Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Дата08.07.2016
өлшемі123 Kb.
#185365
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 20.09.2012 10:46:38
Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 87 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк Төрағасы

Г. Марченко

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 ақпандағы

87 қаулысымен бекітілді

Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау Алматы қаласының

өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу

қағидалары

Осы Қағидалар «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, сондай-ақ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу шарттары мен тәртібін айқындайды.

Осы Қағидалардың қолданылуы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиялау бөлігінде екінші деңгейдегі банктерге және жинақтаушы зейнетақы қорларына қолданылмайды.

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы (бұдан әрі - қаржы орталығының қатысушысы) ретінде аккредиттеуге екінші деңгейдегі банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлар және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымы жатпайды.

1. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі

1. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер заңды тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтінішті;

2) лицензиялау алымының бюджетке төленгендігін растайтын құжатты;

3) заңды тұлға ретінде (салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған) өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу туралы жарғының және куәліктің көшірмелерін;

4) салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;

5) өтініш берушінің жарғылық капиталының ең аз мөлшерінің ақы төлеуді растайтын құжаттарын;

6) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың (олар болған жағдайда) тізімін және сондай филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелерін;

7) құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша осы Қағидалардың 2, 3-қосымшаларына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтерді;

8) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының резиденті емес қатысушысы шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын және резидент емес заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, күні және тіркелу орны туралы ақпараты бар, нотариатта куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасы бар сауда тізілімінен заңдастырылған көшірме немесе басқа заңдастырылған құжат;

9) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес басшы қызметкерлерді келісу үшін ұсынылатын құжаттарды;

10) қызметкерлердің фамилиясы, аты және болған жағдайда әкесінің аты, олардың атқаратын лауазымы көрсетіле отырып, штаттық кестенің көшірмесін;

11) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру бойынша міндет жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережені;

12) ішкі аудит қызметін тексеруді жүргізу және есепті жасау тәртібін, кезеңділігін айқындайтын өтініш берушінің (бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті, трансфер-агенттік қызметін жүзеге асыруға лицензияны алуға құжаттарды ұсынған өтініш берушілерді қоспағанда) ішкі аудит қызметі туралы ереже;

13) құрамы туралы мәліметтерді қоса отырып, инвестициялық комитет туралы ережені.

Осы талап трансфер-агенттік қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін құжаттарды ұсынған өтініш берушілерге, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін құжаттарды ұсынған екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды;

14) өтініш берушіде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарының және өзге де жабдықтарының болуын растайтын мынадай құжаттардың көшірмелері:

жабдықты жеткізуге шарты;

жабдықты қабылдау-өткізу актісі;

лицензиялардың санын көрсете отырып бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және (немесе) жеткізу шарты;

бағдарламалық қамтамасыз етудің қабылдау-өткізу актісі;

қорғауды және қауіпсіздікті ұйымдастыру құжаттары (ақпаратты резервтеу тәртібінің сипаттамасы, деректерге қол жетімділігін бөлу механизмінің сипаттамасы, қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау механизмдері).

Өтініш беруші бағдарламалық өнімді дербес әзірлеген не басқа тұлға бағдарламалық өнімнің өтініш берушіге ақысыз тапсырған жағдайда осы тармақшаның екінші, үшінші, бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.

Сондай-ақ, ұсынылған құжаттарда мынадай ақпарат көрсетіледі: пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы (серверлік операциялық жүйелері, деректер базасын басқару жүйелері) версиялар, лицензияның болуы туралы мәліметтер.

Құжаттардың көшірмелері бірінші басшысының қолымен, және өтініш берушінің мөр бедерімен расталады;

15) өтініш беретін тоқсанның алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы бухгалтерлік балансты;

16) өтініш беруші атқарушы органының бірінші басшысы және оның бас бухгалтері қол қойған, ағымдағы жылы құрылған акционерлік қоғамдарды қоспағанда, аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған жылға өтініш берушінің қаржылық есебін;

17) директорлар кеңесімен бекітілген жақын арадағы үш жылға арналған және Заңның 48-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерін қамтыған бизнес-жоспар (клиенттердің, трансфер-агенттің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокердің және (немесе) дилердің акционерлік қоғамынан басқа өзге ұйымдастыру-құқықтық нысанда құрылған бизнес-жоспарлары);

18) клиринг ұйымдарының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымдарының өзара қарым-қатынасын айқындайтын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру ішкі қағидалары (қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер өтініш берушілер үшін);

19) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуін айқындайтын ішкі қағидалар.

2. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензияны алу үшін осы Қағидалардың 1-тармағының 1), 2), 11), 13), 17) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

3. Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген сауда-саттықты ұйымдастырушы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыруға лицензияны алу үшін осы Қағидалардың 1-тармағының 1), 2), 18), 19) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

4. Осы Қағидалардың 1-3-тармақтарында санамаланған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, тігістің түйіншегіне жапсырылған жапсырманың үстіне өтініш берушінің мөрімен куәландырылып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері мұндай құжаттарға қол қою құқығына ие өтініш берушінің лауазымды тұлғаларының қолдарымен және өтініш беруші мөрінің таңбасымен куәландырылады.

5. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаларға бағалы қағаздар нарығында қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензия мына жағдайларда беріледі:

1) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді лицензия беру туралы өтініш берген күн алдындағы қатарынан үш ай ішінде орындаған;

2) лицензия беруге өтініш берген күн алдындағы қатарынан үш ай ішінде санкциялар болмаған.

6. Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттар уәкілетті органмен құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қаралады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін дамыту комитетінде тіркелген (оның ішінде осының алдында Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органмен тіркелген) заңды тұлғалардың лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

7. Лицензия алуға ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда өтініш берушіге осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес лицензия беріледі.

8. Лицензия өтініш берушінің атқарушы органының бірінші басшысына не тиісінше ресімделген сенімхат негізінде оның өкіліне беріледі.

9. Лицензия беруден бас тартуды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздемелер бойынша жүргізеді. Өтініш берушіге лицензия беруден бас тарту туралы лицензия беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

10. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға лицензия алуға өтініште көрсетілген мекенжайы өзгертілген, сондай-ақ осы Қағидалардың 1-тармағының 3), 4), 6), 7), 10), 11), 12), 13), 14) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, уәкілетті органға оларды енгізген күннен бастап он күн ішінде өзгерістер мен толықтыруларды ұсынады.

11. Заңды тұлғаның өтініші негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияны заңды тұлғамен ерікті қайтару (оның ішінде лицензиядан қызметтің жекелеген түрлерін алып тастау) заңды тұлғаның қызметтің тиісті түрлері бойынша міндеттемелерінің жоқ екені туралы кепілдеме хат бергеннен кейін, сондай-ақ аталған қызмет түрлері бойынша қолданыстағы шарттар болмаған жағдайда ғана жүргізіледі.

Лицензияны ерікті түрде қайтару туралы ақпаратты заңды тұлға оны уәкілетті органға қайтарған күнге дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Заңды тұлға уәкілетті органға лицензияны ерікті қайтарған кезде бір уақытта өтінішпен бірге осы тармақта көрсетілген іс-шаралардың орындалуын растау туралы хат ұсынады.

2. Қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу, қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату, тоқтата тұру, жаңарту тәртібі

12. Қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу үшін брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) атқарушы органның бірінші басшысымен не оның орнындағы адаммен қол қойылған және брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның мөрімен бекітілген еркін нысанда жазылған өтініш;

2) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шетел жұмыс күшінің бар екендігі туралы мәлімет.

13. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға және қаржы орталығының қатысушы ретінде аккредиттеуге лицензия алу үшін өтінішті бір уақытта берген жағдайда өтініш беруші уәкілетті органға осы Қағидалардың 1-тармағында және 12-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынады.

14. Уәкілетті орган қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеуге ұсынылған құжаттарды олар уәкілетті органға ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарастырады.

Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш және қаржы орталығының қатысушы ретінде аккредиттеу туралы лицензия алуға өтініш бір уақытта берілген жағдайда, уәкілетті орган құжаттардың толық пакеті ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды.

15. Қаржы орталығының қатысушы ретінде аккредиттеу үшін ұсынылған құжаттар сәйкес болған жағдайда брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымына осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлік беріледі.

Аккредиттеу туралы куәлігі ресми құжат болып табылады, уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары қол қояды және брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымының атқарушы органының бірінші басшысына немесе сенімхат бойынша оның өкіліне беріледі.

16. Уәкілетті орган мына жағдайларда брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымын қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеуден жазбаша түрде дәлелді бас тартады:

1) Осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаған;

2) Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген;

3) өтініш берушінің брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органы лицензиясының қолданылуы тоқтата тұрған не тоқтатылған;

4) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға (бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін өтінішті және қаржы орталығының қатысушы ретінде аккредиттеу туралы өтінішті бір уақытта берген жағдайда) лицензия беруден бас тартылған.

Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымының аталған бұзушылықтарды жойған жағдайда, аккредиттеу туралы өтініш құжаттарды қайта тапсырған күннен бастап қарастырылады.

17. Атауы өзгертілген жағдайда брокерлік және (немесе) дилерлік ұйым әділет органдарында қайта тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны және (немесе) қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу жөнінде өтініш береді. Уәкілетті орган өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдейді.

18. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия қолданылуын тоқтата тұру туралы, лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір уақытта қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұрады, тоқтатады.

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия қолданылуы жаңартылған күннен бастап бір уақытта қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын жаңартады.

Қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы уәкілетті орган берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия қолданылуы тоқтатылған жағдайда, сондай-ақ қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлікті ерікті қайтару туралы өтініш негізінде тоқтатылады.

19. Қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы бұйрыққа (брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру негізінде куәліктің қолданылуын тоқтатуды қоспағанда) уәкілетті органның бірінші басшысы не оның орнындағы адам қол қояды.

Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйым уәкілетті органның аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы шешімін алған күннен бастап, брокерлік және (немесе) дилерлік ұйым қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлікті онкүндік мерзімде уәкілетті органға қайтарады.

20. Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйым қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда:

1) нөмірі мен берілген уақыты көрсетілген, қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің жоғалтуы туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімдік баспа басылымдарында жариялауы;

2) атқарушы органның бірінші басшысымен не оның орнындағы адаммен қол қойылған және брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның мөрімен бекітілген еркін нысанда жазылған қаржы орталығы қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлік көшірмесін беру туралы өтініш беруі қажет. Өтінішпен қоса осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген хабарландыру жарияланған мерзімдік баспа басылымы данасының түпнұсқасы беріледі.

21. Қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі уәкілетті орган өтінішті қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде беріледі және уәкілетті орган басшысы орынбасарының тиісті бұйрығымен ресімделеді.

Қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесінде оң жақ жоғарғы бұрышында «Дубликат» деген жазба қойылады.

3. Қорытынды ережелер

22. Уәкілетті орган лицензиялар беру, одан айыру, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату және жаңарту, сондай-ақ қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлік беру, оның қолданылуын тоқтату, тоқтата тұру, жаңарту туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялау не мүдделі тұлғалар сұрау салулары арқылы жариялайды.

Қазақстан Республикасы бағалы

қағаздар нарығындағы қызметті

лицензиялау Алматы қаласының

өңірлік қаржы орталығының

қатысушысы ретінде аккредиттеу

қағидаларына 1-қосымша

____________________________________________________________________

(уәкілетті органның толық атауы)

____________________________________________________________________

(өтініш берушінің толық атауы)

Өтініш

__________________________________________________________________________________________________________________

(бағалы қағаздар нарығындағы қызмет түрлерін көрсету)

жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұраймын.

Өтініш беруші туралы мәлімет:

1. Атауы, орналасқан жері

_________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)

_________________________________________________________________________________________________________________

(телефон, факс).

2. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні

_________________________________________________________________________________________________________________

заңды тұлғаның (қайта тіркеу):

3. Салық төлеуші куәлігінің нөмірі мен күні:

_________________________________________________________________________________________________________________

4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні (акционерлік қоғамның ұйымдастыру құқықтық түріндегі заңды тұлғалары үшін):

_________________________________________________________________________________________________________________

5. Өтініш берушінің банк шоты ашылған банктің атауы және орналасқан жері, банктің сәйкестендіру коды

_________________________________________________________________________________________________________________

6. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысына, даналар мен парақтарының саны:

_________________________________________________________________________________________________________________

Өтініш беруші және олардың құрылтайшылары (акционерлер) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттардың) дәйектілігіне толық жауапты болады.

_________________________________________________________________________________________________________________

(өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

_________________________________________________________________________________________________________________

(күні және қолы)

Мөр орны

Қазақстан Республикасы бағалы

қағаздар нарығындағы қызметті

лицензиялау Алматы қаласының

өңірлік қаржы орталығының

қатысушысы ретінде аккредиттеу

қағидаларына 2-қосымша

Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер (заңды тұлға үшін)

________________________________________

(өтініш берушінің толық атауы)

1. Өтініш берушінің акционері (қатысушы):

___________________________________________________________________________________________________________________

(толық атауы)

___________________________________________________________________________________________________________________

Орналасқан жері:

___________________________________________________________________________________________________________________

(почталық индексі, мекенжайы)

Байланыс деректемелері:

(телефон және факс нөмірі, бар болса электронды почтаның адресі)

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:

___________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________

(құжаттың атауы, нөмірі мен берілген күні, кім берген)

Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емесі:

___________________________________________________________________________________________________________________

Қызметтің негізгі түрі:

2. Акционерге тиесілі дауыс беруші акциялар санының өтініш берушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына пайыздық арақатысы немесе өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі:

___________________________________________________________________________________________________________________

3. Өтініш берушілердің акцияларына ақы төлеуге ақша енгізу алдында өтініш берушінің акционері (қатысушы) меншікті капитал мөлшері (өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі) және өтініш берушінің акциялары үшін ақы төлеу сомасы (өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі).

4. Акционердің (қатысушының) жарғылық капиталына ақы төлеуді растайтын құжаттардың деректемелері (төлем тапсырмаларының, кассалық кіріс ордерлерінің нөмірі мен күні):

___________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________

5. Акционердің қатысушысы ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне акционердің (қатысушының) қатысуы жөніндегі мәліметтер (акционер тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4139 болып тіркелген) белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі ВВ+ төмен емес шетел валютасы түрінде ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар, резидент емес заңды тұлға ретінде болғанда аталған мәліметтер берілмейді):

Толық атауы/ тегі, аты (бар болғанда әкесінің аты)

Орналасқан жері/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емес)

Дауыс беруші акцияларының пайызы жарғылық капиталындағы үлесі

Негізгі қызмет түрі

6. Қатысушылар, өтініш беруші акционерінің дауыс беруші акцияларының он және одан асатын пайыздарына ие не өтініш берушінің (қатысушы) акционерінің жарғылық капиталына қатысу үлесі оның жарғылық капиталының он және одан асатын пайызын құрайтын өтініш беруші акционері (қатысушылары) акционерлер туралы мәліметтер:

Толық атауы/тегі, аты (бар болғанда әкесінің аты)

Орналасқан жері/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емес)

Дауыс беруші акцияларының пайызы жарғылық капиталындағы үлесі

Негізгі қызмет түрі

7. Ұйымдардың толық атауы, орналасқан жері көрсетілген өтініш берушінің акционері (қатысушы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер:

_________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________

8. Осы сауалнаманың 3-5-тармақтарына сәйкес көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сондай болып табылатын акционер (қатысушы), өтініш берушінің басқа үлестес тұлғалары туралы мәліметтер

_________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________

9. Өтініш беруші акционерінің (қатысушының) басшысы туралы мәліметтер:

_________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда))

20 __ жылғы «___» ________________

Өтініш беруші акционерінің

 (қатысушының) басшысының қолы ________________________________________

Мөрге арналған орын

Қазақстан Республикасы бағалы

қағаздар нарығындағы қызметті

лицензиялау Алматы қаласының

өңірлік қаржы орталығының

қатысушысы ретінде аккредиттеу

қағидаларына 3-қосымша

Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін)

________________________________________

(өтініш берушінің толық атауы)

1. Өтініш берушінің акционері (қатысушы):

____________________________________________________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда))

____________________________________________________________________________________________________________________

Туылған күні мен жылы

____________________________________________________________________________________________________________________

Азаматтығы

____________________________________________________________________________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

____________________________________________________________________________________________________________________

(құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берген)

Тұрғылықты жері:

____________________________________________________________________________________________________________________

(почталық индексі, мекенжайы)

Байланыс деректемелері:

____________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________

(телефон нөмірі, электронды почтаның адресі)

Жұмыс орны (мекенжайын, лауазымын көрсетумен)

____________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________

2. Акционерге тиесілі дауыс беруші акциялар санының өтініш берушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына пайыздық арақатысы немесе өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі:

____________________________________________________________________________________________________________________

3. Өтініш берушілердің акцияларына ақы төлеуге ақша енгізу алдында өтініш берушінің акционері (қатысушы) меншікті капитал мөлшері (өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі) және өтініш берушінің акциялары үшін ақы төлеу сомасы (өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі).

____________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________

4. Жарғылық капиталға ақы төлеуді растайтын құжаттардың деректемелері (төлем тапсырмаларының, кассалық кіріс ордерлерінің нөмірі мен күні):

____________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________

5. Акционердің қатысушысы ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне акционердің (қатысушының) қатысуы жөніндегі мәліметтер (акционер тізбесі № 55 қаулысымен белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі ВВ+ төмен емес шетел валютасы түрінде ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар, резидент емес заңды тұлға ретінде болғанда аталған мәліметтер берілмейді):

Толық атауы/тегі, аты (бар болғанда әкесінің аты)

Орналасқан жері/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емес)

Дауыс беруші акцияларының пайызы жарғылық капиталындағы үлесі

Негізгі қызмет түрі

Осы сауалнаманың 3-тармағында көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сондай болып табылатын өтініш берушінің акционері (қатысушысы) басқа үлестес тұлғалары туралы мәліметтер

___________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________

20 __ жылғы «___» ________________

Өтініш беруші акционерінің

 (қатысушының) қолы _____________________________________

Қазақстан Республикасы бағалы

қағаздар нарығындағы қызметті

лицензиялау Алматы қаласының

өңірлік қаржы орталығының

қатысушысы ретінде аккредиттеу

қағидаларына 4-қосымша

(Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтабасының суреті бар бланкте

басып шығарылады)

Уәкілетті органның толық атауы

Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия

Лицензияның нөмірі _________________ Берілген күні _____жылғы «____»__________________

___________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________берілген

(лицензиаттың толық атауы)

Осы лицензия бағалы қағаздар нарығында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығын береді:

___________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________

Алғаш алынған бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялар туралы деректер:

___________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________

(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы).

Уәкілетті органның төрағасы

 (Төрағаның орынбасары)____________________________________

Мөр орны

Алматы қаласы

Қазақстан Республикасы бағалы

қағаздар нарығындағы қызметті

лицензиялау Алматы қаласының

өңірлік қаржы орталығының

қатысушысы ретінде аккредиттеу

қағидаларына 5-қосымша

________________________________________________________

(брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның атауы)

Шетел жұмыс күшінің бар болуы туралы мәліметтер

р/р

Тегі, аты, әкесінің аты - бар болса туған күні

Азаматтығы

Тұрақты тұрғылықты жері

Мамандығы мен білімі

Біліктілік анықтамалығына немесе Кәсіптер сыныптауыштарына сәйкес ұйымдағы лауазымы

Еңбек қызметінің жүзеге асыра бастауы (еңбек шарты жасалған күн)

Қазақстан Республикасы бағалы

қағаздар нарығындағы қызметті

лицензиялау Алматы қаласының

өңірлік қаржы орталығының

қатысушысы ретінде аккредиттеу

қағидаларына 6-қосымша

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы ретінде аккредиттеу жөніндегі

куәлік

____________________________нөмірі

Алматы қаласы

20__ жылғы «___» ________________

Заңды тұлғаның атауы (БИН):

Куәлік Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретіндегі қызметті Қазақстан Республикасы заңнамасы шеңберінде жүзеге асыру құқығын береді.

Басшы                     қолы                     тегі, аты, әкесінің аты

Мөр орны

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 ақпандағы

87 қаулысына қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің

 тізбесі

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 117 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4696 болып тіркелген).

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 117 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 212 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4890 болып тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау және басшы қызметкерлерді келісу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 232 қаулысының(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5523 болып тіркелген, 2009 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 5, 2009 жылғы 17 ақпанда «Заң газеті» газетінде, № 24 (1447) жариаланған) 2-тармағы.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Төрағасының «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 20 наурыздағы № 04.2-44/78 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5633 болып тіркелген, 2009 жылғы 8 мамырда «Заң газеті» газетінде № 69 (1492) жарияланған).

5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 болып тіркелген, 2010 жылғы 3 қарашадағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 456 (26299) жарияланған) 8-тармағы.

6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 болып тіркелген, 2010 жылғы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 14 жарияланған) 18-тармағы.

7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Төрағасының «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 наурыздағы № 04.2-44/78 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы № 04.2-40/88 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6279 болып тіркелген, 2010 жылғы 8 қыркүйекте «Казахстанская правда» газетінде № 235 (26296) жарияланған).

Достарыңызбен бөлісу:

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет