1. Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресейәкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшыларайқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Екі қазақ кездесе қалғанда жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассаламағалейқұм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалайқұмассалам!» деп жауап қатады. Тек содан кейін ғана егжей-тегжейлі аман-саулық сұрасады. Бұлай сәлемдесу бірін-бірі тіпті танымайтын адамдар үшін де міндетті болып саналады. Дала тұрғындарына тән әдептілік пен сыпайылық, кішіпейілділіктің бір көрінісі — үлкен кісінің есіміне әке (еке) сияқты жұрнақ сөз қосып айту. Мәселен, Қазбек — Қазеке, Диқан — Дәке, Бауыржан — Бауке сияқты айтылады. Мұны XX ғасырдың бас кезінде белгілі орыс ғалымдарының бірі Л. Баллюзек те байқаған: «Қырғыздардың сыпайылығы, кішіпейілділігі мен әдептілігінің бір көрінісі — жасы үлкен кісілердің есіміне еке (әке) сөзін қосып айтуы». Жас келіндер ер азаматты ерекше құрметтеудің белгісі ретінде күйеуінің жақын туысының атын атамаған. Күйеуінің әкесі мен шешесін ата, ене деп атаған. Күйеуінің іні-қарындастарын шырақ, жарқын, айнаш, гүлім, бауырым деп еркелете ат қоятын. Өзге туысқандарына да жаңа әрі жарасымды ат ойлап табатын.
Қазақтар екіқабат әйел мен жасы үлкен адамның алдын кесіп өтуді әдепсіздік санаған. Келіндер атасының, қайын ағаларының көзіне түспеуге тырысқан. Отағасы үйде жоқ кезде ересек ер адамның үйге түсуіне рұқсат етілмеген. Қазақ даласының мызғымас заңы, міне, осындай еді. Қазақтар үйге бас сұғар алдында қару-жарағын әрқашан тыста қалдыратын. Ал ханның алдына қамшы ұстап кіруге де болмайтын.
Алыс сапардан немесе жәрмеңкеден қайтып оралған адам өзінің жақын туыстары мен көршілеріне әр түрлі сыйлықтар - базарлық ала келетін. Ауыл ақсақалдары тамақ үстінде үлкен табақтан жасы кішілерге асату жасайтын. Егер кімде-кім әлдебір жаңа киім кие қалса, бағалы затқа ие болса, оған жақын туыстарының, дос-жарандарының байғазы беру әдет-ғұрпы болған.
2. Шығыс Ренессансының талай елдерді қамтыған және 500 жылдан артық өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі. Оның әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, Фирдауси, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, қазір мәдениетті адам деп есептелу қиын. Бұл жерде осы ұлы құбылыстың мұсылмандықпен қатысы қанша деген сұрақ заңды туады. Оның негізі де бар. Арабтар Орта Азия жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Осының нәтижесінде бүкіл афроеуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына мүмкіндік туды. Бұл жағынан алғанда ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді араластырып қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды. Арабтар жаулап алған көптеген елдерде (әсіресе, Иран, Үндістан, Египет, Сирия) бұрынғы эллинистік өркениеттің рухы жоғалмап еді. Бұрыннан Орта Азиямен тығыз байланысты Қазақстан жеріне де ислам өз әсерін тигізді. Еліміздегі көптеген түрік тайпаларының мемлекеттік бірлестіктері ислам дінін бірден қабылдамаған. Қарахандар мемлекетінде мұсылман дінін алғашқы қабылдаған қаған Сатұқ, ал оның баласы Мұса 955 жылы исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады. X ғасырда оғыздар мен қыпшақтардың да бірталай бөлігі мұсылмандыққа өтті. Жалпы алғанда, исламды қабылдау Қазақстан жеріндегі тайпалардың сол кездегі озық мәдениеттерге қосылуына мүмкіндік берді.