«Қазақстан 2050». Болашағы және ұзақ мерзімді үлгінің болжамды дамуы Омиржан С. М., Кендюх Е. И., Хабаева Б. А



Дата25.02.2016
өлшемі47.24 Kb.
#23056
«Қазақстан - 2050». Болашағы және ұзақ мерзімді үлгінің болжамды дамуы
Омиржан С.М., Кендюх Е.И., Хабаева Б.А.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)


Мемлекет басшысы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада 2012 жылғы 14 желтоқсанда елордадағы жаңа опера және балет театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыстың барысында сөйлеген «Қазақстан – 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

Өзінің кезекті «Қазақстан – 2050» жолдауында Н. Назарбаев негізгі бағыттарды білім берудің маңызын көтеру, инновацияларға қолайлы жағдай жасау керектігін атап көрсетті. Елбасымыз индустрияландырудың жаңа кезеңдегі нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды. Осыған қарамастан «екі жылдан кейін индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бес жылдығы да бітеді».

Осы жолдаудың мазмұнына қысқаша тоқталып кетейік. Басты мақсат – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.

«Қазақстан 2050» стратегиясын қабылдаудың маңызы зор болмақ. 2050 жыл жай бейнелі күн емес. Бұл бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім. БҰҰ-да 2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының жаһандық болжамы әзірленді. Қазір елдердің дені осындай ұзақ мерзімді стратегиялар қабылдауда. Ірі трансұлттық компаниялардың өзі алдағы жарты ғасырға даму стратегияларын әзірлеуде.

Бұл ретте межеленген бағдарға тоқтала келе Елбасы Қазақстан 2050 стратегиясы Қазақстан – 2030 стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы екеніне мән берді. «Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап осы. Осыған орай, ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытының жобасын ұсынады. Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында отыруы тиістігін қадап айтты. Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, дамушы елдер арасында дәл осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ.

Соған орай, Нұрсұлтан Әбішұлы «күн астындағы орын» тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиістігін атап өтті.

Біздің туған өлкеміз Қазақстан жері жайлы Елбасымыз сөз сөйледі.Осы мекенде өмір сүріп, өркен жайған қонақжайлы, кішіпейіл халқы жайлы және қазіргі таңда біз көп ұлтты сипаттағы біртұтас ел екендігімізді айтып өтті. Сонымен қатар, еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірігіп үлес қосқанына тоқталды.

Елбасы ұлттардың этносаралық келісіміне сына қағуға тырысатындардың барлығы да заңмен қудаланатынын, мұнда ерекше жауапкершілік біздерге, қазақтарға артылатынын қадап айтты. «Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген жан өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды. Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз», - деді Елбасы.



«Қазақстан – 2050» Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге – қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Үдеудің сыры – бірлікте, Жүдеудің сыры – алауыздықта. Осыдан ІІІ-ғасыр бұрын Аңырақайда болған ұлы шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген. Сын сағатта туған елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген. Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар. Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де бабалардың бостандық жолында төгілген осы қаны деп білемін. Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан табылған. Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз. Сондықтан барлық буын өкілдеріне үн қатамын!

Алдымен, алдыңғы толқын – аға буын! Сіздердің көрегендіктеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз кейінгі буынның ақиқат жолынан адаспай, алға басуына септігін тигізеді.

Ортаңғы буын отандастарым! Сіздердің еншілеріңізге алып империяның күйреп, жас, тәуелсіз мемлекеттің түлеген кезеңі дөп келді. Сіздердің күрделі де қиын шешімдер арқылы жинаған өлшеусіз тәжірибелеріңіз – қиындықтардан мойынбай өтуімізге қажетті баға жетпес қазына.

Ал кейінгі толқын жастар. Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда. Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер. Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің - елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш.

Елбасымыз ХХІ-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенетін айтып өтті. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады және Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық екеніне тоқталды.

Жалпы Елбасының бұл жолғы жолдауы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағытын қамтыған міндеттердің жаңа парадигмасынан тұрады. Оның ішінде жаңа саяси бағыттың мақсаттары айқындалып, елдік дамудың барлық салаларын қамтып отыр. Жолдаудың соңы ұлтқа арналған үндеумен аяқталады.

Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында айтылып кеткендей, менің ойымша да ең алдымен жаңа буын қазақстандықтарына үлкен сенім артылады. Міндетті түрде болашақ жастар осы Жаңа бағыттың қозғаушы күші болып табылады. Қазіргі таңда келешек жастарымыз үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Яғни, жастарымыздың оқулары мен өсіп-өнулері үшін Елбасымыз барлық жағдайларды жасады. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер ашты, «Болашақ» бағдарламасын құрды. Қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар – сіздердің ата-аналарыңыз тіпті ойлап та көрмеген мүмкіндіктер.

Сіздер ешқашан ұмытпаңыздар: сіздердің табыстарыңыз – ата-аналарыңыздың табысы, туған туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы.




Әдебиет:

  1. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму стратегиясы.» — Алматы, 2005. 25-31 бет.

  2. Назарбаев Н. Ә. «Елдегі жағдай, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы: Жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру, экономикалық және саяси реформа. ҚР Президентінің қазақстан халқына жолдауы.» — Алматы, 1998. 17-28 бет.

  3. www.zhastar.biz/index

  4. www.stat.kz

  5. www.damu.kz


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет