Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған cтратегиялық жоспары



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі0.75 Mb.
#9272
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2013 жылғы « »

№ қаулысымен

бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң

2011 – 2015 жылдарға арналған

cтратегиялық жоспары

1-бөлiм. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы
Бәсекеге қабiлеттi агроөнеркәсiп кешенін құру, сондай-ақ, агроөнеркәсiп кешенінде, су, орман, аңшылық және балық шаруашылықтарында мемлекеттiң саясатын тиімді қалыптастыру және iске асыру арқылы елдің табиғат ресурстарын сақтау және дамыту.
Пайымдауы
Министрлік Стратегиялық жоспарды іске асыру нәтижесінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізетін болады:

- АӨК-тiң жалпы қосылған құнының өсуін 2014 жылы 2008 жылмен салыстырғанда нақты мәнде кемiнде 16 %-ға ұлғайту;

- ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін 360 мың теңгеден 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кем дегенде 2 есе ұлғайту;

- аграрлық саланың экспорттық әлеуетін 2014 жылы экспорттың жалпы көлемінде 8 %;

- азық-түлік тауарлары ресурстарының жалпы көлеміндегі  отандық өндірістің үлесі 80 % деңгейінде;

- кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредиттік қаражат көлемі 2013-2015 жылдарда 136 млрд.теңге;



  • 2015 жылда карантиндік және ерекше қауіпті зиянды организмдердің таралу қауіпінің коэффициенті 0,98 %;

- Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк рейтингтегi «Аграрлық саясаттың ауыртпалығы» көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасының 2015 жылы 45 позициясына жету.

2-бөлiм. Ағымдағы жағдайды және тиiстi салалар (аялар)

қызметiнiң даму үрдiстерiн талдау
Агроөнеркәсіп кешенінің саларын дамыту
Ауыл шаруашылығы жалпы өнім өндірісінің көлемі 2011 жылы 27%-ға өсті және 2,2 трлн. теңгеден асты. Ауыл шаруашылығы өндірісінің осындай өсуі соңғы 10 жылдың ішінде ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Сонымен қатар, 2011 жылы АӨК-дегі еңбек өнімділігі 4,4 мың АҚШ долларын құрды.

2011 жылы аулы шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың келуі 22,4%-ға өсіп, 107,4 млрд.теңгені құрады.

2011 жылы АӨК қолдау үшін республикалық бюджеттен 253 млрд.теңге бөлінді (2010 жылы - 233 млрд. теңге).

«ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ АӨК қаржыландыру көлемі 235 млрд. теңге құрды немесе 2010 жылдың деңгейінен 1,5 есе артық (151,5 млрд. теңге).

Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерін мемлекеттік қолдау субсидиялау, жеңілдетілген кредит беру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен халық болып саналатын негізгі тұтынушыларға (игілік алушы) арналған қызметтерді ақысыз түрде көрсету арқылы іске асырылады.

Өсімдік шаруашылығы.

ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2011 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 21,2 млн. га, соның ішінде дәнді дақылдар – 16,2 млн. га, оның ішінде бидай 13,8 млн. га құрады. Майлы дақылдар 1,8 млн. га, мақта – 160,6 мың га, қант қызылшасы 21,0 мың га, картоп және бақша дақылдары тиісінше 184,2 және 196,5 мың га алқапқа егілді.

Дәнді дақылдардың алқабы 2010 жылмен салыстырғанда 427,3 мың га (2,6%) қысқарып, 16,2 млн. га құрады, бидайдың алқаптары 448,1 мың га қысқарып, 13,8 млн. га құрады.

Сонымен қатар, 2010 жылмен салыстырғанда дәндік жүгері алқабы – 2,2 мың га, дәнді бұршақ дақылдар – 19,9 мың га, күнбағыс – 85,8 мың га, соя – 8,9 мың га, зығыр – 95,8 мың га, мақта – 23,4 мың га, қант қызылшасы – 0,9 мың га, көкөніс-бақша дақылдары – 12,7 мың га, картоп – 4,4 мың га, жемшөптік дақылдар – 97,3 мың га ұлғайды.

Астық дақылдар өнімділігінің рекордтық көрсеткіш нәтижесінде (гектардан 17 центнер) 2011 жылы таза салмағында 27 млн.тонна жиналған болатын. Астықтың осы көлемі елдің ішкі қажеттілігін толығымен қамтамасыз етіп, 15 млн.тонна шамасында астықты экспортқа шығаруға мүмкіндік етті.

2011 жылы су ресурстарын сақтау технологияларын пайлануымен астық дақылдары 11,7 млн.га алқабында (астық алқабының 72%) өндірілген, ал астық дақылдарының егіс алқабтарының 47 %-да егу және жинау жұмыстары заманауи жоғары өнімді егіс кешендерімен және комбайндарымен жүргізілді, өткен жылмен салыстырғанда 2%-ға жоғары.

Құрылымдық және технологиялық диверсификация бағдарламасын сәтті жүзеге асыру нәтижесінде үш жылдың ішінде майлы дақылдарының алқабтарын екі есейтуге мүмкіндік болды (905 мың тоннадан 2011 жылы 1,8 млн.га-ға дейін). Өз кезегінде осы жағдай 1,1 млн.тонна майлы дақылдарды жинауға мүмкіндік беріп, өсімдік майдағы ішкі қажеттілікті қамтамасыз етті.

Жылыжайлар құрылысы белсенді дамыды. Жабық топырақтағы көкөніс дақылдарының жалпы жиналымы 28 мың тоннаны құрып, 2010 жылмен салыстырғанда 53 %-ға артты. Нәтижесінде, көкөніс дақылдардағы елдің ішкі қажеттілігі маусым аралық кезеңде 29 %-ға қамтылған болатын.


Негiзгi проблемаларды талдау
Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығында өзекті мәселелер де бар. Олардың ішінде негізгі дақылдар бойынша өнімділік әлемдік өнімділік көрсеткіштерімен салыстырғанда төмен деңгейде болуы, астық тасығыштар мен астық және майлы дақылдарын сақтау қуаттарының тапшылығы, ауыл шаруашылығы өндірушілері білімінің жетіспеушілігі және агротехнологияларды ендірудің төмен деңгейі, тұқымдық материалдың төмен сапасы. Жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру үшін негізгі тежеуші факторлар ұсақ тауарлы өндірушілер арасында бөлінген суарылатын жерлердің тапшылығы.
Негiзгi iшкi және сыртқы факторларды бағалау
Сондай-ақ, Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің жоғары тәуекелін есепке алғанда ауыл шаруашылығы өнім өндірісінің тұрақтылығын кепілдеу үшін өсімдік шаруашылығындағы сақтау жүйесін одан әрі дамыту қажеттілігі бар.

Осыған байланысты, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жөніндегі қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру мақсатында сақтандыру компаниялары төлеген сақтандыру төлемдерін субсидиялау нысанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, селекция, сортты сынаулар және тұқым шаруашылығы мәселесінің маңыздылығын есепке ала отырып, селекция жүйесінің дамуын, сорттар мен гибридтердің мемлекеттік және өндірістік сынауын, оригиналды және элиттік тұқымдардың өндірілуін, олардың бiрiншi - үшiншi репродукцияға дейiн тұқым шаруашылық желiсiнде көбеюiн, мемлекеттік сорттық және тұқымдық бақылау жетілдіретін болады.

Өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін ұлғайту және сапасын арттыру мақсатында тұқымдардың, оның ішінде, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егуіне арналған тұқымдардың сорттық және егістік сапасын мемлекеттік сараптауын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Астық өндірісінің инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылатын болады, өйткені дәнді дақылдар ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау құрылымында неғұрлым үлкен үлес алады. Элеваторлар мен астық тасығыштар жетіспеушілігі проблемасы астықты өңдеу мен сақтауға, сондай-ақ оны тасымалдауға арналған қуаттылықтарды құру және кеңейту есебінен шешілетін болады.

Мал шаруашылығы.

2011 жылы республиканың мал шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы малдың саны және мал шаруашылығы өнім өндірісінде оң динамика белгіленген, осында ірі қара малдың саны орта есеппен 12%-ға, қой - 5%-ға, жылқы - 17%-ға, түйе – 6,2%-ға, құс – 5,4%-ға өсті.

Асыл тұқым жүйесінің шаруашылығында асыл тұқымды ірі қара малдың саны 178,8 мың бастан 196,2 мың басқа (10%-ға) ұлғайды.

Еттің (сойылған түрінде) және жұмыртқаның өндірісі өткен жылдың деңгейінде сақталды. Сүттің өндірісі 3,0 %-ға төмендеді.

Соңғы 5 жылдың ішінде құс етінің өндірісі 2 есе өсті (2006 жылы құс фабрикалары 55 мың тонна құс етін өндірген болатын). Сонымен қатар, өндірістегі отандық фабрикалардың үлесі республикадағы құс етінің жалпы өндірісінде 90% құрайды. Олармен 2011 жылы барлық санаттағы шаруашылықтармен өндірілген құс етінің 111 мың тоннадан 103, мың тоннасы өндірілген. Импорттық құс етінің үлестік салмағы 2006 жылғы 70%-дан 2011 жылы 55%-ға дейін төмендеді.

Мал шаруашылығы өнімінің өнеркәсіптік өндіріс жүйесінің құрылуына Елбасының тапсырмасы бойынша 2011 жылдан бастап сәтті іске асырылып жатқан ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобасы әсерін тигізуде. Оның шеңберінде 2500 шаруа қожалықтарын құру жоспарланды.

2011 жылдың қорытындылары бойынша 17,7 мың бордақылау орынға арналған бордақылау алаңдарының құрылысы қаржыландырылған, етті ІҚМ-дың 13,5 мың басы әкелінген, шаруа және фермер қожалықтары сүтті ІҚМ-дың 55,6 мың басы сатып алынған.
Негiзгi проблемаларды талдау
Оң өзгерістермен қатар мал шаруашылығы саласында өзекті мәселелер де бар. Мал шаруашылығы өнімнің үлкен үлесі халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарда (2012 жылдың 1 қаңтары бойынша ЖҚШ-да 76,7 % ІҚМ, 67% қой мен ешкі, 72,5% шошқа, 62,7% жылқы және 40,9% құс) өндірілетініне байланысты мал шаруашылығы саласы келесі сипаттамаларға ие: жануарлардың төмен генетикалық потенциалы, күтіп-бағудың заманауи технологиялардың және басқа технологиялардың аз қолданылуы төмен өнімділіктің және өнімнің төмен сапасына әкеліп, соғады, ішкі нарықтағы өсіп тұрған сұранысты қамтымай, жоғары өзіндік құны және бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне, импорттқа тәуекелді болуын қалыптастыратынына әкеледі.
Негiзгi iшкi және сыртқы факторларды бағалау
Мал шаруашылығы саласын дамыту және тауар өндірушілерді өндірісін технологиялық қайта жаңғыртуға ынталандыру, сондай-ақ өндірілген мал шаруашылығы өнімдерінің көлемімен сапасын арттыру мақсатында мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мемлекеттік қолдауды жалғастыру ұсынылады. Мемлекеттік қолдау мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге жұмсалатын шығындарды өтеуге, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын азықтандыру үшін пайдаланылатын жемшөптің құнын арзандатуға бағытталатын болады, бұл олардың санын өсіруді ынталандыруға мүмкіндік береді және соның салдарынан алынатын төлдің саны ұлғаяды.

Асыл тұқымды малдардың үлес салмағын арттыру, етті малдың гендік қорын,сондай-ақ тауар өндірушілердегі ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділік сапасын қалпына келтіру және ұлғайту мақсатында отандық және шетелдік селекцияның асыл тұқымды өнімдерін сатып алу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдау жалғасатын болады.

Тауар өндірушілердің асыл тұқымды материал (малдар, тұқымдар және эмбриондар) сатып алу бойынша шығындарын өтеу мемлекеттік қолдаудың негізгі тәсілі болады.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жануарларының сапалық құрамы мен тұқымдық сапаларын жақсартумен айналысатын тауар өндірушілерге асыл тұқымды аналық басты және асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу бойынша, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу бойынша шығындарын субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін болады.

Мемлекеттік қолдау қой шаруашылығын, жылқы шаруашылығын, түйе шаруашылығын және құс шаруашылығын дамытуға да таралатын болады, бұл ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы табынындағы асыл тұқымды мал басының үлесін ұлғайту үшін жағдай жасайды және олардың өнімділігін арттырады.



Отандық құс фабрикаларына асыл тұқымдық материал (тәуліктік балапан және инкубациялық жұмыртқа) сатып алу бойынша қолдау көрсетілетін болады.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау 2011 жылы басталған ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін арттыру жөніндегі жобаны одан әрі іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



АӨК өнімнің өндірісі және қайта өңдеуі.

Азық-түліктер өндірісінің көлемі өткен жылдың деңгейінде сақталған (747,4 млрд. теңге).

Азық-түлік өнімі өндіріс құрылымдағы негізгі үлесті астық өндеу (31,1%), ет өңдеу (9,4%), сүт өңдеу (10,2%), балық өңдеу (3,2%), жеміс-көкөніс (2,2%), май өңдеу саласы (2,6%) және шырын өндірісі (9,5%) құрайды.

Көкөністер консевілердің, макаронның, күріштің, шырындардың, маргариннің, шоколадтың, кондитерлік тағамдардың, өсімдік майының және шұжық өнімдерінің, сондай-ақ сүт өнімінің барлық түрлер өндірісінің өсуі көзге түсер.

2011 жылы қайта өңдеу өнімінің экспорттық көлемі 1 001,8 млн. АҚШ долларын құрып, 2010 жылмен салыстырғанда 3,4 %-ға артық. Экспорттық жеткізулер негізінен қышқыл сүт өнімдер, етті және етті-өсімдік консервілер, өңделген сүт, кондитерлің тағамдар және жеміс-көкөністік консервілер бойынша жүргізілген.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша негізгі капиталға деген жеке инвестициялар 4,4%-ға (27,3-тен 28,5 млрд. теңгеге дейін), шетелдік инвестициялар 3,8 есе өсті (102-ден 384,9 млн. теңгеге дейін).


Негiзгi проблемаларды талдау
Қайта өңдеу секторын дамытуды артқа басатын негізгі факторлары ретінде шикізаттың төмен сапасы және тапшылығы, сауда-логистикалық инфрақұрылымның іс жүзінде болмауы, бұл азық-түлік нарығында көптеген ұсақ ойыншылардың жұмыс істеуіне және өнімнің негізсіз қымбаттауына әкеледі, салық салу проблемалары, өнімдерді сату қиындықтары саналады.
Негiзгi iшкi және сыртқы факторларды бағалау
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында отандық өнім сапасын арттыру, азық-түлік тауарларының түр-түрін кеңейту және сол арқылы Кеден одағы бойынша біздің негізгі сауда серіктестерімен бәсекелестікке тең жағдайлар жасау үшін өндірісті техникалық және технологиялық қайта жарақтау, халықаралық сапа стандарттарына көшу өзекті болып қалуда.

Осыған байланысты, негізгі және аналым құралдарын сатып алу үшін ЕДБ алынған кредиттердің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы ауыл шаруашылығы өніміні қайта өңдеу бойынша кәсіпорындарының мемлекеттік қолдауы жалғастырылатын болады.



АӨК техникалық қамтылуы.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер соңғы бес жылда озық шетелдік өндірушілердің барынша өнімділігі жоғары техникаларын сатып алуда. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өндірісін энергиямен қамтамасыз ету 2002 жылмен салыстырғанда 19,5 %-ға өсті және 165 жылқы күшін немесе 100 гектар жыртылған жерге 123 кВт құрайды. Салыстыру үшін, Ресейде ауыл шаруашылығы өндірісінің энергиямен қамтамасыз етілуі 259 кВт, Германия, Голландия, Италияда – 350 кВт, Францияда - 364 кВт, Ұлыбританияда - 404 кВт, АҚШ-та – 405 кВт құрайды. Бұл ретте, мәселен жалпы техника санының 4,9 %-ын құрайтын «Хорш», «Джон-Дир», «Кейс», «Морис» өнімділігі жоғары егу кешендері егіс алаңдарының 35,2 %-ын егеді.


Негiзгi проблемаларды талдау
Сонымен қатар, қазіргі таңда машиналар мен жабдықтардың абсолютті санының өсу серпініне қарамастан ҚР-дағы ауыл шаруашылығы техникалары паркінің 80%-ы тозған. Қазіргі таңда пайдаланудың нормативтік мерзімі 8-10 жыл кезінде 80%-дан астам астық жинау комбайндары мен тракторларының орташа пайдаланылған жылы 13-14 жыл, 71% астық жинау комбайндары, 93% тракторлар және 95% тұқым себетін машина есептен шығаруға жатады, ауыл шаруашылығы техникаларының қолда бар паркі жалпы 87% шегінде тозған. 2004-2009 жылдары техниканың қатардан шығып қалуының орташа коэффициенті оң болды (жылына 0,7%).
Негiзгi iшкi және сыртқы факторларды бағалау
Ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңарту және кеңейту мақсатында лизинг құралын және лизинг төлемдерін субсидиялау тетігін пайдалана отырып мемлекеттік қолдауды жалғастыру қажет.

Ғылыми қамтамасыз ету және АӨК кадрларын даярлау.

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі жылына 3,3 млрд.теңгеден астамды құрайды.

АӨК кадрларының даярлығы 18 мамандығы бойынша 10 жоғары білім беру мекемелерімен және 25 мамандығы бойынша 168 техникалық және кәсіптік білім берудің ауылдық білім беру мекемелерінде жүргізіледі.

Ең қажет етілетін агрономдар, зоотехниктер, ветеринарлық-санитарлық дәрігерлер мен фельдшерлер, фермер-менеджерлер, инженер-механиктер, ет және сүт өнімдерінің, астықты қайта өңдеу және нан пісіру өнеркәсібінің инженер-технологтары, иехник-технологтар, техник-электриктер, техник-жерге орналастырушылар, шебер-жөңдеушілер, электромонтерлер, тракторист-машинистер және тағы басқалар мамандықтар.


Негiзгi проблемаларды талдау
Қазақстанның салалық аграрлық ғылымының қазіргі жай-күйі жеткіліксіз қаржыландырумен, ғалымдар еңбегінің нәтижелілігін арттыруға қозғаудың жоқтығымен, ғылыми әзірлемелерді енгізудің қиындығымен, білім тарату жүйесінің жеткіліксіз дамуымен, алдыңғы қатарлы шетелдік технологиялар трансфертінің дамымаған деңгейімен, инновацияларды енгізудің бастапқы сатыларында қолжетімді қаржыландырудың жоқтығымен, инновациялық әзірлемелерге деген дамымаған сұраныспен және т.б. сипатталады

Аграрлық сала үнемі жоғары кәсіптік мамандардың жетіспеушілігін сезеді. Ол әсіресе саланың ерекшілігімен байланысты. Біріншіден, сала жалақысы ең төменгілердің қатарында (ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2011 жылдың 1 қаңтарының жағдайы бойынша ауыл шаруашылықтағы ортаайлық жалақысының мөлшері 36332 теңге, өнеркәсіпте 93043 теңге, республика бойынша 77482 теңге).

Екіншіден, ауылды жерлердің әлеуметтік инфрақұрылымы қалалықтан айтарлықтай артта қалуда.

Үшіншіден, ауыл шаруашылығы қызметкерлердің еңбек жағдайлары басқа салаларының қызметкерлер еңбегінен анақұрлым қиындау. Осы аталған себептер аграрлық мамандықтар түлектерінің жұмысқа орналасудың төмен деңгейін себепші болды.

Негiзгi iшкi және сыртқы факторларды бағалау
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін білім беру және консультациялық қызметтерге қол жеткізуді арттыру мақсатында аграрлық ғылымын реформалау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Аграрлық секторды кадрлармен қамтамасыз ету мониторингке сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысты Білім және ғылым министрлігіне жыл сайын жолдайды.

2010-2011 оқу жылда бакалавриатурада ауыл шаруашылығы– 1730 және ветеринарлық мамандықтары бойынша – 550, магистратурада - ауыл шаруашылығы– 110 және ветеринарлық мамандықтары бойынша – 50; 2011-2012 оқу жылда бакалавриатурада ауыл шаруашылығы – 1930 гранттық орындары және ветеринарлық мамандықтары бойынша – 630, магистратурада - ауыл шаруашылығы– 372 және ветеринарлық мамандықтары бойынша – 110.

Фитосанитариялық қауіпсіздік.

Қазақстан Республикасындағы фитосанитариялық қауіпсіздік деңгейі Қазақстаннан өсімдік шаруашылығы өнімдерін шығаруға тыйым салу жағдайларының төмен санымен қанағаттанарлық деңгейде.

Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында заманауи жабдықтарды қолдана отырып, карантиндік, ерекше қауіпті және зиянды организмдердің дамуы мен таратуының мониторингін уақытылы жүргізу, олардың таралу болжамын жасау, карантиндік зиянды организмдердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою жөніндегі және зиянды және ерекше қауіпті организмдерге қарсы күресу жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін олардың таралу координаталарын айқындау қажет.

Ветеринариялық және азық-түлік қауіпсіздігі.

Ветеринария саласында тұрақты негiзде республикадағы эпизоотиялық қолайлылықты және тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргiзiлуде.


Негiзгi проблемаларды талдау
Ветеринарлық және азық-түлік қауіпсіздік жүйесін дамытуын бір қатар факторлары артқа тартады. Мал басының басым бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарда, ветеринарлық бақылауын жүргізуді қиындатады. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер «фермадан үстелге дейінгі» өнімнің жолын анықтауды, эпизоотрикалық қадағалауды жүргізуге мүмкіндігін жасауды, ауру тарауының мониторингін жүргізуді және болжамдауды қамтамасыз етпейді. Ветеринариялық препараттардың, диагностикумдардың қатаң бақылауы жоқ. Қолданыстағы инфрақұрылым ветеринариялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етпейді, ветеринариялық ұйымдар (коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, облыстық және аудандық ветеринарлық лабораториялары) барлық қажетті жабдықпен тиісті түрде жабдықталмаған.

2011 жылы 227 аса инфекциялық аурулардың ошағы тіркелген еді. Осының нәтижесінде Қазақстанның бір қатар облыстарында мал шаруашылығы өнімнің экспорқа тыйым салынған болатын.

Ең таралған аурулардың қатары ірі қара және кіші малдың бруцелезі және лейкоз. 2011 жылы бруцелездің 75038 ІҚМ және 32705 КММ сынақ пробасы оң қорытындысын, сондай-ақ лейкоздың 58 046 сынақ пробасы оң көрсетті? Осы жағдай 2010 жылмен салыстырғанда аурулар санының 14%, 15% және 10% сәйкесінше төмендегенін көрсететді.
Негiзгi iшкi және сыртқы факторларды бағалау
Ветеринариялық лабораториялар қызметін халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіру мақсатында 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін лабораториялардың құрылысы мен материалдық-техникалық жағдайын жаңарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, 11 облыстық, 15 аудандық ветеринариялық лабораториялардың құрылысы аяқталды, олар жоғары сезгіш анализдарды жүргізуге арналған ең заманауи жабдықтармен қамтылған.

Азық-түліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық малды тиісті ветеринариялық-санитарлық жағдайларда сою жүйесін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Соңғы екі жылдың ішінде (2010-2011 жылдары) ауыл шаруашылық малды союдың 1553 нысаны (178 сою пункті, 1337 сою алаңдары, 38 ет өңдеуші кәсіпорны) құрылды, жалпы республикалық қажеттілікті 89%-ға қамтиды.

ДСҰ-ға жоспарланып отырған кіру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден халықаралық тамақ қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес келетін сапалы және қауіпсіз өнімді жеткізуді талап етеді. Осыған байланысты, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде заңнамалық база жетілдіріледі, Жауарлардың ауруларына қарсы күресу стратегиялары қайта қаралады, ауруларды бақылау, қадағалау және мониторингі үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бар зертханалардың таралған желісі құрылатын болады.

Сонымен қатар, алдын алу іс-шараларды жүргізу тиімділігінің негізінде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ветеринарлық диагностикалық және иммундық алдын ала препараттарын қолдану жүйесі енгізілетін болады, оның ішінде әлемнің жетекші өндірушілері қатысатын отандық биоөнеркәсібінің кезең-кезеңмен дамытумен GMP/GLP.


3-бөлiм. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелердiң көрсеткiштерi
1-стратегиялық бағыт. Агроөнеркәсiп кешен салаларын тұрақты дамыту.
1 – мақсат. Қазақстан Республикасы АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау
Осы мақсаттарға қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалардың кодтары 001, 009, 048, 074, 082, 090, 212, 214, 215, 216, 217, 220, 222.


Нысаналы индикаторлар (қол жеткiзудiң соңғы мерзiмiн (кезеңiн) көрсете отырып)

Ақпарат көзi

Өлшем бiрлiгi

Есептi

Ағымдағы 2012 жылдың жоспары

Жоспарлы кезең

2009

жыл


2010

жыл


2011

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы қосылған құны

статдеректер

өткен жылғы %

113,2

88,4

120,1

87,8

103

103,5

103

2. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі

статдеректер

мың.теңге

415,2

372,3

492,3

500

515

530

546

3. АӨК экспорттың жалпы көлеміндегі экспорттық әлеуеті

есептiк деректер

%

3,9

3,4

2,1

3,4

2

2,1

2,2

4. Азық-түлік тауарлары ресурстарының жалпы көлеміндегі отандық өндірістің үлесі

статдеректер

%

67,8

73,6

73

73

73

73

73

5. Кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредиттік қаражат көлемі

есептiк деректер

млрд.теңге













82,8

28,5

26,8

6. Карантиндік және ерекше қауіпті зиянды организмдердің таралу қауіпінің коэффициенті

есептiк деректер

коэффициент













1,02

1

0,98

7. Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк рейтингтегi «Аграрлық саясаттың ауыртпалығы» көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасының позициясы

Дүниежүзілік экономикалық форумның есебі

рейтингтегі орын

78

49

49

49

49

48

47

Нысаналы индикаторларға қол жеткiзудің жолдары, құралдары және әдiстерi

1.1 - міндет. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық тұқымдары мен екпелерінің экономикалық қолжетімділігін арттыру

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзi

Өлшем бiрлiгi

Есептi

Ағымдағы 2012 жылдың жоспары

Жоспарлы кезең

2009

жыл


2010

жыл


2011

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Субсидиялаумен қамтылған сатып алынған таңдаулы тұқымдар көлемі

есептiк деректер

мың. тонна













73,5

73,5

73,5

2. Субсидиялаумен шаралармен қамтылған сатып алынған таңдаулы көшеттер көлемі

есептiк деректер

мың дана













2433

2433

2433

3. Субсидиялаумен қамтылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылғы көшеттерін отырғызудың алаңы

есептiк деректер

га













12,86

12,86

12,86

4. Субсидиялаумен қамтылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерінің аналықтарына қызмет көрсету алаңы

есептiк деректер

га













29,3

29,3

29,3

Тiкелей нәтижелердiң көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

жоспарлы кезеңде iске асырудың мерзiмi

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Біртұма және элиталық тұқымдардың субсидиялауын жүргізу







X

X

X

1.2 – міндет. Тұқымның сорттық және егістік сапасын сараптаудың экономикалық қолжетімділігін арттыру

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзi

Өлшем бiрлiгi

Есептi

Ағымдағы 2012 жылдың жоспары

Жоспарлы кезең

2009

жыл


2010

жыл


2011

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Тұқымдардың сапасын анықтауға арналған зерттеулер саны

есептiк деректер

мың дана













330,4

330,4

330,4

Тiкелей нәтижелердiң көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

жоспарлы кезеңде iске асырудың мерзiмi

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Тұқымдық және отырғызу материалдардың сорттық және егістік сапасының сараптауын жүргізу







X

X

X

1.3 – міндет. Өсімдік шаруашылығындағы сақтандырудың экономикалық қолжетімділігін арттыру

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзi

Өлшем бiрлiгi

Есептi

Ағымдағы 2012 жылдың жоспары

Жоспарлы кезең

2009

жыл


2010

жыл


2011

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Сақтаумен қамтылған егістік алқабтарының үлесі

есептiк деректер

%













73

74

74

Тiкелей нәтижелердiң көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

жоспарлы кезеңде iске асырудың мерзiмi

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру кезінде сақтандыру төлемдерінің субсидиялауын жүргізу







X

X

X

1.4 – міндет. Малды күтіп-бағудың және мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің экономикалық қолжетімділігін арттыру

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзi

Өлшем бiрлiгi

Есептi

Ағымдағы 2012 жылдың жоспары

Жоспарлы кезең

2009

жыл


2010

жыл


2011

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Субсидиямен қамтылған аграрлық құрылымдардағы ІҚМ аналық малдың саны

есептiк деректер

мың бас













360,4

360,4

360,4


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет