Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі
№ 246 БАСПАСӨЗ-релиз
«Алаш» жабық акционерлік қоғамына «Алаш Банкі» жабық акционерлік қоғамының банк холдингі мәртебесін иеленуге берілген келісімді қайтарып алу туралы»
«Теміртау электрометаллургия комбинаты» акционерлік қоғамының («Алаш» жабық акционерлік қоғамының бұрынғы атауы) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) 17-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, сондай-ақ Банктер туралы заңның 17-1-бабының 15-тармағы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы Ережесінің 18-тармағы негізінде, Агенттік Басқармасы «Алаш» жабық акционерлік қоғамына «Алаш Банкі» жабық акционерлік қоғамының банк холдингі мәртебесін иеленуге берілген келісімді қайтарып алу туралы» 2011 жылғы 22 ақпандағы № 14 қаулыны қабылдады.
Достарыңызбен бөлісу: |