Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі арасындағы заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүргізу саласындағы
ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
№ 213 ҰБ КЕЛІСІМІ
Астана қаласы 2013 ж. «30» мамыр
Бұдан әрі «ҚР Қаржымині» деп аталатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген ҚР Қаржымині туралы ереженің негізінде әрекет ететін Болат Бидахметұлы Жәмішев арқылы бір тараптан, және бұдан әрі «ҚР ҰБ» деп аталатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңы негізінде әрекет ететін Төрағасы Григорий Александрович Марченко арқылы екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар,
заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сүйене отырып,
заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл заманауи және тиімді нысандарды, әдістер мен құралдарды пайдалануды қажет ететінін ескере отырып,
Ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында халықаралық стандарттарды тани отырып,
заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мәселелердің келісілген және жедел шешімінің тиімділігін назарға ала отырып,
төмендегі туралы осы Келісімді жасасты:
-
КЕЛІСІМНІҢ МӘНІ
Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүргізу мақсатындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл осы Келісімнің мәні болып табылады.
-
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Келісімнің 1-бабын іске асыру мақсатында Тараптар «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында көзделген өзара іс-қимылдан басқа ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:
-
ҚР ҰБ бақылайтын және қадағалайтын қаржы мониторингі субъектілерімен заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен іс-шараларды әзірлеу және өткізу;
- конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу, оның ішінде Кірістерді жылыстату мен терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалауды жүргізу жөніндегі өзара іс-қимыл шеңберінде өткізу жолымен заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесімен және практикасымен алмасу;
- заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында Тараптар кадрларының біліктілігін арттыру бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу;
- ҚР ҰБ-ның осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы мониторингі субъектілеріне жүргізілген тексерулердің нәтижелері туралы ҚР Қаржыминінің Қаржы мониторингі комитетіне (бұдан әрі - ҚР Қаржыминінің ҚМК) жылына 2 рет:
1-ші жартыжылдықта – 15 шілдеден кешіктірмей;
2-ші жартыжылдықта – есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 қаңтардан кешіктірмей ақпаратты беру;
- Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы (бұдан әрі – АЖ/ТҚҚ) заңнамасына сәйкес ҚР Қаржыминінің ҚМК қаржы мониторингі субъектілерінің АЖ/ТҚҚ заңнамасын бұзғаны туралы хабарламаны ҚР ҰБ-ға жібереді;
-
ҚР ҰБ, екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық почта операторы шетел валютасын әкелу/әкету туралы ақпаратты ҚР ҰБ-ның тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-нан кешіктірмей ҚР Қаржыминінің ҚМК-ге беруі;
-
Ақша жіберушінің/бенефициардың резидент елі бөлінісінде халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы жасалған Қазақстан Республикасына/Қазақстан Республикасынан ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ҚР ҰБ-ның тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей ҚР Қаржыминінің ҚМК-ге беруі;
-
ҚР Қаржымині ҚМК-нің қаржы мониторингі субъектілерінің ҚР Қаржымині ҚМК-ге осы Келісімнің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қаржы мониторингіне жататын операциялар (шекті операциялар) туралы және күмәнді операциялар туралы хабарламаларды жылына 1 рет - есепті кезеңнен
кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей жіберуі туралы ақпаратты ҚР ҰБ-не беруі.
-
АҚПАРАТТЫҚ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ САЛАСЫНДА ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Тараптар, осы Келісімнің 2-тармағында көзделген ақпарат алмасудан басқа, қызметтік, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпаратты сақтауға, қорғауға және сақталуына Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарын сақтай отырып, сұрау салу негізінде өздерінің жұмысына байланысты өзге ақпаратпен алмасуға құқықты.
Беруші Тарап құпия ретінде белгілеген ақпаратты алушы Тарап заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласынан басқа мақсаттарға қолдана алмайтынын Тараптар мойындайды.
Құпия ақпаратты жария еткені үшін Тараптар және олардың қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
-
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Келісім оған қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.
Тараптар қол қойған осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Осы Келісім екі данада, әрбірі қазақ және орыс тілдерінде жасалады, екі мәтіннің де бірдей заңдық күші бар.
-
ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі,
010000, Астана қ.,
Жеңіс даңғылы, 11
Б. Жәмішев
2013 жылғы «___» __________
|
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
050040, Алматы қ., Көктем 3, ғимарат 21
___ Г. Марченко
2013 жылғы « ___» _____________
|
1-қосымша
Қаржы мониторингі субъектілеріне өткізілген тексерулердің нәтижелері туралы ақпарат
_______ жылдың ______ жартыжылдығына
№р/с
|
ҚМС
Бұзушылықтар түрі
|
Банктер
|
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
|
Биржалар
|
Сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері
|
Жинақтаушы зейнетақы қорлары
|
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, орталық депозитарий
|
Ақша аударымы қызметін көрсететін почта операторлары
|
Барлығы
|
1
|
Қаржы мониторингі субъектілерінің (ҚМС) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпаратты құжаттық тіркеу және ұсыну бөлігінде АЖ/ТҚҚ туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
Қаржы мониторингі субъектілерінің (ҚМС) ішкі бақылау ережелерін және оны қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау жөніндегі міндеттерін орындамауы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
Қаржы мониторингі субъектілерінің (ҚМС) лауазымды адамдарының қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға берілген ақпарат туралы өз клиенттері мен өзге тұлғаларды хабардар етуі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
ӘҚ Кодексінің 168-3 бабының 1-3-бөліктерінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
ӘҚ Кодексінің 168-3 бабының 1-3-бөліктерінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш және одан да көп мәрте жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2-қосымша
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті өңдеуге қабылдаған қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар статистикасы
20__ жыл
№ р.с.
|
Қаржы мониторингі субъектілерінің атауы
|
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті өңдеуге қабылдаған қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпараттар, оның ішінде
|
Барлығы
|
Шекті
|
Күдікті
|
АЖ
|
ТҚ
|
1
|
Банктер
|
|
|
|
|
|
….
|
|
|
|
|
|
…
|
|
|
|
|
2
|
Биржалар
|
|
|
|
|
|
…
|
|
|
|
|
|
…
|
|
|
|
|
3
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымдары)
|
|
|
|
|
|
…
|
|
|
|
|
|
…
|
|
|
|
|
|
т.б.
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |