Қазақстан Республика-әлеуметтік мемлекет



бет1/4
Дата02.03.2022
өлшемі90.19 Kb.
#455891
  1   2   3   4
ҚР Жұмыс Бека все


Қазақстан Республика-әлеуметтік мемлекет
Атырау Бизнес және құқық колледжі

КУРСОВОЙ ЖҰМЫС


ТАҚЫРЫП
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА-ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Автор работы:


СтудентгруппыЮр 20-1
Ғалымжанұды Бекжасар

Жұмыс қабылдаушы:
Улжаннаподпись
2022 ж.
Мазмұны

  • 1 БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН МӘНІ.

  • Әлеуметтік мемлекеттің мазмұны.

  • Әлеуметті мемлекеттің Қазақстан Республикасында қалыптасуы.

  • 2 БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ.

  • Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілері.

  • Демократиялық мемлекеттің қағидалары.

  • 3 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛУЫ.

  • Қазіргі отандық теориядағы әлеуметтік мемлекет түсінігінің мазмұны.

  • Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекет құрудың теориясы мен тәжірибесі.

  • Қазақстанда тәуелсіз әлеуметтік мемлекет құру.

  • 4 БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

  • Жалпы Қазахстан Республикасның конституция мен заңды әлеуметтік құқығы.

  • 5 БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСНЫҢ РЕФОРМАСЫ

  • Реформа сөзінің жалпы ұғымы.

  • Әлеуметтік реформалар және оларды жаңарту.

  • Қазақстан Реформасы.

Кіріспе

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес, біздің ел өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең қымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.
Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі мәртебесіне ие. Ақша бірлігі – теңге.
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, оның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, сонымен қатар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының нышаны және кепілі болып есептеледі. Жалпы Қазақстан Республикасы демократиялық,зайрлы,Тәуелсіз мемлекет болып саналады.

1 БӨЛІМ ӘЛЕУМЕТТКІ МЕМЛЕКЕТЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ


Әлеуметтік меслекеттің жалып адамзат баласының ерте заманнан бастап келе жатқан ұғымдардың бірі. Әлеуметтік Мемлекет деген ұғым бұл адамдардың қоршаған ортаға деген ашылып білім алуға деген еркіндігімен жалпы қоғамның бостандығы деп айттуға болады. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы – ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық және ғылыми-технологиялық дамудың нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі мем лекеттің әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатты. «Әлеуметтік экономика» ұғымын құрайтын басты принциптер дүниежүзі қауымдастығы мен Қазақстан таныған бірнеше құжаттарда көрсетілген. Әлеуметтік мемлекеттің басты идеясы – гуманизм принциптері негізінде қоғам өмірін саяси саяси және құқықтық жағынан жетілдіру, кешенді қызметін жүзеге асыру, азаматтық қоғам дамуына жағдай жасау... Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекеттің мәні туралы ғылыми зерттеулерде әртүрлі тұжырымдама жасалынған. Ғалымдардың мемлекет туралы берген анықтамаларында бұл - әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне, өндірісті басқаруға, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғауға ұмтылған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет - әр азаматтың жақсы ортада тіршілік етуіне, әлеуметтік жағынан қорғалуына, таланттары мен шеберліктерін толық дамыту үшін барлық азаматтарға мүмкіндік жасайтын мемлекеттік биліктің формасы болып табылады. Мұндай мемлекет адам мен қоғамға қызмет етеді және әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік бітім мен әлеуметтік келісім принциптеріне негізделген адамдар арасында жаңа типті байланыстарды қалыптастырады. Ерекше айтатын жағдай, халықтың тіршідік ету деңгейінің жоғары болуы - әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда адам құқығы мен бостандығының құрылымы өзгереді, адамдардың саяси белсенділігі төмендейді, мемлекетке сенімсіздік пайда болады, саясатқа селқостығы ұлғаяды, құқық пен бостандықтың заңды кепілдіктері әрқашан мүмкін емес деген ұғым қалыптасады. Әлеуметтік мемлекеттің өмір сүруі құқықтың мемлекетпен бірлікте екенін атап көрсету қажет. Өйткені, әрі құқықтық, әрі әлеуметтік мемлекет те жеке тұлғаның дамуы мен игілігі үшін тиімді жағдайлар жасауға тырысады. Сонымен құқықтық мемлекеттің тұжырымдамасы негізгі құрал болғандықтан тиімсіз құқықтар санын мейлінше азайтып, мемлекеттің жеке тұлға өміріне қол сұғуына заңды түрде шектеу қойып, нақты ережелер белгіленуі қажет. Әлеуметтік мемлекет болса, бәрінен бұрын адамдарды заңдастырылған (негізделген) құқықтармен, адам дамуына қажетті материалдық жағдаймен, ұлттық табыстың әділ және ұтымды бөлінуін қалыптастырумен қамтамасыз етуге ұмтылады. Нақты айтқанда, тұлғаның жеке өмірін қорғауға және қолдауға тырысу - әлеуметтік және құқықтық принциптердің тұтастығының негізін құрайды. Солай десекте, құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекеттік органдардың ұлттық табысты, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басқа да игіліктерді бөлу процесіне қатыспауын да мойындайды. Бірақ әлеуметтік мемлекет әр адамды материалдық жағынан қамтамасыз етуге, нақты айтқанда, ұлттық табысты бөлумен айналысуға міндетті, осы процесті ұтымды түрде жүзеге асыру арқылы қоғамда пайда болатынтеңсіздіктерді болдырмауға тырысады. Әлеуметтік мемлекет өзінің қызметін азаматтардың қоғамдық белсенділігімен байланыстыруға, қысымшылық көрсету тәсілдерінен аулақ болуға, жеке бастың мәртебесін қорғауға, сөз бостандығы құқығына кепілдік беруді қамтамасыз етуге міндетті.
Әлеуметтік мемлекеттің мәні мен мақсаты – қоғамдағы бейбітшілік пен татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтік серіктестік институттарын дамыту, еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу құқығына және қауіп-қатерден қорғауға кепілдеме беру. Осындай мемлекетті құрудың міндетті шарты – саяси және экономикалық билік бөлісі болып табылады. Бұл меншік түрінің әр алуандығына байланысты. Әрбір адам нақты қандай да болсын кәсіпорын қызметін пайдалануға ерікті: мемлекеттік, кооперативтік немесе жеке меншіктік...
Қазіргі кезеңде демократиялық мемлекет бәекелестікті шектеу мен оны қайта қалпына келтіру арасындағы тәсілді ұстануға, өз іс-әрекеттерінде құқылық және әлеуметтік принциптердің тиімді мөлшерін табуға ұмтылуда. Кез келген қоғам тіршілік құрылымының ғылыми тұрғыда дәлелденген үлгісіне, нақты белгіленген мақсатқа сүйене отырып, дами алады. Әлеуметтік мемлекеттің барлық жиынтығы – негізінде әлеуметтік мемлекеттің алтыншы функциясы қамтамасыз етіледі: ол - әлеуметтік қызмет көрсету. Бұл ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында әлеуметтік мемлекеттің жаңа сапасы ретінде көрінеді және оның дамуының ең жоғары деңгейдегі қозғалысын білдіреді. Іс жүзіне келсек, бұл функцияның пайда болуын мемлекеттің индивидті жаппай басып-жаншу күйінен, әрбір адамның мүддесіне бағындырылған және қоғамға қызмет көрсететін мемлекетке өту деп қарастыру жөн болады. Бұл функция әлеуметтік мемлекеттің барлық атрибуттар жүйесіне сүйене отырып, азаматтық қоғам механизмі арқылы тікелей іске асырылады. Ал азаматтық қоғам, сайып келгенде, әлеуметтік мемлекеттің базалық функциясы болып табылады.

Қорытындылай келе, өркендеген елдердегі әлеуметтік мемлекеттің құрылу мемлекеттік құрылыстағы жаңа қадам деп тұжырымдауымызға болады. Әлеуметтік мемлекет жоғарыда атйқанымыздай - өз азаматтарының өмір сүруіне лайықты жағдаймен қамтамасыз етуге, әлеуметтік жағдайының қорғалуына, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өндірісті басқаруға, қоғам мен мемлекет іске араластыруға ұмтылатын мемлекет. Бұл мәселе – жағдайы нашар қамтамасыз етілген топтың пайдасына ұлттық табыстың қайта бөлудің көмегімен, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, білім алу, денсаулық сақтауды, бүкіл қоғамның мәдениетін, т.б. дамыту саясатын жүргізуді жүзеге асыру барысында кол жетіп, орындалады. Әлеуметтік мемлекет қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және т.б. теңсіздіктерді бәсеңдетуге, жуып-шаюға бар күш-жігерін жұмсайды.


Әлеуметтік мемлекеттің Қазақстан Республикасында қалыптасуы.
Қазақ елінің өз тәуелсіздігін алып, егемендігіне қол жеткізгеніне биыл отыз жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында еліміз қиын да, қыстаулы кезеңдерді, жетістіктер мен алға ілгерушіліктерді бастан кешірді. Алғашқы күннен бастап еліміз зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет құру бағытын таңдап алып, азаматтық қоғам инстутуттарын дамытуды басты мақсат етіп қойды. Қазақстан Республикасының қазіргі 1995 жылы қабылданған Конституциясы бойынша әлеуметтік және құқықтық мемлекетті құрудың алғышарттары мен негізгі принциптері белгіленген: «1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму бағыты ретінде Ата Заңымызда бекітілген әлеуметтік және құқықтық мемлекетті қалыптастыру негізгі қағидаларды жүзеге асыруды талап етеді. Олардың қатарында биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінуіне ерекше назар аудару қажет. Онда әлеуметтік құқықтық мемлекеттің басқа талаптары да қамтылған. Шындығында, заңның үстемдігі, адам құқығы мен бостандығын жоғары құндылық ретінде бағалау, мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі және оны жүзеге асыру талаптары заң шығарушы және атқарушы биліктің басты міндеттері. Ал, заң мен басқа да нормативті – заңдық актілердің орындалуын қадағалау сот билігінің міндеті. Биліктің бөлінуінің әрекетшілдігі және тиімділігі заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының өзара әрекетінде айқын көрінеді. Бұл екі билік тармақтары ара – қатынасының мүлтіксіз деңгейіне жету мүмкін емес, арадағы қайшылық демократия институттарын жетілдіріп, құқықтық мемлекетке ұмтылудың бастау көзі болып табылады. Бұл жағдайда белгілі – бір заңдылық туындайды. Қоғамды демократияландырудың өзегі болып табылатын заң шығарушы билікті, парламентаризмді дамыту атқарушы биліктің әрекетін шектейді, оның тетіктерін жетілдіру қоғамды демократияландыру деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Әлеуметтік және құқықтық мемлекетті қалыптастыру елімізде парламентаризмді, парламентті, оның қызметін жетілдірумен қатар жүргізіліп отыр.
Сот билігі адамдардың құқығы мен бостандығын қорғауы және осы арқылы қоғамда тұрақтандырушы рөл атқаруы қажет. Ол үшін сот билігі тәуелсіз болуы қажет. Бұл мәселені АҚШ-та соттарды заңгерлер мен халық өкідері қатысуымен алдын – ала таңдау арқылы ұзақ мерзімге немесе өмірлік тағайындау арқылы шешкен. Мұндай тағайындаудан кейін соттар сот кодексін бұзған жағдайда ғана қызметінен босатылады. Мұндай жүйе соттарды шешім қабылдауда барынша тәуелсіз болуына мүмкіндік береді. Тәуелсіздіктің екінші негізі – материалды тұрғыдан қамтамасыз етілу. Төменгі деңгейдегі соттардың өзі жергілікті билік тарапынан қаржыланбауы қажет. Материалды жағдайдың жоғарылығы сот қызметінің беделін арттырып, қоғамда соттарды теріс ойдан сақтандырады. Мұның бәрі сот билігіне қоғам алдында жауапкершілікке ие білікті заңгерлерлің келуін қамтамасыз етеді. Аталған мәселелер елімізде тек соңғы уақыттарда ғана қауымдастық алдында кеңінен талданып, соттардың материалды жағдайын жоғарылату, соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету өзінің оң шешімін табуда.
Әлеуметтік құқықтық мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі – заңды негіздерге сүйене отырып шешім қабылдайтын тәуелсіз сот жүйесінің болуы. Биліктің бір тармағы болып табылатын тәуелсіз сот билігінсіз әлеуметтік құқықтық мемлекеттің болуы мүмкін емес. Сот жүйесінің тәуелсіздігі, ең алдымен, соттардың құқықтық статусымен, сонымен бірге, олардың обьективті әділдігімен анықталады. Елбасы Н. Назарбаев еліміздегі сот жүйесін жетілдіру мәселесін әрдайым басты назарда ұстау қажеттігін ескертеді. Атап айтсақ,__
өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту мәселесіне арнайы тоқталып, соттардың жауапкершілігі мен біліктілігін арттыру, арбитраждық аралық соттар жүйесін нығайту, судьялар жасағын қалыптастырудың тәртібін қайта қарау туралы өкілетті орындарға өз тапсырмаларын берді .
Қазіргі Қазақстан жағдайында әлеуметік құқықтық мемлекетті қалыптастыру мен азаматтық қоғам талаптарын қабылдау процестері қатар жүріп отыр. Сондықтан 2006 жылдың 25 масымында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасында азаматтыққоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының және 2011-2020 жылдарға арналған құқықтық саясатты дамыту тұжырымдаманың бекітілуі бұл бағдарды ілгерітушілік болып табылады[3] . Бұл құжат билік органдарының белсенділігімен бекітілді, өйткені қазіргі күннің өзінде қоғам азаматтарының енжарлығы анық байқалады. Тәуелсіз даму жылдарында Қазақстанда жаңа саяси-құқықтық режим қалыптасып қана қойған жоқ, сондай-ақ босап қалған әлеуметтік кеңістікте көптеген ұйымдар мен ассоциациялар құрылды. Бірақ, демократиялық қоғамға тән азаматтық қатынастар жүйесі қалыптасты деуге әлі де ерте. Қазақстан азаматтық қоғамының көптеген құрылымдарының тәуелсіздігі сөз жүзінде қалып отыр, өйткені идеологиялық, материалдық, ұйымдастырушылық тұрғыдан әлі де билікке тәуелді. Бұл азаматтық қоғам институттарының іс әрекетін қамтамасыз етуші нормативті негіздің әлсіздігімен байланысты.
Демократиялық институттарды қалыптастыруды халықтың әлеуметтік қабылдауы әрдайым артта қалып отыр. Саяси реформалар жылдарында еліміз демократия институттарының формалды негіздерін қалыптастыра алды, бірақ оларды шынайы мазмұнмен толықтыру үшін, жаңа азаматтық, саяси-құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін уақыт керек секілді. Қазақстандық қоғам демократиялық өзгерістерді жеткіліксіз құрылмаған, субъективті тасымалдаушысы жоқ жаңадан қалыптасқан саяси ағымдармен бастады. Әлеуметтік және саяси мүдделер нақтыланған жоқ, әр түрлі топтар мен қабаттардың талаптарын білдіретін тетіктер болмады. Азаматтардың аздаған ерікті ассоциациялары мен одақтары әлеуметтік жатсынуды, халықтың маргиналдылығын және кедейлікті, әлеуметтік бейтараптылықты жеңуге мүмкіндігі болмады. Азаматтық қоғам институттары халық пен саяси жүйе арасын байланыстыра алмады, олар мемлекетпен ара-қатынаста, саяси шешімдерді қабылдауда, түрлі әлеуметтік салалардағы заңдар, саяси бағдарлар мен технологияларды жасауда серіктестік қызметін атқара алмады. Сонымен бірге, ең басты мәселенің бірі азаматтық қоғам субъектісінің, яғни белсенді, өзінің азаматтық, саяси, әлеуметтік құқығын білетін, өз мүдделерін конституциялық-құқықтық негізде қорғай алатын азаматтың қалыптаспауы. Мұндай жағдайда қоғамның әлеуметтік, саяси, құқықтық және басқа салаларында мемлекет шешуші рөл атқарады. Сондай-ақ, мемлекттік саясаттың маңызды басымдығы елді демократияландыру барысында халықтың азаматтық белсенділігінің өсуі үшін, азаматтық қоғамның құқықтық және әлеуметтік-мәдени алғышарттары қалыптасуы үшін негізгі шарты ретінде қалып отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда азаматтардың ерікті бірлестіктері мен қауымдастықтары көптеп құрылды, бірақ олар өз жиынтығымен азаматтық қоғам жүйесін құрған жоқ. Мұндай жағдайда Қазақстан өтпелі посткоммунистік қоғам болып табылады. Оның ерекшелігі батыстық қоғам институттарына ұқсас әлеуметтік-саяси институттардың болуы, бірақ бұл институттар батыстағыдай өз қызметтерін әлі атқарып отырған жоқ. Азаматтық қоғамның жетілмегені оның әлеуметтік-мәдени алғышарттарының толық қалыптаспағанымен байланысты. Қазіргі Қазақстан жағдайында жоғарыдан төменге бағытталған қатынастар азаматтық қатынастар мен байланыстарға үстемдік етіп отыр. Әзірге еліміз халқының басым бөлігіне азаматтық қоғам институттарына жаттанған қатынас тән, ол кез-келген қоғамдық іс-әрекетте, ортақ мүдделер мен мақсаттарға біріккен кез-келген қоғамдастыққа қатысында көрінеді.
Әлеуметтік және құқықтық мемлекет идеясы бойынша адам өмірінің құндылығы және оның өмірінің кепілінің шартын қалыптастыру мемлекеттің міндетіне берілуі қажет. Бұл өз кезегінде жеке адам мен қоғамның құндылықты бағдарының жаңа жүйесін жасауды қажет етеді, оның шеңберінде жеке адам құндылығына, оның еркіндігі мен дербестігіне оның құқығы мен өз мүддесін өзі анықтау мүмкіндігіне басымдық беріледі. Өркениетті қоғамның, құқықтың мемлекеттің міндеті мен мәні оны процесті қамтамасыз ету, ережелер шеңберінен тыс индивид әрекеттерін шектеу болып табылады. Бұған құқықтық сананың жетілген формалары болғанда ғана қол жеткізуге болады. Әлеуметтік және құқықтық мемлекетті қалыптастыру Конституцияда бекітілген Қазақстан Республикасының алдына қойған маңызды мақсаты. Оған жету азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастырмай, қоғам өмірінің көптеген салаларында етек жайып отырған құқықтық нигилизм әсерін жоймай мүмкін емес. Құқықтық нигилизм биліктің көптеген құрылымдарының іс әрекетінде көрініс беріп отыр, бұл өз кезеңінде құқыққа деген теріс көзқарас қалыптастырып отыр.
Қазақстанда биік құндылығы ретінде адам туралы идеяны бекіту процесі дүниежүзілік-тарихи процестің бір бөлігін көрсетеді. Осы салада жиналған дүниежүзілік тәжірибеде Қазақстандағы биік құндылық ретінде адам статусын заңмен бекіту кезінде зерттеліп, қолданылды. Осы идеяның нығаюы адамзат қоғамының барлық тарихымен бірге жүрді және әртүрлі сатыларда пайда болған құжаттарда көрініс тапты. Қазақстандағы адамның құқығы мен бостандығын заңмен бекіту ұлттық және халықаралық бай тәжірибеге сүйене отырып, жүргізілді. Н.Ә. Назарбаев былай деп көрсетеді: «Біз – өзінің жеке тарихы бар еуразиялық елміз. Ол өзіне түрлі өркениет жетістіктерін сіңіреді. Біздің алдымызда не мынау, не басқа деген сұрақ тұрмайтын болады. Біз диалектикалы боламыз және іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген өркениеттің барлық жетістіктерін аламыз» . Бұл ереже әлемдік масштабта орын алған адам статусын, оның құқығы мен бостандықтарын биік құндылықтар ретінде заңмен бекіту тәжірибесін шығармашылықпен пайдалануға толығымен қатысты. Бұл тәжірибені үйрену жәнешығармашылықпен пайдалану үздік актілерді көшіре салуға әкелмейтінін айту керек. Халықаралық тәжірибе – бұл Конституция нормалары, шығармашылығы, ол тиісті елдерде және жалпы дүниежүзінде оларды қолдану мен үздіксіз байланыстан алынған Конституциялық нормалар. Оның үстіне, басқаның тәжірибесін пайдалану, оны шығармашылықпен пайдаланудың ішкі алғышарттарын жасаумен байланысты процесс. Жаңа мемлекеттік құрылыс бекітілді. Оның негізі – құқықтары мен бостандықтары бар адам болып табылады, оның негізінде адамды биік құндылық ретінде бекіту идеясының алғышарты жатыр. Әлеуметтік құқықтық мемлекетте жеке басының бостандығы барлығы үшін тең сипатта болады және мемлекеттік-құқықтық құралдармен және нысандармен қорғалады. Қазіргі уақытта құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам концепциясы орайлас дамуда. Ал олардың құрылымы мен дамуы адам құқығы мен бостандықтарын жүзеге асырудың басты шарты болып табылады. Әлеуметтік құқықтық мемлекет пен адам құқығының өзара байланыстылығы және өзара негізділігі құқықтық мемлекеттің басты бір мақсаты – адам мен азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету болып табылатындығында айқын көрініс тапқан болатын.

Демократиялық мемлеккеттің негізгі белгілері


Демократиялық режимнің белгілерін сипаттамас бұрын, бізге «демократия» деген сөз грек тілінен келді деп айтуға болады. Демонстар сөзі «адамдар» дегенді білдіреді және «кратос» сөзі билікті білдіреді. Бұл сөз тіркесінде «халықтың күші» немесе «демократия» дегенді білдіреді. Алғаш рет ол атақты грек философы және ойшылы Аристотельдің «Саясат» деп аталатын жұмысында қолданылған.

Дәстүр бойынша демократияның прототипі б.з. алтыншы-бесінші ғасырлардағы ежелгі Грецияның Афины қаласы болып саналады. Демократиялық режимнің белгілері сол кезде айқын көрінді. Ең ерте кезеңде ежелгі грек демократиясы мемлекеттің өмірін ұйымдастырудың өзіндік үлгісі, бір адамның билігі (тиранасы, монархы) жоқ, тіпті нақты адамдар тобы (олигархтар, аристократтар) жоқ, бірақ бүкіл халықтың өзіндік үлгісі ретінде қабылданды. Сондай-ақ, «демо» (адамдар) бірдей құқықтарға ие болады және өз мемлекетінің басқаруына тең үлес қосады деп болжануда. Бұл демократиялық режимнің басты ерекшелігі.

Біртұтас жүйе ретінде демократиялық режимнің белгілеріне ие мемлекеттердің пайда болуы біздің дәуіріміздің шамамен он алтыншы және он сегізінші ғасырларында орын алды. Процесс Франция, Америка Құрама Штаттары, Нидерланды және Біріккен Корольдік сияқты елдерде дамыды. Сауда және тауарлық қатынастардың қарқынды өсуі, ірі қалалар мен өндірістердің дамуы, географиялық жаңалықтар, колониялардың маңыздылығын арттыру, елеулі ғылыми-техникалық жаңалықтар мен өнертабыстар, қолөнер өндірісінен машина жасауға көшу, байланыс пен көлікті дамыту , қаржы ресурстарын жинақтау - Демократиялық режимнің өркениетті әлемге тән ерекшеліктерін анықтаған экономикалық негіздері. Ескі аристократия мен экономикалық қуатты «үшінші мүлік» арасындағы қарама-қайшылықтар қоғамның саяси режимінде түбегейлі өзгерістерді талап етті. Осындай философтар мен ойшылдардың Монтескью, Лок, Руссоның, Пэйннің, Джефферсонның жазушылары сол кезде демократиялық режимнің негізгі ерекшеліктерін сипаттады. Америка Құрама Штаттарының, Францияның және Англияның халықтары монархизмді жеңіп, демократияның құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін құрып, мемлекеттерді қайта құрылымдаудың алғышарттарын жасай отырып, оларды өмірге жеткізе алды.


Демократиялық мемлекеттің демократиялық режимінің белгілері басты айырықша ерекшеліктер болып табылады, олардың бастысы - халықтың сөзсіз егемендігі. Демократия тұжырымдама ретінде халықты мемлекетте ең жоғары және жалғыз билік көзі ретінде тануды қамтиды. Азаматтар, әрине, өзінің тағдырын өздері шешуге құқылы. Мемлекеттік билік өз халқының мақұлдауына сүйенуге тиіс және оның бар болуы мен қалыптасуы барлық құқықтар мен нормаларға сәйкес адамдар (сайлаушылар) қолдаған кезде ғана заңды болып табылады. Демократиялық режимнің маңызды белгілері - еркін сайлау және халықтың еркі. Адамдар өкілдерін өздері таңдап, мемлекеттік басқару процесінде олардың қызметін бақылайтын нақты механизмдер мен тетіктерге ие. Сайлау кезінде заң нормаларына сәйкес халық абсолютті немесе ішінара мемлекеттік билікті өзгертуге және құрылымдық өзгерістер жасауға толық құқығы бар. Мұның бәрі демократиялық режимнің басты ерекшеліктері. Айта кету керек, егер билік өкілдерінің өкілеттігін теріс пайдаланғанын байқасаңыз, онда халық биліктен сайланған үкіметті мерзімінен бұрын жоюға құқылы. Бұл демократиялық және тоталитарлық режимнің белгілері (азаматтардың осы функциялары анықтамамен жоқ).

ДЕМОКРАТИЯДАҒЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҰҒЫМЫ

Адамның саяси және әлеуметтік жүйенің эпицентрі, қоғамның үстінен билігі ретінде қабылдауы либералды-демократиялық режимнің белгілері болып табылады. Бұл мемлекеттің ең жоғары құндылығы болып табылатын адамның жеке басы. Демократиялық режимнің белгілері қандай? Адамдар мен қоғам бір-біріне тәуелсіз әр түрлі тұлғалардың сомасы ретінде қарастырылады, монолитті жалғыз ерік емес. Бұл сома адамдардың біріккен мүдделерін көрсетеді. Демократиялық режимнің белгілері, сондай-ақ, азаматтардың қоғамдық мүдделер мүдделерінің басымдықтарын тану және әр адамның табиғи және бөлінбейтін деп саналатын еркіндіктер мен құқықтардың мөлшерін тану болып табылады. Өмір сүру және өмір сүру құқығы үлгі болып табылады. Демократиялық режим, тұжырымдама, ерекшеліктері мен сипаттамалары жеке бас бостандығына сенеді, сондай-ақ жеке тұлғаның қол сұғылмауы, жеке меншікті қорғау, жеке меншік қорғау және қауіпсіздік сияқты құқықтарды қамтиды.

Мықты әрі тәуелсіз қоғамдық институттар болмаса, азаматтық қоғам мен мемлекеттің тиімді өзара іс-қимылы мүмкін емес. Осыған байланысты олардың жұмыс істеуін жақсарту және оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету мақсатында еліміздің заңнамасына өзгерістер енгізу қажеттігі артып келеді. Енгізілетін өзгерістер азаматтық қоғамды дамытудың мынадай қағидаттарына сәйкес келуге тиіс:


пікір білдіру, бейбіт жиналыстар мен қауымдастықтар еркіндігі құқықтарын жүзеге асыру кезінде адамның өз таңдауы бойынша азаматтық қоғам ұйымдарын еркін құру, оларға қосылу және қатысу құқығын қамтамасыз ету;
пікір білдіру, бейбіт жиналыстар мен қауымдастықтар еркіндігі құқықтарын іске асыру кезінде азаматтық қоғам ұйымдарына жүктелуі мүмкін кез келген шектеулердің халықаралық-құқықтық міндеттемелерге сәйкестігі;
мемлекеттің азаматтық қоғам ұйымдарының қызметі үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ететін заңдар мен әкімшілік шараларды айрықша қабылдауға пейілділігі;
басқару және шешімдер қабылдау мәселелерін қоса алғанда, мемлекеттің азаматтық қоғам ұйымдарының қызметіне араласпауы;
азаматтар бірлестіктерінің бірде-бірі бұқаралық билікпен өзара қарым-қатынаста бола алмайды және бүкіл азаматтық қоғамның мүдделерін білдіре алмайды;
стратегиялық инвестициялар ретінде азаматтық қоғам ұйымдарының қызметін институционалдық қолдау үшін жағдайлар жасау;
азаматтық қоғам ұйымдарының мемлекеттік, жеке, шетелдік және халықаралық ұйымдар тарапынан қосымша міндеттемелер жүктемей қаржылық қолдау көздерін еркін таңдау құқығын сақтау;
мемлекеттік органдар мен мемлекет қатысатын ұйымдардың қызметіне қоғамдық қатысу және ықпал ету тетіктерін күшейту және кеңейту;
заң шығару процесіне қоғамдық қатысу нысандарының алуан түрлілігін және елдің құқықтық саясатына әсерін дамыту.
Осы негіз қалаушы қағидаттарға сүйене отырып, осы Тұжырымдаманың мақсаты азаматтық қоғамды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және тең құқықты әріптестік негізінде азаматтардың мемлекетпен әртүрлі нысандардағы өзара іс-қимылының тиімді жолдарын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикаснда әлеуметтік мемлекет құрылуы!


Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – барлық байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет.
Адам баласының сонау Аристотельден бастап ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан көкейкесті арманы болғанымен, мемлекеттік дамудың әлеуметтік басымдылығы өткен ғасырдың алпысыншы және жетпісінші жылдары ғана кейбір елдерде қалыптаса бастады. Кейін бұл алдыңғы қатарлы елдердің экономикалық дамуының негізгі басымдылығы тұрақты бағыты болды. Соның арқасында тұрмыс дәрежелері қатты өсті. Адам капиталы, адам дамуының индексі деген ұғымдар әлем елдерінде, мемлекетаралық салыстырғанда кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан республикасының реформасының негізгі мақсаттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Бірақ мұның мәнін кез-келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай дегенде де бұқара халық белгілі бір дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы ңақты білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесі өзекті де маңызды мәселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз.
Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші жартысында «әлеуметтік мемлекет» ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы Лоренц Фон Штайнер болды. Ол «әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын экономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі, бірінің дамуы – екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады» деп көрсеткен. «Әлеуметтік мемлекет» деген ұғымның пайда болуы «полициялық» мемлекеттен, «қоғамдық келісім мемлекетінен» және «мемлекеттің биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі» мемлекеттен әлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді.
1930 жылы неміс ғалымы Герман Геллер әлеуметтік-саяси әдебиетке әлеуметтік құқықтық мемлекет ұғымын ендірді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірқатар Батыс Еуропалық мемлекеттердің Конституциясында әлеуметтік мемлекет формуласы жазылған еді. XX ғасырдың 60 жылдары шамасында алғашқы әлеуметтік мемлекеттер, мысалы, Францияда, Германияда, Швецарияда және Англияда, т.б. елдерде құрыла ьастады. Олардың негізгі өмір сүру шарты – қоғамдағы жағдайы нашар топты қолдау үшін халықтық табыстың белгілі бір бөлігін бөле алатын экономикалық дамудың ең жоғарғы деңгейі болып табылады.
Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы – ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық және ғылыми-технологиялық дамудың нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі мем лекеттің әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатты. «Әлеуметтік экономика» ұғымын құрайтын басты принциптер дүниежүзі қауымдастығы мен Қазақстан таныған бірнеше құжаттарда көрсетілген. Әлеуметтік мемлекеттің басты идеясы – гуманизм принциптері негізінде қоғам өмірін саяси саяси және құқықтық жағынан жетілдіру, кешенді қызметін жүзеге асыру, азаматтық қоғам дамуына жағдай жасау... Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекеттің мәні туралы ғылыми зерттеулерде әртүрлі тұжырымдама жасалынған. Ғалымдардың мемлекет туралы берген анықтамаларында бұл - әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне, өндірісті басқаруға, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғауға ұмтылған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет - әр азаматтың жақсы ортада тіршілік етуіне, әлеуметтік жағынан қорғалуына, таланттары мен шеберліктерін толық дамыту үшін барлық азаматтарға мүмкіндік жасайтын мемлекеттік биліктің формасы болып табылады. Мұндай мемлекет адам мен қоғамға қызмет етеді және әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік бітім мен әлеуметтік келісім принциптеріне негізделген адамдар арасында жаңа типті байланыстарды қалыптастырады.
Әлеуметтік мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу қажет. Бірінші белгісіне - әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады, екінші - әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады, үшінші – бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртінші - әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттк жүйенің болуы саяды, бесінші – қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуіне жатады, алтыншы - өз азаматтарының әл-ауқатының жоғары денгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан.
Әлеуметтік мемлекеттің пайда болуы – құқықтық мемлекет құру принциптерінің рөлін төмендеткен (әлсіреткен) жоқ. Жеке тұлғаның азаматтық құқығы мен бостандығының басымдылығы – демократиялық мемлекеттің де, әлеуметтік мемлекеттің де өмір сүруінің негізі болып қала береді. Дегенмен, әлеуметтік мемлекет өзінің өркендеу жолында, қоғамның әрбәр мүшесінің тіршілік етуіне лайықты жағдай жасау үшін заңды түрде жарияланған азаматтық құқық пен бостандық мазмұнының шынайы кеңеюіне ұмтылады.
Ерекше айтатын жағдай, халықтың тіршідік ету деңгейінің жоғары болуы - әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда адам құқығы мен бостандығының құрылымы өзгереді, адамдардың саяси белсенділігі төмендейді, мемлекетке сенімсіздік пайда болады, саясатқа селқостығы ұлғаяды, құқық пен бостандықтың заңды кепілдіктері әрқашан мүмкін емес деген ұғым қалыптасады. Әлеуметтік мемлекеттің өмір сүруі құқықтың мемлекетпен бірлікте екенін атап көрсету қажет. Өйткені, әрі құқықтық, әрі әлеуметтік мемлекет те жеке тұлғаның дамуы мен игілігі үшін тиімді жағдайлар жасауға тырысады. Сонымен құқықтық мемлекеттің тұжырымдамасы негізгі құрал болғандықтан тиімсіз құқықтар санын мейлінше азайтып, мемлекеттің жеке тұлға өміріне қол сұғуына заңды түрде шектеу қойып, нақты ережелер белгіленуі қажет. Әлеуметтік мемлекет болса, бәрінен бұрын адамдарды заңдастырылған (негізделген) құқықтармен, адам дамуына қажетті материалдық жағдаймен, ұлттық табыстың әділ және ұтымды бөлінуін қалыптастырумен қамтамасыз етуге ұмтылады. Нақты айтқанда, тұлғаның жеке өмірін қорғауға және қолдауға тырысу - әлеуметтік және құқықтық принциптердің тұтастығының негізін құрайды. Солай десекте, құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекеттік органдардың ұлттық табысты, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басқа да игіліктерді бөлу процесіне қатыспауын да мойындайды. Бірақ әлеуметтік мемлекет әр адамды материалдық жағынан қамтамасыз етуге, нақты айтқанда, ұлттық табысты бөлумен айналысуға міндетті, осы процесті ұтымды түрде жүзеге асыру арқылы қоғамда пайда болатынтеңсіздіктерді болдырмауға тырысады. Әлеуметтік мемлекет өзінің қызметін азаматтардың қоғамдық белсенділігімен байланыстыруға, қысымшылық көрсету тәсілдерінен аулақ болуға, жеке бастың мәртебесін қорғауға, сөз бостандығы құқығына кепілдік беруді қамтамасыз етуге міндетті.
Әлеуметтік мемлекеттің мәні мен мақсаты – қоғамдағы бейбітшілік пен татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтік серіктестік институттарын дамыту, еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу құқығына және қауіп-қатерден қорғауға кепілдеме беру. Осындай мемлекетті құрудың міндетті шарты – саяси және экономикалық билік бөлісі болып табылады. Бұл меншік түрінің әр алуандығына байланысты. Әрбір адам нақты қандай да болсын кәсіпорын қызметін пайдалануға ерікті: мемлекеттік, кооперативтік немесе жеке меншіктік...
Қазіргі кезеңде демократиялық мемлекет бәекелестікті шектеу мен оны қайта қалпына келтіру арасындағы тәсілді ұстануға, өз іс-әрекеттерінде құқылық және әлеуметтік принциптердің тиімді мөлшерін табуға ұмтылуда. Кез келген қоғам тіршілік құрылымының ғылыми тұрғыда дәлелденген үлгісіне, нақты белгіленген мақсатқа сүйене отырып, дами алады.
Қазақстан Республикасының конституциясында біздің еліміздің әлеуметтік мемлекет қатарында екендігі ерекше көрсетілген. Алайда, әлеуметтік құқықтық мемлекеттің идеясын конституциялық бекітуден оны шын мәнінде жүзеге асыруға дейінгі аралықта ұзақ та қиын жол жатыр. Сол үшін де саяси реформалар жасау, қажетті әлеуметтік-саяси базаны құру, мәдениетті өркендету және басқа да алғы шарттарды дамыту қажет.
Қазақстан алдында сапасы мен саны әлемдік нарыққа сай келетін жалдамалы еңбекке жалақы төлеуді ұйымдастыру міндеті тұр. Сонда ғана реформаның жағымды нәтижесі туралы сөз қозғауға болады. Мемлекеттік биліктің қандай түрі болғанына қарамастан, жуық арада өндірістік процестер мен қажеттіліктерді үйлестіре алмайды, сондықтан да таяу арада бізде әлеуметтік мемлекет құрылуы өте қиын. Әлеуметтік мемлекеттің жемісті өмір сүруі – қоғамның барлық топтары мүддесіне қызмет ететін, дамыған экономика негізінде ғана қалыптасады.
Соған қарамастан, белгілі сипаттамсы бар әлеуметтік мемлекет туралы ереже Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілуге тиіс, ол өкімет билігіндегі және қарапайым азаматтардың өз міндеттерін есіне салатындай болуы керек. Ол мемлекеттің негізгі функциясы мүқият қарастыруды қажет ететін маңызды мәселе болып табылады. Әлеуметтік мемлекеттің пайда болуы мен қалыптасу тарихын саралап талдау, әлеуметтік қамсыздандыру функциясының кезек күттірмейтін проблема екендігін дәлелдеді. Ол – мемлекеттің алғаш заңдастырылған міндеттері болғандықтан және әлеуметтік сапаға жетуге жасаған қадамы болғандықтан, қоғам және тұлға қатынастарының өзгеруінің бастамасы болды. Сондай-ақ, әлеуметтік қамсыздандыру өндірістегі материалдық игілік – жасына, жынысына, денсаулық, т.б. жағдайына қарамастан қоғамның барлық мүшесіне тиісті болуы керек. Әлеуметтік қамсыздандыруды қалыптастыру кезеңі құқықтың негіздің пайда болуы мен әлеуметтік процестерді құқықтық реттеу функциясын мемлекеттің өз міндетіне алуымен тікелей байланысты.
Одан әрі бұл функция әлеуметтік бағдарламаны бюджеттік қаржыландыру арқылы және әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік құрылымын құру барысында жүзеге асырылады. Осындай мемлекеттің басқа да атрибуттары - әлеуметтік сақтандыру, әл-ауқат деңгейі үшін мемлекеттің жауапкершілігі, әлеуметтік қолдау мүмкіндігін алуы - әлдеқайда кейінірек. Әлеуметтік мемлекеттің екінші функциясы – білім және денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Бұл екі функция тек әлеуметтік мемлекетке ғана тән еместігін айта кеткен жөн. Адамдардың физикалық және экономикалық өмірінің маңызды алғы шарттары болғандықтан олар кез келген мемлекеттің типіне қарамастан жүзеге асырылады. Ал әлеуметтік мемлекетке келетін болсақ, онда олар адамдардың ажырамас құқығы болып қалыптасады да, сол құқықты қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндетіне (мемлекеттік қаржыландыру, әлеуметтік қамсыздандыру жүйеісн құру) айналады.
Әлеуметтік мемлекеттің үшінші функциясы - әлеуметтік қорғау. Оның пайда болуы, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатының деңгейіне мемлекет жауапкершілігінің қалыптасуына байланысты еді. Әлеуметтік мемлекеттің төртінші функциясы - әлеуметтік теңсіздікті бәсеңдету. Оны жүзеге асыру – барлық адамдардың бірдей әлеуметтік қолдау табу атрибутының пайда болғанынан бастап мүмкін болды. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамтамасыз етудің ертеректе қалыптасқан механизмі мен жалпыға бірдей әлеуметтік қолдау принциптерін жүзеге асыру – теңсіздікті толығымен жоюға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік мемлекеттің бесінші функциясы – еңбекпен қамтамасыз ету. Германияда Веймар Республикасы кезінде мемлекеттік функция ретінде пайда болған және Ф. Рузвельттің «Жаңа курс» саясатында маңызды рөл атқарған бұл функция тек қана екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, шын мәнінде, мемлекеттің ажырамас қызмет бөлігіне айналған.
Әлеуметтік мемлекеттің барлық жиынтығы – негізінде әлеуметтік мемлекеттің алтыншы функциясы қамтамасыз етіледі: ол - әлеуметтік қызмет көрсету. Бұл ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында әлеуметтік мемлекеттің жаңа сапасы ретінде көрінеді және оның дамуының ең жоғары деңгейдегі қозғалысын білдіреді. Іс жүзіне келсек, бұл функцияның пайда болуын мемлекеттің индивидті жаппай басып-жаншу күйінен, әрбір адамның мүддесіне бағындырылған және қоғамға қызмет көрсететін мемлекетке өту деп қарастыру жөн болады. Бұл функция әлеуметтік мемлекеттің барлық атрибуттар жүйесіне сүйене отырып, азаматтық қоғам механизмі арқылы тікелей іске асырылады. Ал азаматтық қоғам, сайып келгенде, әлеуметтік мемлекеттің базалық функциясы болып табылады.
Әлеуметтік мемлекеттің жетінші функциясы – мемлекеттік саясат жүргізу. Бұл функция әлеуметтік мемлекет дамуындағы жаңа құбылыс. Ол интеграциялау негізінде әлеуметтік мемлекеттің механизмі арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік саясатты жүргізу құрылымдағы өзгерістерге, олардың материалдық және рухани қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына байланысты топтар арасындағы қоғам мен оның мүшелерінің өзара арақатынасына қатысты мемлекеттің жалпы саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен, мемлекеттің әлеуметтік саясаты – ынтымақтастық принциптерін жеке жауапкершілік принциптерімен толықтыруды, оларды біріктіруді ұсынады. Орталық және аймақтық билік органдары өзара көмек көрсету мен қорғау, әлеуметтік қамсыздандырудың қажетті құрылымын құруға қабілетті әлеуметтік топтарды қолдауға өз күшін жұмсауға міндетті. Мұндай топтар кәсіби құрылымдарды, жергілікті қауымдарды, коопертивтерді, аймақтық ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктерді т.б. біріктіреді. Практикалық тұрғыда мемлекет, ең алдымен, жеке жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етуге тиісті. Жеке меншікті тануға негізделген экономикалық салада адамдардың іскерлік белсенділігін арттыруға қажетті жағдай жасау қажет.
Қорытындылай келе, өркендеген елдердегі әлеуметтік мемлекеттің құрылу мемлекеттік құрылыстағы жаңа қадам деп тұжырымдауымызға болады. Әлеуметтік мемлекет жоғарыда атйқанымыздай - өз азаматтарының өмір сүруіне лайықты жағдаймен қамтамасыз етуге, әлеуметтік жағдайының қорғалуына, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өндірісті басқаруға, қоғам мен мемлекет іске араластыруға ұмтылатын мемлекет. Бұл мәселе – жағдайы нашар қамтамасыз етілген топтың пайдасына ұлттық табыстың қайта бөлудің көмегімен, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, білім алу, денсаулық сақтауды, бүкіл қоғамның мәдениетін, т.б. дамыту саясатын жүргізуді жүзеге асыру барысында кол жетіп, орындалады. Әлеуметтік мемлекет қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және т.б. теңсіздіктерді бәсеңдетуге, жуып-шаюға бар күш-жігерін жұмсайды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет