Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ДЕПОРТАЦИЯЛАНҒАН



Pdf көрінісі
бет130/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   225
Память во имя будущего

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ДЕПОРТАЦИЯЛАНҒАН 
ХАЛЫҚТАРДЫҢ АЙМАҚТЫҢ ЭТНО-ДЕМОГРФИЯЛЫҚ 
АХУАЛЫНА ӘСЕРІ
А.Ж. Оразбақов,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғ.к.
Қызылорда қ., Қазақстан
Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанның этно-демографиялық жағдайы үлкен 
өзгерістерге ұшырады. 30-шы жылдардың басында аштық қырғыны Қазақстан халқын 
біраз күйзеліске ұшыратып, санын азайтып тастаса, соғыс алдындағы репрессия, ұлттық 
интеллигенцияны жоқ қылды деуге болады, ал басқа халықтарды күштеп Қазақстанға көшіре 
бастау, онсызда қиналып жатқан халықты одан сайын күйзеліске түсірді. Күштеп көшірілген 
халықтар негізінен ауылды елді мекендерге көшірілгенге байланысты ауылдың этно-
демографиялық жағдайы, әсіресе бұрын қазақ ұлты ғана тұратын Оңтүстік Қазақстанның этно-
демографиялық жағдайын күрт өзгертті. 1939 жылғы санақ мәліметтері бойынша Қазақстанда 
6151102 ал Қызылорда облысында 328067 тұрғын болған.
Ұлы Отан соғысы қарсаңында Кеңес үкіметі басшыларының КСРО-ның шекара аймақтарын 
негізгі отаны КСРО-дан тыс жерлерде орналасқан халықтардан тазарту жұмыстары нәтижесінде 
Қазақстанға Карелиядан 8423 финдер, Қиыр Шығыстан 98 454 кәрістер, КСРО-ның батыс 
шекараларынан 28 580 немістер, 35 739 поляктар көшірілді. Бұларға қоса Кавказдың шекаралас 
аймақтарынан 1121 армян және қүрттер, 2010 ирандықтардың жанұялары көшірілді, бір 
жанұяда 5 адам деп есептесек Кавказдан орта есеппен 15 655 адам көшірілген екен. 1939 жылы 
Польша Германиямен КСРО бөлінісіне салынғансын тағы 60 667 поляк Қазақстанға көшірілді.
Кесте – 1. Ұлы Отан соғысы алдында Қазақстанға күштеп көшірілген халықтар

Ұлты
Саны
Көшірілген жылы
1.
Финдер
8423
1935
2.
Немістер
28 580
1936
3.
Поляктар
35 735
60 667
1936
1940
4.
Кәрістер
98 454
1937
5.
Гректер
200
1937
6.
Армияндар мен курттар
1121 жанұя
1937
7.
Ирандықтар 
2010 жанұя
1937
Барлығы:
247 718 адам
Бұл тізімге әлеуметтік жағдайы мен саяси көзқарастарына байланысты жекелеп сотқа 
тартылып Қазақстанға қоныс аударылғандармен түрмеге жабылғандар кірген жоқ.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі халықтардың депортациясы қатаң түрде, мыңдаған адамдардың 
өлімінің арқасында жүрді. 1937-1944 жылдары бір адамына дейін қалдырмай толық көшірілген, 
мемлекеттік белгісі, автономиялық құрылымдар жойылған 12 халық бар екен. Бұлардың 
депортациясы классикалық түрде жүргізілген халықтарға қарсы геноцид деуге болады. Бұлар 
соғыс кезінде тек ауыр жұмыстарға пайдаланылды.
НКВД өзінің барлық күштерін пайдаланып, бұлардың барған жерінде жергілікті халыққа 
сіңісіп кетпеуін, достасып кетпеуін қадағалап отырды.
1941 жылдың 12 тамызында Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Халық 
Комиссарлар Кеңесінің және БКП (б) Орталық Комитетінің бірлескен № 2060-935сс «Волга 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
185
бойы аудандарында тұратын немістерді көшіру туралы» қаулысы қабылданды. Волга 
бойындағы немістердің автономиялық республикасындағы немістерді көшіретіндігі туралы 
республика немістері алдын ала білген болатын. Бұл туралы Ольховск ауданының «Рассвет» 
ауылы кеңесінің төрағасы Э.Ф.Дайнес былай дейді: «Маусым айында бізді аудандық атқару 
комитетіне шақырып алып, қазіргі тұрып жатқандай колхоздар мен селоларға көшірілетініміз 
туралы ескертті. Алайда қай жерге нақты көшетініміз туралы айтқан жоқ» – деді [1,38 б.]. 
1939 жылғы санақ бойынша КСРО-да 1 427 222 неміс ұлтының өкілі тұрған екен. Оның 92 
мыңы Қазақстанда қоныстанған [2,172 б.]. 1941 жылдың күзінің соңына қарай Қазақстанға, Орал 
өңіріне, Сібірге 1120 мың немістер көшірілді. Бұл 1939 жылғы санақта көрсетілген немістердің 
84 пайызы еді [3,36 б.]. Жоспар бойынша 1941 жылдың 25 қазанына дейін Қазақстанға 467 мың 
немісті, оның 15 мыңын Қызылорда облысына көшіру белгіленді, бірақта мұрағат деректері 
бойынша Қазақстанға 420 мыңнан – 444 005 неміс ұлтының өкілі қоныстандырылды. Олардың 
3145-і Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарына орналастырылды, Арал ауданына 
1291, Қазалы ауданына 1854 неміс. Бұлармен бірге облысқа 1938 жылы Германияға күшпен 
қосылған Австрияда туылған 14 австриялықтар қоныстандырылды. 
1941 жылы Қазақстанға көшірілген немістермен бірге Севастопольден 15-20 гректер де 
әкелінді. Олар Ақмола облысына қоныстандырылды. 1942 жылы сәуір-қазан айларында 4 мыңға 
жуық гректер Краснодардан Қазақстанға әкелінді. Краснодардан әкелінген гректер Қостанай, 
Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды облыстарына 
қоныстандырылды. 1942 жылы Майкоптан көшірілген гректер Қазалыға жайғастырылып, 
Қызылорда облысына қоныстанды. Олардан кейін 1944 жылы Қырымнан 1240 грек Гурьевке 
әкелініп, Казнефтекомбинат өндіріс орындарында қоныстандырылды. Олар қарапайым сөзбен 
айтқанда, еңбек майданына алынды. Осылай әскер қатарына алынғандар есебінен туындаған 
жұмыс қолының жетіспеушілігі жойылды.
Солтүстік Кавказ халықтарының ішінде алдыңғылардың бірі болып депортацияға ұшыраған 
қарашай халқы болды. Көптеген деректерде қарашай халқының репрессияға ұшырауының 
себебі ретінде немістер өңірді басып алғанда қарашайлардың бір князі немістерге, Гитлерге 
атап «бізді большевиктерден азат еткені үшін» – деп ат сыйлаған делінген. Алайда бұны 
куәләндыратын құжатты біз еш жерден тапқан жоқпыз [4, 203 б.]. 
Сталиндік зұлмат жылдары тағдырдың ауыр тәлкегі тиген келесі бір халық қалмақтар 
болды. 1943 жылғы 28 қазандағы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесі 
мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Халық Комиссарлар Кеңесі қаулысына сәйкес 
99252 қалмақ ұлтының өкілі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының шығыс, солтүстік 
аудандарына қоныс аударылды. Олардың 2268 адамы Республиканың орталық мұрағатының 
деректеріне сай Қызылорда облысына қоныстандырылды [5,8-10 п.]. 
Алайда Республикалық мұрағаттардың деректері көп жағдайда облыстық мұрағат 
деректерімен сай келмей жатады. Себебі кей облыстарда вогондарды ашқанда ішінен көп 
өліктер шыққан жағдайлар ол кездері әсіресе шешен-ингуштар, қалмақтар көшірілген қыс 
айларында көп болған, кей жағдайларда жолай транспорттың жағдайына сай адамдарды түсіріп 
кеткен я басқа составтарға қосқан жағдайлар болып тұрған. Осындай жағдайларға байланысты 
жер-жерден келген мәліметтер кейбір жағдайларда әртүрлі болған. Қызылордаға көшірілген 
қалмақтарға байланысты мәліметте осылай әртүрлі санды көрсетіп тұр. Қызылордаға әкелінген 
қалмақтардың 1160 жанұясы 3861 адам тұтастай Арал ауданына жайғастырылды [6,11п.]. Біздің 
ойымызша 1160 қалмақ жанұясы облысқа орналастырылды деген облыстан алынған мәлімет 
шындыққа жанасады деп ойлаймыз. 
Соғыс кезінде тағдыр тауқыметін тартқан келесі халықтар шешендер мен ингуштар болды.
Бірінші эшелондар Қазақстанға 1944 жылдың наурыз айының ортасында келді.
Қазақстанға жіберуге жоспарланған 344589 адамның бөлінісі төмендегідей болды
[7,6-10 п.].


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
186
Жамбыл облысына – 16565 адам
Алматы облысына – 29089
Шығыс Қазақстан облысына – 34157
Оңтүстік Қазақстан облысына – 20808
Солтүстік Қазақстан облысына – 39542
Ақтөбе облысына – 20309
Семей облысына – 31236
Павлодар облысына – 41230
Қарағанды облысына – 37938
Бұған қоса майдандағы шешен және ингуш халқының ер азаматтары туыстары тұрып 
жатқан аудандарға жіберілді. 1944 жылы Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы 
Н.Ундасыновтың БКП (б) хатшысы Г.М.Маленковқа жіберген хатында Қазақстанда 420 мың 
шешен мен ингуш бар делінген [8,13 п.].
Қызылорда облысына шешендер мен ингуштарды қоныстандыру жоспар бойынша 
белгіленбеседе, іс жүзінде керісінше болды.
Қызылорда облысы бойынша арнайы қоныс аударылғандарды шаруашылықтарға 
жайғастыруға жауапты бөлім басшысы Хвораттың мәліметіне сәйкес 1944 жылдың ақпан-
наурыз айларында Қызылорда облысына 6191 шешен мен ингуштардың жанұясы 26 924 адам 
төмендегі кестеге сай қоныстандырылды. 
Кесте – 2. Шешендер мен ингуштардың Қызылорда облысы аудандарына орналастырылуы
Қоныстанған ауданы
Жанұя саны
Адам саны
Жұмысқа тартылғандар саны
Ерлер
Әйелдер
Жасөспірімдер
Арал ауданы
323
1381
296
173
Қазалы ауданы
790
3932
724
863
261
Қармақшы ауданы
852
3863
1626
728
125
Жалағаш ауданы
785
3885
656
128
Тереңөзек ауданы
751
3684
735
671
717
Сырдария ауданы
868
2867
519
833
313
Шиелі ауданы
1076
4182
714
744
463
Жаңақорған ауданы
746
3130
659
784
89


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет