Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет286/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

1) Қарағым Абай-ай, бізге берген күнді ана байдың үйінің иті екеш итіне де 
бермесін. 2. Қалқам Әдбіш, әжең сені де көп ойлады ғой марқұ м. (М. Ә.) 
Ал бұл сияқты кісі аттары мен адамды білдіретін сөздерге тіркесіп қаратпа сөз 
ретінде қолданылатын қарағым, шырағым, қалқам сөздері бөлініп айтылса, 
бөлініп айтылған қаратпа сөздің екі сыңары да сөйлемдегі өзге сөздерден
үтірмен бөлініп жазылады. Мысалы:
1) —Балалар, ана үйде ән салып, даурығып отыр едіңдер ғой, мұнда да 
қымсынатын жер емес, ойнап, ермек етіп отырыңдар, шырақтарым! 2.— 
Телғара, сені апаң шақырады, қалқам! (М. Ә.) 3. Балалар, аманбысың, 
шырақтарым! (Ж. Ж ). 
 
179-жаттпығу. Мына сөйлемдерді оқьш шығыңдар да, қаратпа сөздерді көрсетіңдер, 
олардың қандай орында тұрғандығын айтындар. 
1) — Қапитан, солдаттың сөзі дұрыс болар. Кәне, столға отыралық,—деді 
ол. 2) Жолдас капитан, ол менің бөлімшемнің жауынгері еді. 3) Дәу де болса 
сен мені танып тұрсың-ау, Мұрат, ә? (Т. А.) 4) — Алда, шырағым-ай, жиенім 
екенсің ғой!— деп, Амантай қайта қолдасты. 5) — Барайын, тымағымды алып 
берші, Бүркітбай!—деді қуанып кеткен Итбай. (С. М.) 6) Бар, Иса, бір топ қой 
ығып кетті. (М. Ә.) 7) — Қалқам-ай, мынау атыңның мінезі қалай өзі? Сақ 
болшы!—деді. (М. Ә.) 8) Мейрам Омарович, жұрт жиыла бастады, біз 
жиылмаймыз ба? (Ғ. М.) 
§ 135. Қыстырма сөздер 
Сөйлем мүшелерімен тікелей грамматикалық байланысы жоқ және 
өздері сөйлемге муше бола алмайтын, сөйлемдегі айтылған ойға, оқиғаға 
сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін сөздерді не сөз тіркестерін қ 
ы с т ы р м а с ө з дейді. 
1) Бәсе, солай болады деп айтып едім ғой. (С. М.) 2) Ол, меніңше, 
тапсырманы орындамай келмейді. (Ғ. Мүсір.) 
Бұл сөйлемдердегі бәсе, меніңше деген сөздердің сөйлемнің өзге 
мүшелерімен грамматикалық байланысы жоқ, сондықтан сөйлемге мүше 
болып тұрған да жоқ. Бірінші сәйлемде бәсе сөзі өзінің айтқаны келгеніне 
сөйлеуші адамның' әбден разы екендігін көрсетсе, екінші сөйлемдегі меніңше 
сөзі айтылған оқиғаға сөйлеушінің болжалмен қарайтындығын, өз пікірі ғана 
екендігін білдіреді. Қыстырма сөздер мынадай мағыналарда айтылады: 
1. Кейбір қыстырма сөздер сөйлемдегі айтылған ойға, оқиғаға сөйлеушінің 
көзі жеткендігін, нанымын білдіреді. Олар мыналар: әрине, әлбетте, сөз жоқ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет