Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы № 119 бұйрығы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 13 мамырда № 6952
болып тіркелген
«Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы
22 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 233-бабына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 18 ақпанда № 6061 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 маусымдағы № 158 (26219) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесінде (бұдан әрі – Ереже):
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ерікті біліктілік тестілеу (бұдан әрі – еркі бойынша тестілеу) – мерзімінен бұрын біліктілік санатты жоғарылату және растау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін өткізілетін педагог қызметкерлерді аттестаттауды өткізу рәсімінің бір түрі;»;
9-тармақ алынып тасталсын;
10-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы, қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан өтінішінің негізінде;»;
2) тармақшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«екінші білікті санаты бар және кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын дайындаған тұлғалар;»;
3) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бірінші білікті санаты бар, облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын дайындаған тұлғалар;»;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4) екінші біліктілік санатына:»;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жоғары оқу орнын «үздікке» бітірген, кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;»;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«кәсіптік орта оқу орнын (техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі) «үздікке» бітірген және кемінде бір жыл педагогикалық қызметінің өтілі бар тұлғалар;»;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«өндірістен педагогикалық қызметке ауысқан және кемінде екі жыл бейіні бойынша өндірістік өтілі бар тұлғалар;»;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бірінші біліктілік санатына:
екінші біліктілік санаты және педагогикалық қызметте кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
екінші біліктілік санаты және педагогикалық қызметте кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі пән олимпиадаларының, конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын дайындаған тұлғалар;
өндірістен педагогикалық жұмысқа ауысқан және бейіні бойынша кемінде үш жыл өндірістік өтілі бар тұлғалар;
6) жоғары біліктілік санатына:
бірінші біліктілік санаты бар облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі пән олимпиадаларының, конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
бірінші біліктілік санаты бар облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
бірінші біліктілік санаты бар аралық аттестаттау кезеңінде ғылым кандидаты (докторы) ғылыми дәрежесін, магистр академиялық дәрежесін, философия докторын (PhD) немесе сабақ беретін мамандығының бейіні бойынша докторлық алған тұлғалар;
өндірістен педагогикалық жұмысқа ауысқан және бейіні бойынша кемінде бес жыл өндірістік өтілі бар тұлғалар жедел аттестаттаудан өткен тұлғалар жедел аттестаттаудан өтеді.»;
14-тармақтың:
бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын;
«Педагог қызметкерлерді аттестаттау педагог қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес педагог қызметкерлер қызметінің қорытындыларын талдамалық жалпылау арқылы жүргізіледі.»;
екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнайы, қосымша білім педагог қызметкерлері осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім педагог қызметкерлері осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім педагог қызметкерлері осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылдың 25 мамырына дейін алдағы оқу жылында аттестаттаудан өту үшін білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына өтініш береді.»;
үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«аттестатталатын педагог қызметкерлердің тізімдік құрамы білім беру ұйымдарының алқалық шешімімен ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін бекітіледі және аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына, білім беру саласындағы уәкілетті органға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін ұсынылады.»;
оныншы бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызмет нәтижелерін талдамалық қорытындылау, білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиялары келесі жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында, білім басқармаларының аттестаттау комиссиялары келесі жылғы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында өткізеді.»;
он үшінші бөлімінде:
«,техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арнаулы пәндерінің педагог қызметкерлеріне осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша.» деген сөздер алынып тасталсын;
он бесінші бөлім мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
«Мерзімінен бұрын біліктілік санаттарын жоғарылататын немесе растайтын тұлғалар ерікті біліктілік тестілеуден өтеді.»;
15-тармақта:
екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Біліктілік тестілеуді ұйымдастыруға және өткізуге жауапкершілік облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына, аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне және Ұлттық тестілеу орталығына жүктеледі.»;
16-тармақта:
үшінші бөлім алынып тасталсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. «Ерікті біліктілік тестілеу Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша өткізілетін компьютерлік тестілеу әдісімен жүргізіледі.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Тест сұрақтарының саны 60-ты құрайды:
1) Қазақстан Республикасы заңнамаларын білу - 20 сұрақ;
2) педагогика және психология негіздері - 20 сұрақ;
3) пәндік білім негіздері - 20 сұрақ;
Тестілеу уақыты жалпы 120 минутты құрайды, математика, физика, химия бойынша пәндік білім негіздері бойынша тестіленетін педагог қызметкерлерін тестілеудің жалпы уақыты 135 минутты құрайды.»;
26, 27-тармақтар алынып тасталсын;
34-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиясы өтініштерді қарайды, аттестатталатын педагог қызметкерлер тізімінің құрамын жасайды және олардың қызметінің қорытындыларын талдамалық жалпылуды жүргізеді. Педагог қызметкерлерге біліктілік талаптарын беру немесе растау туралы шешімді шығарады».;
37-тармақта:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлердің әрқайсысына аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің біреуі шығарылады:»;
екінші бөлімі алынып тасталсын.
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне аттестаттау нәтижелері бойынша берілген біліктілік санатына сәйкес жалақы төлеу деңгейін оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап белгілейді.»;
Ережеге 5-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесіне 6-қосымша алынып тасталсын;
Ережеге 7-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Ережеге 8-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Ережеге 9-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Б.С. Кәрімжанов) белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемісов) педагог қызметкерлердің ерікті біліктілік тестілеуге уақытылы дайындалуы үшін пайдаланылған әдебиеттерді көрсете отырып тест тапсырмаларының және сұрақ-тапсырмалардың дайындығын қамтамасыз етсін.
4. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Б.С. Кәрімжанов), Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) аталған бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов
Білім және ғылым министрінің
2010 жылғы «22» қаңтардағы
№ 16 бұйрығымен бекітілген
Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233 - бабына және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 - бабының 37) тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың негізгі мақсаттары:
1) тиісті санатты белгілеу және растау үшін педагог қызметкер құзыреттілігінің біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейін анықтау;
2) тұлғалық жетістіктерді жобалау үшін педагог қызметкер қызметінің уәждемелік саласын кеңейту.
3. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) педагог қызметкерлерді аттестаттау - педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
2) біліктілік санаты – жұмысты орындаудың күрделілігін көрсететін қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптардың деңгейі;
3) біліктілік тестілеу – біліктілік санатты арттыру және растау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін өткізілетін педагог қызметкерді аттестаттау кезеңдерінің бірі;
4) қызмет қорытындыларын талдамалық жалпылау – педагог қызметкердің кәсіби қызметін жүйелі, бірізді және оң зерделеу негізінде кәсіби құзыреттілігін бағалауды қамтитын аттестаттау кезеңдерінің бірі.
4. Аттестаттаудың негізгі қағидаттары аттестатталатын педагог қызметкерге, объективті, ашықтық және алқалық қатынасты қамтамасыз ететін; ішкі және сыртқы бағалаудың жүйелілігі мен тұтастығы болып табылады.
5. Аттестаттау 5 жылда кемінде бір рет өткізіледі.
6. Республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілеттік орган жүзеге асырады.
Салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды білім беру ұйымдары мен тиісті мемлекеттік органдардың аттестаттау комиссиялары жүзеге асырады.
Медициналық мекемелер мен әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелері (оқу сыныптары, топтар), балалар-жасөспірімдер спорттық мектептері, спорттық мектеп-интернаттар жанындағы білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагог қызметкерлерді аттестаттау білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, кәсіптік білім беру ұйымдарының (республикалық ведомстволық білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінен басқа) педагог қызметкерлерді аттестаттауды білім беру ұйымдарының және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың аттестаттау комиссиялары жүзеге асырады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен құрылған аттестаттау комиссиясы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін халықаралық (шетелдік) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
7. Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері белгіленген штаттық кестеге және еңбек шартында, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта көрсетілген лауазым бойынша аттестаттаудан өтеді.
Бір біліктілік ретінде дипломда көрсетілген білімі туралы дипломда көрсетілген пәннен сабақ берген жағдайда дипломда көрсетілген біліктілікке сәйкес пәнді көрсете отырып, лауазымдық негізде аттестаттау өткізіледі.
Педагог қызметкер курсты өту нәтижесінде алынған сертификаттың негізінде сабақ беретін қосымша пәндер бойынша аттестатталады.
8. Шағын жинақталған мектептерде сабақ беретін педагог қызметкерлер дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес және тиісті сертификаты бар жағдайда қосымша (аралас) пәндер бойынша курстардан өткенін ескере отырып аттестаттаудан өтеді.
Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер білімі туралы дипломда көрсетілген біліктілік бойынша аттестаттаудан өтеді. Білімі туралы дипломда көрсетілмеген пәннен сабақ берген жағдайда білім беру ұйымдарында қайта даярлау курстарынан өту нәтижесінде алған сертификатының негізінде атқарып отырған лауазым бойынша аттестаттаудан өткізіледі.
Арнайы (түзету) мектептерді дипломда көрсетілген пәннен сабақ беретін педагог қызметкерлер сабақ беріп отырған пәні бойынша және білім беру ұйымдарында қайта даялаудан өту нәтижесінде алған сертификат негізінде аттестаттаудан өткізіледі.
9. Бейіні бойынша кәсіптік білімі бар техникалық кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында әлеуметтік-экономикалық, жалпыкәсіптік және арнайы пәндерден сабақ беретін педагог қызметкерлер «арнайы пән мұғалімі» лауазымы бойынша аттестаттаудан өтеді.
10. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан өтінішінің негізінде:
1) екінші біліктілік санатына:
жоғары оқу орнын «үздікке» бітірген, кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;
кәсіптік орта білім беретін оқу орнын (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) «үздікке» бітірген, кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;
2) бірінші біліктілік санатына:
екінші білікті санаты бар және кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
немесе екінші білікті санаты бар және кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
3) жоғары білікті санатқа:
бірінші білікті санаты бар, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
бірінші білікті санаты бар, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
немесе бірінші білікті санаты бар, аралық аттестаттау кезеңінде ғылым кандидаты (докторы) ғылыми дәрежесін, немесе магистр академиялық дәрежесін, философия докторын, сабақ беретін мамандығының бейіні бойынша докторын алған тұлғалар жедел аттестаттаудан өтеді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беретін оқу орындарының педагог қызметкерлері меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан өтінішінің негізінде біліктілік талаптарына және лауазымына сәйкестігіне:
жоғары оқу орнын «үздікке» бітірген және кемінде бір жыл педагогикалық қызметінің өтілі бар тұлғалар;
кәсіптік орта оқу орнын (техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі) «үздікке» бітірген және кемінде бір жыл педагогикалық қызметінің өтілі бар тұлғалар;
өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына ауысқан және кемінде үш жыл педагогикалық қызметінің өтілі бар тұлғалар;
қалалық, облыстық немесе республикалық деңгейде пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар, аралық аттестаттау кезеңінде ғылым кандидаты (докторы) ғылыми дәрежесін, немесе философия докторын (PhD) академиялық дәрежесін, бейіні бойынша докторын сабақ беретін мамандығы бойынша докторын алған тұлғалар тиісті біліктілік талаптары мен лауазымдарға жедел аттестаттаудан өтеді.
Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері:
облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейде пән олимпиадаларының, ғылыми-практикалық конференциялардың шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейде кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
өндірістен жоғары оқу орнына педагогикалық жұмысқа ауысқан және бейіні бойынша бес жылдан кем емес өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар;
аралық аттестаттау кезеңінде ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін, немесе магистр академиялық дәрежесін, философия докторын (PhD), сабақ беретін мамандығының бейіні бойынша докторын алған тұлғалар тиісті лауазымдарға жедел аттестаттаудан өте алады.
11. Аудандық білім беру бөлімдерінің, білім беру басқармаларының, біліктілікті арттыру институттарының және барлық деңгейдегі әдістемелік қызметтердің әдіскерлері педагогикалық жұмысқа ауысқан жағдайда жеке өтініші негізінде жедел аттестаттаудан өтеді.
Педагог қызметкерлер әдістемелік жұмысқа ауысқан жағдайда бар біліктілік санаты сақталады.
12. Білім беру ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары, әдістемелік қызметкерлер, білім бөлімдері мен басқармаларының қызметкерлері, басқа да тұлғалар мемлекеттік және азаматтық қызметшілер жалпы негізде сабақ беретін пәні бойынша аттестаттаудан өтеді.
13. Педагог қызметкер педагогикалық салаға жаңа орынға ауысқан кезде Қазақстан Республикасының шегінде аттестаттау комиссиясының шешімімен берілген біліктілік санаты сақталады.
2. Аттестаттауды өткізу тәртібі
14. Педагог қызметкерлерді аттестаттау екі кезеңде жүзеге асырылады.
Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың бірінші кезеңі - біліктілік тестілеу (бұдан әрі – тестілеу). Екінші кезеңі – педагог қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес педагог қызметкерлер қызметінің қорытындыларын талдамалық жалпылау.
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер оқытушылары үшін) білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, техникалық және кәсіптік кәсіптік орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі педагог қызметкерлер осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылдың 25 мамырына дейін алдағы оқу жылында аттестаттаудан өту үшін білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына өтініш береді.
аттестатталатын педагог қызметкерлердің тізімдік құрамы білім беру ұйымдарының алқалық шешімімен ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін бекітіледі және аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін ұсынылады.
аттестаттау ағымдағы жылғы 1 қазаннан бастап келесі жылғы 1 шілде аралығында өткізіледі.
бірінші кезең – біліктілік тестілеу ағымдағы жылғы 15 қазаннан 15 желтоқсан аралығында облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, білім саласындағы уәкілетті орган, жүргізуінде білім беру ұйымдары бар мемлекеттік салалық органдар бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі.
Біліктілік тестілеуді өткізу күні тестілеу рәсімін өткізуге 2 апта қалғанда педагог қызметкерге хабарлайды.
Тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен немесе осы Ереженің 24-тармағында көрсетілген дәлелді себептермен қатыспаған педагог қызметкерлер бірініші тестілеуден кейін екі айдан кешіктірмей қайтадан тестілеуден өтеді.
Қайталап тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен педагог қызметкер аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді.
Егер де педагог қызметкер белгіленген мерзімде дәлелді себептермен білікті тестілеуден өтпесе, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесі бойынша еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан кезде аттестаттау комиссиясы аталған педагог қызметкерді келесі оқу жылында аттестаттау туралы шешім қабылдайды.
Аттестаттаудың екінші кезеңі – қызмет нәтижелерін талдамалық қорытындылау, білім бе ұйымдарының аттестаттау комиссиялары келесі жылы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында, білім басқармаларының аттестаттау комиссиялары келесі жылы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында өткізеді.
Аттестаттаудан өткен педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру немесе растау туралы бұйрықты 1 шілдеден кешіктірмей барлық деңгейлердегі аттестаттау комиссиялары шығарады және келесі оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне санаттарды беру туралы куәліктерді басып шығару және беру осы Ереженің 3, 6 – қосымшаларындағы нысан бойынша келесі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей білім беру ұйымдары жүргізеді.
Лауазым талаптарына сәйкестігі және біліктілік санаттарын беру туралы куәліктерді тіркеу журналында (осы Ережеге 4, 7-қосымшалар) жазылады.
Жоғары оқу орындарының аттестаттау комиссиясы 1 сәуірге дейін шешім шығарады.
15. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – Ұлттық тестілеу орталығы) тест тапсырмаларын әзірлеуге, мазмұны мен сапасына жауапты. Аттестаттық тестілеуді өткізу кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық сүйемелдеу Ұлттық тестілеу орталығына жүктеледі.
Біліктілік тестілеуді ұйымдастыруға және өткізуге жауапкершілік облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне, басқармаларына, жоғары оқу орындарына және Ұлттық тестілеу орталығына жүктеледі.
16. Тестілеуге жататын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің тізімін білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиясымен қалыптастырылады, аудандық (қалалық) білім бөлімінің аттестаттау комиссиясымен бекітіледі және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармасының аттестаттау комиссиясына беріледі.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары тестілеудің кестесін жасайды, оның өтетін орнын белгілейді және мәліметтерді Ұлттық тестілеу орталығына береді.
Тестілеуге жататын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымдарының педагог қызметкерлерінің тізімі жоғары оқу орындарының аттестаттау комиссиясымен қалыптастырылады, Ғылым кеңесімен бекітіледі және білім беру саласындағы уәкілетті органға беріледі. Базалық жоғары оқу орындары тестілеудің кестесін жасайды, оның өтетін орнын белгілейді және мәліметтерді Ұлттық тестілеу орталығына береді
17. Аттестаттаудың бірінші кезеңі Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша кешенді компьютерлік тестілеу әдісімен жүргізіледі
18. Тестілеу білім басқармасы немесе білім саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдары үшін), салалық мемлекеттік органдар айқындайтын білім беру ұйымының базасында өткізіледі.
19. Тестілеуден өтетін педагог қызметкердің өзінің жеке басын растайтын құжаты болуы тиіс.
20. Тест сұрақтарының саны 80-ді құрайды:
1) Қазақстан Республикасы заңнамаларын білу - 20 сұрақ;
2) педагогика және психология негіздері - 20 сұрақ;
3) пәндік білім негіздері - 40 сұрақ;
Тестілеу уақыты жалпы 160 минутты құрайды, математика, физика, химия бойынша пәндік білім негіздері бойынша тестіленетін педагог қызметкерлерін тестілеудің жалпы уақыты 175 минутты құрайды.
21. Тестілеу нәтижелері пәндік білім негіздері бойынша кемінде 70 % дұрыс жауаптар жинаған кезде, педагогика мен психология негіздері бойынша – 50 %, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша – 50 % дұрыс жауаптар жинаған кезде дұрыс болып саналады.
22. Егер педагог қызметкер атауында екі және одан көп мамандық болатын лауазым (біліктілік) бойынша аттесталатын болса, онда тестілеу кезінде «Пәндік білім негіздері» блогында өзінің таңдауы бойынша тапсырма бір мамандық бойынша орындалады.
23. Дәлелді себептермен тестілеуден өтпей қалған педагог қызметкер аттестаттау комиссиясына тиісті құжаттар тапсырады.
24. Дәлелді себептер:
1) ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыздық (2 айдан астам уақыт);
2) жүктілік және бала туу және бала күту демалысында болу;
3) шетелде мамандық бойынша іссапарда болса.
25. Тестілеуді өткізу нәтижелері тиісті хаттамамен осы Ереженің 5-қосымшасындағы нысан бойынша ресімделеді. Әрбір тестіленетін тұлғаның тестілеу нәтижесі екі данада шығарылады: біреуі тестіленетін тұлғаға беріледі; екінші данасы тестіленген тұлғаның танысқандығы туралы қолы қойылған дана білім басқармаларының және жоғары оқу орындарының аттестаттау комиссиясына тапсырылады.
26. Біліктілік тестілеуден мыналар босатылады және аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберіледі:
1) жоғары біліктілік санатын растау кезінде 25 және одан да астам педагогикалық өтілі бар тұлғалар;
2) зейнеткерлік жастағы тұлғалар.
27. Педагог қызметкерді тестілеудің оң нәтижесі екінші кезеңге жолдама алуға негіз болып табылады.
28. Аттестаттау материалдарын жинақтауды білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиясы жүзеге асырады.
29. Аттестаттау комиссиясының қарауына төмендегідей құжаттар ұсынылады:
1) аттестаттаудан өтетін барлық педагог қызметкерлерге міндетті түрде ұсыну үшін қажетті құжаттар:
біліктілік санатын растауға немесе беруге педагог қызметкердің өтініші;
жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
білімі туралы дипломның көшірмесі;
еңбек кітапшасының көшірмесі;
жоғары білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінен басқа бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәліктің көшірмесі;
өтініш білдірілген мамандық бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы құжаттардың көшірмелері;
қосымша пәндер бойынша (аталған пән бойынша аттестаттаудан өтетіндер үшін) курстардан өткені туралы құжаттардың көшірмесі;
аттестаттау парағы осы Ережеге 8-қосымшадағы нысан бойынша;
2) біліктілік талаптарына сәйкес барлық санаттағылар үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, жалпы орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлердің қызметін талдауға арналған материалдар:
- педагогикалық тәжірибесі туралы материалдар (өздігінен білім беру жөніндегі сабақтардың, оқу-әдістемелік құралдардың әзірлемелері);
- шығармашылық конкурстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, педагогикалық оқылымдарға қатысқандығы туралы;
- эксперименттік қызметке қатысқандығы туралы;
- оқу-әдістемелік кешендердің, оқу-бағдарламаларын сараптауға қатысқандығы туралы;
- әдістемелік бірлестіктердің, шығармашылық топтардың жұмысына (басшылығы) қатысқандығы туралы;
- ұйымдастыру және тәрбиелеу қызметіне қатысқандығы туралы;
- оқушылар мен тәрбиеленушілерінің оқу жетістіктері, пән олимпиадаларының, конкурстардың, байқаулардың, ойындар мен жарыстардың жеңімпаздары туралы;
- педагог қызметкердің кәсіби құзыреттілігін тәуелсіз бағалау материалдары; пікірлер, оқушылармен және тәрбиеленушілермен, ата-аналармен жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері;
3) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің ұсынатын құжаттары:
мынадай ақпараттарды қамтитын жұмысы туралы пікірмен қатар аттестаттау парағы:
оқу процесінде технологияларды инновациялық оқытуды қолдану туралы;
сабаққа келу нәтижелері бойынша бағалары көрсетіле отырып, ашық сабақтардың, іс-шаралардың өткізілгендігі туралы;
тәуелсіз сауалнама жүргізу нәтижелерін жүргізе отырып, оқыту сапасы туралы;
олимпиадалардың, конкурстардың, конференциялардың басқа да жарыстардың білім алушы-жеңімпаздары туралы;
барлық берілетін пәндер бойынша соңғы оқу жылында күндізгі оқыту нысанында білім алушы үлгерімінің орташа балы көрсетіле отырып, білім алушының үлгерімі туралы;
ұйымдастыру және тәрбие жұмысына қатысқандығы туралы;
ғылыми бағдарламаларды орындағаны туралы;
ғылыми-педагог кадрларды дайындағаны туралы;
бар болған жағдайда ұсынылатын құжаттар:
жариаланған жұмыстардың, ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізімі;
ғылыми немесе академиялық дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломның көшірмесі.
Жұмысы туралы пікірді аттестатталатын педагог қызметкердің тікелей басшысы жазады және растайды.
30. Аттестаттау комиссиялары білім беру ұйымдарында, аудандық, қалалық бөлімдерде, облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларында, өз жүргізуінде білім беру ұйымдары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық органдарында және олардың аумақтық органдарында құрылады.
Шағын жинақталған мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлерін аттестаттау үшін аттестаттау комиссиясы базалық мектептің, мектепке дейінгі ұйымның жанынан немесе тиісті білім беру ұйымының бағынысты органы бойынша құрылады.
Мектеп интернаттардың, балалар үйлері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау үшін аталған білім беру ұйымдарының жанынан немесе тиісті білім беру ұйымының бағынысты органы бойынша аттестаттау комиссиясы құрылады.
Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің, білім басқармаларының, Біліктілікті арттыру институттарының әдістемелік қызметкерлерін аттестаттау үшін аталған білім беру ұйымдарының жанынан немесе тиісті білім беру ұйымының бағынысты органы бойынша аттестаттау комиссиясы құрылады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау үшін жоғары оқу орнының жанынан аттестаттау комиссиясы құрылады.
31. Білім беру ұйымдарының, аудандық, қалалық бөлімдердің, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының, өз жүргізуінде білім беру ұйымдары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық органдары мен олардың аумақтық органдарының аттестаттау комиссиясының құрамына: аттестаттау комиссиясының төрағасы - білім беру ұйымының басшысы, комиссия хатшысы және комиссия мүшелері: білім беруді басқару органдарының, әдістемелік қызмет, ғылыми ұйымдар, жергілікті атқарушы органдардың мамандары, кәсіподақтың, оқу-әдістемелік бірлестіктердің өкілдері, өндірістік құрылымдар өкілдері (кәсіптік білім үшін) білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері кіреді.
32. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің саны тақ саннан құрылуы тиіс.
Аттестатталатын аттестаттау комиссиясының мүшесі өз кандидатурасын қарау кезінде дауыс беруге қатыспайды.
33. Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының дербес құрамын тиісті алқалық орган (мектептің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарының, Жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің, біліктілікті арттыру институтының) айқындайды және білім беру ұйымдары басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Білім басқармасы органының аттестаттау комиссиясының дербес құрамы білім басқармасы органы басшысының бұйрығымен бекітеледі.
34. Аттестаттау комиссиясының қызметі:
1) білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиясы өтініштерді қарайды, аттестатталатын педагог қызметкерлер тізімінің құрамын жасайды және олардың қызметінің қорытындыларын талдамалық жалпылуды жүргізеді.
Біліктілік тестілеу нәтижелері бойынша екінші, бірінші, жоғары біліктілік санаттары үшін екінші кезең өткізіледі. Педагог қызметкерлерге біліктілік талаптарын беру немесе растау туралы шешімді шығарады.
Білім беру ұйымының аттестатау комиссиясы педагог қызметкерлерге екінші санатты бекітуді қарастырады және бекітеді.
Педагог қызметкерлердің аттестаттау материалдарын аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің аттестаттау комиссияларына бірінші біліктілік санатын беру немесе растау туралы шешімді бекітуге ұсынады; бірінші және жоғары біліктілік санаттарын беру және растау туралы шешімді бекітуге облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының аттестаттау комиссиясына аттестаттау материалдарын ұсынады.
2) аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің аттестаттау комиссиясы бірінші, жоғары біліктілік санатына аттестатталатын педагог қызметкерлердің ұсынылған материалдарын талдайды. Бірінші біліктілік санатын педагог қызметкерлерге беру және растау туралы білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиясының шешімін бекітеді. Жоғары біліктілік санатын беру және растау туралы шешімін бекіту үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының аттестаттау комиссияларына педагог қызметкерлердің аттестаттау материалдарын ұсынады.
3) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының аттестаттау комиссиясы жоғары біліктілік санатына және бағынысты білім беру ұйымдарының бірінші, жоғары біліктілік санаттарына аттестатталатын педагог қызметкерлердің материалдарын ұсынады.
Тиісті педагог қызметкерлерге беру немесе растау туралы білім беру ұйымдарының атестаттау комиссиясының шешімін бекітеді.
4) жоғары оқу орнының атттестаттау комиссиясы аттестатталатындардың тізімдік құрамын жасайды, педагог қызметкерлердің ұсынылған құжаттарын талдайды. Біліктілік тестілеу қорытындылары бойынша екінші кезеңнің аттестатталуын өткізеді және тиісті лауазымына педагог қызметкерлердің аттестатталуы туралы шешім шығарады.
35. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беру немесе растау туралы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының педагог қызметкерлерін аттестаттау (аттестаттамау) туралы шешімі жеке қаулымен негіздеме арқылы рәсімделеді.
3. Аттестаттаудың қорытынды рәсімдері
36. Педагог қызметкерлердің біліктілік санаттары (лауазымдары) Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында 5 жыл бойы сақталады.
37. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндерінің оқытушылары) педагог қызметкерлердің әрқайсысына аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің біреуі шығарылады:
біліктілік санатының талаптарына сәйкес келеді;
біліктілік санатының талаптарына сәйкес келмейді.
Арнайы пәндерден сабақ беретін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің әрқайсысына мынадай шешімдердің біреуі шығарылады:
лауазымның талаптарына сәйкес келеді;
лауазымның талаптарына сәйкес келмейді.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің әрқайсысына мынадай шешімдердің біреуі шығарылады:
кафедрасы бойынша лауазымның талаптарына сәйкес келеді;
кафедрасы бойынша лауазымның талаптарына сәйкес келмейді.
Аттестаттау комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді және аттестаттау парағында тиісті жазба жазылады.
38. Хаттама мен аттестаттау парағына төраға, хатшы және дауыс беруге қатысқан аттестаттау комиссиясының мүшелері қол қояды
39. Шешім егер комиссия отырысына кемінде 2/3 оның мүшесі қатысқан жағдайда қабылданды деп есептеледі
40. Дауыс беру нәтижелері қорытынды отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен анықталады. Дауыс тең болған жағдайда Төрағаның даусы шешуші болып табылады.
41. Егер де санатты растау үшін аттестаттау қорытындылары бойынша «біліктілік санатының талаптарына сәйкес келмейді» немесе «лауазымның талаптарына сәйкес келмейді» деген шешім шығарылса біліктілік санаты (лауазымы) бір деңгейге төмендейді.
Егер де санатты көтеру үшін аттестаттау қорытындылары бойынша «біліктілік санатының талаптарына сәйкес келмейді» немесе «лауазымның талаптарына сәйкес келмейді» деген шешім шығарылса біліктілік санаты (лауазымы) көтерілмейді.
42. Санатты (лауазымды) төмендету туралы шешім, тиісінше жалақы аттестаттау комиссиясы шешімінің негізінде білім беру ұйымдарының басшысының бұйрығымен ресімделеді.
43. Егер аттестатталушы аттестаттау комиссиясының шешімімен келіспесе сот тәртібімен шағымдануға құқығы бар.
44. Педагог қызметкерлердің біліктілік санаттары олардың өтініші негізінде мынадай жағдайларда екі жылдан аспайтын уақытқа ұзартылады: 1) педагог қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы (екі айдан астам), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 4 желтоқсандағы № 1171 қаулысымен бекітілген екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесі бойынша еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанда;
2) жүктілік және бала туу, баланы күту бойынша демалыста болуы;
3) іссапарда, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде оқуда (тағылымдамада) болуы;
4) тоқтатқан себептеріне қарамастан, біліктілік санаты берілген лауазымдағы қызметіне қайта келуі.
5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жұмыс орнының ауысуы
6) білімін, еңбек өтілі мен біліктілік біліктілігін растайтын құжаттары бар болған жағдайда жақын және шет елдерден Қазақстан Республикасына келген тұлғалардың педагог қызметін жүзеге асыруы.
45. Педагог қызметкердің біліктілік санатының қолдану мерзімі аяқталған жағдайда, зейнеткерлік жасқа дейін 4 жылдан аз болса, оның біліктілік санаты зейнеткерлік жасқа жеткенше сақталады, егер педагог қызметкер педагогикалық қызметін зейнеткерлік жасқа толған мерзімнен бастап тоқтатқан жағдайда ол туралы аттестаттау комиссиясына хабарлайды.
Зейнеткерлік жасқа келген педагог қызметкердің біліктілік санаты бір жыл оқу жылынан аспайтын мерзімге сақталады. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін педагог қызметкер бар біліктілік санатын растауы тиіс.
46. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнаулы, қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне аттестаттау нәтижелері бойынша берілген біліктілік санатына сәйкес жалақы төлеу деңгейін оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап белгілейді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы «__ »_________
№ __ бұйрығына 1- қосымша
Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
7-қосымша
Нысан
Достарыңызбен бөлісу: |