«Қазақ тілі стилистикасы» пән бойынша эмтихан сұрақтары


Стиль сөзінің шығу төркіні, оған тән ғылыми анықтамалар, басқа өнер салалары стильге берген анықтамаларымен салыстыра талдау жүргіз



бет28/39
Дата21.01.2023
өлшемі157.83 Kb.
#468597
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
СТИЛИСТИКА СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ

14. Стиль сөзінің шығу төркіні, оған тән ғылыми анықтамалар, басқа өнер салалары стильге берген анықтамаларымен салыстыра талдау жүргіз.
Қанабековадан: Стиль – стилистиканың негізгі категориясы. Стиль – латынша stylos – жазу құралы. Ертеде Римде, Грекияда стиль осы жазу құралының атауы ретінде танылған. Одан бергіде Еуропа елдерінде шешендік өнер ұғымының синонимі ретінде жұмсалған. Шешендік өнердің атауы қызметінде риторика сөзі қолданысқа түскеннен кейін, стиль басқа мағыналарға ие болған. Дәлірек айтқанда, стиль сөзі даралықты, өзіндік ерекшелікті танытады. «Стиль – тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметіне байланысты жіктелетін әдеби тілдің функционалдық түрі» . 12 Серғалиев М. Cтилистикалық ұғымдар мен категориялар // ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы. 1977. № 8, Таза лингвистикалық мағынасындағы стиль дегеніміз – белгілі бір қарым-қатынас аясына, мақсатына орай, ойдың мазмұнына байланысты іріктелетін, тарихи жағынан қалыптасқан тілдік құралдардың жиынтығы. Бүгінгі таңда стилистика ғылымының теориялық әрі практикалық маңыздылығы артып, функционалды стильдерінің қоғамдық қызметінің сан салалы екендігі белгілі, сондықтан тілдің стильдік табиғатын жан-жақты тану, тереңнен зерттеу міндеті қойылып отыр. Ғалым М.Серғалиев стильдің төмендегідей ерекшеліктерін көрсетіп, былайша тұжырымдайды: 1) Әдеби тілдің бір түрі; демек сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті сөздер мен конструкциялар; 2) Стиль – тарихи категория; 3) Стиль – қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады; 4) Тілдік кұралдардың қалай болса солай тіркескен тобы емес, шартты тұйықталған тобы. Бұл тұжырым стиль жөнінде айтылған «белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолдану принциптері» деген анықтамалардың кеңейген, қазіргі стиль мәселесіне терең үңіліп, әртүрлі қасиетін танудан туған түсінік деп ұғынуға болады. Стиль терминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады. Барлық жағдайда да «стиль» термині тілдің белгілі бір қарым-қатынас аясына байланысты жұмсалады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде тану тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік деп ойлаймыз. Ғылымда «тіл стилі», «сөйлеу стилі» ұғымдары қатар жұмсалып, қолданыста жиі көрінеді. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл – қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді. Лингвистикалық ұғым ретінде стильдің көп мағыналылығын байқауға болады. Айталық, жеке тілдік құралдардың қолданысы да стильдік ерекшелікті танытады, сол сияқты, белгілі бір мәтін немесе мәтін үзіндісі де стиль туралы сөз етуге материал болады. Мәселен, біріншіден, екіншіден … тәрізді сөздердің тұлғаларына қарап, ғылыми стильдегі санамалау түрін ұғынуға болады, ал деп аталады, біздің ойымызша, жүргізілген тәжірибенің нәтижесінде … дегендей тіркестер ғылыми стильді тіпті айқындай түседі. Ал жанр тұрғысынан келгенде, айталық, қаулы-қарардың үзіндісі болса, ресми стиль екендігі, шағын өлең не прозалық шығармалардың үзіндісі болса, көркем әдебиет стилі болатындығы, баспасөз материалы немесе саяси әдебиеттен алынған дәйексөз (цитата) болса, публицистикалық стиль ретінде танылатындығы белгілі. Сөйтіп, қызмет ету барысында қоғамдық қатынастың белгілі бір саласында тұрақты қолданылған тілдік құралдар белгілі бір стильдік бояуларға ие бола бастайды. Басқаша айтқанда, тілдік құралдар жүйесінен табиғаты жағынан белгілі салада қатынас жасауға икемділері таңдалып алынады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет