Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет96/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
139
Сонымен қатар, сыннан көз ашпаған Сәкенді «шығарма жұмысы шабандап кетті, соңғы 
жылдары көрнекті ештеңе жазбады, жұртшылықпен қатынасы азайды» деп айыптады. Қазақ 
зиялылары, оның ішінде жазушылар арасында бірін-бірі саяси-идеялық жағынан айыптау, 
кінәлау күшейіп қарқын алған кезде, өзі сыналып жатқанына қарамастан Сәкен, «халық жауы» 
деп айыпталғандарға қарсы ештеме жаза қоймады. Бірақ, бұл да назардан тыс қалмады. 
«Сәкен жолдас халық жауларымен күнделікті күресудің орынына, олардың қылықтарына 
шектен асқан шыдамдылық істеп үндемей отыр. Қазірде, қазақ ұлтшылдығы ең басты қауіп 
болып отырғанда, бұрынғы уклондар, партияға қарсы жіктер бір арнаға құйылып, ұлтшыл-
фашистке айналып отырғанда, Сәкеннің тым-тырыс үндемей отырғаны, партия ұйымына 
жәрдем бермей отырғаны – партиялық міндетін толық атқармай отырғаны», – деп айыптады 
[11].
Осы кезде оң солын әлі толық танымаған, өзіндік ой-пікірі, дүниетанымы мен көзқарасы 
қалыптаспаған, жас ақын-жазушылар ғана емес, қазақ әдебиетінің танымал тұлғалары да әлсіздік 
көрсетті, пендешілік жасады. Сонау, 1928 жылы басталған С.Мұқанов пен І.Жансүгіров арасында 
өзара сын, пікір айтудан туған жай, 1937 жылы шиеленісіп, ушығып кетті. Сәл шегініс жасасақ, 
1928 жылы Қазақ баспасының бас редакторы С.Мұқанов баспадан шығарған І.Жансүгіровтың 
өлеңдер жинағына «Беташар» жазып, «таптық беті айқын емес» деп сын айтты. Оған наразы 
болған Ілияс «Бетім анадай емес, мынадай» [12] деп көлемді мақала жазды. Бұдан кейін де 
бірнеше жыл бойы үздік, создық бірін-бірі сынаған, кінәлаған бірнеше мақалалар жазылып, екі 
жақ та бірін-бірі жікшіл, ұлтшыл деп айыптады. 
Бірақ, замана бетінің қайда бұрылып бара жатқандығын байқады ма, Сәбитпен түсінісу ниеті 
бар екендігін білдіріп І.Жансүгіров «Қателесуге қарсы большевиктік сынды күшейтеміз» [13] 
деген мақала жазды. Мақалада «өз өлеңдерінде байшылдыққа, кейде үмітсіздікке салынғанын, 
кейде жаңа өмірдің жақсы жағын көре алмаған қателіктерін мойындады. Сәбиттің өзінің 
қателіктерін көрсеткенде артық кеткенімен бірге, дұрыс айтқандары да болды деп онымен 
түсінісуге қадам жасады. Өзара салқындық лебі сейілген секілді болғанда, 1937 жылы зұлмат 
басталғанда С.Мұқанов І.Жансүгіровке қайта тиісті, аяусыз шүйлікті. Шығармашылығы ғана 
емес, жеке басы да талқыға түсті. «Тарихи қаулыдан кейін» [14] деп аталатын мақаласында 
«Жансүгіровтың редакциясымен 1935 жылы Сүйінбайдың ұлтшылдық кітабы шықты. Ол 
кітаптың ішінде қазақты қырғызға өшіктіріп айдап салды» деп оның шығармашылығына айып 
тақса, жазушылардың жиналысында «...Жансүгіров екі баласы мен әйелін қоя берді. Жіберіп 
қана қоймай, балаларына тиісті заңды ақшасын төлеп тұруды міндетім деп те білмеді» [15] деп 
оның жеке басына, отбасылық ісіне араласып кінә тақты. Бұл аздай-ақ С.Мұқанов «Кировтың 
өліміне арнап жазған өлеңінде саяси қате жіберді. Ол қатенің өзі де анау мынау қате емес, үлкен 
қате» деп саяси айып тағып, Ілиясты бұл қатесін жөндемеді деп сынады [16].
І.Жансүгіровті айыптау саяси сипат алып, оның шығармаларынан жаулық көзқарас 
іздеудің күшейгені соншалық, көркем шығармалары да бұрмаланып талқыға түсті. Кәріжан 
Дәукенов деген І.Жансүгіров жинағына ерекше шүйілікті. Ол: «Жинақтың ішіне ерте кезде 
ұлтшылдық идеологиясында жазған «Мерген мен бөкен» деген әңгімесін кіргізіп Жансүгіров 
қазақ еңбекшілеріне совет үкіметін жамандап, құбыжық етіп көрсетеді. Қазақ ұлтшылдарының 
ықпалына Жансүгіров те мықтап түскен. Сөйтіп қазақ еңбекшілерін «бөкен», совет өкіметін 
«мерген» етіп суреттеген. Сөз жоқ, бұл – барып тұрған контрреволюциялық, совет өкіметі 
мен қазақ еңбекшілерінің арасына дұшпандық отын жақпақшы болған алашордашылардың 
әрекетінен туған нәрсе.
Бұл кітап оқушыларымызға ешбір пайда бермейді, пайда беруі былай тұрсын, оқушыны 
теріс пікірге, алашордашыл контрреволюциялық идеяға қарай тартады. Мұнымен қатар 
партиямызға жау элементтерге құрал болатын жинақ», деп жазды [17]. Мақала І.Жансүгіровты 
совет өкіметіне қарсы, контрреволюциялық шығарма жазып алашордашыл идеяны халық ішінде 
насихаттап отырған сенімсіз күдікті адам ретінде ғана емес, беті ашық «халық жауы» ретінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет