ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ. ЕЖЕЛГІ ДӘУІРДЕН ҚАЗІРГІ
ЗАМАНҒА ДЕЙІН. – Т. 1. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ.
Алматы: ФСДИ ҚР БҒМ, 2014, 400 б. – 9-37 бб.
ISBN 978-601-304-015-8 ISBN T.1: 978-601-304-016-5 Авторлар ұжымы
(Нұрмұратов С., Ғабитов Т.Х , және т.б.).
Жұмысты ҚР БҒМ Философия және саясаттану институтының
Ғылыми Кеңесі жарияланымға ұсынған
Бұл еңбек Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында дәріс
алып жатқан студенттер мен магистранттарға арналған қазақ философиясының
тарихы бойынша оқу құралы ретінде дайындалған. Жұмыстағы деректер ежелгі
түркі әлемінде қалыптасқан дүниетанымдық үлгілерден бастап қазіргі кезеңдегі
кәсіби философиялық деңгейге дейінгі аралықты қамтиды. Оқу құралын
қалыптастыру барысында қазақтың философиялық ойының сан қырлы
бейнелеу формалары сараптаудан өткізілді. Кейбір бөлімдер тарихи
тұлғалардың дараланған дүниетанымындағы ерекшеліктерді ашып көрсетуге
арналса, біршама бөлімдерде қазақ халқының тарихи санасындағы айрықша
белгілерге философиялық сипаттамалар беріледі. Жұмыстың мәтіні қазіргі
заманның талаптарына сай жаңа әдіснамалық ұстанымдарға сүйенеді және
жалпы оқушы қауымға теориялық және практикалық тұрғыдан көмегін
тигізетін мақсаттарға негізделген.
Бас редакторы:
ҚР ҰҒА академигі Ә. Нысанбаев
Рецензенттер:
философия ғылымдарының докторы, профессор М. Сәбит
философия ғылымдарының докторы, профессор М. Изотов
философия ғылымдарының докторы, профессор Ж. Молдабеков
Алматы: ФСДИ ҚР БҒМ, 2014,
2
АЛҒЫ СӨЗ
Бұл оқу құралы «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы ауқы-
мындағы «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының философия-
лық мұрасы» (20 томдық) топтамасының негізінде қалыптастырылған алғаш-қы
оқу құралы. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында дәріс алып
жатқан студенттер мен магистранттарға арналған қазақ философиясы бойынша
қосымша оқу құралы ретінде ұсынылады. Жұмыс ежелгі түркі әле-мінде
қалыптасқан дүниетанымдық үлгілерден бастап қазіргі кезеңдегі кәсіби
философиялық деңгейге дейінгі аралықты қамтиды. Оқу құралын қалыптас-
тыру барысында қазақтың философиялық ойының тарихта сан қырлы си-патта
көріну формалары сараптаудан өткізілген. Кейбір бөлімдер тарихи тұл-
ғалардың дараланған дүниетанымындағы ерекшеліктерді ашып көрсетуге ар-
налса, біршама бөлімдерде қазақ халқының эпостық жырларындағы, рухани
әлеміндегі айрықша белгілерге философиялық сипаттамалар беріледі. Жұ-
мыстың мәтіні қазіргі заманның талаптарына сай жаңа әдіснамалық ұстаным-
дарға сүйенеді және жалпы оқушы қауымға теориялық тұрғыдан көмегін
тигізетін мақсаттарға негізделген. Әсіресе, соңғы бөлімде ХХ ғасырдың екін-ші
жартысында елімізде қалыптасқан кәсіби философия туралы қызғылықты ойлар
баяндалған.
Қазақ халқының көп ғасырлық тарихында даналықтың озық үлгісі боларлық
әлемді танып-білудің, зерделеудің өзіндік сипаттамалары, түркілік ерек-
шеліктерді танытатын философиялық ойлар мен тұжырымдар жеткілікті
болғаны белгілі. Мәселе сол рухани інжу-маржанның қадірін біліп, қаймағын
бұзбай қазіргі жаһандану заманында жүйелі түрде жинақтай алуда және оны
әрбір келетін жас ұрпаққа рухани сабақтастықпен бере білуде болып отыр. Осы
істі абыроймен жүзеге асырған жағдайда еліміздің Еуроазиялық кеңістіктегі
ерекше халық ретіндегі этникалық сипатымыздың, басқа халықтар алдындағы
құрметіміздің асқақтай түсері анық. Өйткені, өзінің рухани құндылықтарын
аялаған, өрбіткен ел ғана, оған жаңа заманда өзіндік жаңғырту сипатын берген
халық қана адамзаттың күрделі Тарихының ауқымында шынайы бағалануға
иеленері белгілі. Осы мақсатты оқу құралының авторлар ұжымы жұмыстың
негізгі бағдары, методологиялық ұстанымы ретінде алға қоя отырып, қазақ
философиясы пәні бойынша аталмыш еңбекті оқушы қауымға ұсынуды жөн
көрді.
Әрине, қазақ халқының философиялық ойы жайлы еліміз тәуелсіздікке қол
жеткізгенен бері қазақ және орыс тілдерінде бірталай еңбектер жарық көргені
белгілі. Олардың кейбірі жеке монографиялар болса, біршамасы оқулық,
немесе оқу құралы сипатында көрініс тапты. Бірақ олардың баспадан шығу
даналары да, таралу ауқымы да жоғары оқу орындарындағы күннен күнге
ұлғайып келе жатқан интеллектуалдық рухани байлыққа деген сұранысты
толығымен қанағаттандыра алмасы анық. Оның үстіне философиялық ойлау
тарихына деген көзқарас біржақты болмауы тиіс, ол әр түрлі түсініктердің
сұхбатынан, өзара байланысынан қалыптасқаны тиімді. Сонда ғана жас
ұрпақтың шығармашылыққа деген талпынысы күшейе түседі, күрделі
тарихымыздағы
көптеген
мәселелер
бойынша,
тарихи
тұлғалардың
3
дүниетанымдық жүйелері бойынша соны ойлар туындайды. Міне, осындай
түпкі астары бар жағдайды ескере отырып, авторлардың жаңа бір тобы жас-
тарға оқу құралын қалыптастыруға бел байлаған болатын.
Бұл еңбекті жинақтауға, қалыптастырып, құрастыруға еліміздің әр түрлі
ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарында қызмет атқарып жүрген
философия тарихы мамандығы бойынша қызмет атқарып жүрген жоғары білікті
мамандар қатысты. Жұмыста келтірілген мәтіндердің біршамасы ғылыми
өнімдер түрінде баспасөз бетінде жарық көрген және олар бірнеше жылдар
ауқымында ғылыми көпшіліктік деңгейде сынақтан өткен. Әсіресе, мәтіндердің
негізі арқауы болатын бөлімдер қазақ философиясының тарихына арналған
«Қазақ даласының ойшылдары» атты көптомдық жинақта жарық көрген еді.
Өкінішке орай, кезінде бұл топтамадағы материалдардың Қазақстан
Республикасының интеллектуалды кеңістігі көлемінде кеңінен таралып кетуіне,
студенттердің қолына жетуге баспа данасының аздығы кедергі болды.
Сондықтан оқушы қауымның осы ұжымдық еңбекте кездесетін кейбір
авторлардың мақалаларымен етене таныс болмауы әбден мүмкін. Міне,
осындай мәселелер ғалымдарды жаңа әрекеттерге итермеледі. Жұмыс фило-
софия тарихын баяндаудағы аталған олқылықтарды кәсіби деңгейде жою
мақсатында, сонымен қатар қазақ философиясының қыры мен сырын белгілі
бір жүйеге келтіру үшін жасалынды.
Ал, енді оқу құралының мәтінінің осындай түрдегі кешенді жұмысқа жи-
нақталуы еліміздегі ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі философияны игеру
тарихында алғашқы рет жасалып отыр. Сондықтан мәтіндегі әр түрлі ғылыми
стильдердің, пайымдаулардың кездесіп қалуы заңды дүние деген ойдамыз.
Негізгі мақсат – қазақ философиясының көп ғасырлық тарихында орын алған
дүниетанымдық әмбебаптарға, рухани игеруге ғылыми түсініктердің көкжиегін
кеңейту, оқушы қауымды мемлееттік тілде сұхбатқа шақыру, шығармашылыққа
баулу болып табылады.
Жалпы философияның өзі адамдардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыпта-
стыруға бағытталған ілім. Оның құрылымынан догмалық түрде қатып қалған
көзқарастарды, түсініктерді іздеу жаңсақтық. Ол үнемі ағып жатқан өзендей
жаңғырып отыруы тиіс. Тек тоталитарлық қоғамда ғана философияның аясы
тарылып, белгілі бір идеологиялық қалыптардың ауқымдарымен шектеліп
отырылады. Әрине, ол дегеніңіз белгілі бір іргелі ұғымдар болмайды деген сөз
емес. Қазақ дүниетанымы үшін ондай базалық негіз болған әмбебап ұғымдар
бар екені осы еңбекте кеңінен айтылады. Мәселен, қазақтың дүниетанымдық
әлемі этикалық принциптерді негізінен адамаралық қатынастарда асқар биікке
қойып, оны барлық бағдарлардан жоғары қоятындығы атап көрсетіледі және
осы ұстаным зерттеулердің басымдылық танытатын методологиялық
қағидасына айналған.
Әлемдік философияның бастауларын іздегенде көбінесе Ежелгі Қытай,
Ежелгі Үнді елі мен Ежелгі Грекия атап өтіледі. Алғашқы тұтас мағынадағы
философиялық мектептер, ағымдар мен бағыттар міне осы үш орталықта пайда
болған, ал қалған елдер осы үшеуінен тараған философиялық түсініктерді
қолдана отырып өздерінің философиялық ұғымдарын қалыптастыра алған
4
деген пікір қазіргі кезеңде көптеген оқулықтарда орын алған. Әрине, жоғарыда
аталған өркениет кеңістіктерінде шыныменде философияның озық үлгілері
тарихи процестің ерекше белгісіндей көрініс тапқанын мойындауға тиістіміз.
Дегенмен философиялық бастауларды іздегенде әлемді рухани игерудің
рационалдық түрлерімен шектелмеуіміз керек, адамзат тарихының сан қырлы
мүмкіндіктерін айшықтай түсіп қана оның бойындағы тылсым қуаты мен
күшін, орасан зор шығармашылығын аша түсеміз. Міне осы тұрғыдан алғанда
түркілік философиялық ойлар өзіндік тарихи ерекшеліктері бар дүние және ол
көркем бейнелерді жандандыра түсетін, белгілі бір жүйеге бағынатын құрылым
болып табылады. Қазақтың әлемді қабылдауы батыстық үлгілерден айрықша
принциптерге негізделген. Бұл да өзінше философиялық зерделеудің түрі. Ол
даналықты жоғары қоюшы жүйе десе де болғандай. Ал қазақ халқының
даналық тағылымдары аталған тарихи үлгіні, мәдени парадигманы
сабақтастықпен жалғастырып келе жатқан бірегей мәдениет болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі елімізде жүзеге асырылып жатқан «Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасы көрсетілген ерекшелікті, ұлттық даралылығымызды барынша
екшей түсетініне сенімдіміз. Жоғары оқу орындарындарындағы студенттер мен
магистранттарға, аспиранттар мен докторанттарға ұсынылып отырған осы оқу
құралының жалпы мазмұны да осы жетекші идеяға қызмет етеді және
оқырманды тарихи оқиғалардың желісімен бойлата отырып философиялық
сұхбатқа шақырады.
Оқырман қауымға ұсынылған ұжымдық шығарма қазақ философиясының
қысқаша топтамасы. Сондықтан, сан ғасырлық тарихымызда көрнекті орын
алған біршама данагөй ғұламалардың жинаққа енбей қалуы дерегін мойын-
даймыз. Мәселен, Жүсіп Баласағұнның философиялық дүниетанымы туралы
М.С. Орынбеков жазып кеткені белгілі, сондай-ақ Ш.Уәлихановтың, Ы. Ал-
тынсаринның көзқарастары туралы О.А. Сегізбаевтың оқулығында жақсы
тұжырымдалған. Басқа да зерттеушілер қазақ философиясының сан қырлы
астарларын ашып беруге ат салысып келе жатқанын атап өтуге болады. Сон-
дықтан бұл оқу құралының мақсаты жинақталған өзіндік философиялық
пайымдауларды оқырман қауымға жүйелеп ұсыну болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |