрған алдында асқар тауың. 
Жүрекке ашу келіп болған шақта, 
Денеңнің біле алмассың ауру-сауын. 
Ойласаң мың бір пәле тілден туған, 
Шешендер топ ішінде тілді буған, 
Бір адам қателікпен сөз сөйлесе, 
Жабылып мың бір пәле соны қуған /42/. 
Адам өзінің өзімшілдік эмоциясын – ашуы арқылы шығарады, байқамай, сол 
күйде айтып қалған сөзі өзіне «мың бір пәле» болып жабылады. Міне, осы 
кезде адам рухани баспалдақтан өту кезеңінде болады. «Сүрінбейтін тұяқ жоқ, 
қателеспейтін адам жоқ». Бірақ қателіктер қайталанып, саналы кейіпке 
айналатын болса, онда күнәға айналғаны. Ал, қоғамды ой-сана қателіктерді 
шектеуге күші, өресі жетпесе, онда тарихи социумның рухани жетілудің биігіне 
көтеріле алмағаны, ұжымдық бейсаналық құрылымдарда ауытқуларға толы 
қалыптардың, қағидалардың, бағдарлардың басымды белең алғаны болып 
табылады. Жетілмеудің тұлғалық деңгейдегі көрінісін Шал ақын былай 
сипаттайды: 
Жамандар тыңдамайды жақсы сөзін, 
Сүйресең де жақсы іске бұрмас өзін, 
Надандар асыл білес сутас көрсе, 
Гауһардай-ақ айырмас сонан көзін /43/. 
Бұл өлең жолдары адамдардың материалдық құндылықтар алдында жиі 
әлсіздік танытатынын, ол өз кезегінде руханилықтың ауылынан адамды алы-
статарын дөп басқан. Міне, осындай рухани бағдардың көрініс беруі этникалық 
мәдениеттің терең қайнар көздеріндегі құнарлы тұстарын танытады. 
Міне, қазақ қоғамының ХVІІІ–ХІХ ғасырларға тән рухани әлемінің ерек-
шелігі де осында. Рухани құндылықтар жүйесі барынша күнделікті өмірдің 
қыр-сырына, кәдуілгі ырғағына бойлап еніп, барынша қоғамды қиындықтардан 
өтуге көмектесумен болады. Халықтың рухани құндылықтарының сұрыптаудан 
өткендері «жеті қазына» ретінде таңдалынып отырылған. Оның кейбірінде діни 
мән басымдылық танытса, екіншісінде халықтың әлемді тану, игерудегі 
тәжірибелері негізгі рөл атқарып отырған. Ал Антика заманында гректердің 
әлемдегі ең құдіретті жеті қазынасы натурфилософиялық негізде 
тұжырымдалған еді. Оған жататындар: 
1. Көк аспан 
2. Күн 
3. Ай 
4. От 


229 
5. Су 
6. Жер 
7. Ит 
Бұл жерде материалистік тұрғыдағы көзқарастың нышанын байқаймыз. Ал 
енді ислам діні қасиетті күші бар жеті құбылыстың қатарына нені жатқызады. 
Соған назар аударып көрелік. Бұл жердегі құндылықтар иерархиясы 
төмендегідей: 
1. Қыдыр 
2. Бақ 
3. Ақыл 
4. Денсаулық 
5. Әйел
6. Тұз 
7. Ит 
Бұл жерде «Қыдыр», «Бақ» сияқты діни категориялардың этномәдени 
деңгейде қазақтардың құндылықтар жүйесіне де терең бойлағанын байқаймыз. 
Бұл қазақтың наным-сенімдеріндегі ұлттық дүние-танымның өлшемдері 
мұсылмандық ұғымдармен біршама астасқанын сездіреді. Әсіресе, бұл өзара 
байланыс өлген адамды жерлеу рәсімінде айқын байқалады. Дегенменде, қа-
зақтың халықтық жеті қазынасы өзгешелеу болып келеді: 
1. Ер жігіт 
2. Сұлу әйел 
3. Ақыл, білім 
4. Жүйрік ат 
5. Қыран бүркіт 
6. Берен мылтық 
7. Жүйрік тазы (ит) 
Бұл жерде байқағанымыз үш түрлі құндылықтар жүйесінде де қайталанатын 
нәрселер: жеті саны мен ит болып тұр. Ал басқа құбылыстар мүлдем сәйкес 
келмей отыр. 
Соңғы уақытта қоғамдық санада қазақтың дәстүрлі жеті қазынасы туралы 
пікірлер алуандығы байқалуда. Мәселен, «жеті қазынаның» мынандай нұсқасы 
қазақтық ақиқатқа сәйкес келетіндігі тұжырымдалуда: 
1. Кездік 
2. Садақ 
3. Дұзақ (қақпан) 
4. Шақпақ 
5. Қазан 
6. Біз 
7. Ит 
Бұл соңғы жүйедегі ерекшелік әрбір құндылықтың заттық мағынадағы 
тиімділігінің басымдылығы және ол қазақтың далалық, көшпелі өмір салытна 
тікелей тұрмыстық тиімділігімен дәлелденеді. 
Дегенмен, жоғарыдағы пікірталастардың негізі далалық білімнің догмалық 
мағынада болмайтындығынан, әр қилы варианттардың параллельді өмір сүруге 


230 
құқығы барлығын білдіреді. Жазба мәдениеті ол жағынан алғанда ойлау 
көкжиегін тарылта түсетіні анық. Міне, тарихтың тек Ақиқатқа белгілі сан 
қырлы күнгейі мен терістігі де осында сияқты. 
Халықтағы ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастық арқылы беріліп келе жатқан 
рухани-этникалық құндылықтарды зерттеу, оның сан қырлы сырын ашуға 
тырысу тек сол ұлттың өзі үшін ғана емес, сонымен қатар жалпы адамзаттың 
мәдени байлығына қосылған үлес болып табылады. Өйткені әр халықтың 
әлемді бейнелеу рәсімдері болады. Осы рухани-этникалық жүйелер зерттел-
меген «ақ тандақтар» күйінде жатуы мүмкін. Сондықтан жан-жақты филосо-
фиялық талдаулардың тарихи қажеттігі мол. 
Жеке адам өз халқын жақсы танып білуі үшін халқының әрбір салтында 
дәстүрлі қалыптасып алған жағымды, жағымсыз қасиеттерді өзге этностардың 
мәдени құндылықтарымен салыстыра отырып қарастыру керек. Ал этноұлттық 
құндылықтар туралы ой айтар алдында осы құрылымды, жүйені құрайтын 
кейбір этнотарихи ұғымдарға тоқтала кетелік. 
Қоғамда «таза» күйінде ешқандай әлеуметтік құбылыс көрініс таппайды. Әр 
уақытта әр түрлі қоғамдық әлеуметтік феномендер бір-бірімен астасып жатады. 
Осы тұрғыдан алғанда қазақтың дәстүрлі мәдениетінде, нақтылы тарихи 
кезеңдерде, әдетте, діни жүйелер бір-бірімен қабаттаса, тұстаса келеді. Тек 
рухани мәдениеттің бітіміне қатысты олардың біреуі басым (доминантты) 
болады. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде төмендегідей діни және мәдени 
тұлғалардың қабаттаса әрекет еткендігін байқауға болады: 1) молда, 2) бақсы, 
3) зікірші, 4) сәуегей, 5) пір, 6) абыз, 7) үшкіруші, 8) ұшықтаушы, 9) тамыршы, 
10) жауырыншы, 11) емші, 12) шежіреші, 13) сопы, 14) диуана, 15) дәруіш, 16) 
балгер, 17) құмалақшы және т.б.» /44/. Міне олардың әрқайсысы 
этнографиялық зерттеудің объектісі. 
Қазақ философиясының қазақ поэзиясымен тығыз байланыста дамығаны 
белгілі. Жалпы дүниетаным көбінесе ауызша поэтикалық формада, көркем 
бейнелер арқылы өрбіді. Қазақ ділінің, өмір салтының ерекшелігі өзінше бір 
дүние. Ә.Нысанбаев ол туралы «Екімыңжылдық дала жыры» атты жақында 
жарық көрген жинақтың алғы сөзінде былай деп жазады: «Демек, дала по-
эзиясы - қазақы дүниетануды түсінуді, халықтың өзін-өзі тануының қайнар 
бұлағы. Мұнда дүниенің қазақи ұлттық түсініктегі бейнесі, философиялық және 
поэтикалық астары қабыса, асқан көркемдікпен көрсетілген. Халқымыздың 
кемел ойы, пәк гуманизмі, асыл мұраты, терең сезімі, ұлт болып ұйысу тарихы, 
өкініштері мен сүйеніштері – бәрі-бәрі оның поэзиясында сайрап жатыр. Қазақ 
поэзиясы қазақ халқының рухани даму эволюциясының шежіресі іспетті» /45/. 
Қазақ дәстүрлі мәдениеті Кеңес үкіметінің билік жүргізген заңына дейін өз 
күшінде болатын. Сол тарихи кезеңнің жарқын беттеріне қазақ ағартушы-
ларының атқарған өнегелі қызметтерін атай аламыз. Жалпы қазақ даналығы 
өзінше үлкен тақырып, ол туралы Т.Х.Рысқалиев өз еңбектерінде жақсы тал-
даулар жасайды /46/. ХІХ ғасырдағы ағартушылық кезеңнің келуіне алғы-
шарттар қазақ даласындағы ғұламалардың терең ойлы тұжырымдары мен ру-
ханилыққа шақырған іс-әрекеттерінің арқасында жасалынды. 


231 
Қазақтың билерінің дәстүрлі қоғамда рухани байлықты көбейте түсуге 
сіңірген еңбегі зор. Бұл мәселелер басқа зерттеу жұмыстарында терең және 
жан-жақты қарастырылу үстінде болғандықтан, тек Қазыбек бидің кейбір 
философиялық тұжырымдарына тоқтала кетелік. Рухани құндылықтардың ең 
қайнар көзі адамгершілікте, моральдік қалыптарда, жамандықты, жаман қа-
сиеттерді жеңе білуде екенін Қазыбек би өз шығармашылығында атап көрсетеді 
/47/.
Ұлы би жалпыадамзаттық бірліктің негізі сол адам өмір сүретін шағын 
әлеуметтік қауымдастықта қаланатынына меңзегендей. Дүниеде ол адамдарды 
сұрыптап, «жақсы

жаман», «бөтен

жақын» деп бөлмеу қажеттігін үйретеді. 
Тіршіліктегі әрбір пенденің өмір сүруге, бақытты болуға, қайырымдылықты 
сезінуге толық құқы бар екендігіне рухани бағдар жасайды Қаздауысты 
Қазыбек. Бұл рухани ағартушылықтың бір көрінісі болатын. 
Қазыбек бидің өмірдегі әлеуметтік қатынастардағы кейбір тұлғалық 
белгілерін анықтауы өте биік деңгейде болатын. Ол адамдардағы руханилық-
тың, жақсы тәрбиенің, моральдық бағдарлардың маңыздылығын көрсете білген. 
Мәселен, оған қойылған «Кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген үш сұраққа 
берген жауаптары дәстүрлі қоғамдағы рухани өмірдегі құндылықтар жүйесінен 
мағлұмат береді және олар көшпелі мәдениет туралы үстірт пікірлерге қарсы 
нағыз дәлелді қайтарым болады деген ойдамыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет