Р/с №№
|
Құрылымдық элемент
|
Қолданыстағы редакция
|
Ұсынылған редакция
|
Негіздеме
|
«Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын бекiту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысы
|
1
|
2-тармақтың
1) тармақшасы
|
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұрғын үй төлемдері – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлеріне (бұдан әрі – қызметкерлер) тұрғын үй берудің орнына республикалық бюджет қаражаты есебінен арнаулы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақшалай қаражаттың көлемі. Тұрғын үй төлемдері ағымдағы және біржолғы төлемдерден тұрады;
|
1) тұрғын үй төлемдері – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлеріне (бұдан әрі – қызметкерлер) арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің орнына республикалық бюджет қаражаты есебінен арнаулы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақшалай қаражаттың көлемі. Тұрғын үй төлемдері ағымдағы және біржолғы төлемдерден тұрады;
|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы « »_______ Конституциялық заңымен «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына тұрғын үй төлемдеріне қатысты түзетулер енгізілді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №1727 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын аталған түзетулермен сәйкестендіру ұсынылады.
|
2
|
4-тармақ
|
4. Қызметкерге тұрғын үй төлемдерін тағайындау негіздемесі оны Заңда белгіленген тәртіп бойынша тұрғын үйге мұқтаж деп тану болып табылады.
|
4. Қызметкерге ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тағайындау негіздемесі оны Заңда белгіленген тәртіп бойынша тұрғын үйге мұқтаж деп тану болып табылады.
Қызметкерге біржолғы тұрғын үй төлемдерін тағайындау негіздемесі оны Заңда белгіленген тәртіп бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіндегі және сыртқы барлау органындағы әскери қызметін қоса есептегендегі арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген кезеңде тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы оның алғашқы жазбаша өтінішін (баянатын) берген күнінен бастап тұрғын үйге мұқтаж деп тану болып табылады.
Бұл ретте қызметкер жаңа қызмет орнына ауысқан жағдайда, ол Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мекемелерінде алғашқы жазбаша өтінішін (баянатын) берген күні бойынша біржолғы тұрғын үй төлемдерін алу құқығы сақталады.
|
Редакцияны нақтылау
|
3
|
15-тармақ
|
15. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген және 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 және одан да көп жыл әскери қызмет өтілі бар қызметкерлерге біржолғы тұрғын үй төлемінің мөлшері 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметкер қызмет өткеріп жүрген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі бір шаршы метрді жалға алу құнының мөлшерін оның өзгеруін ескере отырып, әрбір отбасы мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен тұрғын үй алаңына және мұқтаж мәртебесінде тұрған айларының санына көбейту арқылы айқындалады.
|
15. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген және 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 және одан да көп жыл әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өтілі бар қызметкерлерге біржолғы тұрғын үй төлемінің мөлшері 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметкер қызмет өткеріп жүрген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі бір шаршы метрді жалға алу құнының мөлшерін оның өзгеруін ескере отырып, әрбір отбасы мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен тұрғын үй алаңына және мұқтаж мәртебесінде тұрған айларының санына көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте, қызметкер біржолғы тұрғын үй төлемдерін алу үшін тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінде болған кезеңі ұлттық қауіпсіздік органдарындағы қызметін, сондай-ақ Президент күзетінің және сыртқы барлау қызметтеріндегі қызметін қоса есептегендегі қызмет өткеріп жүрген кезеңде тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы алғашқы жазбаша өтінішін (баянатын) берген күнінен бастап белгіленеді.
|
Негіздемелер 1-позицияда көрсетілген
Редакцияны нақтылау
|
4
|
16-тармақ
|
16. Қызметкерлерге Заңның 101-1-бабының 6, 7-тармақтарында көзделген негіздер бойынша берілетін біржолғы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері қызметкер жұмыстан босатылған күнгі жағдай бойынша қызметкер қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшерін оның өзгеруін ескере отырып, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен тұрғын үй алаңына және мұқтаж мәртебесінде болған айларының санына көбейту арқылы, егер тұрғын үй төлемдері жүргізілген болса, қызметтен босатылған күніне төленген айырмашылықтарды шегере отырып жүргізіледі.
|
16. Қызметкерлерге Заңның 101-1-бабының 6-тармағында және 7-тармағының бірінші бөлімінде көзделген негіздер бойынша берілетін біржолғы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері қызметкер жұмыстан босатылған күнгі жағдай бойынша қызметкер қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшерін оның өзгеруін ескере отырып, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен тұрғын үй алаңына және мұқтаж мәртебесінде болған айларының санына көбейту арқылы, егер тұрғын үй төлемдері жүргізілген болса, қызметтен босатылған күніне төленген айырмашылықтарды шегере отырып жүргізіледі.
Қызметкерлерге Заңның 101-1-бабы 7-тармағының екінші бөлімінде көзделген негіздер бойынша берілетін біржолғы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері қызметкер жұмыстан босатылған күнгі жағдай бойынша ол қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшерін ол жұмыстан босатылған күнгі отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен тұрғын үй алаңына және еңбек сіңірген күнтізбелік жиырма жылға теңелетін айлар санына көбейту арқылы, егер тұрғын үй төлемдері жүргізілген болса, қызметтен босатылған күніне төленген айырмашылықтарды шегере отырып жүргізіледі.
Бұл ретте, аталған төлемдер біржолғы сипатқа ие болады және қызметкер жұмыстан босатылғанға дейін жүргізіледі.
|
Редакцияны нақтылау
|
5
|
17-тармақ
|
17. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына тұрғын үй төлемдері қаза тапқан адам қызмет еткен кезеңде бұрын жүзеге асырылған барлық тұрғын үй төлемдерін шегере отырып, қызметкер қаза тапқан күнгі жағдай бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында жарияланған деректер бойынша ол қайтыс болған сәтте отбасы құрамы тұрғын үйдің пайдалы алаңының нормасына сәйкес келетін сатып алу құнына тең көлемде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде жүргізіледі.
Егер қызметкердің қызметтен босауына ол қызмет өткерген кезеңде пайда болған ауру себеп болып табылса, оларға тұрғын үй төлемдері қызметтен босаған сәтке іс жүзінде аударылған сомаларды шегере отырып, еңбек сіңірген жылдарының күнтізбелік жиырма жылына тең мерзім аралығына аударылады.
|
17. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан қызметкердің отбасына тұрғын үй төлемдері қаза тапқан адам қызмет еткен кезеңде бұрын жүзеге асырылған барлық тұрғын үй төлемдерін шегере отырып, қызметкер қаза тапқан күнгі жағдай бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында жарияланған қызметкер қызмет атқарған Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі бір шаршы метрдің бағасы бойынша ол қайтыс болған сәтте отбасы құрамы тұрғын үйдің пайдалы алаңының нормасына сәйкес келетін сатып алу құнына тең көлемде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде жүргізіледі.
Елді мекен бойынша статистикалық деректер болмаған жағдайда бір шаршы метрдің бағасы аудан орталығының статистикалық деректері бойынша, ал аудан орталығында статистикалық деректер болмаған жағдайда – облыс орталығының статистикалық деректері бойынша белгіленеді.
|
Редакцияны нақтылау
|
6
|
18-тармақ
|
18. Егер қызметкердің қаза табуы (қайтыс болуы) оның заңға қайшы әрекеттер жасаған кезде немесе алкогольден, нашақорлықтан, психотроптық, уытқұмарлық (оларға ұқсас заттардан) заттардан мас болуы салдарынан немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен жалтару немесе материалдық игілік алу мақсатында өз-өзіне қандай да бір дене зақымын (дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өзінің денсаулығына басқадай зиян келтіргені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденген жағдайларда тұрғын үй төлемдері төленбейді.
|
18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Егер арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің қаза табуы (қайтыс болуы):
1) өзіне қол жұмсау нәтижесінде, өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеген жағдайларды қоспағанда;
2) қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кезде;
3) алкогольдік, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық (оларға ұқсас заттардан) мас болуға әкеп соғатын заттарды қолдану нәтижесінде;
4) біржолғы өтемақы алу немесе қызметтен жалтару мақсатында өз-өзіне қандай да бір дене зақымын (дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өзінің денсаулығына басқадай зиян келтіру нәтижесінде;
5) қызметкердің қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарын бұзатын әрекеттерінің нәтижесінде болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденген болса, біржолғы өтемақы төленбейді.»;
|
Редакцияны нақтылау
|
7
|
21-тармақтың 1) тармақшасы
|
21. Тұрғын үй төлемдерін тағайындау және тұрғын үйге мұқтаж деп тану үшін қызметкер қызмет өткеретін орны бойынша мекеменің тұрғын үй комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) мекеменің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның атына оны тұрғын үйге мұқтаж деп тану және оған тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы жазбаша өтініш (баянат);
|
«1) мекеме басшысының не болмаса ол белгілейтін лауазымды адамның атына оны тұрғын үйге мұқтаж деп тану және оған тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы жазбаша өтініш (баянат), ал біржолғы тұрғын үй төлемдерін алу үшін ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіндегі және сыртқы барлау органындағы әскери қызметін қоса есептегендегі арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген кезеңде оны тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы мекеме басшысының не болмаса ол белгілейтін лауазымды адамның атына алғашқы жазбаша өтінішінің (баянатының) көшірмесін;»;
|
Редакцияны нақтылау
|
8
|
39-тармақ
|
39. Мекеменің қаржы бөлімшесі тұрғын үй төлемдерінің аударылған және төленген сомалары бойынша Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша талдамалық есеп карточкасында есепті жүзеге асырады.
|
39-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктерімен толықтырылсын:
«Тұрғын үй төлемдері қызмет өткеру орны бойынша ай сайын өткен ай үшін ағымдағы айда жүргізіледі. Желтоқсан айында ағымдағы ай үшін тұрғын үй төлемдері 25-і күнінен кешіктірілмей төленеді.
Қызметке кіру және шығу айында ағымдағы тұрғын үй төлемдері нақты қызмет күндеріне пропорционалды түрде жүргізіледі.»;
|
Редакцияны нақтылау және қаржы тәртібін сақтау мақсатында
|
9
|
40-тармақ
|
40. Қызметкер қызметтен ауысқан, босатылған кезде мекеменің каржы бөлімшесі талдамалық есеп карточкасының көшірмесін қоса бере отырып, ақша аттестатында оған жүргізілген тұрғын үй төлемдері туралы мәліметті көрсетеді.
|
40-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте қызметкер бір мемлекеттік мекемеден басқасына ауысқан кезде тұрғын үй төлемдері жаңа қызмет өткеру орнына кеткен айда мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) ақшалай үлес төленгеннен кейін ауысқан жағдайда – бұрынғы қызмет өткерген орны бойынша;
2) ақшалай үлес төленгенге дейін ауысқан жағдайда – жаңа қызмет өткеру орны бойынша.»;
|
Редакцияны нақтылау және қаржы тәртібін сақтау мақсатында
|
10
|
43-тармақтың 2) тармақшасы
| -
Тұрғын үй төлемдері мекеменің бірінші басшысының бұйрығына сәйкес мынадай мерзімдерде:
2) қызметкер тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінен айырылған күннен бастап;
|
43-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қызметкерлер Заңның 101-4-бабының 1), 3), 4), 5) немесе 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғын үйдің жалға алу төлемдері үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындамаған жағдайларды қоспағанда арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінен айырылған күннен бастап;»;
|
Негіздемелер 1-позицияда көрсетілген
|
11
|
Қағидаларға 10-қосымша-ның
4.3- тармағы-ның
3) тармақшасы
|
4.3. Қызметкер:
3) тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінен айырылған кезде бұл туралы тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінен айырылған күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзімде мекемені хабардар етуге;
|
Қағидаларға 10-қосымшаның 4.3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінен айырылған, сондай-ақ Заңның 101-4-бабының 1), 3), 4), 5) немесе 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғын үйдің жалға алу төлемдері үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындаған кезде бұл туралы тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінен айырылған және осы міндеттемелер орындалған күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзімде Мекемені хабардар етсін;».
|
Негіздемелер 1-позицияда көрсетілген
|