Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде 16 мұғалім бар


Әлеуметтік педагогтың 2020 – 2021 оқу жылына арналған есебі



бет21/119
Дата08.09.2023
өлшемі5.96 Mb.
#476898
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   119

4. Әлеуметтік педагогтың 2020 – 2021 оқу жылына арналған есебі


Мектептің әлеуметтік-педагогикалық қызметі баланың нақты және әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, әлеуметтік және білім беру сипатындағы қиындықтарды жеңуде оқушыға көмек көрсетуге негізделген баланың құқықтарын іске асыру үшін қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс істейді.


Осы ережені жүзеге асыру үшін 2020-2021 жылы мектепте келесі негізгі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді:

  • анықтамалық-ақпараттық;

  • әлеуметтік-профилактикалық;

  • кеңес беру-түзету.

Анықтама-ақпараттық бағыт. Қосымша әлеуметтік-педагогикалық көмекке мұқтаж оқушыларды анықтау мақсатымен, оқу жылының басында мектептің әлеуметтік картасы құрылды. Сонымен, 2020-2021 оқу жылында мектепте 1301 оқушы 52 сыныпта білім алды. Баланың тәрбиесімен айналысатын, әрі жұмыс істейтін жалғыз басты аналар немесе жалғыз басты әкелер қатарының саны 235. Жағдайы төмен отбасылар – 8, (7 «Д» сынып оқушысы А. Бердугажинов, 3 «В» сынып оқушысы Я.Тимошенко, 7 «А» сынып оқушысы А.Попова, 9 «В» сынып оқушысы Т.Пушкарева, 1 «Б» сынып оқушысы И.Тищенко, 5 «А» сынып оқушысы Д.Сарсенов, 4 «Г» сынып оқушысы Р.Кашеваров). Олардың ішінен 4 отбасы ҚЮП есебінде тұр (Пушкарев, Кашеваров, Тищенко, Негробовтар).
Отбасыларды ҚЮП және МІБ есебіне тұрғызу себебі ата-аналардың кәмелеттік жасқа толмаған балаларын тәрбиелеуден бас тарту болып табылады. Әлеуметтік жағдай бойынша 57 оқушы аз қамтылған отбасынан. Осы оқушылар Жалпыға міндетті білім беру қоры қаражатынан жыл бойы тегін тамақпен, кеңсе заттарымен және киіммен қамтамасыз етіледі. Мектепте жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған – 8 бала және 41 көп балалы отбасының балалары білім алуда. Осы оқу жылында ҚЮП (қалалық ювеналды полиция) есебінде – 1 оқушы (8 «Г» сынып оқушысы Иванова Алина) тіркелді. Мектепшілік бақылауда 4 оқушы (Н.Зайцев 11 «Б», Киреев О. 11 «А», Красноперова Д. 9 «А», Н.Гусак 6 «Г») тұр. «Қауіпті топта» 4 оқушы (Т.Селищев-8 «А», Т.Мяличев 10 «А», Шишикин С. 7 «Б» сынып, Секержицкий Т. 9 «Б» сынып) тұр. Педагогикалық ұжым тарапынан ерекше бақылауды талап ететін оқушылар – сабақты жиі босататындар, құрбы-құрдастар немесе мұғалімдермен ортақ тіл табыса алмайтындар, үйден қашып кеткен балалар, тартып алу және т.б. құқықбұзушылық сияқты жағдайларға тап болғандар кездеседі. Осы аталған оқушыларға қоғамдық тәрбиешілері тарапынан және ата-аналары жағынан басты назар аударылады.
Оқу жылы ағымында 1 іс (Иванова Алина 8«Г» сынып) ЖІК қаралуына берілді. ЖІК шешімі бойынша А.Ивановаға сынақ мерзімі берілді.
Сонымен қатар, мектептің әлеуметтік педагогымен жүйелі түрде сабаққа қатысу, сырт киімді тексеру сияқты рейдтері жүргізіліп тұрады және оқу жыл ағымында, демалыс кезінде балалардың жұмыспен, бос уақытын қамту үнемі бақыланып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет