1-дәріс. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу пәнінің мақсаты мен міндеті, зерттеу обьектісі. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»



Дата04.09.2022
өлшемі16.39 Kb.
#460216
1-daris


1-дәріс. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу пәнінің мақсаты мен міндеті, зерттеу обьектісі.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңында Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздері, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасауы жөніндегі міндеттері белгіленді. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз ететін бұл Заңның 4 бабында: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп жазылған. Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және ісқағаздарын жүргізу тілі екендігі аян. Сондықтан Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы болып табылады.
Пәннің мақсаты – студенттерге ісқағаздарын қазақша жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту, ісқағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, мұрағат ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету, ісқағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктермен таныстыру және күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі ісқағаздарын сауатты жазып, сапалы жүргізуге үйрету болып табылады. Ең алдымен, көңіл бөлетін нәрсе – ісқағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, кез келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру, тіркеу, қабылдау, ол бойынша жұмыс істеу, мұрағатқа дайындау т.б. өте қиын. Сондықтан болашақ маманды даярлау барысында бұл пәннің атқаратын рөлі зор.
Ісқағаздарын оқыту барысында олардың негізгі түрлерін мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына т.б. ерекшеліктеріне қарап, «Жеке адам өміріне қатысты іс құжаттар», «Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжаттар», «Басқару ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар» деп бөліп қарастырылды. Бұлай бөлу студенттердің құжат түрлерін тез меңгеруіне, олардың жалпы ісқағаздары ішіндегі орнын ажырата білуіне, әрқайсысының ерекшеліктерін сапалы түсінуіне және сауатты толтыруына оң ықпал етеді. Осылай үш топқа бөлу арқылы әрбір топтағы құжаттарға жеке-жеке тоқталып, анықтамасы, құрылымы, ерекшеліктері, тілдік бірліктері, үлгілері, жаттығулар, тапсырмалар, сөздік және сөз тіркестері т.б. бере отырып, әр құжаттың мазмұнын ашып, толық түсінік берілді. Жазбаша орындалатын материалдарда құжат мәтінін өз бетінше құрастыруға жағдаяттар беріліп отырды. Сондай-ақ студенттер өздерінің білімін тексере алатын лексикаграмматикалық тесттер жинағына қоса глоссарийлер берілді. Студент «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» пәнін оқып үйрену барысында: ісқағаздарын жүргізу ретін, оларға қойылатын талаптарды, ресми ісқағаздарын толтыруда сақталатын негізгі заңдылықтарды, құжаттарға қойылатын талаптарды, олардың топтастырылуын, жеке іс құжаттарын толтырудың жолын меңгереді. Студенттер ісқағаздарын мемлекеттік тілде жазбаша және ауызша түрде жүргізе білуге дағдыланады және сөйлеу мәдениетін үйреніп, сөздік қорын дамытады.
Іс қағаздарының қызметтері мен сипаттары
Ісқағаздарының қызметтері: - жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші; - жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші; - әртүрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші; - мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші; - жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы; - мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші; - тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі; - мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші; - мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.
Ісқағаздарының сипаттары:
- саяси (мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);
- әлеуметтік (қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда); - ұйымдастырушылық (басқару қызметі жүйесінде);
- құқықтық (заңды және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда); - тарихи (әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда);
- ресмилік (міндетті түрде заңды тұрғыда тіркелуінде).
Құжаттау үдерісінің элементтері: 1. құжаттарды дайындау; 2. құжаттарды жолдау, тіркеу; 3. сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу; 4. құжаттарды қолдануға дайындау; 5. құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау; 6. құжаттарды мұрағат қорына дайындау. Ісқағаздарын зерттейтін ғылым салалары тіл білімі педагогика тарих саясаттану мұрағат ісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет