«Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің 2010 жылғы 23 сәуірде өткізілетін жылдық жалпы жиналысы туралы



Дата17.06.2016
өлшемі27.58 Kb.
#141995
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің

2010 жылғы 23 сәуірде өткізілетін жылдық жалпы жиналысы туралы

ақпарат
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі 2010 жылдың 23 сәуірінде сағат 11.00-де мына мекен-жай бойынша: Алматы қ., Абай даңғылы, 109 «В», 503-кабинет, Акт залында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
КҮН ТӘРТІБІ:

  1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның 2009 жылғы қаржылық есептемесін бекіту.

  2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның 2009 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қарапайым акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның бір қарапайым акциясына есептелген дивиденд мөлшерін бекіту.

  3. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жарияланған акцияларының санын ұлғайту туралы.

  4. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Жарғысына өзгеріс енгізу туралы.

  5. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамы туралы хабардар ету.

  6. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты акционерлердің өтініш-шағымы туралы мәселені қарастыру және оның нәтижесі туралы.

  7. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қызметіне аудит жүргізуші аудиторлық ұйымды анықтау.

  8. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Есептеу комиссиясының құрамы мен өкілеттік мерзімін анықтау, комиссия мүшелерін сайлау.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлер тізімі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесінің 2010 жылғы 23 наурыздағы жағдайға сәйкес мәліметі негізінде жасалады.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 43-бабы, 1-тармағының қағидаларына сәйкес (бұдан әрі - «Акционерлік қоғамдар туралы» заң) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне ірі акционер (Банктің дауыс беруші акцияларының он және одан көп пайызы (жиынтық түрде) тиесілі бір акционер немесе өзара жасалған келісім негізінде әрекет етуші бірнеше акционер) немесе Банктің Директорлар кеңесі толықтыру жасай алады, бұл жағдайда енгізілетін толықтыру туралы Банк акционерлері жалпы жиналыс өткізілетін күннен кемінде 15 (он бес) күн бұрын немесе «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 43-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен хабардар болуға тиіс.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерін жылдық жалпы жиналыстың жұмысына қатысуға шақырамыз.

Жылдық жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелерге және жиналысты өткізуге қатысты мәселе бойынша ақпаратпен және материалдармен мына телефондар арқылы танысуға болады: 8 (727) 259 07 77, 8-8000 8000 59 (Қазақстан бойынша телефон шалу - тегін).

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу сағат 10.00-де басталып, 10 сағат 45 минутта аяқталады. Тіркеу Акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін жерде жүргізіледі.

Акционердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек. Акционерлердің өкілдері сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынуға тиіс.

Заңды тұлға-акционерлер ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңы 17-бабының 5-тармағының бірінші бөлігіндегі талапқа сәйкес өз акционерлері (қатысушылары) тіркелген елге қатысты талаптың орындалуы туралы өтінішті ұсынуға тиіс.



Өтініш нысаны «Қазақстан Халық Банкі» АҚ корпоративтік веб-сайтында орналастырылған: http://www.halykbank.kz/.
Жиналым болмаған жағдайда акционерлердің жылдық жалпы жиналысы Алматы қ., Абай даңғылы, 109 «В», 503-кабинеттегі Акт залында 2010 жылғы 26 сәуірде сағат 11.00-де қайталап өткізіледі.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Директорлар кеңесі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет