Қорытынды
Қазақ мектептерінде оқушылардың ана тілі – қазақ тілінен білім берудің болашақ дамуында іргелі болып табылатын жолдарды дұрыс анықтау үшін оқу үрдісінің әдістер мен тәсілдер, құралдар, білім мазмұны, оқыту формалары сияқты маңызды компоненттерін саралап тану қажет. Қазақ мектептерінде қазақ тілін оқыту үрдісінің жаңалану барысы мен дамуына қажетті жаңа бағыттар мен дұрыс тенденцияларды таңдай білуге, оларды ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеуге көптен-көп байланысты. Қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын, білім беру практикасын дамыту, өзгерту мен толықтыру және жаңарту мәселесін жалпы қазақ мектебі дамуының маңызды бір бөлшегі деп түсіну керек. Қазақ мектебінде білім беру деңгейінің осы күнге дейін төмен екендігін ғалымдар да атап көрсеткен: «Многолетние исследования показали, что уровень знаний, умений, и навыков учащихся казахских школ был ниже общесоюзных» [48].
Қазақ мектебі – қазақ ұлтының болашағы. Сондықтан қазақ мектебіндегі оқу үрдісін жаңаландыру, дамыту, соның ішінде, қазақ тілі пәнін оқытуды жаңа арнаға бұру қазақ ұлты дамуындағы жаңа серпінді, тамырынан бастап дамуы, дүниежүзілік байланысқа ұлттық келбетімізбен кіру мүмкіндігімізді кеңейтеді. Ғалымдар былай дейді: «Если с учетом особенностей обучения предмету, сделать необходимое для изучения отдельных вопросов, т.е. задать последовательность изучение тем, темп изучения (отдельных вопросов, т.е.) учебного материала и т.д., тогда создается рабочая функциональная программа по предмету, в методическим аппарате которого предусматривается использование активных методов обучения, предпологается учет национальных особенностей» [49].
Соңғы жылдары ғылымда жаңа сала – педагогикалық инноватика қалыптасып келеді. Ғалымдар бұл саланы «ғылымды мектеп дамуы үдерісін жаңаша білім беру практикасын жасаумен байланысты зерттейтін аясы» деп анықтайды [50]. Мұндай жаңашылдық үдерісі қазіргі кезде педагогикада жаңадан тереңдетіле қарастырылып келеді. Бұл ретте К.Ангеловскийдің [51 297], Г.Тюлю [52], қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты К.Қадашеваның [53 ] т.б. ғалымдар еңбектері мол мәлімет берді. Г.К.Селевко қазіргі кездегі оқыту техникасының формалық және мазмұндық жіктемесін жасап, жаңа оқыту технологиясының өзін бір тұтас жүйе жасайды.
Педагогикалық технология ұғымы бүгінгі күнде оқыту аясына еніп болды. Оның алғашқы кезеңін ғалымдар XX ғасырдың 40-50 жылдары деп анықтайды. Мұнда «білім беру технологиясы» термині, негінен, оқыту барысында қолданылған есту-көру құралдары білдірген. Екінші кезең – сол ғасырдың 50-60 жылдары десе болады. Бұл кездегі білм беру технологиясы, негізінен, программалар оқытуды білдіреді. Үшінші кезең – көрсетілген жылдардың аяғы мен 70-жылдар. Мұнда бұл термин алдын ала айқын белгіленген мақсаттарға жету үшін ұйымдастырылған жобалық оқу үдерісін білдіретін болды. Төртінші кезең - XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап осы кезге дейін ұласқан аралығын қамтиды., осы кездегі білім беру технологиясы оқыту үдерісінде компьютер мен ақпараттық құралдарды пайдаланумен байланысты қарқындап дамыды [54].
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы – елдің саяси-әлеуметтік, экономикалық дербестікке ие болғандығының жарқын көрсеткіші. Елдің тәуелсіздігін тұрақты етудің бір жолы қазақ мектебінде қазақ тілін оқытумен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде болмысы оның мектепке беріп отырған сұранысынан танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |