«Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру бүгінгі күннің талабы»



Дата01.07.2016
өлшемі31.29 Kb.
#171295
«Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру бүгінгі күннің талабы»
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында: «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Соның бірі Қазақ хандығының 550 жылдығы. Осыған орай, 2015 жылдың 11 желтоқсанында Осакаровка кентінің №9 гимназия базасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру бүгінгі күннің талабы. Жас мұғалімдерге көмек» атты аудандық семинар өткізілді. Семинар жұмысына ауданымыздың қазақ тілі мұғалімдері, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту мен білім бөлімдерінің өкілдері де қатысты.

Семинарды аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Төлеуғазы А.Т. алғы сөзбен ашып, аудан бойынша «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру барысында жүргізілген жұмысы туралы жалпы ақпарат берген болатын. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік хатшысының өкімімен бекітілген «Үш тілді білім беруді ілгерілету жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» аясында ауданда үш тілді білім беру бойынша атқарылатын және жоспарланған жұмыс туралы мәлімдеді.

Семинардың жұмысы Сарыөзек с. №21 орта мектебінің педагог-психологы Жайлаубай Есенгүлдің өткізілген бірқатар жаттығуларынан басталды.

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруындағы шығармашылық жұмыстарының маңызы» атты баяндамасымен Осакаровка к. №1 ОМ-нің қазақ тілі мұғалімі – Түсіпбекова Жанар Қуанышқызы қазіргі таңда оқу-тәрбие үдерісіндегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы ықпал ететін факторлардың жалпы көрінісін берген болатын. Баяндама барысында жүзеге асырылып жатқан мектепішілік эксперимент туралы ақпарат ұсынды.

Функционалдық сауаттылық тақырыбын жалғастырып, Осакаровка к. №12 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі – Бекенова Панар Орымбекқызы «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маңызы» атты баяндамасымен таныстырды. Баяндау барысында, өз тәжірибесін ортаға салып, сабақта қолданатын оқу құралдарын, әдістемелерін, нұсқаулықтарын көрсетті.

Семинар тақырыбын ашатын тағы бір сала – білім беру жүйесінде халықаралық тәжірибе құралдары. Солардың бірі – PISA (Programme for International Student Assessment) – 15 жасар жеткіншектерді халықаралық тестілеу болып табылады. «PISA халықаралық зерттеуі және оқушылардың функционалдық сауаттылығы» тақырыбындағы баяндамасымен Осакаровка к. №1 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі – Қызыр Жанар таныстырып өтті. Баяндама шеңберінде PISA халықаралық зерттеуі туралы шолу жасалып, мемлекеттер көрсеткіштері көрсетіліп, сонымен қатар тренинг, әртүрлі бағыттағы топтық жұмыстар, пікір-талас ұйымдастырылды.

Білім беру жүйесін жаңарту барысында, және де келешекте 12-жылдық білім беру жүйесіне ауысу барысында педагогтар біліктілігін жетілдіру үшін үшдеңгейлік курстарда білім алады. Ауданымызда мұғалімдердің 18% аталмыш курстарды бітірген болатын. Соның бірі – Сарыөзек с. №21 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі – Хавал Аңсаған «Жеті модуль ықпалдастырылған жаңа бағдарлама бойынша білім берудің тиімділігі» тақырыбындағы коучингін өткізіп, өзінің әдістемелік нұқсаулықтарын, ұстаздық тәжірибесін, үшдеңгейлік біліктілікті арттыру курстарында оқыған бағдарлама бойынша білім беруді жетілдірудің мақсаттарын атап өтті.

Осакаровка к. №9 гимназиясының қазақ тілі мұғалімі – Жиренбай Руслан Жауқашқанұлы «Оқытудың жеті модулін оқу-тәрбие үдерісінде жаңа форматты ұстаз ретінде енгізудің ерекшелігі» атты баяндамасында оқыту әдістері заманауи идеялардың жеті негізгі модулі түрінде берілгенін сипаттап, сабақ барысында қолданылатын әдістері, құралдары, әдістемелерін атап өтіп, қол жеткізген нәтижелеріне тоқталды. Сонымен қатар, №9 гимназия базасындағы сынақтан өткізіліп жатқан 1-11 сыныптарға арналған қазақ тілі оқулықтары туралы толық ақпарат беріліп, олармен жұмыс істеу әдістемесімен таныстырған болатын.

Семинар жұмысын қортындылап, аудандық семинарға белсене қатысып, іс-тәжірибелерімен бөліскен ұстаздар аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сыйлықтарымен марапатталды.

Соңғы Жолдауында Елбасы айтқандай: «Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз Мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз». Ал, біз ұстаз ретінде жас ұрпаққа сапалы білім беру арқылы өз үлесімізді қоса аламыз.


«Осакаров ауданының білім бөлімі» ММ-нің әдіскері,

А.Ж. Жақыпбекова




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет