төсектерінен ажырап (түнде ұйқыдан тұрып)
Раббыларына үрейленіп, үміт етіп жалбарынады.
Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға
жұмсайды. Расында істеген ізгі ісі үшін қандай
көзайымдар сақтаулы тұрғандығын ешкім де
білмейді» (Сәжде, 16,17). Сосын: «Саған істің басы,
өзегі және шоқтығы туралы айтайын ба?» – деді. Мен:
«Әрине, уа, Расулалла», – дедім. Ол (с.а.с.): «Істің басы
– Ислам, өзегі – намаз, шоқтығы – имани күрес», – деді.
Содан кейін: «Осы айтылғанның барлығының ұстап
тұрудың жолын көрсетейін бе?» – деді. Мен: «Әрине,
уа, Алланың пайғамбары», – дедім. Сонда ол (с.а.с.)
тілін ұстап көрсетіп: «Мынаған ие бол!» – деді. Мен: «Уа,
Алланың пайғамбары! Сонда біз сөйлеген сөзіміз үшін
жазаланамыз ба?» – деп сұрадым. Сонда Пайғамбар
(с.а.с.): «Әй, Мұғаз! Адамдар тозаққа етпеттерінен
сүйретіліп апарылғанда осы тілдерімен айтқандарының
жазасы үшін апарылмай ма?» – деді. (Термези, Ахмет,
Ибн Мәже, Хаким, Бәйһақи риуаят еткен).
Құран түскен құтты ай
Алла Тағала былай дейді: «Рамазан айы сондай
бір ай, ол айда адам баласына тура жол және
(ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран
түсірілді» (Бақара, 185).
Жаһанның жолбасшысы Мұхаммедке (с.а.с.)
ардақты аяттардың түсірілуі осы айдағы қасиетті
түндердің бірінде басталды. Ол түн мың айдан қадірлі
Қадір түні еді.
Пайғамбарлықтан бұрын бүкіл жаратылыстың
мырзасы Мұхаммед (с.а.с.) Мекке сыртындағы
таудағы Хира атты үңгірде жұрттан жырақ, оңаша
жағдайда Алла Тағалаға құлшылық ететін. Жасы
қырыққа толған шағында қалыпты дағдысымен
құлшылық етіп жатқан оған Жебірейіл періште (а.с.)
келіп: «Оқы!» – деп бұйырады. Ол (с.а.с.): «Мен оқи
алмаймын», – дейді. Сонда періште оны қатты қысып,
сосын босатып жіберіп тағы да: «Оқы!» – дейді.
Мұхаммед (с.а.с.): «Мен оқи алмаймын», – дейді.
Жебірейіл (а.с.) оны тағы да қысып: «Оқы!» – деп
әмір етеді. Пайғамбар (с.а.с.): «Мен оқи алмаймын»,
– деп қайталайды. Сонда Жебірейіл (а.с.): «Сондай
Достарыңызбен бөлісу: |