Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, аудандық бюджет қаражатының есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабына, 238-бабының 3-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, аудандық бюджет қаражатының есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Т. Исмаиловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Даиров
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық мәслихаттың хатшысы
_______________ З. Алдажуманова
Аудан әкімдігінің
2015 жылғы «__» тамыздағы
№ __ қаулысына қосымша
Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленетін лауазымдарының
тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
1) басшы;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3) әлеуметтік қызметкер;
4) жұмыспен қамту орталығының маманы.
2. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:
1) басшы, директор, меңгеруші;
2) басшының, директордың орынбасары;
3) бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;
4) оқытушы;
5) педагог-психолог, психолог;
6) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
7) әдістемелік кабинеттің меңгерушісі;
8) әдістемеші;
9) өндірістік оқыту шебері;
10) аға жетекші, жетекші;
11) әлеуметтік педагог;
12) логопед-мұғалім, логопед;
13) кітапхана меңгерушісі;
14) кітапханашы;
15) қосымша білім беру педагогы;
16) тәрбиеші;
17) медициналык бике;
18) музыкалық жетекші;
19) емдік дене шынықтыру кабинетінің маманы.
3. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
1) басшы, директор;
2) бөлім меңгерушісі;
3) музыкалық жетекші;
4) аға кітапханашы, кітапханашы;
5) библиограф;
6) мәдени ұйымдастырушы;
7) аккомпаниатор;
8) аға әдістемеші, әдістемеші;
9) редактор;
10) оқытушы.
4. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:
1) директор;
2) директордың орынбасары;
3) медициналық бике;
4) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы.
5. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдары:
1) мал дәрігері;
2) ветеринарлық фельдшер.
Достарыңызбен бөлісу: |