Өсімдіктер әлемі. Өсімдіктер адам өмірінде маңызды рөл атқарады, орлар оттегін шығарып, көмірқышқыл газын жұтады, адам мен жануарларға азық болады, дәрілік және өндірістік шикізат болып табылады. Адам үшін ерекше маңызы бар: олар топырақты эрозиядан сақтайды, өзендерді құрғап кетуден сақтап, ауаны жақсартып, тазартады, құстар мен жануарларға үй, адамдар үшін демалатын орын, денсаулық және эстетикалық рахат көзі болып табылады. Орман қорларының шаруашылықтың мәні өте зор. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы ағашты ысырып тастаған жоқ, керісінше оның қолданылу аймағын кеңейтті: құрылым материалы мен отынның кең тараған түрі бола тұра, ағаш мақсаттарда қолданылады. Қазіргі уақытта орман құрлықтың 28−30%-н алады, және осы қорлардың ¼ бөлігі ТМД-ға тиеді. Бірақ рақымсыз қатынас салдарынан –кесу, темптен асқан қалпына келтіру, өрт, өышкыл жаңбыр, ауаның ластануы, грант суы деңгейінің өзгеруінен жыл сайын планета орманының 1%−ы өлімге ұшырайды. Ормандарға, ісіресе қылқан жапырақты ормандарға қауіп төніп тұр. Жоюдың қазіргі қадамдарына 50 жылдан кейін олардан ештеңе де қалмайды.
Жануарлар әлемі. Барлық биогеоценоздардың, әсіресе ормандардың қажетті мүшелері жабайы жануарлар болып табылады. Олар атмосфераны өсімдіктер фотосинтезі үшін пайдаланатын көмірқышқыл газымен байытады, топырақты тезекпен құнарландырады., өсімдіктерді тозаңдандырып (жәндіктер), қоныстандырады (тұқымды тарату), өте қалың шөптермен көшеттерді сиретеді және т.б. Адамдар оларды азық түлік, дәрілік шикізаттар алу үшін қолданады. Бірақ тікелей (аң аулау, балық аулау кәсібі) және жанама жою немесе қоршаған ортаның экологиялық факторларының өзгеруінен көптеген түрлер азайып, тіпті жойылып та кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |