Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»



Дата30.06.2016
өлшемі26.76 Kb.
#168589



Азаматтардың жекелеген

топтарына әлеуметтік көмек

беру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңдарының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1.«Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен қарастырылған әлеуметтік төлемдердің тиісті сомаларын тағайындап, әлеуметтік көмек алушылардың таңдауы бойынша, тиісті банктік операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар екiншi деңгейлi банктер немесе ұйымдарға, екінші деңгейлі банктер арқылы аудан азаматтарының келесі топтарына аударсын:

1) Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдер негізінде, Жеңіс күнін тойлауға:

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне;

Тыл еңбеккерлеріне (Ұлы Отан соғысы жылдары тылда жанкешті еңбек еткені үшін ордендермен және медальдармен марапатталған тұлғаларға);

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне коммуналдық қызметін төлеуге;

2) Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдер негізінде, Халықаралық Қарттар күніне;

3) Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдер негізінде, Балаларды қорғау күніне байланысты мүгедек балаларға;

4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерін

телефондандыруға;

5) Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдер негізінде, Ауғанстаннан кеңестің шектеулі әскери контингентін әкету күніне байланысты, ауғандық жауынгерлерге біржолғы материалдық көмек;

6) аудан азаматтарының әлеуметтік қорғалмаған категорияларына:

ауыр науқастанған жағдайда;

кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтарға отбасы мүшесі қайтыс

болғанда;

төтенше жағдай болғанда;

ауыр материалдық жағдайға байланысты, кедейлік шегінен төмен тұратын ауданның мұқтаж азаматтарына;

7) тамақтың негізгі өнімдеріне бағаның көтерілуіне байланысты, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тізімі негізінде, ай сайын, әрбір мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;

8) аудандық медицина бірлестігі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған тізімдер негізінде, кедейлік шегінен төмен тұратын туберкулез ауруымен ауырушыларға амбулаторлық емделуі кезінде тұратын жерінен емделетін ұйымға дейін баруы және қайтуы үшін жұмсаған жол шығындарын қайтаруға және амбулаторлық емделуі кезінде қосымша терапияға өтуге жұмсаған шығындарын төлеуге.

2.Әрбір нақты жағдайда төленетін материалдық көмектің мөлшері мен

тәртібі кедейшілікті төмендету мәселелері жөніндегі консультативті - кеңес комиссиясымен анықталады.

3.Аудандық қаржы бөлімі «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша, аудан бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде қаржыландыруды жүргізсін.

4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.



Сессия төрағасы К.АКИМОВ

Аудандық

мәслихаттың хатшысы А.ЖҮНІСПЕКОВ
(Бұқар жырау ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 1 шілдеде №8-11-56 болып мемлекеттік тіркеуден өткен, «Сарыарқа» аудандық газетінің 2008 жылғы 12 шілдедегі №28 санында жарияланған)
Осы шешімге Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 10 сессиясының №8 шешімімен өзгеріс пен толықыру енгізілді.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет