Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік көрсетілетін
қызметтердің мәселері жөніндегі қызметінің есебі
(есептік кезең 2014 жыл)
-
Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдары. Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі құзыреті салық түсімдерінің, кеден және басқа да міндетті түсімдерінің бюджетке толық түсуі.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: Мемлекеттік кірістер органдары 53 түрлі мемлекеттік көрсетілітін қызмет көрсетеді. Қызметтер мемлекеттік кірістер органдары тікелей көрсетіледі, соның ішінде 1 қызмет экономикалық тергеу қызметімен көрсетіледі және қосымша 14 қызмет Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіледі (бұдан әрі – ХҚО).
Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін 53 мемлекеттік көрсетілетін қызметінің 1 электрондық нысанда, 25 қағаз немесе электрондық нысанда және 27 қағаз нысанда көрсетіледі.
Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін 53 мемлекеттік қызметтің 41 тегін түрде және 11 ақылы түрде көрсетіледі.
52 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ішінде 43 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары және регламенттері бекітілген. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті 2014 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) бірігуіне байланысты барлық 52 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобларын әзірлеп және мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді.
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Статистикалық есепке сүйене отырып мемлекеттік кірістер органдарымен 2014 жылы 16736546 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетілген. Негізгі есептік кезеңде барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, бұл:
«Салық есептілігін қабылдау» - 6818947 қызмет немесе 40,7 % жалпы көрсетілген қызметтерден;
«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмелер беру» - 5196042 қызмет немесе 31 % жалпы көрсетілген қызметтерден;
«Тауарларды кедендік тазарту және шығару» - 412277 қызмет немесе 2,4 % жалпы көрсетілген қызметтерден;
«Қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу» - 117 қызмет, экономикалық тергеу қызметімен көрсетілген.
-
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен органдары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат (стандарттар, регламенттер, жадынамалар) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында, Комиттеттің www.kgd.gov.kz интернет ресурсында орналастырылған.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты 1414, 88000807777 телефондары бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жариялы талқылаулар туралы ақпарат.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобалары, оларды жариялы талқылау үшін www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталында (бұдан әрі – ЭҮП), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz интернет ресурсында, Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау оның талқылау барысында ескертулер мен ұсыныстары болған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік кірістер органдары қызмет алушылардың ақпараттығын жоғарлатуын тұрғылықты, толық және анық ақпарат алу үшін семинарлар, салық және кедендік заңнамалары туралы түсіндіру жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдарында шығарды. Салық және кедендік заңнамаларының өзгертулері мемлекеттік кірістер органдарының интернет-ресурстарында жаңарлатылып тұрады.
2014 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапа мәселелері бойынша 9771 семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар өткізілді.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
-
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру мақсатында келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жартылай автоматтандырған:
«Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»;
«Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»;
«Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу»;
«Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіміне енгізу».
Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің процестерін оңтайландыру үшін келесі іс - шаралар қолданылды:
- мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері әзірленіп және енгізілуде;
- мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік көрсетілетін қызметерінің 24 автоматтандырылған;
- мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік көрсетілетін қызметерінің 26 қызмет ЭҮП арқылы көрсетеді;
- ХҚО арқылы мемлекеттік кірістер органдары 14 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызметкерлердің сапасын және біліктілігін арттыру үшін арналған іс - шаралар.
2014 жылы «Қаржы академиясы» АҚ «Салық органдарында Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтарында салық қызметтерін көрсету» тақырыбы бойынша семинарлар өткізілді. Семинарларда Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтарының 100 астам қызметкерлері қатысты.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің жобаларын және стандарттарын оңтайландыру мақсатында ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттардың азайтуын қамтамасыздандырған.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат осы есептің қосымшасында көрсетілген.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің сапасын ішкі бақылау нәтижелерінің қорытындысы.
Ішкі бақылау қызметінің қорытындысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының бақылауы бойынша, 2014 жылы 63 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңының құқық бұзушылығы анықталған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының 54 қызметкерлеріне 2014 жылы ішкі бақылау қызметінің қорытындысы бойынша әр түрлі тәртіптік жазаларға тартылды.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органының қорытындысы Қаржы министрлігінің жалпы жұмысына баға берілген. Сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзіміне кеш орындалған санының азайуына байланысты Комитет бойынша атқарған жұмыстарын ерекше атап өткен.
-
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындысы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өткізілген: «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» (жалпы мемлекет бойынша аталған қызметтің көрсетілу сапасымен 88,1% кәсіпкерлер субъектілері қатағаттандырылған), «Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» (жалпы мемлекет бойынша аталған қызметтің көрсетілу сапасымен 81% кәсіпкерлер субъектілері қатағаттандырылған), «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру» (жалпы мемлекет бойынша аталған қызметтің көрсетілуі сапасымен 89,2% кәсіпкерлер субъектілері қатағаттандырылған), «Кедендік тауардарды тазарту және шығару» (жалпы мемлекет бойынша аталған қызметтің көрсетілуі сапасымен 88,1% кәсіпкерлер субъектілері қатағаттандырылған).
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы Заңға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс жасау.
_____________________
Есепке қосымша
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
-
Өтініш беруші туралы мәлімет
|
Шағымның мазмұны
|
Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)
|
Қарастырған күні
|
Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың №
|
Қабылданған шешім
|
Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
«Ника Люкс2» ЖШС
|
Заңсыз тауарларды шығарудан бас тартуы, кедендік өкіл мен кеден қызметкерінің біліксіздігі
|
Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті
|
14 ақпан 2014 жыл
|
2014 жылғы 14 ақпандағы № ЛД-4 тәртіптік жаза туралы қолданылған бұйрық
|
Астана қаласы бойынша«Ауежай-Астана» КБД Кедендік бекетінің бас маманы Н. Жұмагұловқа сөгіс жарияланды
|
Шешім қайта қаралған жоқ
|
«Эврика» ЖШС
|
Кедендік тазарту рәсімдеуін созуы
|
Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департменті
|
2014 жылғы 10 наурыз
|
2014 жылғы 10 наурыздағы № 9-ЛД тәртіптік жаза туралы қолданылған бұйрық
|
Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департментінің «Шымкент-КРО» жетекші маманы Л. Рамбердиеваға ескерту жарияланды
|
Шешім қайта қаралған жоқ
|
Иманбаева А.К.
|
Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларациясын қабылдамау
|
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
|
2014 жылғы 5 наурыз
|
2014 жылғы 5 наурыздағы № 10-П тәртіптік жаза туралы қолданылған бұйрық № 10-П
|
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы А. Жалбировқа қатаң сөгіс жарияланды
|
Шешім қайта қаралған жоқ
|
Достарыңызбен бөлісу: |