Қр білім берудегі барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының - тарауының 9-ережесінде «құзыреттілік – оқу үдерісінде алған білімді



Дата07.10.2023
өлшемі54.83 Kb.
#480086
СӨЖ1



ҚР Білім берудегі барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 1- тарауының 9-ережесінде «құзыреттілік – оқу үдерісінде алған білімді, шеберлік пен дағдыны кәсіби қызметте практикалық тұрғыда пайдалана білу қабілеті» деп айтылған. Педагогтің кәсіби стандартында 8 педагогикалық интеграция, біліктілік деңгейі мен білім мазмұнының сапасын арттыру мақсатында педагогтердің еңбек қызметін орындауға қажетті құзыреттіліктерге қойылатын талаптар берілген. Сол талаптарға талдау жасаңыз. 

Жоғары оқу орны білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін жүйелілік тұғыр негізінде қалыптастыру мәселесінің теориялық және практикалық зерделенуі XXІ ғасыр басындағы білім берудің мазмұнында, мақсаты мен бағытбағдарларында маңызды белең алып отырған өзгерістер ҚР «Білім беру туралы» Заңының 1 бабына сәйкес, білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, азаматтардың материалдық және рухани әл-ауқатын арттыруды азаматтардың материалдық және рухани әл-ауқатын жақсарту үшін адами капиталды дамытуға, барлық азаматтар үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы экономиканың тұрақты өсуіне бағдарлайды [3]. Заманауи жоғары білім беру мақсаты болашақ маманның бастамашылық, мобильділік (тұтастығы, жинақылығы), динамизм мен сындарлылық секілді өзара байланысты, өзара әрекет ететін кең сапалар жиынтығын, өз бетінше білім алу, жаңа технологияларды игеру және оларды қолдана білу, өз бетінше шешім қабылдау қабілетімен, әлеуметтік және кәсіби салаға бейімделуімен, ұжыммен жұмысты бірлесіп жасай білуімен, қайта жүктелумен, стрестік жағдайларға дайын болу және төзуді меңгерумен тұжырымдалады. Әрине, осы секілді сапалар тізімін кеңейте беруге болады, дегенмен де оларды біріктіретін ортақ нәрсені анықтау маңызды. Бұл ретте, заманауи зерттеулердегі жүйелі, жасампаз рөл «құзыреттілік» ұғымына келіп саяды. Инновациялық технологиялардың дамуы, сондай-ақ ғылым саласындағы жаңа ашылымдардың қарқын алуы, қазіргі мемлекеттік білім беру стандарты мен бағдарламаларының әлеуметтік талаптарға, дамудың осы кезеңіндегі қоғамның нормаларына сәйкес келуден артта қалуға әкеліп соқтырады. Олардың сәйкессіздігі мен ескіруі білім беру жүйесін реформалар жүргізу жолымен жаңартуға, дамытуға әкеледі. Мемлекет білім берудің құрылымына, мазмұны мен әдістеріне өзгерістер енгізу бойынша түрлі әлеуметтік бағдарламалар жасауда. Өз кезегінде Болон үдерісі еуропалық контекстке тән қайта түрлендіруді күшейтті. Олардың арасында төмендегілерді атап айтуға болады: – келісілген дискрипторларды пайдаланумен біліктіліктің жаңа құрылымын енгізу; – еуропалық жоғары білім беру кеңістігі: бакалавр/магистратура/докторантура біліктілігінің құрылымын тұтас қамтамасыз ету көзқарасы тұрғысынан салыстырылған және айқын дәрежелерді қабылдау; – көпмақсатты құралдар рөлі сапасында ECTS-ті пайдалануға көшу; – құзыреттілік тұғырды білім беру үдерісінің білім алушыға бағытталған жаңа бағдарларының көрініс беруі ретінде меңгеру; 16 – «бакалавр/магистр» дәрежесінің релеванттылығын еңбек нарығының талаптарымен қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту; – белгілі бір пәндік салалардағы «жалпы еуропалық қорытындыны» іздеу; – жоғары білім берудің жоғарғы сапасы негізінде дипломдарға (дәреже, біліктілік) деген халықаралық сенімнің өсуі; – diploma Supplement – жоғары білім туралы құжаттардың ашықтығы мен мен салыстырмалық құралдарын енгізу; – бірыңғай критерйлерге негізделген «еуропалық платформа» сапа мен аккредитацияны бақылауды қалыптастыру [29]. Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты білім берудің деңгейлеріне үйлесімділікте [4], Болон үдерісінің талаптарына сәйкестене отырып, деңгейлік жүйені жүзеге асыруды қарастырады: бакалавр, магистратура және докторантура, ал білім беру нәтижесі ҚР Ұлттық біліктілік шеңбері анықтаған, қалыптастырылған құзыреттер деңгейлерімен бағаланады. Мемлекеттік білім беру стандартының басымдылық етуші мақсаты тек білікті ғана емес, сонымен қатар құзыреттер кешенін толық меңгерген құзыретті маман даярлаумен тұжырымдалады. Бұл кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үдерісінің формаларына, әдістеріне, технологияларына деген ескірген көзқарастарды қайта қарастырудың қажеттілігін анықтап берді. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білім алушылардың бойында оларға қажетті құзыреттерді өз бетінше меңгеру қабілеттілігін дамыту қажеттілігі туындады. Болон үдерісі, сондай-ақ ұлттық білім беру стандарттары деңгейінде әлемнің көптеген елдеріндегі жоғары оқу орындарында маман даярлау құзыреттілік тұғыр контекстінде жүзеге асырылады. Білімді бағалауды ғана емес, оларды практикада қолдану қабілетін бағалауды, яғни белгілі бір құзыреттердің қалыптасуын болжайтын білім сапасының жаңа тұжырымдамасы ұсынылады. «Құзыреттілік тұғырдың мақсаты - білім берудің заманауи қажеттіліктер мен құндылықтарға, сондай-ақ болашақ туралы түсініктерге сәйкестігін көрсететін қасиеттер мен сипаттамалар жүйесі ретінде түсінілетін білім беру сапасын қамтамасыз ету» [30]. Сонымен қатар Э.Ф. Зеер де құзыреттілік тұғырдың бағдарын білім алу, өзін-өзі анықтау, әлеуметтену, өзін-өзі тану мен даралығы деп анықтайды [31]. Ғалым В.А. Болотовтың анықтауынша, «құзыреттіліктің табиғаты» мынадай - ол оқытудың өнімі бола отырып, одан тікелей туындамайды, керісінше, адамның өзін-өзі дамытуының нәтижесі, оның технологиялық емес, жеке өсуі, өзін-өзі ұйымдастырудың және белсенділік пен жеке тәжірибені жалпылаудың нәтижесі болып табылады [32]. Квалиметрия саласындағы белгілі ғалым зерттеуші А.И. Субетто: «Адам квалиметриясы - білім беру квалиметриясының негізі, адам сапасының идеалы – («адам сапасының бейнесі») білім сапасының идеалын айқындайды» деген қағиданы басшылыққа алады [33]. Құзыреттілік тұғыр негізінде білім беруді жаңғырту, күтілетін нәтижені нақты белгілеуді және осы негізде білім беру үдерісін құруды болжайды [34]. 17 Бүгінгі таңда құзыреттілік және жеке тұлғаға бағытталған тұғырлар жоғары білімнің әдіснамалық негізі болып табылады, өйткені қоғамға пассивті бақылаушылар емес, шешім қабылдауға дайын белсенді, білікті мамандар қажет. Егер дәстүрлі оқыту кезінде бағдарлау негізінен оқу іс-әрекеті үдерісіне қатысты болса, онда қазіргі білім беру үдерісі білім алушыларға білімдерін өз қызметінде қолдана алатындай, сондай-ақ осы білімді өз бетінше ала алатындай мақсат қояды. Қойылған міндеттерді жүзеге асырудың мақсатының негізі құзыреттілік тұғыр болып табылатын жаңа білім беру парадигмасына көшуді талап етті. А.Т. Чакликова «Құзыреттілік тұғырдың таңдалуы кездейсоқтық емес, – деген пікірін білдіреді, оның басқа да ғылыми тұғырлармен салыстырғанда бірқатар басымдылықтары бар, ол субъектіге сапалы білімді интериоризациялауға мүмкіндік береді, үздіксіз, өз бетінше білім алуға нұсқау берумен (басшылық жасаумен), өзіндік жүйелі және мақсатқа бағытталған (мақсатты көздейтін) құзыретті субъект қалыптастыруға мүмкіндік береді» [35]. Құзыреттілік тұғыр білім берудің практиклық бағытта сипат алуының өрістеуіне бағдарланып, соңғы нәтижені көздейді. Бұл жағдайда ақпаратты меңгеріп қана қоюдың емес, сонымен қатар шығармашылық іс-әрекет пен ақпаратты өз бетінше өңдеу үшін қажетті сапаларды қалыптастырудың маңызы зор. Бұл адамның өмір бойы үздіксіз білім алуына дайындық болып табылады. Ақпарттық ортаның тез өзгеруі жағдайындағы қазіргі әлемде күн сайын жаңа білімді меңгеру немесе өз бетінше өзінің білім деңгейін көтеріп отыру мүмкіндігін қарастыру аса қажет. Құзыреттілік тұғыр білім алушылардың ақпаратты ізденуге, талдауға, сараптауға, сұрыптауға, өңдеу мен оны таратуға, дамытуға, рефлексия жасауға және өз іс-әрекетін өзіндік бағалауға деген қабілеттерін болжайды. Құзыреттілік тұғыр оқу мақсаты мен білім, білік, дағдыларды тәрбиелеуді шектеуші, білімге бағдарланған тұлғаға балама таңдау ретінде қарастырылады. Құзыреттердің білім, білік пен дағдылардан айырмашылығы – түлектерді дайындау сапасына талап қоятын білім беру нәтижесін анықтау болып табылады [36]. Білімге бағдарланған тұғырға балама таңдау ретінде бір мезгілде инновациялық тұғырдың (тәсілдемелердің) тұтас қатары пайда болды. Олар: ісәрекеттік тұлғаға бағдарланған, мәселелік, мәдениеттанымдық, алайда, білім, білік, дағды, бұрынғысынша бақылау нысаны болып қала береді. Қазақстан Республикасы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, құзыреттілік - оқу үдерісінде алған білімді, шеберлік пен дағдыны кәсіби қызметте практикалық тұрғыда пайдалана білу қабілеті [4]. 2016 жылғы 16 наурыздағы Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның «Ұлттық біліктілік шеңберінде қолданылған негізгі түсініктер мен терминдерде кәсіби құзыреттілік бойынша анықталған» кәсіби құзыреттілік – бұл еңбек саласының талаптарына сәйкес мақсатқа лайықты әрекет жасауға, міндеттерді 18 және мәселелерді әдістемелік ұйымдастыруға және дербес шешуге, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесін өзі бағалауға дайындығы және қабілеттілігі» деп келтірілген [37]. Құзыреттілікті жеке сапа және бірқатар құзыреттерге негізделген жеке игерілген құндылық бағдары ретінде де қарастыруға болады. Осылайша, құзыреттілік құзыретке қарағанда кеңірек, сыйымды ұғым. Бұл мағынада құзыреттілікті жеке құзыреттер спектріне бөлінетін жеке тұлғаның интегралды сипаттамасы ретінде түсіндіруге болады. «Құзырет» пен «құзыреттілік» негізгі түсініктері туралы жалпы қабылданған түсінік жоқ, олар әртүрлі авторлардың еңбектерінде қабілет, дайындық, қасиет, тұлға сапасы ретінде анықталуда, сонымен «құзырет пен құзыреттілік» бір мағыналық мәнге ие болуы мүмкін (В.И. Байденко [38], Р.М. Петрунева [39] және т.б.), ал, түрлі негіздер бойынша әртүрлі болуы да мүмкін (Э.Ф. Зеер [40], Э.Э. Сыманюк [41], И.А. Зимняя [42], Ю.Г. Татур [43], М.А. Чошанов [44], А.В. Хуторской [45] және т.б). Бұл құзыреттілік тұғырды іс жүзінде жүзеге асыруды қиындатады. Алайда, «құзырет» және «құзыреттілік» терминдерінің мәнін түсінуде әлі де бірлік жоқ, көбіне бұл ұғымдар араласып, синоним ретінде қолданылады және бұл негізсіз деген тұжырым жасаймыз. «Шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде» [46] келесідей анықтама берілген: құзыретті (латынша «competenons», «competentes» тиісті, қабілетті) – белгілі бір салада білімді, білгір бір нәрсені пайымдауға, талдауға өз білімі бойынша бір нәрсені шешуге өкілетті құқығы бар. Сонымен, жиі кездесетін «бұл менің құзыретімде емес» деген сөз айтылған кезде, көбінесе екінші мағынаны меңзейді, ал – «ол құзыретті емес, оған қоса – кәсіби тұрғыдан құзыретсіз» деп айтылғанда, білім берудегі тәжірибенің жоқтығын көрсетеді. Сонымен, кәсіби, әлеуметтік, тұлғалық және т.б. құзыреттердің белгілі бір жиынтығына ие маман «құзыретті» деп аталуы мүмкін, яғни адам қызметінің белгілі бір саласында құзыреттілікке ие. Жоғары білім беру жүйесіндегі құзыреттілік ұғымының анықтамасы: «Жоғары білімі бар маманның құзыреттілігі – бұл кәсіби және әлеуметтік саладағы табысты шығармашылық (өнімді) қызмет үшін өзінің әлеуетін (білім, білік, тәжірибе, тұлғалық қасиеттер және т.б.) іске асыруға, осы қызметтің нәтижелері үшін әлеуметтік маңыздылығы мен жеке жауапкершілігін, оны үнемі жетілдіру қажеттілігін сезіне отырып, іс жүзінде көрсетілген ұмтылысы мен қабілеті (дайындығы)...». Бұл мәселе бойынша ең көп зерттелген жұмыстардың бірі, ағылшын зерттеуші ғалымы В. Хутмахердің «Key competencies for Europe» баяндамасы жөнінде атап өткен жөн [47]. Бұл проблеманың өзі педагогикалық ойға ағылшын тілді ортадан келгендіктен, «competencies» түсінігі неғұрлым адекватты екенін анықтауға тырысайық. LingvoUniversal сөздігінде «competency» ұғымы, «competence» ұғымына тең, ол келесідей анықталады: 1: а) қабілеттілік, деректер, білім, құзыреттілік (қандай да бір қызмет түрін жүзеге асыру үшін жеткілікті); ә) лингвистикалық, тілдік құзырет; 2) байлық, материалдық жағдай/қамтамасыз ету; 3) құқықтық құзырет, заңдылық. Жоғарыда келтірілген аударма субъектінің белгілі бір қызмет саласына 19 лайықтылығын анықтайтын құзыреттілік жинақталған түсінік ретінде қарастырылған еңбектерге қатыстылықта, автордың ұстанымдарымен бекітілген болуы мүмкін, сондықтанда жекеше түрде орыс тіліндегі дәстүрлі түрдегі қабылданғандай қолданылады. Бұл жағдайда құзырет тұжырымдамасы тар, операционалды, сондықтан білім беру нәтижесінде алынған әр түрлі жеке қасиеттерді білдіреді. Анықтамалардан құзыреттіліктің келесідей маңызды сипаттамалары белгіленді: – жұмыс орнының талаптарына сәйкес кәсіби қызметті жемісті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қабілеттерді тиімді пайдалану; – кәсіби мәселелерді шешу бөлігінде дербестік пен икемділікпен бір мезгілде мамандық бойынша жұмыс істеу үшін қажетті білімдерді, біліктерді және қабілеттерді меңгеру; – әріптестермен және кәсіби тұлғааралық ортамен дамыған ынтымақтастық; қазіргі өндірістік ортада еңбек қызметін орындау үшін оңтайлы білім, қабілеттер мен көзқарастардың кіріктірілген үйлесімі; – өзін-өзі реттеу, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі бағалау, жағдайлар мен қоршаған орта динамикасына тез, икемді және бейімделгіш реакциясы бар кең контексте тиімді, жақсы жасау мүмкіндігі. Жоғарыда келтірілген анықтамалардан дәстүрлі түсінік – білім, білік, дағды, тәжірибеден құзыреттілікті айрықшалайтын келесі ерекшеліктер айқындалады, олар: оның кіріктірілген сипаты; тұлғаның құндылық-мағыналық сипаттамаларымен арақатынасы; практикаға бағдарланған бағыт [48]. Жалпы және жеке тұлғаны бөлу үшін синонимдік түрде қолданылатын «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын: – құзырет – белгілі бір пән мен үдеріс аясына және оларға сапалы, өнімді іс-әрекеттер үшін қажеттілікке қатынас бойынша қойылатын тұлғаның өзара байланысты (білім, білік, дағды, қабілет) сапаларының жиынтығын қамтиды; – құзыреттілік – адамның оған және қызмет нысанына жеке көзқарасын қоса алғанда, тиісті құзыретке ие болуы, иеленуі деген түсініктемелер берілген [49]. Бүгінгі таңда ғылыми әдебиеттерде «құзырет», «құзыреттілік» және «құзыреттілік тұғыр» ұғымдарының әр түрлі түсіндірмелері бар. Кейбір зерттеушілер «құзыреттілік тұғырдың негізін қалаушы Аристотель болды, ол грекше «atere» деп аталатын адамның күйінің мүмкіндіктерін зерттеп, «жеке тұлғаға тән қасиетке айналған және дамыған күш» деп санайды [35, с. 14]. Н.Н. Нечаев құзыреттілік ұғымына «өз ісін, орындалатын жұмыстардың мәнін, күрделі байланыстар, құбылыстар мен үдерістерді, мақсаттарға жету жолдары мен құралдарын мұқият білу» деп деп анықтама берді [50]. Ғылыми-академиялық қоғамдастық өкілдері құзырет дегеніміз - бұл жеке тұлға білімді және іс-әрекетті орындауға дайын болатын пәндік сала, ал құзыреттілік-түлекті белгілі бір салаларда іс-әрекетті орындау үшін даярлау нәтижесінде әрекет ететін жеке қасиеттердің кіріктірілген сипаттамасы деп 20 санайды. Басқаша айтқанда, құзырет – бұл білім, ал құзыреттілік - біліктер (әрекеттер). «Біліктілік» терминінен айырмашылығы, құзыреттілік біліктілікті сипаттайтын таза кәсіби білім мен дағдылардан басқа, бастама, ынтымақтастық, топта жұмыс істеу қабілеті, коммуникативті қабілеттер, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпаратты таңдау және пайдалану сияқты қасиеттерді қамтиды. Мәлімдеме берілген зерттеу шеңберінде ЖОО білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің проблемаларын шешу бағыттарын айқындау үшін, ең алдымен, «кәсіби құзыреттер» және «кәсіби құзыреттілік» анықтамаларына семантикалық (мағыналық) талдау жүргізу қажет болды. «Кәсіби құзыреттер», «кәсіби құзыреттілік» ұғымдары әртүрлі ғылыми бағыттардың, ғалымдардың зерттеу нысаны болып табылады. Сонымен, философияда кәсіби құзыреттер мамандық арқылы оның көзқарастары, мүдделері мен сенімдері қалыптасуына негізделген «болмысқа бейімделу құралы ретінде» түсіндірілген. Осылайша, Д.Л. Томпсон мен Д. Пристлидің зерттеуінде «кәсіби құзыреттер» ұғымы жүйеліліктің жоғары деңгейімен сипатталатын, моральдық стандарттарға ие және кәсіби кодекске негізделген білімдер жиынтығы ретінде анықталған [51]. Ғылыми әдебиеттер мен тұрмыс-тіршілікте «құзырет», «құзыреттілік» ұғымдары, сондай-ақ «құзыретті» туындысы білім беру стандарттарында қолданылуына дейін, пайдаланылғаны белгілі. ХХ ғасырдың энциклопедиялық басылымдарында «құзыреттілік» түсінігі: 1. Мансапты тұлғаның, нақты органның өкілеттілігі шеңберінде заңмен анықталған. 2. Белгілі бір саладағы білім және тәжірибе – деп түсіндіріледі [52]. «Құзыреттілік» (лат. competens – тиісті, қабілетті) кәсіптік білім беру сөздігінде айқындалған әлеуметтік-кәсіби ахуалды орындалатын тапсырмалар мен шешуге тиіс мәселелердің шынайы күрделілік деңгейіне білім, білік пен тәжірибенің сәйкес келу мөлшері ретінде қарастыруды ұсынады. Ол «біліктілік» терминінен ерекшелігі басқа да кәсіби тапсырмаларды (бастамашылық, ынтымақтастық, коммуникативтік қабілеттер, оқу білігі, ақпараттармен жұмыс жасау, т.б.) сапалы орындауға ықпал ететін тұлғаның кәсіби білімі мен біліктерін де қамтиды [32, с. 9]. Маманның, кәсіпқойдың сапасын өлшеу санаты ретіндегі «құзырет», «құзыреттілік» санаттарын қалыптастыру өз бастауын педагогикадан емес, экономика мен бизнес саласынан алатындығын айтып өткен орынды. Психологияда ғылыми тұғыр ретіндегі «құзырет» терминінің пайда болуы 1973 жылы Дэвид Маккелландтың «Testing Lot Competence Rather Than Intelligence» тақырыбындағы мақаласы жарыққа шығуымен байланысты [53]. Мақаланың авторы осы терминмен көрнекті қызметкерді орташа деңгейден ерекшелейтін мінез-құлықты анықтады. Дэвид Маккелланд зерттеуінде көптеген дипломдар мен оқу курстарын аяқтау туралы сертификаттардың иелері, әрқашан өздерінің кәсіби міндеттерін сапалы орындай алатын 21 қызметкерлер болып табылмайтынын анықтады және дәлелдеді. Ғалым Дэвид Маккелланд қызметкердің «құзыреттері» деп, жұмыстың тиімділігі ұғымымен байланыстырды. Ғалым Уэдерхед Ричард Бояцис құзыреттер, жұмыстың функционалды талаптары, ұйымдастырушылық орта талаптары осы үш компонентті ескере отырып жұмыс міндеттерінің тиімділігін қызметкердің нақты нәтижелерге қол жеткізуі ретінде анықтады. Сонымен қатар, Р. Бояцис алғаш рет құзырет құрылымының құрамдас үш компонентін анықтады, олар: табиғи, қалыптасқан және бейімделген құзыреттер. Мұнда: қалыптасқан құзыреттерге оқу және жұмыс барысында меңгерген білім мен дағдылары, табиғи құзыреттерге жеке тұлғаның негізгі қасиеттері, ал бейімделген құзыреттерге жаңа кәсіби ортада маманға нақты мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін қасиеттер жиынтығы. Біз ең алдымен, педагогика мен психологияда қабылданған «кәсіби құзыреттер» ұғымына берілген анықтамаларға назар аудардық. Сонымен, көптеген зерттеушілер бакалаврдың кәсіби құзыреттілігін анықтауда психолог Джон Равеннің тұжырымдамасын қолданады, ол кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үдерісінде жеке тұлғаның құндылық-мотивациялық компонентін анықтайды [54]. Сондай-ақ, ол кәсіби құзыреттерді қалыптастыру үдерісі «тіршілік ету ортасымен» тікелей байланысты екенін атап өтті. «Тіршілік ету ортасы» (бұл жағдайда): отбасы, балабақша, мектеп, университет, жұмыс орны, микроқоғам (достар, таныстар және т.б.). Адамның биологиялық тұқым қуалаушылық арқылы берілген, қабілеттер және т.б. түрінде пайда болатын құзіреттілік, объективті жағдайларға байланысты қалыптасады. Мұндай көзқарас американдық еңбек психологиясы мектебі өкілдерінің тұлғалық тұғыр ұстанымына сәйкес келеді. Құзыреттерді сипаттау барысында америкалық мамандар тиімді, табысты іс-әрекет үшін қажет тұлға сипатын ашатын мінез-құлықтық аспектіде кәсіби құзыреттерді түсіндіруге мүмкіндік беретін КSAO аббревиатурасын пайдаланды, мұнда: білім (knowledge), білік (skills), қабілеттер (abilities) және басқа сипаттар (other). Мысалы, американдық зерттеушілер E.W. Stewick [55] және J.M. Merill ЖОО түлегінің келесідей жеке психологиялық: дербестік, қабілеттерді дамыту, өзін-өзі дамытуға ұмтылу, тәртіп, коммуникативтілік секілді қасиеттерін қамтитын «құзыретті қызметкер» моделін ұсынды. Сонымен қатар, бірқатар зерттеушілер бастаманың жоғары деңгейін, ұйымдастырушылық қабілеттерін, адамдардың мақсаттарын жүзеге асыруға жұмылдыруды және бағыттауды, сондай-ақ олардың әрекеттерінің әлеуметтік салдарын бағалауға және талдауға дайын болуды қамтитын «жоғары құзыреттілік» санатын ұсынады [56]. Британдық еңбек психологиясы мектебінің өкілдері функционалды тұғырдың жақтаушылары болып табылады, оған сәйкес кәсіби құзыреттер «жұмысты орындау стандарттарына сәйкес әрекет ету қабілеті» деп қарастырады. Бұл тұғырдың басты мәселесі - берілген қызметтің маңызды элементтерін анықтау және қойылған міндеттер мен күтілетін нәтижелерді сипаттауға негізделген қызмет стандарттарына назар аудару болып табылады. 22 Т.Е. Исаева, А.Н. Рубаник сынды ғалымдардың зерттеулерінде Еуропа елдеріндегі құзыреттілік тұғырдың әдіснамалық ұстанымдары талданады. Сонымен, Францияда құзыреттерді анықтау тұғырлары АҚШ пен Британияға қарағанда кешірек зерттелді, осы себепті ол неғұрлым жан-жақты және көпқырлы болып табылады. Осы тұғырға сәйкес құзыреттерді сипаттау үшін: білім (savoir және connaissance), тәжірибе (savoir faire немесе savoir agir) және мінез-құлық сипаттамаларын (savoir eˆtre or la faculte de s ' adapter) анықтады. 1996 жылы неміс білім беру жүйесінде жеке бағдарланған сипатқа ие және «ісәрекеттің құзыреттері» деп аталатын тұғыр қабылданды. Бұл тұғыр пәндік (Fachkompetenz) және кәсіби (Handlungskompetenz) құзыреттерге теңестірілетін тұлғалық (Personalkompetenz) және әлеуметтік (Soziaekompetenz) құзыреттерге назар аударумен ерекшеленеді. Осы тұрғыда «білімді үнемі жаңартудың тиімді технологияларын меңгеруді қамтамасыз ететін» мета-құзыреттерге теңестірілетін жалпы оқу құзыреттері (Lernkompetenz) атап көрсетілді [57]. Өз кезегінде, мұндай жүйе қазіргі таңда Германияда жоғарыда көрсетілген құзыреттерді пайдаланатын жалпы нысаны бар 350 кәсіби бейіндер әзірлеуге мүмкіндік берді. А. Стуф, Р.Л. Мартенс, Дж. Мерриенбоер сынды ғалымдардың көзқарастарына сәйкес, құзыреттілік тұғырды дамытудағы маңызды құбылыс конструктивті тұғырды (constuctivist approach) қабылдау болды. Бұл тұғыр бірнеше қосымша анықтамаларды пайдалану арқылы құзыреттердің «идеалды» түсіндірмесін табу мәселесін шешуді ұсынды, яғни конструктивистік тұғыр белгілі бір құзыреттерді сипаттау кезінде белгілі бір жағдайға назар аударуды ұсынады. Сонымен қатар, конструктивистік тұғырда «алыс қашықтыққа көшу (far transfer)» ұғымы, «осы құзыреттер тағайындалған жағдайларға әлсіз ұқсас жағдайларда алынған құзыреттерді пайдалану» ретінде анықталады, соның арқасында технологиялар мен еңбек жағдайларының өзгеруінің жоғары қарқынына байланысты құзыреттердің жылдам өзгеруімен «күресуге» болады. «Конструктивистік көзқарас» адамдарға бұрыннан бар білім, білік, дағдыларын, құзыреттерін бейтаныс жағдайларда жаңа міндеттерді шешу үшін қолдануға көмектеседі [58]. Беларусь ғалымы В.П. Тарантейдің пікірінше, құзыреттер – бұл қызметкердің жұмыс орнындағы өкілеттілігі, міндеттері мен жауапкершілігі [59]. Отандық педагогикада кәсіби құзыреттілік ұғымының бір мәнді анықтамасы әлі де болса жоқ. Кәсіби құзыреттілікпен байланысты заманауи аспектілер мен зерттеулер келесі жұмыстарда көрсетілген: жоғары білім беру жүйесінде мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру – Б.Т. Кенжебеков [60]; болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру – Н.Р. Шаметов [61]; болашақ мұғалімдердің әлеуметтік құзыреттілігі – Г.Ж. Меңлібекова [62]; жоғары оқу орындарындағы болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары – К.С. Құдайбергенова [63]; ҚР ІІМ оқу мекемелері 23 тыңдаушыларының кәсіби – ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру – Е.А. Лобынцева [64] және т.б. Жоғарыда көтерген мәселелерге қатысты құзыреттілік мазмұнын екі жолмен ашуға болады: – тиісті құзыреттер арқылы, олардың мазмұны, бұл жағдайда, құрылымдық-мазмұндық; – тікелей - әлеуметтік құзыреттілікті сипаттау кезінде біз жасағандай, «құзыреттілік» терминін қолданбай, тиісті білімдерді, дағдыларды, қабілеттерді және т.б. сипаттау арқылы. Қазіргі таңда «құзыреттілік» пен «кәсіби құзыреттілік» ұғымдарының мән-маңызын ашатын анықтамалар жеткілікті жинақталды. Бірқатар авторлар құзыреттілікті адамның неге қабілетті екендігі тұрғысынан сипаттама берсе (яғни құзыреттілікті қалыптастыру нәтижесінің ұстанымдарымен), кейбір авторлар оның құрылымын баяндайды. Құзыреттілік құрылымы біркелкі пікір (әсіресе, кәсіби құзыреттілік) сонымен қатар білім, білік, дағдылардың жиынтығы ретіндегі анықтамалардан «кәсібилік» ұғымымен тәжірибелік синоним ұғымына дейін бөлінеді. Бір пікірдің әділдігі сөзсіз дәлелденбегендіктен, барлық көзқарастарды тең деп санауға болады және біз зерттеу идеясына сәйкес келетін тәсілге сүйенуге құқығымыз бар. Сонымен қатар, барлық анықтамаларда «ұтымды негіз» бар, авторлар оларға енгізілген идеяларға қайшы келмейді, бірақ бір-бірін толықтырады, олар бастапқыда әртүрлі позицияларда: нарықтық-экономикалық, психологиялық, педагогикалық және т.б. Зерттеу жұмысымызға сәйкес келетін анықтамаларды біз бірнеше топқа біріктірдік: 1) құзыреттілікті оның сыртқы көріністері арқылы сипаттайтын анықтамалар: құзыреттілік - бұл адамның оқу сюжеттері мен жағдайлардан тыс әрекет ету қабілеті [32, с. 10] немесе осы білім, білік және дағдылар бастапқыда қалыптасқан жағдайлардан тыс білім, білік және дағдыларды тасымалдау қабілеті [65], білікті пайымдаулар жасау, проблемалық жағдайларда адекватты шешімдер қабылдау, нәтижесінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу қабілеті [66]. Бұл анықтамалар құзыреттілік құрылымына ойлаудың белгілі бір сипаттамаларын, атап айтқанда шығармашылық сипаттамаларды, соның ішінде білім мен біліктерін оларды қолданудың жаңа салаларына қорытындыларды тасымалдау қабілетін, шешім қабылдаудағы дербестілік және проблемаларды шешу қабілетін қосу қажеттілігін анықтайды; 2) құзыреттіліктің құрылымдық құрамдас компоненттерін бөліп көрсетуге болатын анықтамалар: құзыреттілік - бұл іс-әрекетті орындау үшін қажетті қабілеттерді, таным мен қарым-қатынастың (мінез-құлық бейнелерінің) дайындығын қамтитын құзыреттерге ие болу [38, с. 7], адамның белгілі бір еңбек функцияларын орындау біліктілігі мен қабілетінің болуы [67], қызметке дайындығы мен қабілеті, сондай-ақ бірқатар жеке қасиеттері [68]; 24 3) құзыреттілік құрылымына автордың көзқарасы нақты көрсетілген анықтамалар (негізінен кәсіби құзыреттілікке жатады): 1. Г.М. Коджаспирова кәсіби құзыреттілікті кәсіби іс-әрекетті, қарымқатынас пен маман тұлғасын – белгілі бір құндылықтарды, идеалдарды, сананы тасымалдаушыны қалыптастыру негізін қалайтын білім, білік және дағдылардың қажетті жиынтығын маманның меңгеруі ретінде сипаттайды [69]. 2. Л.М. Митина құзыреттілікті іс-әрекеттегі, қарым-қатынас пен тұлғаның дамуын жүзеге асыру әдістері мен тәсілдерін, білім, білік және дағдылардың жиынтығы ретінде анықтай келе, құзыретті көшбасшының өзіндік әрекетінің нақты тәсілдерінің болуы мүмкін салдарларының пайда болуын алдын ала білуі және жетекшілік етудің түрлі әдістерін практикалық пайдалануда тәжірибесі болу қажеттілігін атап өтеді [70]. 3. Е.П. Тонгоногая көшбасшының кәсіби құзыреттілігін анықтай келе, оны тұлғаның кіріктірілген сапасы, білім, білік және дағдының, тәжірибенің қорытындысы деп атайды [71]. Кәсіби құзыреттілік құрылымын анықтауға психологиялық көзқарас тұрғысынан бұл сапаны жеке құрылым тұрғысынан сипаттауға болады. Атап айтқанда, Е.В. Бондарева келесі компоненттерді анықтайды: – функционалдық: ЖОО-да меңгерілген білімдер жүйесі (гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, жалпы кәсіби, арнаулы және арнайыландырылған пәндер) оның тереңдігімен, көлемдігімен, ойлау стилімен, этика нормаларымен, әлеуметтік функцияларының есебімен-маманның шығармашылық іс-әрекет дағдысы; – мотивациялық: кәсіби іс-әрекеттегі актуализацияның мотивтерін, мақсаттарын, қажеттіліктерін, құндылықтарын қамтиды; – рефлексивті: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өз қызметінің нәтижелерін болжау дағдыларының жиынтығын қамтиды; – коммуникативтік: тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыру, ойларды қалыптастыру, ақпаратты анық баяндау, кәсіби өзара іс-әрекетті жүзеге асыру қабілеттерін қамтиды [72]. Сонымен, құзыреттілік дегеніміз – белгілі бір нысандар мен үдерістер шеңберіне қатысты анықталған және қажетті өзара байланысты тұлғалық сапаларының жиынтығы (білім, білік, дағдылар және іс-әрекетті орындау әдістері, білім мен біліктерді практикалық қолдану тәжірибесі, ойлау сипаттамалары, тиімді шешімдер қабылдау, ұтымды әрекет ету және т.б.), оларға қатысты сапалы және нәтижелі әрекет ету [43, с. 22; 73-75]. Маман тұлғасының құзыреттілігі кәсіби іс-әрекетте және кәсіби қарымқатынаста көрінеді, сондықтан осы іс-әрекет барысында белсенділік пен қарымқатынасты жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік, дағдылар және қабілеттерді меңгеру қажет. Бұл көрсеткіштердің нақты таңдауы кәсіби іс-әрекетінің мәні және оның мазмұнымен анықталады. ЮНЕСКО ұсынған «Білім: жасырын қазына» (1997) ХХІ ғасырға арналған білім беру жөніндегі халықаралық комиссиясының баяндамасында былай делінген: «Кәсіпкерлерге кейінгі кезде, олар үшін материалдық 25 сипаттағы белгілі бір операцияларды жүзеге асыру іскерлігімен ұқсастырылатын жалғыз біліктілік емес, әлеуметтік мінез-құлық, топта жұмыс істеу қабілеттілігі, бастамашылдық және тәуекелге құштарлық, біліктілік сияқты сапалар жиынтығы үйлескен құзыреттілік қажет» [76]. Біз отандық және шетелдік зерттеушілердің психологиялықпедагогикалық еңбектерінде «кәсіби құзыреттілік» ұғымының түрліше түсніктемесі беріледі деп қорытынды жасай аламыз. Сонымен қатар, шетелдік ғалымдар еңбектеріндегі құзырет практикалық компонент ретінде, ал отандық ғалымдар практикамен қатар теориялық жағын (әдіснамалық тәсілдер, ұғымдарды анықтау, қалыптасу жолдары) зерттейді. Құзырет пен құзыреттілік ұғымдары сыртқы және ішкі шарттылықпен байланыста. Құзырет – оның нәтижелері үшін жауапкершілікті толық біле отырып, өнімді іс-әрекетке дайын болу және ұмтылу. Құзырет өзін-өзі реттеу механизмдерін қолдана отырып, іс-әрекетте жүзеге асырылады, білім алушының құзыреттілігі түрінде көрінетін іс-әрекетінің сәттілігін анықтайды. Өзін-өзі реттеу механизмдерсіз, белгілі бір жағдайда жұмылдыру болмаса, құзырет тек әлеуетті іс-әрекет болып қала алады, іске асырылмайды және қызметтің нәтижесі табысқа қол жеткізілмейді. Бұл барлық осы компоненттердің тиімділігін анықтайтын фактор болып табылатын өзін-өзі басқарудың, өзін-өзі реттеудің дамыған механизмдері мен жағдайлары [77]. Құзыреттілікті іс-әрекетте жүзеге асырылған құзырет ретінде қарастыруға болады. Ол іс-әрекеттің нәтижелері үшін табыс пен жауапкершілікті анықтайтын тұлғаның кіріктірілген сипаты іс-әрекетте (жағдаяттар) көрініс табады. Білім алушының құзыреттілігін бағалауда, құрылымдық және функционалдық критерийлерді есепке алуды болжайтын кешенді тұғыр қажет. Функционалды критерийлерге іс-әрекеттің процессуалды сипатын жатқызамыз: шапшаңдық, қарқындылық, көлем, әрекеттер мен тәсілдердің әр түрлілігі, ұсынылған тапсырмаларды орындау барысында субъект жүзеге асырған іс-әрекет сипатының нәтижелілігі: белгіленген уақыт ішіндегі мақсатты әрекеттің атқарылу деңгейі және нәтижелердің сапасы. Білім, білік, дағдылар, іс-әрекет тәжірибесі, тұлғаның бағыттылығы, іс-әрекет мотивтері, қабілеттері құзыреттіліктің құрылымдық критерийлері сапасына жатқызылады [78]. Біз түлектердің кәсіби құзыреттілігінің төмен деңгейінің басты себептерінің бірі кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру технологиясы мен жүйесінің болмауы деп ойлаймыз. Педагогикалық әдебиеттерді талдау, кәсіби құзыреттіліктің мәнін ашатын зерттеулердің едәуір көлемін көрсетті. Сондықтан қазіргі білім беруде ЖОО білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің әдістемесін қайта қарау және әзірлеу қажеттілігі туындады. Болашақ маманның құзыреттілігі және оны құраушы құзыреттері жүйелілік құрылымдар болып табылады. Бұл құрылымдар және құрамдас бөліктері жүйелілік принципі тұрғысынан қарастырылуы қажет. Ғылыми 26 еңбектерге шолу көрсеткендей, бұл мәселеде бірыңғай көзқарас жоқ. Жүйелілік тұғыр бұл жағдайда зерттелетін нысандарды, құбылыстар мен үдерістерді жүйелі түрде тануға ықпал етеді. Сонымен, егер кәсіби құзыреттілік негізгі жүйе ретінде қарастырылса, онда оның кіші жүйелері кәсіби құзыреттілікті құраушы құзыреттері, ал жоғары жүйесі – маманның кәсіби құзыреттілігі деп анықтадық. Пәндік құзыреттер қатынасында негізгі білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттардың кәсіби пәндердің құрылымын зерделеу барысында келесілерді атап өткен жөн: – нақты пәндер үшін арнайы білім, білік пен дағдылары; – зердеуленуші пән шеңберінде жаңа білімді меңгеру бойынша оның оқу, оқу-жобалық, әлеуметтік-жобалық жағдаяттардағы қайта бейнеленуі ісәрекетінің түрлері; – түйінді (кілтті) теориялар қарым-қатынас типтері мен түрлері туралы ғылыми түсініктерді қалыптастыру - ойлаудың ғылыми типі; – ғылыми терминологияларды, түйінді (кілтті) түсініктерді әдістер мен тәсілдерді меңгеру; Жоғарыда келтірілген сипаттамалар оқыту пәніндегі құзыреттілік секілді көрсеткіштерге біріктіріледі [79]. Оқыту үдерісінде жүзеге асыратын және болашақтағы (кәсіби) ісәрекетінің бағдарлық негізін қалыптастыру сияқты маңызды бағыттарды қамту қажеттілігін ескерген жөн. Бірінші жағдайда – бұл оқу пәндерін зерделеу үдерісінде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Екінші жағдайда, мысалы, контекстік оқыту, сонымен қатар нақты кәсіби міндеттер мен мәселелерді шешу, олардың «банкін» жинақтауға көп көңіл бөлу қажет. Бұл ретте болашақтағы кәсіби іс-әрекетінің бағдарлық негізі білік пен дағдылардың, жоғары интеллектуалды және шығармашылық қабілеттердің базалық жүйелі білімдерінің жиынтығы, сондай-ақ мынадай: экономикадағы мемлекеттің саясаты және болашақ маман қызметінің нақты саласы; тиісті заңнама; басқару және өзін-өзі басқару; кәсіби әлеуметтену; жалпы және кәсіби мәдениет, адамгершілік, этика және т.б. салалардағы білім, білік, дағдылары және бағдарлық негіздер бола алады. Жоғары мектеп түлегінің кәсіби құзыреттілігі – бұл жоғары білікті маманның қалыптасуының белгілі кезеңі, болашақ маманды оқыту мен тәрбиелеудің соңғы жиынтық нәтижесі мен кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыруға дайындығы, тұлғаның нақты жүйелі білімі. Сонымен қатар, құзыреттілік тұғыр және оның негізінде білім алушылардың құзыреттері мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері зерттелуінің жеткіліксіздігі анықталды. Егер құзырет ұғымы артық немесе кем деңгейде айқын құрылымға ие болса, онда құзыреттілік жүйелі құбылыс ретінде ғылыми тұрғыда зерттеуді қажет етеді. Бұл басым дәрежеде маман болып табылмайтын білім алушылардың кәсіби құзыреттілігінің анықтамасына, сипаты мен параметрлеріне қатысты болып табылады. Сондықтан жоғары оқу орындары 27 түлектерінің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін диагностикалау және бағалау проблемасы да өте күрделі үдеріс болып табылады. Білім алушыларда құзыреттілік феноменін тұтас тану және оны қалыптастыру жүйелілік тұғырды талап етеді. Қазіргі таңда бұл феноменді тереңірек және жеткілікті түрде ұғынуда құзыреттілікті теориялық, практикалық және әдістемелік деңгейде қарастыру қажеттілігі, зерттеу мүмкіндігін туғызады. Мысалы, ғалым Л.Ф. Алексеева құзыреттіліктің заңдылықтары мен қалыптастыру механизмдерінің және дамуының жеткілікті дәрежеде зерделенбегендігі, құзыреттіліктің интегралдық сипатқа ие екендігі секілді, оны зерделеу үшін жүйелілік тұғырдың қажеттілігін атап көрсетті. Бұл жағдайда құзыреттілікті күрделі жүйелер белгісі сипатымен білім беру үдерісінің кейбір объективті шынайылылығы ретінде қарастыруға болады. Жүйе теориясы бойынша мұндай жүйелерді зерттеу, олардың нақты көрініс беруін және дамуын болжайды [80]. Ғалым зерттеуші Л.В. Росновская «құзырет» пен «құзыреттілік» санаттарының арақатынасы туралы кез-келген іс-әрекет маңызды нақты және дербес компоненттердің жиынтығын қамтитын тұтас жүйе болып табылатындығын алға тартады. Жүйе осы компоненттерді қамтитын тұтастық ретінде олардың әрқайсысына немесе олардың жиынтығына әсер етпейді. Сондықтан, Л.В. Росновская пайымдауы бойынша, кәсіби дайындықтың теориясы мен тәжірибесінде жеке компоненттердің талаптары (олардың логикасы, ерекшелігі) және олардың ерекше (жүйелілік) бірлігі мен жүйелілік сапасы көрсетілуі қажет. «Құзыреттілік» ұғымы қызметтің нақты компоненттерімен сәйкес келетін іс-әрекет субъектісінің қасиеттерін көрсетеді. Бұл іс-әрекетті оның сапалық тұтастығында жүзеге асыру үшін оның субъектісі осы құзыреттер жүйесін олардың бірлігі мен интегралдық сапасында өз қабілеттерінде жаңғыртуы керек. Субъектінің осы интегралды қабілетін көрсетуге арналған белгілі бір ісәрекет жүйесімен сәйкес келетін санат – құзыреттілік болып табылады. Осылайша, Л.В. Росновская «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарының арақатынасын, субъект іс-әрекетінің жүйесі мен компоненттерінің арақатынасы ретінде көрсетеді [81]. Біз зерттеуімізде осы ұғымдарды ұқсас қабылдаймыз. Оқыту субъектісі іс-әрекетінің оның құзыреттерінде көрініс тапқан құрамдас бөліктерін, тұтас жүйелі білім берудегі белгілі бір оқыту нәтижелерін және жоғары оқу орны түлегінің болашақта кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыруға дайындығын көрсететін оның кіріктірілген қабілетінің немесе құзыреттілігінің құраушылары болып табылатындығын қарастырамыз. «Кіру-үдеріс-шығу» санаттарында білім алушылардың құзыреттері мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жүйесінің моделі [82] (1-сурет). 28 Сурет 1 – «Кіру-үдеріс-шығу» санаттарында білім алушылардың құзыреттері мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жүйесінің моделі 1 – білім алушылардың құзыреттері мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсаттары; 2.1 – оқыту үдерісін сапалы немесе тиімді жүзеге асыру үшін не қажет деген сұраққа жауап беретін жүйеге кіру (оқытушылардың қажетті құзыреттілігі, оқыту үдерісіне белсенді қатысуға қатысты білім алушылардың мотивациясы мен дайындығы, білім беру үдерісін «ішкі» қамтамасыз ету: оқу бағдарламаларының, пәннің, силлабустардың, әдістемелік материалдардың және т.б. оқу әдістемелік кешендерінің болуы); 2.2 – білім алушылардың құзыреттері мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың білім беру үдерісі; 2.3 – білім алушылардың құзыреттері мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру нәтижелерін көрсететін жүйенің шығуы; 3 – жоспарланған нәтижелерге жету үшін «кіру» және білім беру үдерісін қажетті реттеуді уақытылы енгізуге мүмкіндік беретін кері байланыс; 4 – «сыртқы» қамтамасыз ету «кіру» және білім беру үдерісі. Болашақ мамандарды даярлауды қажетті материалдық, ақпараттық, материалдықтехникалық, кадрлық, әдіснамалық, ғылыми, әлеуметтік және өзге де қамтамасыз ету; Сыртқы әлеуметтік, экономикалық және өзге орта 2.2 Білім беру үдерісі 2.1 Кіру 2.3 Шығу 5 Талаптар 1 Мақсаттар 4 Қамтамасыз ету 6 Басқару 8 Нәтижелер 3 Кері байланыс 9 Әсер етуші факторлар 7 Мониторинг 29 5 – қоғам, экономика, мемлекет, орталық орындаушы органдар, заңнамалар, стандарттар және өзге де ресми құжаттар, жұмыс беруші анықтайтын талаптар; 6 – «сыртқы басқару» білім алушылардың құзыреттері мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін басқару; 7 – болашақ мамандарды даярлау үдерісі мен нәтижелерін, білім алушылардың құзыреттері мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың тұтас жүйесінің жұмысына мониторинг жасау; 8 – білім алушылардың құзыреттері мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, білім беру үдерісінің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету, өзге де нәтижелер, болашақ мамандарды кәсіби даярлауда қойылған мақсаттар мен міндеттеріне қол жеткізу нәтижелері; 9 – білім алушылардың құзыреттері мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үдерісі мен нәтижелеріне әсер ететін (сыртқы, ішкі, объективті және субъективті, тікелей және жанама, оң және теріс) факторлар. Жүйелілік тұғыр бізге білім алушының кәсіби құзыреттілігін, заманауи шындықтың жүйелі құбылысы және күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік берді. Болашақ маманды оқыту және даярлау мақсаттары мен міндеттері, білім алушының кәсіби құзыреттілігі жүйесінің жүйе құраушы факторы болып табылады. Зерттелетін жүйе - білім алушының кәсіби құзыреттілігі, оның жоғары жүйесі - тиісті маманның кәсіби құзыреттілігі болып табылатын контексте қарастырылуы және жүзеге асырылуы тиіс. Оның кіші жүйесі - білім алушының кәсіби құзыреттілігіне сәйкес құзыреттер құрайды. Бұл, біздің ойымызша, отандық білім беру жүйесінде құзыреттілік тұғырды іске асырудың айқындаушы факторы болып табылады. Болашақ мамандарда талап етілетін құзыреттер мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруды заманауи шындықтың жүйелілік құбылыстары ретінде қарастыруға жүйелілік тұғыр маңызды рөл атқарады. Заманауи қайта құру және күрделі экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және өзге де жүйелерді дамыту қажеттілігі білім алушылар мен мамандарда жүйелілік тұғыр біліктері мен дағдыларын, жүйелілік мағлұматтарын, жүйелі және өзге де өзекті ойлау тәсілдерін мақсатты және жедел (озық мағынада) қалыптасуы мен дамуын талап етеді. Әрбір білім алушы үшін кәсіби құзыреттер мен кәсіби құзыреттіліктің өз деңгейі мен нақты мазмұны бар екенін ескере отырып, осы екі ұғымды жүзеге асыратын (оқу үдерісінде танымдық, теориялық, практикалық және өзге) және болашақтағы (кәсіби) ісәрекетінің бағдарлық негізімен байланыстырған жөн. Мұндай жағдайда барлық білім алушылар үшін ортақ, бірақ тұрақты жетілуге және дамуға ашық бастапқы «өзегі» (базалық білім, білік, дағдылар және қабілеттері) олардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру туралы айтуға болады. Мұндай «өзектің» қабықшасына оның инвариантты компоненттері кіруі мүмкін, бұл субъектінің жаңа ақпараттық, өндірістік, әлеуметтік және басқа ортаға тез бейімделуіне ықпал етеді. 30 Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үдерісінде болашақтағы кәсіби ісәрекетінің бағдарлық негізі субъект меңгерген және оның құзыреттерін құрайтын нақты әрекет түрлері мен іс-әрекетінде нақтыланады. Осылайша, білім алушылардың кәсіби құзыреттілігінің құрылымы жүйе ретінде, ең алдымен, кәсіби дайындығы, кәсіби әлеуметтенуі, тұлғалық және кәсіби маңызды сапаларды дамыту, жүйелілік ойлау және жүйелілік тұғыр білік пен дағдылары, жүйелілік мағлұматтар және арнайы құзыреттерден тұрады. Болашақ маман ретіндегі білім алушының кәсіби құзыреттілігі, оны оқыту мен даярлаудың белгілі бір нәтижесі, сондай-ақ оның үздіксіз жетілуі мен дамуы жағдайында өзінің болашақта кәсіби іс-әрекетін жүзеге асыру қабілеті мен дайындығын саналы жауапкершілікпен анықтайтын оның қасиеттерінің кіріктірілген сипаттамасы ретінде қарастырылуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет