«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма», «Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік.Тілдік жүйе және стиль», «Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер» бөлімдері бойынша
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқу. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
[10]
Отыз екінші қара сөз
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білім керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратамын деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздеу керек. Ол үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет деп бағаласаң және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады. ...Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Екінші – ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек...
Үшінші – әрбір ақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма!
Төртінші – білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі – мұлахаза (ойлау, пікір айту) қылу, екіншісі - берік мұхафаза (сақтау, қорғау) қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде (жағдайында) болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.
Бесінші – көптеген ақыл кеселінен қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, соған бек сақ бол. Ол халықтың, дәулеттің, ғибраттың, ақылдың, ардың – бәрінің дұшпаны.
Алтыншы – ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |