үстеулердің түрі м а қ с а т ү с т е у л е р і деп аталады.
Мақсат үстеулері неліктен?, не мақсатпен ? деген сұрақтардың біріне жауап
береді.
Мақсат үстеулері өзге топтарға қарағанда сан жағынан өте аз топтың бірі.
Бұларға: әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана деген санаулы сөздер жатады.
6). Себеп-салдар үстеулері. Қимыл, амалдың себебін я салдарын
(нәтижесін) білдіретін үстеулердің түрі с е б е п - с а л д а р ү с т е у –
л е р і деп аталады.
Себеп-салдар үстеулері қалай?, неліктен? Деген сұрақтардың біріне жауап
береді. Оларға мынандай үстеулер жатады: босқа, бекерге, амалсыздан,
лажсыздан, шарасыздан. Бұлардан басқа көсемшелердің қайталануы арқылы
жасалатын сөйлей-сөйлей, көре-көре, оқи-оқи т.б. туынды үстеулер де
көбінесе осы топқа жатады
231
7). Топтау үстеулері. Қимылдың, іс-әрекеттің бірігу арқылы
істелгенін немесе , керісінше, жекеленіп, сараланып істелетіндігін
білдіретін үстеулердің түрі т о п т а у ( я с а р а л а у ) ү с т е у л е- р
і деп аталады.
Бұл үстеулер қаншадан? , нешеден?, нешеуден?, қалай-қалай? деген
сияқты сұрақтарға жауап береді. Мысалы, екеулеп, үшеулеп, он-ондап, бір-
бірлеп, аздаған, көптеген, топ-тобымен, рет-ретімен, тең-теңімен, алды-
алдына, бас –басына т. б.
8). Күшейту (ұлғайту) үстеулері. Заттың сынын, мөлшерін, көлемін,
қимылдың сапасын я аса күшейтіп , я солғындатып көрсету үшін
қолданылатын үстеулердің түрін к ү ш е ту үстеулері деп атайды .
Күшейткіш үстеулер қалай? қандай? деген сұрақтардың біріне жауап
береді . Мысалы : ең, тым, өте, тіпті, аса, әбден, мүлде, нақ, қақ, орасан ,
нағыз, ылғи,кілең,сәл, дәл, өңкей. т .б.
Достарыңызбен бөлісу: |