Қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту мақсаты



Дата20.05.2022
өлшемі14.46 Kb.
#458303

Тілді тереңдетіп оқыту бүгінгі таңда білім берудің мемлекеттік тұжырым концепциясының басты бағыттарының біріне айналып отыр. Қазақ тілін оқытудағы басты мақсат бір сөзбен айтқанда - оқушылардың қазақша сөйлеу компетенттілігін қалыптастыру. Ал ол оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім барысында қалыптасады. Тереңдетіп оқыту нәтижесінде оқушылар өтілген материал шеңберінде тілдік қарым-қатынасқа түсе алады, яғни жағдаятқа байланысты сөйлеп, сол тақырып төңірегінде қойылған сұраққа жауап беріп, өздері де сұрақ қоя алады. Мұндай деңгейге жету үшін үлкен сөздік қор жинақтау, қазақ тілі грамматикалық категорияларын білумен қатар оқушылар қазақ тілін практикада қолдана алу дәрежесіне жетулері керек. Тереңдетіп оқыту көп ізденісті қажет етеді де, терең білім жолында шығармашылықпен барынша жұмыс істеуді талап етеді.

Қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту мақсаты:


• оқушылардың жеке бас ерекшелігіне қарай қабілетін аша отырып, дифференциалды түрде осы пәнді теориялық, әрі практикалық жағынан тереңдету, оқу материалын тиянақты игеруіне, алған білімді қолдана білуге үйрету;
• тілдің лексикалық, грамматикалық нормаларын меңгерту;
• тілдік жағдаятқа сай қарым –қатынас жасауға дағдыландыру;
• ұлттық салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту
• пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:

Білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық


үйлесімділік, өмірлік қажеттілік);
• Өздігінен білім алуға үйрету, шығармашылық жұмысын дамыту
Әрекетшілдік-бағдарлылық ұстанымы (әрекетке үйрету, оқу жағдаятындағы әрекеттен өмірлік жағдаяттық әрекетке көшу, оқу танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу);
• Алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау;
• Өздігінен білім алуға үйрету функциясы.

Оқушыларға мынадай талаптар қойылады:


 Тереңдетілген бағдарлама негізінде білім деңгейі сараланады
 Оқушылар қосымша материалмен жұмыс істейді
 Өтілген тақырыптар бойынша әңгіме жазады, ауызекі сөйлеуге жаттығады.
 Шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізеді
 Сөйлем талдаудың жолдарын меңгереді
Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.
1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар¬дың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылар¬дың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу.
2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет