«Қазақ тілі» пәні бойынша Педагогтердің білімін бағалауға



бет1/5
Дата09.03.2023
өлшемі34.32 Kb.
#470580
  1   2   3   4   5
aza -tili


«Қазақ тілі» пәні бойынша
Педагогтердің білімін бағалауға арналған тест спецификациясы
(2023 жылдан бастап қолдану үшін)



  1. Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлерді аттестаттау барысында Педагогтердің білімін бағалау тест тапсырмаларын әзірлеу мақсатында құрастырылған.

  2. Мiндетi: Педагогтердің білім деңгейінің біліктілік талаптарға сәйкестігін анықтау.

  3. Мазмұны: «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқу материалдары енгізілген.






Тақырып



Тақырыпша

Оқыту мақсаттары




01

Мәдениет: тіл және қарым- қатынас. Фонетика

01

Дауысты,
дауыссыз. Дыбыстар
дың емлесі. Үндестік заңы. Дыбыс үндестігі
Орфографиялық норма

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін үндестік заңын емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазылуы сөз ішіндегі және сөз аралығында ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес қолдана білу.




02

Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер. Лексика

02

Сөз және оның мағынасы Омоним. Синоним. Антоним. Сөздердің жасалу жолдары

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау; Ауыз стильдегі мәтіндердің мазмұны тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру;
Тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді, ерекшеліктері сай қолдану;
Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдана білу.




03



Көлік және жол белгілері.
Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология

03



Сөздің жасалу жолдары. Зат есім. Зат есімнің мағыналық түрлері. Зат есімнің түрленуі. Сан есім. Сан есімнің мағыналық түрлері. Сан есімнің заттануы
Сын есім. Сын есімнің мағыналық түрлері.Сын есімнің шырайлары.
Сын есімнің
Заттануы
Есімдік, оның мағыналық түрлері

Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ажырата білу;
Зат есімдерді мағыналық түрлерін жалғаулар арқылы түрлендіріп, қолдану;
Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу;
Сын есімдердің, шырай түрлерін көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу;
Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану.




04

Аспан әлемінің құпиялары Синтаксис

04

Төл сөз. Автор сөзі. Төлеу сөз. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары

Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру.




05

Астана – мәдениет пен өнер ордасы.
Тарихи тұлғалар.
Денсаулық – зор байлық.
Лексика

05

Неологизм сөздер. Термин сөздер. Диалект сөздер. Кәсіби сөздер.
Көнерген сөздер.Эвфемизм. Дисфемизм. Табу.
Қанатты сөздер. Фразеологизм. Мақал-мәтелдер.

Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолдану аясын түсіну және ажырата білу;
Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемиз, табу сөздердің қолдану аясын түсіну және ажырата білу;
Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.




06

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз.
Көшпенділер мәдениеті. Орфография.
Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы.
Қазақстандағы ұлттар достастығы.
Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология.

06

Үстеу. Үстеудің мағыналық түрлері.
Шылаудың емлесі. Орфографиялық норма.
Етістіктің шақ түрлері. Рай түрлері
Еліктеуіш сөз. Бейнелеуіш сөз.
Одағай. Одағай түрлері. Оқшау сөздің түрлері. Оқшау сөздердің қызметі.

Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану;
Шылау емлесін орынды қолдана білу;
Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндесдік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай қолдана білу;
Етістіктің шақ, рай түрлерін ажырата білу;
Еліктеуіш, бейнелеуіш сөздердің қолданысын түсіну;
Одағай түрлерін ажырата білу.




07



Ғарышты игеру жетістіктері.
Қазақстанда жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер.
Қошаған орта және энергия ресурстары
Жасөспірім және заң Синтаксис

07

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Сөз тіркесінің байланысу түрлері. Сөз тіркесінің түрлері.
Сөйлем мүшелері.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Айқындауыш мүшелері.
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері. Жай сөйлемнің түрлері .Синтаксис.

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану;
Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік қызметін түсіну, қолдану;
Сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолдана білу;
Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану.






08

Адам құқығы мен бостандығы.
Отбасы және демографиялық өзгеріс.
Биотехнология және гендік инженерия келешегі.

08

Ыңғайлас салалас. Себеп-салдар салалас. Қарсылықты салалас.
Түсіндірмелі салалас. Талғаулы салалас.
Кезектес салалас.

Салалас,сабақтас, құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырату , түрлендіру.




09

Бұқаралық ақпарат құралдары. Синтаксис

09

Шартты бағыныңқы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас. Мезгіл бағыныңқы сабақтас.
Себеп бағыныңқы сабақтас. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.
Мақсат бағыныңқы сабақтас.

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырату, түрлендіріп қолдану.




10

Адамзат дамуының жаһандық мәселелері.
Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма

10

Сөз қолданысындағы ерекшеліктер және стиль. Ғылыми әдебиет тілінің ерекшеліктері
Жаңа қолданыстағы сөздер. Ғылыми әдебиет атауларының ерекшелігі. Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері.

Көпшілікке арналған интервью құрылымы мен рәсімделуін білу; Жанрлық ерекшеліктерін талдау;
Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу;
Көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу; Жанрлық ерекшеліктерін талдау; Таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);




Мән мәтіндік тапсырмалар (мәтін, кесте, графика, статистикалық ақпараттар, суреттер және т.б.).









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет