Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау»



Дата23.02.2016
өлшемі170.6 Kb.
түріРегламент


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «24» тамыздағы

№ 196 қаулысымен бекітілді



«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші

көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді

аттестаттау» мемлекеттік қызмет

регламенті

1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) аттестаттау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субъектiсiнiң мәртебесiне сәйкестiгiн анықтау (растау);

2) аттестаттау туралы куәлік – мемлекеттің тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектілердің қызметін тануын растайтын, өз құзыреті шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган немесе облыстың жергілікті атқарушы органы берген құжат;

3) бірегей тұқымдар – ауыл шаруашылығы өсімдігі сортының авторы, ол уәкілдік берген адам немесе сорттың оригинаторы өсіріп шығарған және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқым;

4) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдар – тұқымдар элитасының жылдар бойынша кейіннен өсіріп - өндірілуі: бірінші жыл – бірінші көбейтілген тұқым, екінші жыл – екінші көбейтілген тұқым, үшінші жыл – үшінші көбейтілген тұқым;

5) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдар өндіруші – облыстың жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект;

6) сараптау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) - Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұйрығымен, саны бес адамнан кем емес құраммен (Комиссияның төрағасы және төрт мүшесі) құрылады. Комиссияның құрамына ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының, аграрлық бейіндегі ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері (келісім бойынша) енгізіледі;

7) тұқым өндіруші – тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

8) тұқым өткізуші – облыстың жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының партияларын өткізу және (немесе) тұқым несиесін беру жөніндегі қызметті жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;

9) элиталық тұқымдар - ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей немесе суперэлиталық тұқымынан алынған және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңының талаптарына сай келетін тұқымдар;

10) элиталық тұқымдар өндіруші – облыстың жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, элиталық тұқымдарды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект.


2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745, «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулыларына сәйкес әзірленді.

3. «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқ ым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы) (бұдан әрі – Басқарма) көрсетеді.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 4) тармақшасы, «Тұқым шаруашылығы саласындағы кейбір субъектілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысы негізінде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі аттестаттау туралы қағаз тасығышта куәлік беру немесе оны беруден жазбаша түрде дәлелді бас тарту болып табылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мына мекенжайда орналасқан Басқармаға жүгінуі керек: Өскемен қаласы, Головков көшесі, 38/40.

9. Мемлекеттік қызметті Басқарма демалыс және мереке күндерінен басқа күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетеді, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты, тұтынушы Басқарманың www.agro.vko.gov.kz веб-сайтынан немесе 700-720, 700-701 телефондары бойынша алады.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы осы Регламенттің 17 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспауы тиіс;

құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтуге рұқсат етілген ең көп уақыты 30 минуттан артық емес;

құжаттарды алу кезінде кезекте күтуге рұқсат етілген ең көп уақыты 30 минуттан артық емес.

12. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

13. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

тұтынушының осы Регламенттің 17 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;

тұтынушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысымен бекітілген Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі маманының тұтынушының құжаттарын қабылдауы және тіркеуі, қолхат беруі;

2) Басқарма басшысының жауапты орындаушыны белгілеуі;

3) жауапты орындаушының тұтынушының құжаттарын дайындауы және Комиссияның қарауына жіберуі;

4) Комиссияның ұсынылған құжаттарды зерделеуі, тұтынушының бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші және тұқым өткізуші мәртебесіне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін жергілікті жерге бара отырып анықтауы, Комиссия отырысының хаттамасы нысанында шешімді ресімдеуі;

5) жауапты орындаушының тұтынушыға бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші және тұқым өткізуші мәртебесін беру туралы бұйрықты, аттестаттау туралы куәлікті ресімдеуі немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындауы;

6) Басқарма басшысының тұтынушыға бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші және тұқым өткізуші мәртебесін беру туралы бұйрыққа, аттестаттау туралы куәлікке немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы;

7) Басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі маманының тұтынушыға аттестаттау туралы куәлікті немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты беруі.

15. Басқармада мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы іс- әрекеттер

(өзара іс-әрекет) тәртібінің сипаттамасы
16. Құжаттардың тапсырылғанының дәлелі тұтынушыға мыналарды көрсете отырып берілген қолхат болып табылады:

1) құжаттардың қабылдау нөмірін және күнін;

2) сұратылып отырған мемлекеттік қызмет түрін;

3) қоса беріліп отырған құжаттардың санын және атауын;

4) мемлекеттік қызметті алған күнін (уақытын) және құжаттар берілген орынды;

5) өтінішті қабылдаған жергілікті атқарушы органның жауапты лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің атын.

17. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Басқармаға:

1) осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе жеке тұлғаның жеке басын растайтын құжаттың көшірмесін;

3) жер учаскесіне берілген бірдейлендіру құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесін (тұқым өткізушілер бермейді). Жер учаскесін жалға алу шарты бойынша жалға алу мерзімі он жылдан кем емес болуы керек;

4) жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін (заңды тұлға үшін);

5) тұтынушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысымен бекітілген Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;

6) тікелей тұқым өндірумен айналысатын мамандар туралы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, еңбек өтілі).

18. Мемлекеттік қызмет көрсету барысына мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатыстырылды:

1) Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің маманы;

2) Басқарма басшысы;

3) жауапты орындаушы;

4) Комиссия.

19. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімдеудің) орындалу мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдеулері) дәйектілігінің және өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.

20. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламенттің 3 қосымшасында келтірілген.

21. Аттестаттау туралы куәліктің нысаны «Тұқым шаруашылығы саласындағы кейбір субъектілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысымен бекітілді.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетуші лауазымды

тұлғалардың жауапкершілігі
22. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты болады.

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,

екінші және үшінші көбейтілген

тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1 қосымша

«Шығыс Қазақстан облысы

ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ

__________________________

(заңды тұлғаның толық атауы,

жеке тұлғаның аты, жөні, тегі

көрсетіледі)

Өтініш
Аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткізуді және____________________________ ________________________________________________________________________________

(ауыл шаруашылығы өсімдігінің атауы,сорттардың саны (бірегей тұқым өндірушілерге сорттардың саны көрсетілмейді) көрсетіледі)

тұқымын өндіру және сату (тұқым өткізушілер үшін – тек тұқым сату) жөніндегі

________________________________________________________________________________

(берілетін мәртебе түрлерінің біреуі көрсетіледі)

мәртебесін беруді сұраймын.

      Жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтер:

      1. Меншік нысаны __________________________________________________________

      2. Құрылған жылы _________________________________________________________

      3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе жеке тұлғаның жеке куәлігі ________________________________________________________________________________

                   (нөмірі, кім және қашан берілгені көрсетіледі)

      4. Мекенжайы: _____________________________________________________________

(индекс, қала, аудан, облыс,көше, үйдің №, телефон, факс, электрондық мекенжай)

      5. Басшы __________________________________________________________________

                           (тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі)

      6. Банктік деректемелері ____________________________________________________

________________________________________________________________________________

      (ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі), шоттың №, банктің атауы және орналасқан жері)

      7. Қоса беріліп отырған құжаттар: ________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________



(Регламенттің 15 тармағына сәйкес)
Басшы _______________________________________   _____________________ (тегі, аты, әкесінің аты)               (қолы)

             

М.О.                     20__ жылғы "__" __________
Өтініш 20__ жылғы "__" __________ қарауға қабылданды.

______________________________________________________   _________________ (өтінішті қабылдаған жауапты тұлғаның тегі аты, әкесінің аты)              (қолы)

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламентіне

2 қосымша




1 кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы


Негізгі процесс (жұмыстар барысының, ағынының) іс-әрекеттері


1

Іс-әрекеттің (жұмыстар барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

6

7

2

ҚФБ атауы

1 ҚФБ

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің маманы




2 ҚФБ

Басқарма басшысы




3 ҚФБ

Жауапты орындаушы



4 ҚФБ

Комиссия



ҚФБ 3

Жауапты орындаушы



2 ҚФБ

Басқарма басшысы




1 ҚФБ

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің маманы




3

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушының құжаттарын қабылдау және тіркеу


Жауапты орындаушыны белгілеу


Комиссия қарау үшін тұтынушының құжаттарын дайындау

Ұсынылған құжаттарды зерделеу, тұтынушы-ның бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші және тұқым өткізуші мәртебесіне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін жергілікті жерге бара отырып анықтау


Тұтынушыға бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші және тұқым өткізуші мәртебесін беру туралы бұйрықты, аттестаттау туралы куәлікті немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу

Тұтынушыға тұқым шаруашылығы субъектісі мәртебесін беру туралы бұйрыққа, аттестаттау туралы куәлікке немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

Тұтынушыға аттестаттау туралы куәлікті немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Қолхат беру

Қарар

Тұтынушының құжаттарын Комиссияға жіберу

Комиссияның шешімі (отырыс хаттамасы)

Тұтынушыға бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші және тұқым өткізуші мәртебе-сін беру туралы бұйрықты, аттес-таттау туралы куәлікті немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты Басқарма басшы-сына беру

Аттестаттау туралы куәлікті немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты Басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне жіберу

Шығыс хат-хабарлар журналында белгілеу


5

Орындау мерзімі

30 минуттан артық емес

1 сағаттан артық емес

1 жұмыс күні

15 жұмыс күнінен артық емес

1 жұмыс күнінен артық емес

1 сағаттан артық емес

30 минуттан артық емес

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

5

6

7






2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс


Негізгі процесс (жұмыстар барысы, ағыны)

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің маманы


Басқарманың басшысы


Жауапты орындаушы

Комиссия


№ 1 іс-әрекет

Тұтынушының құжаттарын қабылдау және тіркеу

(30 минуттан артық емес)


№ 2 іс-әрекет

Жауапты орындаушыны белгілеу

(1 сағаттан артық емес)


№ 3 іс-әрекет

Комиссия қарау үшін тұтынушының құжаттарын дайындау (1 жұмыс күні)



№ 4 іс-әрекет

Ұсынылған құжаттарды зерделеу, тұтынушының бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші және тұқым өткізуші мәртебесіне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін жергілікті жерге бара отырып анықтау (15 жұмыс күнінен артық емес)



№ 7 іс-әрекет

Тұтынушыға аттестаттау туралы куәлікті беру (30 минуттан артық емес)





№ 6 іс-әрекет

Тұтынушыға бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші және тұқым өткізуші мәртебесін беру туралы бұйрыққа, аттестаттау туралы куәлікке қол қою (1 сағаттан артық емес)



№ 5 іс-әрекет

Тұтынушыға бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші және тұқым өткізуші мәртебесін беру туралы бұйрықты, аттестаттау туралы куәлікті ресімдеу (1 жұмыс күнінен артық емес)







3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама процесс – мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз бар болған жағдайда


Балама процесс (жұмыстар барысы, ағыны)

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің маманы

Басқарма басшысы


Жауапты орындаушы

Комиссия


№ 1 іс- әрекет

Тұтынушының құжаттарын қабылдау және тіркеу (30 минуттан артық емес)




№ 2 іс- әрекет

Жауапты орындаушыны белгілеу

(1 сағаттан артық емес)


№ 3 іс-әрекет

Комиссия қарау үшін тұтынушының құжаттарын дайындау (1 жұмыс күні)



№ 4 іс-әрекет

Ұсынылған құжаттарды зерделеу, тұтынушының бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші және тұқым өткізуші мәртебесіне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін жергілікті жерге бара отырып анықтау (15 жұмыс күнінен артық емес)



№ 7 іс-әрекет

Тұтынушыға аттестаттау туралы куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру (30 минуттан артық емес)



№ 6 іс-әрекет

Аттестаттау туралы куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою (1 сағаттан артық емес)




№ 5 іс-әрекет

Аттестаттау туралы куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау (1 жұмыс күнінен артық емес)





«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,

екінші және үшінші көбейтілген

тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау»

мемлекеттік қызмет регламентіне

3 қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсету процесі (жұмыс барысы, ағымы)

1 ҚФБ. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің маманы

2 ҚФБ. Басқарма басшысы


3 ҚФБ. Жауапты орындаушы


4 ҚФБ. Комиссия




О-1, А-1

Тұтынушының құжаттарын қабылдау және тіркеу

(30 минуттан артық емес)





О-7, А-7

Тұтынушыға аттестаттау туралы куәлікті немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру (30 минуттан артық емес)







О-2, А-2

Жауапты орындаушыны белгілеу

(1 сағаттан артық емес)


О-6, А-6

Тұтынушыға бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші және тұқым өткізуші мәртебесін беру туралы бұйрыққа, аттестаттау туралы куәлікке немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

(1 сағаттан артық емес)
(1 сағаттан артық






О-3, А-3

Комиссия қарау үшін тұтынушының құжаттарын дайындау

(1 жұмыс күні)








О-5

Тұтынушыға бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші және тұқым өткізуші мәртебесін беру туралы бұйрықты, аттестаттау туралы куәлікті ресімдеу (1 жұмыс күні ішінде)










А-5

Аттестаттау туралы куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау

(1 жұмыс күнінен артық емес)






О-4, А-4

Ұсынылған құжаттарды зерделеу, тұтынушының бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші және тұқым өткізуші мәртебесіне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін жергілікті жерге бара отырып анықтау (15 жұмыс күнінен артық емес)






Толық құжаттар пакеті ұсынылған және тұтынушының біліктілік талаптарына сәйкестігі жағдайында




Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба


Толық емес құжаттар пакеті ұсынылған және тұтынушының біліктілік талаптарына сәйкес еместігі жағдайында

О – негізгі іс-әрекеттер;



А – балама іс-әрекеттер



Каталог: assets
assets -> 2015 жылғы «21» маусымдағы №186 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
assets -> Литература 8 Задачник классы практикум 11 Под научным руководством академика Г. Г. Граник
assets -> 7 тыс рублей, в том числе субсидии бюджетам муниципальных образований 1 000 000 тыс рублей
assets -> Регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
assets -> Шығыс Қазақстан облысының 2013 жылғы қаңтар- қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
assets -> «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет