«Qazaq Banki» АҚ Акционерлерінің 02 желтоқсан 2014 жылғы кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасы «Qazaq Banki»



Дата25.02.2016
өлшемі134 Kb.
#25854

«Qazaq Banki» АҚ Акционерлерінің 02 желтоқсан 2014 жылғы кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасы


«Qazaq Banki» акционерлік қоғамының

акционерлерінің мәжілісті өткізбей сырттай дауыс беру әдісімен

кезектен тыс жалпы жиналысының

Х А Т Т А М А С Ы

Банк Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылған «Qazaq Banki» акционерлік қоғамының акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан былай мәтін бойынша «Qazaq Banki» АҚ, Банк, Қоғам), Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Фурманов көш., 279 мекенжайы бойынша мәжілісті өткізбей сырттай дауыс беру әдісімен 02 желтоқсан 2014 жылы өткізілді.


Атқарушы органның толық атауы:

«Qazaq Banki» акционерлік қоғамының басқармасы


Атқарушы органның орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Фурманов көш., 279


Дауыс беру қорытындыларын жиынтықтау орны:

Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Фурманов көш., 279


Сырттай дауыс беру үшін бюллетеньдерді ұсынудың ақырғы күні:

10 00 сағат 02 желтоқсан 2014 жыл



Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының мәжілісін өткізбей сырттай дауыс беру үшін дауыстар санын есептеу күні:

10 05 сағаттан бастап 12 00 сағатына дейін 02 желтоқсан 2014 жыл

Акционерлердің мәжілісті өткізбей сырттай дауыс беру әдісімен кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі (бұдан былай мәтін бойынша АКТЖ, Акционерлердің жиналысы, Жиналыс) Қоғамның тіркеушісімен– «Құнды қағаздардың бірегей тіркеушісі» (бұдан былай мәтін бойынша «ҚҚБТ» АҚ, Тіркеуші) акционерлік қоғамымен 13.10.2014 жылғы 0000 сағат уақытындағы жағдай бойынша құрастырылды.

Тізімді құрастыру күні «Qazaq Banki» АҚ қарапайым акцияларына ие акционерлерінің саны– 48 акционерді құрады, артықшылығы бар акцияларына ие акционерлерінің саны – 1 акционер.



Жарияланған акциялардың жалпы саны

22 000 000 дана, олардың ішінен:

қарапайым акциялардың жалпы саны

20 000 000 дана

артықшылығы бар акциялардың жалпы саны

2 000 000 дана

Орналастырылған акциялардың саны




қарапайым акциялардың

11 063 702 дана

артықшылығы бар акциялардың

600 010 дана

Сатып алынған акциялардың саны




қарапайым акциялардың

0 дана

артықшылығы бар акциялардың

600 000 дана

Әрекет етуші заңнамамен сәйкес дауыс беруші акциялар — орналастырылған қарапайым акциялар, сондай-ақ дауыс беру құқығы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен қарастырылған жағдайларда берілген артықшылығы бар акциялар, ал дауыс беруші акциялардың құрамына қоғаммен сатып алынған акциялар кірмейді, сондай-ақ ол туралы мәліметтер орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жоқ меншік иесінің номиналды иелігіндегі және меншік иесіне тиесілі акциялар.

Орналастырылған қарапайым акциялардың саны

– 11 063 702 дана

Банк сатып алынған акциялардың саны

– 0 дана

Дауыс беруші акциялардың жалпы саны

– 11 063 702 дана

Жиналыс күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдерді қабылдауға құқылы, егер Жиналыс қатысушыларын тіркеу кезінде акционерлер тізіміне енгізілген жиынтығында Банкінің дауыс беруші акциялардың елу және одан да көп пайызына иелік етуші, оған қатысуға және онда дауыс беруге құқылы акционерлер немесе олардың өкілдері тіркелген болса, (Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 45 бабының 1 тармағына сәйкес).

Акционерлерге сырттай дауыс беруге бюллетеньдерді жіберу жағдайында, аталған бюллетеньдермен ұсынылған және Банкімен Кезектен тыс жалпы жиналыстың қатысушыларын тіркеу кезінде алынған дауыстар кворумды анықтау және дауыс беруді қорытындылау кезінде ескеріледі (Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 45 бабының 4 тармағына сәйкес).

02 желтоқсан 2014 жыл 10 00 сағат жағдайы бойынша сыртттай дауыс беруге қатысты 15 бюллетень келіп түсті. Барлық бюллетеньдер жарамды ретінде танылды.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 46 бабының 1 тармағына сәйкес акционерлер саны жүзден аз қоғамда есеп комиссиясының функциялары акционерлердің жалпы жиналысының хатшысымен жүзеге асырылады. Банкінің 20.05.2013 жылғы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешіміне сәйкес, Банкінің акционерлердің жалпы жиналысымен қайта сайлауға дейін Жиналыстың Хатшысы ретінде Киштибаева Г.Е. сайланды, соңғысы дауыстардың есебін акционерлердің бюллетеньдері бойынша жүзеге асыратын болады.



Хатшы Банкінің акционерлердің мәжілісті өткізбей сырттай дауыс беру әдісімен кезектен тыс жалпы жиналысына қатысқан акционерлердің бюллетеньдері бойынша дауыстардың есебін өткізді. Кворум сақталды. Шешімді қабылдау заңды болып табылады.
Д А У Ы С Б Е Р У Г Е Қ А Т Ы С У Ш Ы Л А Р

Банкінің қарапайым акцияларының иеленуші акционерлері

Акционердің жеке тұлғаның толық аты-жөні/ заңды тұлғаның атауы

Жиналыста ұсынылған дауыс беруші акциялардың саны, жиналысты өткізу кезінде дауыс беруші акциялардың санындағы үлесі

Акционердің (өкілдің) толық аты-жөні

«Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ

112 /0,0010%




PROGRESSION GROUP ЖШС

550 000 /4,9712%




Алматыторгсервис ЖШС

575 000 /5,1972%




Абдраимова Забира Турсынбаевна

509 432 /4,6045%




Достыбаев Ержан Нурбекович

1 045 573 /9,4505%




Ибдиминов Азизжан Азимжанович

249 160 /2,2520%




Ибрагим Бахыт Жасұзақұлы

1 223 084 /11,0549%




Игильман Асылбек Мухамедулы

103 727 /0,9375%




Идрисов Динмухамет Аппазович

1 095 307 /9,9000%




Илахунов Адылджан Ануарович

575 000 /5,1972%




Нурланов Нурхан Нурланович

1 095 306 /9,9000%




Сандыбаев Айдар Муратович

484 500 /4,3792%




Сейдвалиева Жанар Мухатовна

1 000 000 /9,0386%




Сунатулаева Акмарал Сайдуллаевна

1 045 572 /9,4505%




Тахтахунов Ренат Рашидович

492 460 /4,4511%




БАРЛЫҒЫ

10 044 233 /90,7855%





Күн тәртібі:

  1. «Qazaq Banki» АҚ Жарғысына өзгерістерді және толықтыруларды енгізу туралы;

  2. «Qazaq Banki» АҚ Директорлар кеңесі туралы Ережеге өзгерістерді енгізу туралы;

  3. «Qazaq Banki» АҚ жарияланған акцияларының санын арттыру туралы;

Күн тәртібіндегі мәселелері бойынша:



  • Дауыс беру келесі қағида негізінде жүзеге асырылатын болады: «бір акция – бір дауыс» (Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 50 бабының 1 тармағына сәйкес).

  • Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша шешім Банкінің дауыс беруде қатысушы дауыс беруші акцияларының жалпы санының дауыстардың қарапайым көпшілігімен қабылданатын болады (Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 36 бабына сәйкес).

  • Күн тәртібіндегі бірінші және үшінші мәселелер бойынша шешімдер Банкінің дауыс беруде қатысушы дауыс беруші акцияларының жалпы санының дауыстардың білікті көпшілігімен қабылданатын болады (Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 36 бабына сәйкес).

Осы Жиналыста қабылданатын шешім бойынша дауыс беру және дауыстарды есептеу тәртібі:



  • Дауыс беру мәжілісті өткізбей сырттай дауыс беру арқылы, яғни, акционерге тиесілі дауыстарды және таңдалған шешімнің нұсқасын көрсетіп дауыс беруге арналған бюллетеньдерді ұсыну арқылы жүзеге асырылады;

  • Жиналыста дауыс беру кезінде әрбір акционер оған тиесілі дауыс беруші акциялардың санына тең болатын дауыстар санына ие (сан Жиналыста дауыс беруге арналған бюллетеньде қойылған);

  • Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру кезінде акционер қабылданатын шешім бойынша оған тиесілі барлық дауыстармен дауыс берудің ұсынылатын нұсқаларының тек біреуі ғана бойынша дауыс беруге құқылы: «мақұлдаймын», «қарсымын» және «қалыс қалдым»;

  • Хатшы акционерлермен дауыс берудің нұсқалары бойынша берілген дауыстарды есептейді және қосады: қабылданатын шешімге «қарсы», «қалыс қалған». Дауыс берудің «мақұлдаймын» нұсқасы бойынша берілген дауыстар есептік тәсілмен анықталады: Жиналыста қатысуға тіркелген дауыстардың жалпы санынан акционерлермен дауыс берудің «қарсымын» және «қалыс қалдым» нұсқалары бойынша берілген дауыстар саны шегеріледі.

Күн тәртібіндегі «Qazaq Banki» АҚ Жарғысына өзгерістерді және толықтыруларды енгізу туралы» бірінші мәселесі бойынша Банкінің құрылтай құжаттарын Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңына, сондай-ақ, Директорлар кеңесінің және Банкі Басқармасының өкілеттіктерін кеңейтуге қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасының 26 ақпан 2014 жылғы №29 қаулысымен бекітілген «Екінші дәрежелі банктер үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру ережелеріне» сәйкестікке келтіру қажеттілігіне орай Банк Жарғысына өзгерістер және толықтырулар жобасы әзірленді: Директорлар кеңесінің  және Банк Басқармасының құзыреті анықталатын ережелер енгізілді, тек «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен және Банкінің Жарғысымен ғана орнатылмайды, сондай-ақ, жалпы алғанда заңнамамен, Банкінің Жарғысымен және басқа ішкі нормативтік құжаттарымен орнатылады.


ДАУЫС БЕРУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

  1. «Qazaq Banki» АҚ Жарғысына өзгерістерді және толықтыруларды енгізу туралы»


«мақұлдаймын»

– 10 044 233 дауыс

«қарсымын»

– 0 дауыс

«қалыс қалдым»

– 0 дауыс

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 36 бабының 2 тармағының бірінші азат жолына сәйкес осы мәселе бойынша шешім дауыс беруші акциялардың жалпы санының білікті көпшілігімен қабылданады.
Ш Е Ш Т І:

  1. «Qazaq Banki» АҚ Жарғысына өзгерістерді және толықтыруларды бекіту;

  2. «Qazaq Banki» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасын «Qazaq Banki» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерістерді және толықтыруларды енгізуге қолтаңба қоюға уәкіл ету.

  3. Атқарушы органға «Qazaq Banki» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерістерді және толықтыруларды Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркеу бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ өкілетті органға хабарлау.

Күн тәртібіндегі «Qazaq Banki» АҚ Директорлар кеңесі туралы Ережеге өзгерістерді енгізу туралы екінші мәселесі бойынша Банкінің Ішкі нормативтік құжаттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасының 26 ақпан 2014 жылғы №29 қаулысымен бекітілген «Екінші дәрежелі банктер үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру ережелеріне» сәйкестендіру қажеттілігіне орай, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңының Банкпен ерекше қатынастармен байланысқан тұлғаларымен келісімдерді бекіту мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау бойынша Директорлар кеңесінің өкілеттіктерін кеңейтуге қатысты, банкінің жекеменшік капиталының бес пайызынан асатын қарыздарды беру бойынша келісімдерді бекіту, сондай-ақ, «Qazaq Banki» АҚ Директорлар кеңесі туралы Ережесіне өзгерістерді енгізу қажет ететін Директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызылатын басқа мәселелер бойынша Заң актілеріне сәйкес шешімдерді қабылдауға қатысты.




ДАУЫС БЕРУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

  1. «Qazaq Banki» АҚ Директорлар кеңесі туралы Ережеге өзгерістерді енгізу туралы.


«мақұлдаймын»

– 10 044 233 дауыс

«қарсымын»

– 0 дауыс

«қалыс қалдым»

– 0 дауыс

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 36 бабының 2 тармағының екінші азат жолына сәйкес осы мәселе бойынша шешім дауыс беруші акциялардың жалпы санының қарапайым көпшілігімен қабылданады.


Ш Е Ш Т І:

«Qazaq Banki» АҚ Директорлар кеңесі туралы Ережеге өзгерістерді енгізуді бекіту

Күн тәртібіндегі «Qazaq Banki» АҚ жарияланған акцияларының санын арттыру туралы үшінші мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасының «Банк қызметін реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістерді және толықтыруларды енгізу туралы» 6 мамыр 2014 жылғы №79 Қаулысына сәйкес 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап Банкінің жекеменшік капиталының минималды өлшеміне қатысты талаптарды арттыру жоспарлануда, осыған орай акционерлер жиналысының қарастыруына Банкінің жарияланған қарапайым акцияларының санын 50 000 000 данаға дейін арттыру туралы мәселесі бағытталады.



ДАУЫС БЕРУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

  1. «Qazaq Banki» АҚ жарияланған акцияларының санын арттыру туралы


«мақұлдаймын»

– 10 044 233 дауыс

«қарсымын»

– 0 дауыс

«қалыс қалдым»

– 0 дауыс

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 36 бабының 2 тармағының бірінші азат жолына сәйкес осы мәселе бойынша шешім дауыс беруші акциялардың жалпы санының білікті көпшілігімен қабылданады.


Ш Е Ш Т І:

  1. Банкінің жарияланған акцияларының келесі құрылымын бекіту:

Жарияланған акциялардың саны – 52 000 000 (Елу екі миллион) акция, соның ішінде:

қарапайым акциялардың саны – 50 000 000 (елу миллион) қарапайым акциялар;

артықшылығы бар акциялардың саны – 2 000 000 (екі миллион) артықшылығы бар акциялар;

  1. Атқарушы органға қосымша эмиссияны өкілетті органдарда тіркеу бойынша барлық қажетті шараларды жүзеге асыру.



Жиналыстың хатшысы: _________________ Киштибаева Г.Е.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет