«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары



бет6/10
Дата17.05.2024
өлшемі1.77 Mb.
#501342
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Акниет тжб бжб

5. Боялған фигураның ауданын тап.



«Әдебиеттік оқу » пәнінен 4-тоқсанға арналған тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Аты-жөні:___________________________________________________
1-тапсырма Мәтінді тыңда. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер
Жетіқарақшы
Түнгі аспанда шөміш тәрізді келген жеті жұлдыз Жетіқарақшы деп аталады. Ол бір тәулікте Темірқазықты бір айналып шығады.
Аңыз бойынша жеті ұры – қарақшылар өмір сүріпті. Олар күндіз ұрлықпен айналысып, түнде сол жасаған әрекеттері үшін ұялыпты. Ақыры қарғысқа ұшырап, қайтыс болыпты. Ұрылардың жандары жұлдызға айналып, аспанға ұшып кетіпті. Бірде олар Үркердің Үлпілдек деген қызын ұрлайды. Жетіқарақшының бас жағында жарқырап тұрған жұлдыз – ұрылардың басшысы Қыран қарақшы. Ал оның қасында әлсіреп көрінетін – тұтқында отырған Үлпілдек қыз. Үркер өзінің қызын қайтарып алу үшін түнімен Жетіқарақшыны қуып жүреді екен.
Жетіқарақшы туралы мынадай ертегі де сақталған: «Ертеде бір байдың жылқының басындай алтыны болыпты. Ол алтынды жерге көміп тығып тастаған екен. Сол заманда елге атағы шыққан жеті ұры байдың алтынын ұрлап кетеді. Бірақ, тастай қатты алтынды бөле алмайды. Сонда Қырын қарақшы: «Бөлуді бір білсе, оның иесі біледі» деп байға келеді. Бай оны қонақ қылып, барын алдына тосыпты. Ата дәстүр бойынша ет піскенше қонақ үй иесіне әңгіме, ертегі айтуға тиіс. Қарақшы осыны сылтау етіп әңгіме бастайды: «Бір байдың ат басындай алтынын жеті ұры ұрлапты, бірақ олар алтынды бөлуді білмейді екен». Бай: «Ол үшін алтынды биенің қазыға алынатын майына орап, қайнату керек. Сонда алтын жібиді» депті.
Қыран қарақшы жолдастарына келіп, алтынды қазының майына орап, қайнатыпты. Жібіген алтынды оп-оңай пышақпен жетіге бөліп, өзара бөлісіп алыпты.


  1. Шөміш тәрізді жеті жұлдыз Жетіқарақшы деп аталуының себебі неде деп ойлайсың?

_____________________________________________________________________________

  1. Ертегідегі жеті ұры алтынды бөлудің амалын қалай тапты?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет