Источник: ИС ПАРАГРАФ, 03.12.2014 10:13:30
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 Қаулысы
(2014.27.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Қағидалардың 43-тармағының қолданысы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Тоқтатыла тұрған кезеңде көрсетілген тармақ мынадай редакцияда қолданылады:
«43. Салық органының өкімдері бойынша, егер пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін агент ұсынбаған жағдайда және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған кезде банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен салық берешектерін аударуға қатысты нұсқауларды орындайды.».
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 3-тармағының екінші бөлігін, 7-тармағын, 4-бөлімін қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
|
С. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1116 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару
қағидалары мен мерзімдері
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 3) тармақшасына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттердің (бұдан әрі - агенттер) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуінің, ұстап қалуының (есебіне жазуының) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуының тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Заңды тұлғалар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер агент ретінде өздерінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында есепке алынуға жатады.
ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.10. № 1140 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Агенттер қызметкерлерге төленетін табыстан ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын есептеп ұстап қалады және оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын агенттер қызметкерлерге төленетін табыстан ай сайын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есебіне жазады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.
Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды өзінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.
Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды шаруа немесе фермер қожалығы кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге тиіс.
Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте он жылға жетпейтін қызмет өтілі бар әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу және аудару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының судьялары үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына судьяның ай сайынғы табысының 10 пайызы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары бюджет қаражаты есебінен қосымша белгіленеді.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне (бұдан әрі - жеке тұлғалардың тізімі) сәйкес Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады.
Агенттердің Орталықтан қызметкерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шотының болуы туралы растама алуға құқығы бар.
Агенттің қызметкерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шотының болуын растауға арналған өтінішінде: агенттің атауы мен деректемелері, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиiс. Егер тегі, аты, әкесінің аты өзгерген болса, сондай-ақ бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
Орталық агенттен қызметкерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шотының болуын растауға арналған өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде агентке Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерде бұл шарттың болуы туралы растау анықтаманы береді.
Агенттер, егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың табыстарынан салымшының өтініші бойынша осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептейді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұстап қалады.
ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Агент заңды тұлғалар ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы, оның ішінде қате төлемдерді қайтару туралы мәліметтерді электрондық және қағаз жеткізгіштерде заңнамада белгіленген тәртіппен сақтайды.
Агент заңды тұлға таратылған кезде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледі.
ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) тәртібі мен мерзімдері
5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге жататын міндетті зейнетақы жарналары Заңның 25-бабында белгіленген мөлшерлемелерді, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектісін пайдалану арқылы есептеледі.
Мыналар міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектілері болып табылады:
1) заңды тұлғалар үшін - зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінен аспауға тиіс;
2) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын адвокаттар, жеке сот орындаушылары, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін - міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінен аспауға тиіс;
3) адвокаттар, жеке сот орындаушылары, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін - адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін дербес айқындайтын табыс мәлімделетін табыс болып табылады;
4) Орталық үшін - еңбек ету қабілетінен және (немесе) жұмысынан айрылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің, сондай-ақ жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдер;
5) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының персоналына теңестірілген лауазымдар бойынша жалақының 100 пайыздық мөлшері.
ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Міндетті зейнетақы жарналары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:
1) Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 13) тармақшасында белгіленген төлемдер мен табыстарды қоспағанда (жоғалған жалақы (табыс) бөлігінде), 155-бабының 3-тармағында көрсетілген;
2) Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 10), 12), 13), 26-1) тармақшаларында белгіленген төлемдер мен табыстарды қоспағанда, 156-бабының 1-тармағында көрсетілген;
3) Салық кодексінің 357-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген;
4) Салық кодексінің 156-бабы 13) тармақшасында көрсетілген мүгедектер мен өзге де адамдар заттай нысанда немесе материалдық пайда түрінде алған төлемдер мен табыстардан ұсталмайды.
Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 26) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес ұсталады.
7-тармақ 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге тиіс міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке жазуды міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары кәсіптері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасына меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырады, Заңның 26-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.
3. Міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару
Міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі мен мерзімдері
8. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы агент жүргізеді, егер басқа болса.
Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі - банктер) шоттары жоқ адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер Қағидалардың 10-тармағында айқындалған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын оларды кейіннен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібімен банкке қолма-қол ақшамен салады.
9. Ұсталған (есебіне жазылған) міндетті зейнетақы жарналарын Орталыққа:
1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар қызметкерлерге төлейтін табысынан - табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
2) дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін патент немесе оңайлатылған декларация негізінде қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар өз пайдасына - есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
3) арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде;
4) арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданатын шағын бизнес субъектілері - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде;
5) арнаулы салық режимін патент негізінде қолданатын жеке кәсіпкерлер - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде;
6) Орталық - әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей аударады.
ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару Орталыққа жүргізіледі. Орталық міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес аударады.
ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарының сомасы Орталықтың шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.
Орталық бір мезгілде электронды тәсілмен агенттерден келіп түскен, МТ-100 форматындағы төлемнің сомасына сәйкес келетін төлем тапсырмалары тобынан тұратын, олардың пайдасына міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жібереді.
Салымшының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты және (немесе) МТ-102 форматындағы тізімде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде және (немесе) егер оның деректемелерінде қателер жіберілген болса, Орталық міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын агенттің шотына қайтарады.
Орталық күн сайын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына алдыңғы операциялық күні жүргізілген төлемдер (сомасы мен салымшылардың саны) туралы үзінді көшірмені ұсынады.
12. Агент Орталыққа міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде үш данада қағазға шығарылған төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлғалардың тізімін банкке ұсынады. Төлем тапсырмасының бірінші данасы мен тізімінің бірінші данасы банкте қалады, төлем тапсырмасының екінші және үшінші даналары мен тізімнің бір данасы банктің қабылдағаны туралы белгімен агентке қайтарылады.
Агентке қызмет көрсететін банк міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы аударған жағдайда агент Банкке, агенттің Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары мен филиалдарының бөлімшелеріне ұсынатын төлем тапсырмасының қағазда шығарылған төртінші данасын және жеке тұлғалар тізімінің үшінші данасын қосымша тапсырады.
Жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, жарна сомасын және ол үшін міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді (айды, жылды) қамтуға тиіс.
Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған жағдайда жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастыру арқылы аударуды әрбір ай үшін жеке жүргізеді.
Агенттер міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді қағаз тасымалдағыштарда жасалатын төлем құжаттарында, төлемдер банк шотын ашпай жүргізілген кезде «Кезең» деген жолда, төлемдер агенттің банк шотынан ақшаны есептен шығару жолымен жүргізілген кезде «Төлемнің мақсаты» деген бағанда, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларда «PERIOD» деген негізгі сөзде көзделген «ААЖЖЖЖ» форматында көрсетеді.
ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250
Достарыңызбен бөлісу: |