Қарым-қатынастың онтогенезде дамуы
Капенова А.А – п. ғ. к. (Талдықорған қ., І.Жансүгіров ат. ЖМУ)
Адам аралық қатынас – қарапайым да күрделі мәселе. Қарым-қатынас психология ғылымының басты категориясының бірі болып табылады. Жеке тұлға дамуында қарым-қатынастың маңызы жоғары.
Қарым-қатынас – адамдар арасында өзара білім, тәжірибе алмасу құралы болып та табылады. Адамдар басқа адамдармен қатынас жасау арқылы еңбек етіп, өзінің материалды және рухани қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандырады. Өмірге келген алғашқы сәттерден бастап қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Бұл жайында психолог Л.С.Выготский «бала дамуы үлкендермен жасалған қарым-қатынас барысында орындалады»,- деген.
Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. Қарым-қатынастың үш жағы бар: интерактивті, коммуникативті және перцептивті. Қарым-қатынас деңгейлері – мезо, макро, микро, стандартты, рухани, іскер т.б. Қарым-қатынас түрлері - әлеуметтік бағдарлаушы, жеке бастық бағдарлаушы, топтық, топаралық т.б.
Қарым-қатынас сферасы соңғы жылдарда ғалымдар назарын ерекше аударуда. Қарым-қатынас табиғатын философ, социологтар: Б.Д.Парыгин, И.С.Кон; психолингвист А.А.Леонтьев; жас ерекшелік психологиясында М.И.Лисина, Я.Л.Коломинский зерттеп, қарастырды. Ал, қарым қатынастың педагогикалық аспектілерін Б.Ф.Ломов, В.А.Кан-Калик, Ш.А.Амонашвили, А.В.Мудрик өз еңбектерінде зерделеуге тырысқан.
Шет елдік, отандық зерттеулер тек, қарым-қатынас барысында ғана баланың ішкі әрекетінің дамуы (А. В. Балбачан, Г. И. Капгель), эмоционалды жай – күйінің сферасы (А. И. Сорокина), баланың танымдық белсенділігі (Е. О. Смирнова), ерік - жігері (Г. И. Капчель, Е. О. Смирнова) өзіндік сана мен өзін бағалауы (Н. Н. Авдеева) т.с. жүзеге асыратынын көрсетті.
Адам өзінің пайда болу сәтінен бастап, белгілі бір тіршілік ортасында өзара әрекеттестікте болады: сол жерде ол дамиды, оқып, білім алады, аталған әлеуметтік ортасын жаңартып, өзгертеуге қабілеті бар қайталанбас тұлғалық сапаларды меңгереді.
Осы аталған тіршілік ету ортасы баланың психикалық дамуына әсер ететін параметрлер спектрін құрайды. Атап айтсақ: индивидтің өмір сүретін нақты ортасы, ол ауылдық жер немесе үлкенді-кішілі қала болуы ықтимал, сол жердегі тіршілік ету тәртібі, адамдардың қарым-қатынасы, салт-дәстүрлері.
Соңғы жылдары бала тәртібі, мiнез-құлқының дамуына отбасындағы бөлме саны, бөлмедегі балаға арналған аймақтың болу, болмауы да әсер ететіндігі көрсетіліп жүр. Дәлірек айтсақ, бала ұзақ уақыт бойы өзіндік аймақсыз жағдайда, яғни аймақтық оқшаулануда болмаса, ол әлсіз, дәрменсіз күйде болғанға үйренеді, бұл құбылыс «үйретілген дәрменсіздік» нәтижесі деп аталады /1/.
Сонымен, нәресте туған сәтте, жаңа әлеуметтік, психикалық өлшемдерге тап болғанымен де, ол әлі де болса көпке дейін ментальды симбиозды күйде болады. Бұл туралы Ж. Пиаже өзінің психика дамуының кезеңдік тұжырымдамасында, алғашында нәресте өзін ортамен біртұтас күйде сезінеді, бала өзінің дара, дербес тұлға екенін тек 2-3 жасқа толғанда түрлі әрекеттер орындап, өзіндік «Мен» бейнесін түсіне бастағанда ғана сезінеді деп көрсетеді /2/.
Ол «үлкен болуды» армандайды, арманын тез іске асырғысы келеді. Бірақ, баланың «үлкен болу» тілегі мен мүмкіндігі сай келмейді. Сондықтан, бала өзінің талап – тілегін үлкендерге қарсы кояды. Үлкендер рұқсат етпеген нәрсені әдейі жасап, өзінің үлкендігін, тәуелсіз екенін, күштілігін көрсеткісі келеді.
Бала тәртібіндегі бұл өзгерістер үлкендер тарапынан ұйымдастырылған эмоционалды қарым-қатынастар нәтижесінде орындалады. А.Г.Рузскаяның айтуынша: эмоционалды терең байланыс сәби мен ата-ана арасында сөздің пайда болып, дамуының ең маңызды шарты болып табылады /2/.
