Берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз.(90-100сөз)
Эссе тақырыптары.
1.Астана табиғаты
2.Менің сүйікті қалам
3.Астана – бас қала
Әдеби тіл нормалары (2 балл) Эссе мәтінінен 1 зат есім сөзін алып, септік жалғаулары арқылы түрлендіріп көрсет.
Оқу дағдысы
|
Бағалау критерийлері
|
Тапсырма реті
|
Дескриптор
|
Балл
|
Тыңдалым
|
Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді
|
1
|
- сұрақтарды дұрыс жауаптарымен сәйкестендіреді;
|
3
|
Айтылым
|
50 сұрақ бойынша -25 билет дайындалады. (Әр оқушы 1 билеттен алады)
|
2
|
Оқушылар таңдаған билетке зжауап береді
|
7
|
Оқылым
|
Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады
|
3
|
тест тапсырмаларын орындайды.
|
6
|
Жазылым
|
- эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады.
- жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.
|
4
|
-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады;
-мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады, сын есімді қолданады;
-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады.
|
12
|
Әдеби тілдің нормалары
|
- Эссе мәтінінен 1 зат есім сөзін алып, септік жалғаулары арқылы түрлендіріп көрсет.
|
5
|
- мәтіннен 1 зат есім сөздерді тауып түрлендіріп көрсет
|
2
|
Барлығы
|
|
|
|
30
|
II нұсқа
Оқу мақсаттары:
Тыңдалым. 6.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.
Айтылым.6.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.
Оқылым. 6.3.3.1 фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау.
Жазылым. 6.4.2.1 эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.
Бағалау критерийі
тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді.
берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беріп, шағын диалогке қатыса алады;
тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана алады, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді.
эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазады;
Емтиханды тапсыру уақыты: 180 минут
Тыңдалым
Аудиомәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Отбасы –сыйластық, түсіністік орнаған орта, кішкентай Отан, табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Отбасы –мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі, бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Жеке адамның бойындағы ар –ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы- алғашқы қадам. «Отан - отбасынан басталады» деген нақыл сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасында құндылықтар мол болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленіп, болашақта Отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын азамат болып шығады. Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек. Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір сүріп жатқан жастар осы құндылықты бағалай алмайтын сияқты. Себебі отбасындағы бала тәрбиесін түрлі гаджеттер мен планшеттер алмастыруда. Осы кезде дана Әл-Фарабидің мына сөзі ойға келеді: «Білім алмас бұрын, мықты тәрбиені қалыптастыру керек, тәрбиесіз алған білім қоғамға өте қауіпті». Кез келген адамның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның санасында көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді
Достарыңызбен бөлісу: |