“... Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Не нәрсе жайынан жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Сондықтан сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып табылады.”
Өзге халықтардың өмір тәжірибесіндегі тағылымды жағынан үлгі алу керектігін айтады.
Ноғай (татар)
Сарт (өзбек)
Орыс
Абай пікірі:
Еңбек қылып, мал табудың жолын біледі. Салтанат, әсемдік те соларда.
Сарттың екпеген егіні жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ.
Орысқа айтар сөз жоқ, біз құлы, күңі қадарлы да жоқпыз.
Абайды қынжылтқан ойлар:
Көрші халықтардың өмір тәжірибесіндегі тағылымды жағына үңіліп, содан үлгі алудың орнына сыртына қарап үркіп, жаңсақтық жасаппыз. Неге өзбек сияқты егін салмасқа, ноғай сияқты сауда жасамасқа, орыс сияқты білімге құштар болып, олармен терезе теңестірмеске?!
Алтыншы сөз Ақын қазақтың “Өнер алды-бірлік, ырыс алды-тірлік”
деген мақалы төңірегінде философиялық мәнде ой өрбітеді.