ҚРӘМ № 3417 02.02.2005ж.тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН
ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН
ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2004 жылғы 27 желтоқсан № 374
Актуарлық қорытынды негізінде аннуитет шарттарының қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту және оның мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде
“Өмірді сақтандыру” саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Актуарлық қорытынды негізінде аннуитет шарттарының қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту және оның мазмұнына қойылатын талаптар туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Сақтандыру рыногының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсін.
ТӨРАҒА Б. ЖӘМІШЕВ
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 374 қаулысымен бекітілген
Актуарлық қорытынды негізінде аннуитет шарттарының қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту және оның мазмұнына қойылатын талаптар туралы ереже
Осы Ереже “Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 6) тармақшасына, “Сақтандыру қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және актуарийдің қорытындысы негізінде аннуитет шарттарының қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту тәртібін және талаптарын, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
жинақтау кезеңі – сақтанушы (сақтандырылған) сақтандыру ұйымына аннуитет шартында айқындалған мөлшерде, тәртіппен және мерзімде кезеңді сақтандыру жарналарын төлейтін кезең ішінде аннуитет шартының қолданылу кезеңі;
сақтандыру төлемдерінің кезеңі – сақтандыру ұйымы сақтанушыға (сақтандырылғанға, пайда алушыға) аннуитет шартында айқындалған мөлшерде, тәртіппен және мерзімде кезеңді сақтандыру төлемдерін жасайтын кезең ішінде аннуитет шартының қолданылу кезеңі.
2. Жинақтау кезеңінен кейін сақтандыру төлемдерінің кезеңі басталады.
3. Егер аннуитет шартының талаптарымен тұрақты сақтандыру төлемдерінің ұлғаюы көзделсе және осындай ұлғаю мөлшері аннуитет шартында айқындалса, осы Ереженің талаптары қосымша ұлғаю жағдайына қолданылады.
2-тарау. Тұрақты сақтандыру төлемдерін ұлғайту шарттары
4. Аннуитет шарты қолданылуының алғашқы екі толық жылында шарт бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерінің ұлғаюы жасалмайды.
5. Аннуитет шарты бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерінің ұлғаюы сақтандыру ұйымының қосымша кірістері есебінен жүргізіледі.
Жинақтау кезеңінде сақтандыру ұйымының мұндай қосымша кірістері:
1) нақты инвестициялық кірістілік ставкасы мен аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) мөлшерін есептеу кезінде көзделген ставка арасындағы оң айырма;
2) аннуитет шарттарын жасау мен орындауға байланысты сақтандыру ұйымы шығыстарының нақты деңгейі және аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) мөлшерін есептеу кезінде көзделген шығыстар деңгейі арасындағы теріс айырма есебінен қалыптасады.
6. Сақтандыру төлемдері кезеңінде, осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген сақтандыру ұйымының қосымша кіріс көздерінен басқа, сақтандыру ұйымының өлім-жітім бойынша нақты көрсеткіштері және аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) мөлшерін есептеу кезінде көзделген оның болжамды көрсеткіштері арасындағы оң айырма аталған кезеңнің көзі болып табылады.
7. Аннуитет шарттарының қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерін ұлғайту жөніндегі актуарлық қорытындыны бір жылғы қорытынды бойынша да, сондай-ақ бірнеше жылғы кезең үшін де жасауға болады. Талданатын кезеңге қарамастан, сақтандыру ұйымының осы Ереженің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген қосымша кірістерінің көздерін айқындау әрбір жыл үшін жеке жасалады.
8. Сақтандыру ұйымының осы Ереженің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген қосымша кірістері жалпы сомасының әрбір құрамдасы (көзі) осы Ереженің жинақтау кезеңіне арналған талаптарын және тиісінше сақтандыру төлемдерінің кезеңін ескере отырып, әрбір аннуитет шарты үшін жеке айқындалады.
9. Егер сақтандыру ұйымы қосымша кірістерінің жалпы сомасы теріс мөлшерін құрса, аннуитет шарттары бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерінің ұлғаюы жүргізілмейді.
10. Сақтандыру ұйымы кепілдік берілген кезеңді, сақтандыру төлемдерінің кезеңін көздеуі мүмкін, әрі осы кезең ішінде сақтандыру ұйымы аннуитет шарты бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерін сақтанушыға (сақтандырылғанға, пайда алушыға) аннуитет шартында аталған кезең аяқталғанға дейін сақтанушы (сақтандырылған) тірі немесе қайтыс болғанына қарамастан жасайды.
Мұндай жағдайда, сақтандыру төлемдерінің кезеңінде осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құрамдас (көз) нольге тең болады және аннуитет шарттары бойынша сақтандыру ұйымы қосымша кірісінің жалпы сомасына кіргізілмейді.
3-тарау. Тұрақты сақтандыру төлемдерін ұлғайту тәртібі
11. Жинақтау кезеңінде инвестициялық кірістілік ставкаларының арасындағы оң айырма есебінен аннуитет шарттары бойынша сақтандыру ұйымының қосымша кірістері мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұнда
і - өткен жыл үшін аннуитет шарты бойынша сақтандыру резервтерін өтейтін сақтандыру ұйымының активтері бойынша инвестициялық кірістіліктің нақты ставкасы;
і1- аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын) есептеген кезде қолданылған инвестициялық кірістіліктің болжамды ставкасы;
tV – жыл басына аннуитет шарты бойынша сақтандыру резервтерінің мөлшері;
Р - сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының) жылдық мөлшері.
12. Шығыстардың нақты деңгейі мен болжамды деңгейі арасындағы айырма есебінен сақтандыру ұйымының қосымша кірістері былайша айқындалады:
(Е-Е1), мұнда
Е – сақтандыру ұйымының нақты шығыстары;
Е1- сақтандыру ұйымының болжамды шығыстары.
Есептеу мақсаттары үшін сақтандыру ұйымы қосымша кірістілігінің көрсетілген құрамдасы барлық аннуитет шарттарының жиынтығы бойынша не осы соманы олар бойынша тепе-тең белгіленген сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының) мөлшері бойынша әрбір аннуиет шарты бойынша жеке бөле отырып бұрын қалыптасқан шарт топтары бойынша айқындалуы мүмкін.
13. Сақтандыру төлемдері кезеңінде сақтандыру ұйымының өлім-жітім бойынша нақты көрсеткіштері мен болжамды көрсеткіштері арасындағы оң айырма есебінен сақтандыру ұйымының аннуитет шарты бойынша қосымша кірістер барлық аннуитет шарттары бойынша жиынтығында былайша айқындалады:
, мұнда
В – сақтандыру ұйымының өткен жылғы аннуитет шарттары бойынша нақты сақтандыру төлемдері;
В1 - сақтандыру ұйымының жыл басындағы аннуитет шарттары бойынша болжамды сақтандыру төлемдері.
Сақтандыру ұйымының өлім-жітім бойынша нақты көрсеткіштері мен әрбір аннуитет шарты үшін жеке болжамды көрсеткіштері арасындағы оң айырма есебінен сақтандыру ұйымының қосымша кірістерінің мөлшері ол бойынша белгіленген сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) мөлшеріне тепе-тең айқындалуы мүмкін.
14. Сақтандыру ұйымының осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген қосымша кірістерін есептеу мақсаттары үшін аннуитет шарттары есеп айырысуды жүргізу күніне сақтанушының (сақтандырылғанның) жасына сәйкес топтарға бөлінеді.
Егер сақтанушының (сақтандырылғанның) жасы есеп айырысуды жүргізу сәтіне бүтін сан болмаса, жасын бүтін санға дейін дөңгелету былайша болады:
Егер жас санының бүтін емес бөлігі 0,5 және 0-ден кем болса;
өйтпеген жағдайда – 1.
15. Сақтандыру төлемдері кезеңінде сақтандыру ұйымының инвестициялық кірістілік ставкалары арасындағы оң айырма есебінен аннуитет шарттары бойынша қосымша кірісі мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұнда
і - өткен жыл үшін аннуитет шарты бойынша сақтандыру резервтерін өтейтін сақтандыру ұйымының активтері бойынша инвестициялық кірістіліктің нақты ставкасы;
і1- аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын) есептеген кезде қолданылған инвестициялық кірістіліктің болжамды ставкасы;
– жыл аяғына аннуитет шарты бойынша сақтандыру резервтерінің мөлшері;
16. Аннуитет шарттары бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерін ұлғайту жөнінде шешім қабылданған жағдайда сақтандыру ұйымының қосымша кіріс сомасы аннуитет шартының талаптарына сәйкес ол бойынша сақтандыру төлемдерінің барлық қалған кезеңіне тең бөлінеді. Жинақтау кезеңінде аннуитет шарты бойынша қосымша кіріс төленбейді.
17. Егер сақтандыру ұйымының аннуитет шарттары бойынша қосымша кірістің жалпы сомасы жекелеген шарттар үшін жинақтау кезеңінде қалыптасса, көрсетілген қосымша кіріс сомасын сақтандыру ұйымы өткен жылғы аннуитет шарттары бойынша сақтандыру резервтерін өтейтін активтер бойынша сақтандыру ұйымының инвестициялық кірістілігінің нақты ставкасынан аспайтын инвестициялық кірістіліктің жылдық ставкасы бойынша сақтандыру төлемдерінің кезеңіне дейін жыл сайын индекстей алады.
18. Егер индекстеуді ескере отырып бүкіл жинақтау кезеңінде жекелеген аннуитет шарты үшін жинақталған инвестициялық кіріс сомасы не сақтандыру төлемдерінің барлық не қалған кезеңіне бөлу арқылы сақтандыру төлемдері кезеңінде есептелген аннуитет шарты бойынша қосымша кіріс сомасы тиісінше аннуитет шарты бойынша жылдық сақтандыру төлемдерінің мөлшерін кемінде 1%-ке ұлғаюына әкеліп соқтырса, сақтандыру ұйымы актуарийдің қорытындысы негізінде қосымша кірістің барлық сомасын аннуитет шарты бойынша бірінші не тиісінше одан кейінгі сақтандыру төлеміне енгізуі мүмкін.
4-тарау. Актуарлық қорытындының мазмұнына қойылатын талаптар
19. Аннуитет шарттары бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерінің ұлғаюы актуарийдің қорытындысы негізінде осы Ереженің талаптарын ескере отырып жүргізіледі.
20. Актуарлық қорытындыда мыналар болуы тиіс:
1) өткен жыл үшін аннуитет шарты бойынша сақтандыру резервтерін өтейтін сақтандыру ұйымының активтері бойынша инвестициялық кірістіліктің нақты ставкасын талдауы және есеп айырысуы;
2) жеке аннуитет шарттары немесе шарт топтары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын) есептеген кезде қолданылған инвестициялық кірістіліктің болжамды ставкалары;
3) аннуитет шарттарын жасауға және орындауға байланысты сақтандыру ұйымының нақты шығыстарын талдауы және есеп айырысуы;
4) аннуитет шарттарын жасауға және орындауға байланысты сақтандыру ұйымының болжамды шығыстары;
5) сақтандыру ұйымының өткен жылғы аннуитет шарттары бойынша нақты сақтандыру төлемдері және жыл басына аннуитет шарттары бойынша болжамды сақтандыру төлемдерінің мөлшері;
6) аннуитет шарттары бойынша қосымша кірістердің жалпы сомасының әрбір құрамдасының (көзінің) есеп айырысуы және осы Ереженің талаптарына сәйкес әрбір аннуитет шарттары үшін осы жалпы соманың бір бөлігін айқындау;
7) аннуитет шарттарының қолданылу кезеңіне қосымша кіріс сомаларын бөлу, ұлғаюын және оларды төлеу тәртібін ескере отырып олар бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерінің есеп айырысуы;
8) олар бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерін ұлғайтпастан және ұлғайта отырып есеп айырысуларды жүргізу сәтіне аннуитет шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарының сақтандыру резервтерінің мөлшері;
9) аннуитет шарттары бойынша ұлғайтылған сақтандыру төлемдерін ескере отырып сақтандыру ұйымының төлем қабілетін және қаржылық тұрақтылығын талдау және жақын арадағы үш жылға пруденциалдық нормативтердің сақталуы туралы болжам.
5-тарау. Қорытынды ережелер
21. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |