Оқылым
мәтін
Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір- бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады, әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оның сүр еттен
әзірленуі– қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Осы күні адамдар арам ойдан, арам ниеттен тазарады. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.
мәтін
Әлемдік тарихтан ерекше орын алған, 300 миллионға жуық халықты бір қазанға біріктірген Кеңестер Одағы 1926 жылы Наурыз мерекесін «ислам дінінің қалдығы» деген сылтаумен мемлекеттік деңгейде тойлауға тыйым салды.
1988 жылы Наурыз тойы 62 жылдық үзілістен соң, тұңғыш рет Алматының М.Горький атындағы орталық саябағында 100 мыңнан астам адамның қатысуымен тойланды. Осыдан кейін Қазақстанның барлық шаруашылықтары, өндіріс мекемелері, жоғары оқу орындары, мектептері, тіпті, ауруханаларға дейін айтулы мерекені өздерінше үсті-үстіне атап өтіп жатты. Сол жылы Наурыз мейрамы қыркүйек айының ортасына дейін тойланды. Наурыздың арғы-бергі тарихында мұндай ұзақ, мұндай құштарлықпен өткен мереке болмаған.
1-2. 1-2-сөйлемдерді А-дан D-ға дейінгі сөйлем соңымен байланыстырып, тиісті нұсқаны қойыңыз (сөйлем соңын аяқтайтын 2 фраза артық берілген).
Наурыз мерекесі күні
Мереке дінмен байланысты деп,
таң ерте атады.
жақсы тілектер айтылады.
оны атап өтуді тоқтатады.
тек Алматыда ғана тойлайды.
Екі мәтінге ортақ тақырыпты анықтаңыз.
Қайта жаңғырған мереке
Таңды қарсы алу мерекесі
Ең ұзақ тойланған мереке
[2]
Наурыз мерекесінің тарихы [1]
Екінші мәтінге қатысты ақпаратты белгілеңіз.
Наурыз мерекесі алты ай бойы тойланды.
Наурыз мерекесінде наурыз көже әзірленеді.
Жыл басы Наурыз мерекесі болып есептелген.
Мерекеде ұлттық құндылықтар насихатталады.
Қай мәтінде мәселе айтылған? Мәселені тауып жазыңыз.
[1]
Достарыңызбен бөлісу: |