Себебі, эмоционалды қарым-қатынас өздігінен сөзді қажет етпесе де, сөздің дамуының екі жолын қалыптастырады: біріншіден, сәби үшін үлкендермен қарым-қатынаста бостандық, теңдік, еркіндік жағдайы баланың белсенділігін арттырады, екіншіден, үлкендермен қарым-қатынас жасауға қызығушылық сәбиді сөзге дегенде ыждағатты болуға итермелейді.
Алғашында, үлкендермен вербальды емес коммуникация – түрлі қимыл-қозғалыстар, ым-ишарат арқылы қарым-қатынасқа түскен баланың сөйлеу тілі үш жастан бастап қалыптасады. Бала тілі дамуының сензитивті кезеңі 1-3 жас аралығы екенін ескерсек, сөздік қарым-қатынастың тапшылығы бала психикасының дамуына тежеу болатыны көрінеді. Осы кезде нәресте үлкендермен ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болмаса, ол деградацияға ұшырап, соңында жалпы дамуы тоқтауы мүмкін. Эмоционалды қатынастың тапшылығы қайтпас нәтижелер береді. Керісінше, эмоционалды қарым-қатынастың дер кезінде, қажет мөлшерде жүргізілуі – балада үлкендер әрекетіне еліктеу қабілетін тудырып, сөйлеуге деген ынтасын қалыптастырады.
Қарым–қатынас табиғаты психологтардың ғана емес, философтар мен социологтардың аса көңіл бөлетін тақырыбы екендігі туралы жоғарыда сөз болды..
Адамдар арасындағы қарым–қатынастың басты мақсаты - өзара түсіністікке қол жеткізу. Бірақ мұны істеу оңай емес. Қарым–қатынас жасауда айналадағы адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Айналадағы адамдарға өз ой-пікіріңді түсіндіру арқылы, көптеген түсініспеушілік, кикілжің, келіспеушіліктердің алдын алуға мүмкіндік туады.
Қарым–қатынас процесі белгілі бір әлеуметтік ортада, топтарда, ұжымда жүзеге асатыны белгілі. Олар қоғамдық талап пен қоғамдық қажеттіліктен туындайды.
Қарым–қатынас–адамның қоғамның мүшелері ретіндегі өзге адамдармен өзара әрекеттестігінің ерекше түрі. Қоғамның дамуымен қарым-қатынастың мүмкіншілігі кеңи түседі. Адамдар арасындағы арнайы қарым-қатынастар сәби өмірінің алғашқы айларынан бастап қалыптасады да өмірінің соңына дейін, яғни онтогенез бойы үзілмейді. Алғашында эмоционалды қарым-қатынас, кейін заттық қатынас дамиды. Баланың қоршаған адамдармен қарым-қатынасының бастапқы кезеңіндегі қалыптасуында тілдің, тума ым-ишара (мимика), арнайы белгілері үлкен рөлге ие. Бұл кездегі қарым-қатынас эмоциялы формада жүзеге асады, осы қатынас өз кезегінде адамдардың өзара жақындасуын, сенімін тудырады. Осылайша, қарым-қатынас барысында сәбиде алты айда қандай да бір адамға деген жақындастық пайда болады. Бала жүзіндегі күлкі –оның адамдармен қарым-қатынас нәтижесінде пайда болатын сезімдерінің алғашқы белгісі. Айналадағы адамдармен қатынас жасау барысында баланың өзіндік қажеттіліктері пайда болып, оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері туады. Дүниеге келген күннен бастап бала ата-анасы т.б. адамдармен тығыз қарым-қатынас жасап, әрбір іс-әрекеттің мән-мағынасын, мақсат-міндеттерін, жасалу жолдарын, әдіс-тәсілдерін, қарым-қатынас ережелерін біртіндеп меңгере бастайды.
Адам қатынас жасау барысында еңбек етіп, өзі өмір сүріп отырған қоғамға еніп, әлеуметтене бастайды. Адам үшін өмірге келген алғаш сәттен бастап қарым – қатынас психикалық дамуының негізі болып табылады.
Арнайы жүргізілген зерттеулер адамдардың басым көпшілігі өзінің 70 пайыз уақытын, өзара тілдесіп қарым–қатынас жасауға жұмсайтынын, ал жетекші қызмет пен басшылық ететін адамдар өздерінің жұмыс мерзімінің 80 пайыз уақытын осы қарым – қатынас жасауға жіберетінін көрсетеді.
Ал, педагог еңбегінің әсерлігі тікелей қарым–қатынас өнеріне, шеберлігіне байланысты. Педагог қарым – қатынас негізінде жағдайды дұрыс бағалау, аудиториямен байланысты орнату, оқушыны дұрыс түсіну т.б міндеттерді шешуге тырысады. Оқушылармен өзара қарым – қатынасын ұйымдастыруға бағытталған, педагогтың коммуникативті әрекеті ұжымдағы балалар қарым – қатынасын басқару болып табылады.
Психолог М.И. Лисина “Қарым–қатынасты – ортақ нәтиже мен шешімге жету мақсатында орындалған екі не одан да көп адамдардың өзара байланысы ” деп түсіндірсе, ал, К.К. Левин қарым – қатынастың бірнеше тәсілдерін көрсетті:
-
Әміршілдік қатынас– қол астындағылармен қатал қатынаста болу. Бұл жағдайда олар тек орындаушылар рөлін атқарады, қандай да болсын шешім қабылдауға қатыспайды;
-
Демократиялық қарым-қатынас, ол ұжым алдындағы міндеттерді талқылап бірлесе шешім қабылдауға мүмкіндік тудырады;
-
Либералды қатынас – жетекшілікпен ғана шектеледі. Бұл жағдайда талап қоюшылық, бір жүйе байқалмай әркім өз бетінше жүреді.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Себебі, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, яғни қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі бір мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Кез – келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым – қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен тілдесу қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қатал, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сенімсіздікке әкеліп соқтыратыны байқалып жүр.
Адам қарым–қатынас арқылы айналадағы дүние жайлы ақпарат алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спектакль тамашаласа да, лекция тыңдаса да, дос- жарандармен сөйлессе де – осының бәрі қарым-қатынастың сан алуан қырлары арқылы жүзеге асып отырады. Өмірдегі сан алуан тыныс тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз не жанама, не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі.
Осындай қарым-қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып отырады.
Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне де байланысты. Көңіл-күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы. Адамдармен дұрыс қарым–қатынас жасай білу шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне байланысты десе де артық емес. Олай болса, қарым-қатынасқа түсу үшін ортадағы адамдармен дұрыс ниетте болу абзал.
Адамдар қарым-қатынас барысында кейбір қиыншылықтарға кездесіп те жатады. Қиын қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде, адамдардың өзара түсініспеушілік жағдайында шынайы байқалады. Адамдар арасында келіспеушілікті болдырмау үшін екі жақ та бір шешімге, ымыраға келуге тиіс.
Адамның қарым-қатынас мәдениеті оның мінез–құлқын, тәртібін реттейді.
Қарым-қатынаста қас-қабақ, бет жүз құбылысы, дауыс ырғағы маңызды қызмет атқарады. Адамдардың жайдары жақсы қатынаста болуы тілектестік, ниеттестікті білдіреді.
Қарым-қатынас – бұл ғылым әрі өнер. Бұл шығармашылық процесс. Айналадағы адамдармен эмоционалды жағымды қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-ойына байланысты жүзеге асып отырады. Тіл табысып, өзгелермен қатынас орнату әрбір адамның өзіндік талғам -тілегін, ықылас-ынтасын жалпы адамға деген адами көзқарасын жете түсінуді талап етеді. Қарым – қатынас нәтижесінде адамның кісілік қасиеті, өзгелерге деген қамқорлығы мен жан ашырлық сезім, ізгілік көзқарасы қалыптасады. Тіршілік ортасы мен өмір сүрудің сан алуан сырларын біліп жеке басының қадір-қасиетін арттырады. Қарым-қатынас жасаушылар өз арасында көтерген мәселелері мен хабар алысу кезінде бәрінің сөзін бірі ынта қойып тыңдап, әңгіменің мән-жайын барынша жете түсінуді мақсат тұтады.
Қарым-қатынас барысында адамда моральдық-саяси, эстетикалық сезімдер, мінез қалыптасады.
Адам – ақыл иесі саналы жан ретінде әлеуметтік ортада қоғамдық жағдайда, қоршаған әлеммен қатынас жасау барысында өмір сүреді.
Әлеуметтік орта бұл адамдардың өзара қарым-қатынасынан тұратын қоғам. Ал, адамның сол әлеуметтік ортаға, қоғамға деген қатынасын, оған деген көңіл-күйін білдіруі – әр кез психология, әлеуметтік психология ғылымдарының зерттейтін мәселесі болып табылуда.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Е.И.Рогов., Психология общения.М.,2002 336 стр
2. С.К.Нартова-Бочевер
А.В. Потапова Введение в психологию развития., М. 2005 216 стр
3. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы А., 1999. Б.26-30
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада қарым-қатынастың онтогенезде даму мәселесі қарастырылған. Қарым-қатынас психологиялық категория ретінде әр қырынан түсіндіріліп, оның адам дамуындағы маңыздылығы сөз етілген.
РЕЗЮМЕ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ
ОЙЫН ЖӘНЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Қараева Т.Н. (Алматы қ., Қазмемқызпу)
Сюжеттік-рөлдік ойындардың мектепке дейінгі балалардың жетекші іс-әрекеті екені белгілі. Жетекші іс-әрекеттің шешуші рөлін атап көрсету бала айналысатын басқа іс-әрекеттердің рөлін назардан тыс қалдыру дегенді білдірмейді, дегенмен олар психологиялық жаңа құрылымдардың сипатын ашпайды.
Жетекші іс-әрекеттің бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл баланың ересектермен қатынастарының, ал осы арқылы нақтылыққа деген қатынасының осы кезеңге сай дамуы толық көрсетілетін іс-әрекет. Екіншіден, жетекші іс-әрекет баланы осы кезеңде психикалық дамудың қайнар көзі болып табылатын қоршаған ортаның осындай элементтерімен байланыстырады. Үшіншіден, жетекші іс-әрекеттке ең алдымен дамудың осы кезеңінде байқалатын бала тұлғасының негізгі психологиялық өзгерістері тәуелді. Төртіншіден, жетекші іс-әрекет ішінде баланың негізгі психикалық процестері қалыптасады немесе қайта құрылады, баланың жаңа жоғарғы даму сатысына өтуін даярлайтын психикалық процестері дамиды.
Баланың кез келген ойынында өзара қарым-қатынас орнайды. Ойынды ересек ұйымдастыратын және онымен бірге ойнайтын жағдайда, бұл - ересектермен өзара қарым-қатынас, балалар бір-бірімен ойнағанды қалайтындықтан, көбіне бұл – құрбыларымен өзара қарым-қатынас. Қарым-қатынастың құрамдас бөліктері – коммуникацияны, өзара әрекетті, өзара түсінушілікті атай отырып, біз өзара қарым-қатынасты жай ғана өзара әрекетті ұйымдастыру ретінде ғана емес, қарым-қатынастың осындай барлық құрамдас бөліктерін біріктіруші ретінде атап көрсетеміз. Осылайша, қарым-қатынастың екі түрін айыруға болады: ересектермен қарым- қатынас (Б—Е) және құрбысымен қарым-қатынас (Б—Б1). Осы салалар өзара бір-бірімен тең бе? Жоқ әрине. Бала дүниеге келісімен ересектермен қарым-қатынаста болады, бірақ оның мазмұны мен бағыты барған сайын өзгерістерге ұшырап отырады /1/. Құрбысымен қарым-қатынас кейіннен үш жасқа таман пайда болып, мектепке дейінгі шақта өз кемеліне жетеді /2/. Балалық шақ кезеңінде ересектермен қарым-қатынас ересектердің әсерінің мазмұнымен қатар формасы бойынша ажыратылатын түрлі іс-әрекет барысында пайда болады. Іс-әрекеттің негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, ересек қоршаған ортаға деген қатынасын баланың өзіне алған рөлі арқылы жанама түрде қатысатын ойын. Ойында баланың мінез-құлқы, ойын барысында (басқа адамдардың міндеттерін атқаратын) өзінің достарына деген қатынасы анағұрлым бедерлі түрде ересектің бағыттаушы бейнесі арқылы жанамаланады. Ойында бала түрлі рөлдерді орындау арқылы бір жағынан әдеп нормаларын меңгереді, екінші жағынан тұлғалық мінез-құлық механизмдері, яғни өзінің мінез-құлқын шынайы елес түрінде берілетін үлгіге бағындыру механизмі қалыптасады. Ойынға бір табан жақын, формасы жағынан түрліше болатын баланың өнімді іс-әрекеті – сурет, илеу, құрастыру. Екіншіден, ересек баланың іс-әрекетін берілетін тапсырмаларды ұғыну арқылы басқаратын, ұйымдастырылатын сабақтар. Бұл жерде педагог түпкі ойы бойынша орындауға қызықты нәрсе ұсынатын, түпкі ойды орындауға көмектесетін және оның қорытындысын бағалай алатын адам ретінде тікелей қатысады. Үшіншіден, бала мен педагог қатынастары жанама түрде берілетін күн тәртібін орындауға байланысты іс-әрекет.
Ересек пен баланың осындай жаңа қатынастарының орнауы мектепке дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру үрдісі болып табылады. Бала тұлғасының дамуында қарым-қатынас басты рөл атқарады. Себебі, өзінің ең қарапайым тікелей эмоционалдық түрінде ол қоршаған ортадағы адамдармен байланыс орнатуға алып келеді және тұлға мәнін құрайтын қоғамдық өзара қатынастар үйлесімдігінің немесе жиынтығының бірінші компоненті болып табылады. Қатынастардың көрсетілген түрлері бір-бірінен оқшау емес, керісінше бала өзін басқалар арқылы танитын, ал кейде айнаға үңілгені секілді «үйлесімділікті» құрайды; ересектерге заттар арқылы қатынас жасайды, ал заттық әлемге деген қатынасы өзіне және басқа адамдарға қатынасымен жанамаланады /3/.
Мектепке дейінгі жастың елеулі жағы құрбыларымен қарым-қатынастың пайда болуы мен «балалық қоғамның» құрылуы болып табылады. Балалар құрбыларымен қарым-қатынасты балаға өзінің тұлғалық сапаларын дамытуға мүмкіндік беретін ойын барысында айқын байқауға болады. Бірлескен ойын іс-әрекетінде бала өзінің әрекеттерін басқа балалардың әрекеттеріне сәйкестендіруге үйренеді. Балалалар тобындағы басқа мүшелерімен нақты қатынастары ұжымдық сапаларды қалыптастырып қана қоймай, баланың өзіндік санасын да дамытады. Құрбыларына, жаңадан қалыптасып келе жатқан ұжымның пікіріне ден қою оның бойында әлеуметтік сезімдерді: дербестікті, топқа еру қабылетін, жан ашу қабілеттерін қалыптастырады. Егер ойын сюжеті балаға ересектердің қызметімен және өзара қарым-қатынастарымен танысуға мүмкіндік беретін болса, онда нақты өзара қарым-қатынастар оны түрлі жағдайларда өзін ұстауға үйретеді. Бұл кезінде А.П. Усова (1981) көрсеткен қатынастардың екі түрінің негізін, ал кейде ойын мен нақты қарым-қатнастар арасындағы алшақты құрайды. Мектепке дейінгі барлық жас кезеңінде ойынның мазмұны мен түрі елеулі өзгерістерге ұшырап отырады. Кіші жастағы балалар ойының негізгі мазмұны - ересектердің өмірдегі шынайы заттармен жасалатын әрекеттерін (еден сыпыру, нан кесу және т.б.) ойын заттарымен орындау. Бұл жаста балалар әдетте жалғыз ойнайтынын атап өткен маңызды. Тіптен ойынды ересектер ұйымдастырып, ойын заттары ортақ болған күннің өзінде де балалар бірге емес, қатар ойнайды. Ал ересек балаларда рөлдерді орындау қажеттілігінен бірлесіп ойнауға қызығушылық туындайды. Балалардың шынайы қарым-қатынастарын дамыту тұрғысынан маңыз алатын рөлдік қарым қатынас пайда болады. Мектепке дейінгі жастың соңына қарай ойын мазмұнының ең бастысы ережелерге бағыну. Психикалық дамудың осы кезеңінде ережелер бала үшін бір жағынан балалардың бір-бірімен қатынастарын қалыптастыру мен дамытудың бастапқы механизмі, ал екінші жағынан шектері болып табылады.
Ойында балалар өз әрекеттерін жеңіл үйлестіреді. Рөлдік бағыну мен әрекеттерін үйлестіру сатысы құрбыларының біріне деген ұзақ қызығушылығының пайда болуына сәйкес келеді. Ойын белсенді қарым-қатынасқа себеп бола бастайды. Қарым-қатынастың арнайы дағдыларынсыз басқа баламен бірлесіп әрекет жасау оңайға түспейді. Осыған орай бала қарым-қатынасты орнату мен құрбыларының өзіне деген ықыласын жоғалтып алмас үшін өзара түсіністік жолдарын іздестіреді. Қарым-қатынастардағы кейбір «жеңілтектік», ойында серіктесін жиі ауыстыру баланың адамдар арасындағы түрлі өзара қарым-қатынастарды меңгеруге тырысуын білдіреді. Достық қарым-қатынастарды әлсін-әлсін жаңарта отырып, бала мінез-құлықтың көптеген формаларымен танысады, осылайша құрбылары арасында еркін әрекет етуіне мүмкіншілік туады.
Балалар іс-әрекетін күрделендіру көбіне досының пікірін, оның мүдесін ескеру қажеттігінің пайда болуына алып келеді. Балаларға өзара қарым-қатынас ережелерін меңгеру оңайға түспейді, және көбіне олар алғашқы кезде осы нақты жағайдың ерекшеліктерін түсінбестен оларды үстүрт қабылдайды. Өзара қарым-қатынас ережелерін меңгеру тек осы ережелерді өзгерту, бұзу және қалпына келтіру тәжірибесінде жинақтайтын балалардың тәжірибесі нәтижесінде жүзеге асады.
Басқа балалармен өзара қарым-қатынас ережелерін меңгеру орта және ересек балалық шақта алдыңғы қатарға шығады. Мінез-құлық үлгілері мен мінез-құлық ережелерін меңгеруде балаларды өздерінің қылықтарын ересектердің бағалауы мен үміттеріне сай келуге итермелейтін балалардың мақтаныш сезімі мен ар-ұят сезімінің дамуы үлкен маңыз алады.
Мектепке дейінгі жаста баланың ересек адамға эмоционалдық тәуелділігі сақталады. Ересектердің мінез-құлқы баланың мінез-құлқы мен іс әрекетінің белсенділігін тұрақты түрде шарттастырып отырады. Егер ересек адам балаға шын көңілімен қарап, оның табысына бірге қуанатын және сәтсіздігі үшін бірге күйзелетін болса, онда бала өзінің жақсы көңіл күйін, әрекетке даярлығын және сәтсіздікке ұшырағанның өзінде де кедергілерді жеңуге даярлығын сақтайды. Ересектермен жағымды өзара қатынасты орнатқан жағдайда, бала оларға сеніммен қарап, қоршаған ортадағылармен жеңіл қатынас орнататын болады. Ересектердің балаға деген немқұрайлы қатынасы оның әлеуметтік белсенділігін төмендетеді: бала тұйықталып, шырмалып қалады, өз-өзіне сенімсіздікпен қарайды және өзінің агрессиясын құрбыларына көрсетеді. Ересектер тарапынан немқұрайлы қатынас жағдайында балалардың бір бөлігі бастаған іс-әрекетін тоқтатады, ал басқалары, керісінше жұмыс екпінін ұлғайтуы мүмкін, бірақ іс-әрекеттің өнімділігі бәрібір дереу төмендейді.
Мектепке дейінгі бала тұлғасының дамуында құрбыларымен жасалатын қарым-қатынас әсері ерекше рөл атқарады; құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттілігі пайда болады. Балалар қоғамында бала ұжымдағы мінез-құлықтың, ұстаз емес, іс-әрекетке өзімен теңдей қатысушылар болып табылатын қоршаған ортадағылармен өзара қарым-қатынас орнатудың алғашқы дағдыларын меңгереді.
Осылайша, ойын ересектермен де, құрбыларымен де өзара әрекеттесуге (қарым-қатынас) мүмкіндік береді. Ойынның кез келген түріндегі қарым-қатынаста ересек адамның позициясы өзгеріп отырады. Ересектермен ұйымдастырылатын кез келген ойын түрлері, оның ойынға жетекші және серіктес ретінде қатысуын анықтайды. Дидактикалық ойында, ережелі ойындарда, дамытпалы ойындарда ересек - ұйымдастырушы, ойынның жетекшісі ретінде танылатындықтан, ойынның осындай түрлерінде бірінші орынға балалармен қарым-қатынастың амалдық жағы шығарылады. Құрбысымен ойнау көпшілік жағдайда серіктестік өзара қарым-қатынасты білдіргенімен, кейде құрбылары арасында да амалдық өзара қарым-қатынас нұсқалары да орын алуы мүмкін.
Қарым-қатынас жағдайлары мен өлшемдері бала дамыуының барлық сатысында байқалады әрі әрбір жасқа өзінің ерекшеліктері тән. Осындай сәттер оқыту барысында ескерілуі тиіс. Мектепке дейінгі сала педагогтары мен психологтарының кәсіби білімінің баламалы үлгілерінде басты қағида – тәрбиелеу мен білім беру үрдісіндегі педагог ұстанымын өзгерту. Бұл жерде басты мәселе бала болуы, ал ересек ойын арқылы оны оқытып және тәрбиелеп қана қоймай бірқатар білім беру міндеттерін шешуге тиіс.
Осылайша, мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда ойын мен қарым-қатынастың ара қатынасын қарастыра отырып, біз өзара әрекет ретіндегі қарым-қатынастың басымдылығын байқаймыз. Мұндай көзқарас осы саладағы көптеген авторлардың мақалаларынан қолдау табады. Мысалы, Н.Ж.Баримбаеватың мақаласында қарастырылатын халықтық ойындар да, Т.И.Суркованың, И.Н.Коволеваның мақалаларында қарастырылатын түзету ойындары да, Г.М.Қасымованың дамытпалы ойындары да басты орынға баланың ересектермен қарым-қатынасын шығарады, яғни мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда ең бастысы өзара әрекет (қарым-қатынас), ал ойын, ойын тәсілдері білім беру процесі жүзеге асатын құрал ретінде танылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. М.И.Лисина, 1974
2. А.Г. Рузская, Е.О. Смирнова, 1986
3. Леонтьев А.Н. Личность. Деятельность. Сознание М.: «Политиздат», 1975
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада автор бала ойынын белсенді қарым-қатынасты қалыптастыру құралы ретінде қарастырады.
РЕЗЮМЕ
В статье автор рассматривает детскую игру как средство формирования активного общения.
РОЛЬ ПСИХОЛОГА В РАЗРЕШЕНИИ КОНФЛИКТА
Кулымбаева А.К.- преподаватель,
Амирбекова М.А. -преподаватель (г. Алматы Казгосженпу)
Сегодня никому не надо доказывать, что проблематика, связанная с изучением конфликтов, имеет право на существование. К проблемам возникновения и эффективного разрешения конфликтов, проведения переговоров и поиска согласия проявляют оргомный интерес не только профессиональные психологи и социологи, но и политики, руководители, педагоги, социальные работники, словом все те, кто в своей практической деятельности связан с проблемами взаимодействия людей. Процедуры психологической работы с конфликтами ориентированы преимущественно на проработку индивидуальных проблем человека- внутриличностных и межличностных конфликтов, причем последние обычно рассматриваются как следствие трудностей, характерных в целом для пространства его интерперсональных отношений, Однако в практической работе часто воззникает необходимость разрешения конкретных конфликтных ситуаций, возникающих между людьми. Главное, что отличает такой тип психологической работы с конфликтами - это преимущественная ориентация на конкретный конфликт человека, на конкретную сферу его взаимодействия, а не на его интерперсональные отношения в целом. Безусловно, позитивный эффект разрешения конфликта может способствовать улучшению его межличностного общения в целом, однако главным фокусом внимания в этом случае является ю;ткретный конфликт. При разработке подобных форм работы с конфликтами мы исходили из практической необходимости владения психологом такой формой работы, когда ему необходимо выступить в роли посредника при решении конкретного конфликта. С такой задачей часто сталкивается психолог, работающий в организации, например школьный психолог или психолог-консультант в фирме.
Традиционные психологические процедуры, такие как психологическое консультирование или - тем более - психотерапевтическая работа, часто оказываются нерелевантны данной ситуации, поскольку предметом работы являются не психологические проблемы одного человека (даже и интерперсональные - «человек-в-ситуации»), а взаимодействие конкретных людей «люди-в-ситуации»).
Определенный опыт подобной практики накоплен: конфликтологии, однако ее формы и принципы не всегда адекватны представления:. психологии о помощи людям, поскольку имеют преимущественно «проблемно-ориентированный, характер. Именно на решение этой задачи - работа с людьми, имеющими проблемы во взаимодействии, - и ориентировано психологическое посредничествоа. Психологическое посредничество являет собой форму работы, соединяющую психологические представления о работе с конфликтами, возможности ситуационного подхода и опыт, накопленный конфликтологической традицией и основывающийся прежде всего на переговорной практике, использовании идей медиаторства в организации коммуникативного процесса между участниками конфликта и поиске соглашения между ними. Ситуационный подход, исходя из развиваемого им понимания природы социальных ситуаций и их влияния на поведение, предполагает возможность целостного изменения ситуации за счет модификации тех или иных ее базисных черт, что влечет за собой изменения в поведении и взаимодействии участвующих в данной ситуации людей. Идеи психологического посредничества используют не только принципы ситуационного подхода и психологической практики в целом, но и опыт разрешения конфликтов в конфликтологии, прежде всего, принципы медиаторства. Однако, хотя процесс психологического посредничества по форме во многом совпадает с медиаторством, между ними существуют и принципиальные различия. Сущность психологического посредничества в межличн.остн.ых кон.фликтах - это участие психолога в коммун.икативном процессе, направленном н.а создание такой ситуации во взаимодействии участн.иков конфликта, которая способствует смягчен.ию их протuвостоян.uя u возникновению согласия. Медиатор может иметь дело с конфликтом, участники которого вообще не связаны никакими отношениями, кроме данной конкретной ситуации, из-за которой они оказываются в данном переговорном процессе (например, конфликт вокруг какихто городских проблем - строительства сооружения, имеющего своих сторонников и противников); соответственно реализуемыЙ медиатором процесс направляется на принятие решения по данной конкретной ситуации. Психолог имеет дело с людьми, связанными долговременными продолжающимися отношениями, и поэтому даже в ситуации конкретного конфликта задача его разрешения сводится не только и не столько к поиску взаимоприемлемого решения, сколько к востановлению контакта между участниками ситуации, делающего возможным продолжение взаимодействия и отношений между ними. Таким образом, психологическое посредничество - это прежде всего психологическая помощь людям в конфликтных ситуациях, которая направлена восстановление нарушенных отношений и их продолжение на новой, более конструктивной основе. При этом могут быть выделены следующие принципы психологического посредничества:
посредник нейтрален, он не выносит собственных оценок и суждений, не присоединяется к сторонам конфликта; посредник работает с процессом и не влияет на характер принимаемых решений; посредник стимулирует переход участников обсуждения от конфронтации к договоренностям; посредник обеспечивает защищенность участников переговоров; посредник несет ответственность за процесс, но не за характер принимаемых решений. Данные представления созвучны основным принципам современной психологической работы в терапевтической и консультационной формах. Психологическое посредничество направлено на процесс организации диалога между людьми, а не на принятие ими решений в сложной ситуации. Подобно тому, как это обсуждалось при описании традиционных форм психологической помощи, посредник исходит из невозможности влияния на конкретные решения человека . Только сами участники конфликтного взаимодействия в полной мере могут оценить приемлемость для них тех или иных способов преодоления кризиса в их отношениях. Самое главное препятствие к конструктивной работе с конфликтом - это нежелание сторон разрешать его. Если считать, что разрешение конфликта, прежде всего, предполагает достижение сторонами согласия в диалоге, то теоретически оно возможно (если оставить в стороне вопрос о качестве достигнутых договоренностей) всегда, за исключением тех случаев, когда стороны не хотят этого. Стороны не стремятся к разрешению конфликта, когда ими (или одной из них) принято решение о разрыве отношений или когда сохранение конфликтньiх отношений создает какие-то преимущества сторонам (или одной из них). Таким образом, неэффективные стратегии поведения, которые выбирают люди в конфликтных ситуациях, становятся главным препятствием к их разрешению. В их основе - представление о том, что выйти из конфликта можно лишь «победив,) партнера, подмена поиска решения борьбой за свои интересы, отсутствие навыков эффективной коммуникации.
Конфликт - это коммуникативная ситуация, в процессе которой, как и в любой другой речевой ситуации, стороны стремятся и понять, и быть понятыми, И воздействовать друг на друга. «В условиях конфликта тексты, которыми обмениваются участники, зачастую оказывают большее влияние на формирование у них моделей ситуации, чем на фактическое положение дел. Происходит парадоксальная трансформация онтологии мира. Модели мира и знаний участников ситуации становятся не менее, а, может быть, даже более "вещественны", чем внешние, объективно определяемые обстоятельства» Тем самым конфликтное взаимодействие - это прежде всего коммуникативное взаимодействие, в процессе которого люди неизбежно- поскольку они пытаются воздействовать друг на друга-стремиться к тому, чтобы быть понятыми.
Работа психолога с конфликтом начинается с обращения одного или обоих учасников конфликта к психологу. (Психолог, работающий в организации, может оказаться в ситуации, когда к нему обращается руководитель, перед которым встала задача урегулирования конфликта). На этой стадии психологу после выслушивания проблемы человека необходимо принять решение о типе работы, релевантной данной проблеме- идет ли речь о психотерапевтической работе, или процесс работы с обоими участниками конфликта. Основанием для принятия решения в пользу того или иного вида работы психолога с конфликтом является знакомство с клиентом и гео проблемой. С этого начинается любая психологическая работа с клиентом и на этапе психолог может принять решение о целесообразности работы с данной проблемой не в режиме индивидуальной работы с клентом но в рамках психолога.
Подводя итоги психологическое посредничество ориентировано на решение конкретных конфликтных ситуаций. Психологическое посредничество - это психологическая помощь людям в конфликтных ситуациях, которая направлена на восстановление нарушенных отношений и их продолжение на новой, более конструктивной основе. Наибольший опыт в области одновременной психологической работы с несколькими участниками ситуации накоплен в области семейной терапии. Ее целью становятся целостные изменения в семейной системе, а основные приемы направлены на выработку новых конструктивных способов взаимодействия, переход на новый диалогический уровень общения.
Психологическое посредничество представляет собой форму работы, соединяющую психологические представления о работе с конфликтами, возможности ситуационного подхода и опыт конфликтологии, накопленный в области переговорной практики и медиаторства. Ситуационный подход предполагает возможность целостного изменения ситуации за счет модификации ее базисных черт, что влечет за собой изменения в поведении и взаимодействии участвующих в данной ситуации людей. Психологическое посредничество направлено на процесс организации диалога между людьми. Оно основано на такой стратегии психологической-работы, в соответствии с которой позитивный опыт работы с конкретным конфликтом человека становится основой более глубоких изменений. Возможность взаимопонимания предполагает такое конструктивное взаимодействие, которое ведет к ослаблению противостоя.ния сторон. Организацию этого взаимодействия в конфликте берет на себя психолог. Процесс психологического посредничества переводит межличностный конфликт в форму коммуникативной ситуации с особыми правилами, взаимодействие в которой способствует урегулированию конфликта.
Процесс психологического посредничества включает в себя стадии раздельной работы с отдельными участниками конфликта и их совместные встречи и обсуждение конфликта. Особенностью контакта посредника с клиентом является необходимость нейтральной позиции посредника. Она означает незаинтересqванность в преимуществе той или иной стороны в конфликте, «победе» одной позиции, реализации отдельных интересов и т.д. Это безоценочная позиция психолога, ориентированного на восстановление отношений участников конфликта. Анализ конфликтной ситуации включает в себя выявление основных элементов, относящихся к пространству отношений участников конфликта. При этом психолог работает с образами конфликтной ситуации, которые имеются у ее участников и которые фактически и являются основным регулятором их поведения. Раздельная работа с участниками конфликта направлена на позитивное переопределение ими ситуации своего взаимодействия, важнейшим компонентом которого является принятие на себя ответственности за происходящее, что означает изменение позиции по отношению к партнеру, трансформацию требований к нему в готовность изменяться самому, переход к восприятию проблем конфликта как общих для его участников. Совместная встреча и обсуждение конфлика как этап психологического посредничества направлены на совместное переопределение участниками ситуации конфликта и тем самым ее преобразование в ситуацию совместной работы его участников, их сотрудничества. При совместном обсуждении работа посредника одновременно развивается в двух планах - организации конструктивного диалога по различным аспектам предмета переговоров и обеспечение такой психологической атмосферы обсуждения, которая способствовала бы ослаблению противостояния сторон и поиску соглашений. Психологический план процесса посредничества состоит в создании и поддержании конструктивной атмосферы, усилении согласия сторон, ослаблении их конфронтации, их объединении в работе над общей проблемой.
ЛИТЕРАТУРА
1. Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений. СПб; М., 1983.
2.Аллахвердов О.В. и др. Конфликтология / О.В. Аллахвердов, В.И. Викторов, М.В. Иванов, Е.Н. Иванова, А.С. Кармин, А.В. Липницкий. М.: Лань,2000
3. Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Конфликтология. М.: Лань, 1998.
4. Гришина Н.В. Давайте договоримся. Практическое пособие для тех, кому приходится разрешать конфликты. СПб.: Сова, 1993.
5. Гришина Н.В. Психология конфликта. СПб., 2000.
6. Данакин Н.С., Дятченко Л.Я. Технология сотрудничества и противооборства. Белгород, 1993.
7. Донченко Е.А., Титаренко Т.М. Личность: конфликт, гармония. Киев, 1987.
8. Дэна Д. Преодоление разногласий: Как улучшить взаймоотношения на работе и дома. СПб., 1994.
9. Зигерт В., Ланг Л. Руководить без конфликтов. М., 1990. Ч.2.
10.Корнелиус Х.,Фэйр Ш. Выиграть может каждый: Как разрешать конфликты. М: Стрингер, 1992
11.Латынов В.В.Конфликт: протекание, способы разрешения, поведение конфликтующих сторон (оброз зарубежных материалов)\\ Иностранная психология. Т.С87-92
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассматривается роль психолога в разрешении особенности конфликта
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада психологтың конфликтіні шешудегі рөлі қарастырылады.
.
Достарыңызбен бөлісу: |